Стиль және шығармашылық ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Стиль ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. Стильдің элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Стиль - әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда, көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Стиль термині әр түрлі ғылым саласында (әдебиеттану, өнер, тіл білімі, мәдениеттану, эстетика) қолданылады. Эстетикалық категория ретінде стиль, Ю. Боревтің пікірінше, «шығармашылық процестің, көркемдік ойлау процесінің, көркемдік қарым-қатынастың, туындының факторы» [1, 181-182] болып табылады. Көркем әдебиеттегі стиль туралы сөз қозғағанда, оның қаламгер қолтаңбасын дараландырып тұратын поэтикалық сипатына үңіле қарамас бұрын, ол туралы айтылып аксиомаға айналған пікір-тұжырымдарға назар аударғанда, Гегель еңбегін айналып өтуге болмайды. Өзінің әйгілі «Эстетикасында» Гегель мәнер, стиль, және даралық (манера, стиль, оригинальность) ұғымдарын бір-бірімен тығыз байланыста қарап, белгілі бір қорытындыға келеді. Сондай-ақ көркем туындыдағы стильдің көрінбеуін өзіндік бейнелеу тәсілін қолдануға қабілеттің жетпеуі, болмаса заңды талапқа бағынғаннан гөрі, өзінің қыңырлығына салынып, стильді нашар мәнермен алмастырғысы келетіндігінен болады деп түсіндіреді [2, 304]. Гегель мәнер, стиль, даралық, мәселелерін сөз еткенде, ойларын қорытындылай келіп, стильге ерекше мән береді.
Қазақ әдебиетінің дамуына, бүгінгі биік деңгейге жетуіне көп үлес қосқан аға буын өкілдердің тарихи еңбегі жоқ болып кетпейді. Олардың еңбегін, шеберлігін, өзіндік дара қолтаңбасын танып, бағалау бүгіннің еншісінде. Ұрпақ яки кейінгі буын өзіне қажеттісін екшеп алады, үлгі тұтады, алдыңғы буын дәстүрін жалғастыруға ұмтылады. Сондай өзіндік дәстүр қалыптастырған, тұлғасы биік, қалам қуаты қарымды суреткеріміздің бірі әрі бірегейі - Ғабит Мүсірепов еді. Жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында әдебиеттің әр түрлі жанрында аса мәнді іс тындырған жазушының еңбектері, қағида-тұжырымдары әдебиет зерттеушілері мен сыншыларына таныс. Ғ.Мүсірепов қазақ әдеби тілінің дамытушысы және оның білгір сыншысы болғандығы дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Демек, қаламгердің өзге көп еңбектерін айтпағанда, оның тіл тазалығы, стиль мәселесі туралы мақалаларының өзі бір төбе. Стильдің анықтамасына келсек, бүгінгі күнге дейін айтылып келген көптеген тұжырымдарға назар аудару керек-ақ. Өйткені, поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткенде, нені нысанаға алуымыз керек, поэзиялық туындыларды қай қырынан қарастырамыз дейтін сұрақ туындайтыны заңды. Мәселен, А.Григорян: «Стиль әдіске де, дүниетанымға да, суреткердің жеке басы мен жазу машығына да, өз дәуірі жөніндегі ұғымы мен өз творчествосының ұлттық сипатына да бірдей қатысты... Стиль - әлгі айтқан категорияларымыздың кемел тұтастығы» десе. Я.Эльсберг: «Стиль - көркем түр доминанты, оның ұйымдастырушылық ықпалы»деген тұжырым жасайды. Сондай-ақ, В.Ковалев: «Стиль - дегеніміз түр мен мазмұн», В.Днепров: «Стиль - көркем мазмұнның тұтастығын танытатын түрлік байланыс» деп біледі. Т.Томашевский: «Стиль – көркемдік әдістің көзге көрініп тұратын сыртқы қабығы», Р.Эльяшевич: «Стиль - мазмұнды түрге айналдыратын басты заңдылықтар» деген пікірлер білдіреді. Б.Храпченко болса «Стильді көркем бейнелер арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің амалы, оқушыны әсерлендіру мен иландырудың жолы деп түсінген жөн. Әдісті мазмұнмен теңестіруге болмайтыны сияқты көркем бейне арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің, идеялық, эмоциялықықпал етудің амалы ретінде қарастырылатын стильді де шығарманың түрімен шатастыруға болмайды» деген тұжырымға келеді. Г.Ф Гегель өзінің «Эстетикасында» стилъ мәселесіне арнайы тоқталып, оны суреткердің машығы, өзіндік даралығы сияқты ұғымдардың айналысында қарастырады. Гегельдің пікірінше, стильге көркем туындыдағы жазушы түйсініп сезінген, сол арқылы арқау еткен табиғаттағы бар құбылыстар енеді. Яғни, шығармашыл тұлғаның өмір шындығын қабылдап, қорытуы, оны көркемдік қиялы жемісімен туындыға айналдыруы. Стильге қатысты жоғарыда мысалға келтірілген пікір-тұжырымдардың әр қилы, алшақ жақтары болғанымен, бір-біріне сабақтас, үндес, бірін-бірі толықтырып жататын тұстары да көп.
1. http://group-global.org/ru/publication/15972-g-musirepov-zhne-debi-stil; 2. http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22738/;

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРАТ Тақырыбы: Стиль және шығармашылық ерекшеліктері. Орындаған: Муканов М. Тобы: ПД-305 Қабылдаған: Секей Ж. С. Семей - 2015 ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ: Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... І. Стиль ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ІІ. Стильдің элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Стиль - әдеби дамудың деңгейі мен бағыт-бағдарын тануда, көркем шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Стиль термині әр түрлі ғылым саласында (әдебиеттану, өнер, тіл білімі, мәдениеттану, эстетика) қолданылады. Эстетикалық категория ретінде стиль, Ю. Боревтің пікірінше, шығармашылық процестің, көркемдік ойлау процесінің, көркемдік қарым-қатынастың, туындының факторы [1, 181-182] болып табылады. Көркем әдебиеттегі стиль туралы сөз қозғағанда, оның қаламгер қолтаңбасын дараландырып тұратын поэтикалық сипатына үңіле қарамас бұрын, ол туралы айтылып аксиомаға айналған пікір-тұжырымдарға назар аударғанда, Гегель еңбегін айналып өтуге болмайды. Өзінің әйгілі Эстетикасында Гегель мәнер, стиль, және даралық (манера, стиль, оригинальность) ұғымдарын бір-бірімен тығыз байланыста қарап, белгілі бір қорытындыға келеді. Сондай-ақ көркем туындыдағы стильдің көрінбеуін өзіндік бейнелеу тәсілін қолдануға қабілеттің жетпеуі, болмаса заңды талапқа бағынғаннан гөрі, өзінің қыңырлығына салынып, стильді нашар мәнермен алмастырғысы келетіндігінен болады деп түсіндіреді [2, 304]. Гегель мәнер, стиль, даралық, мәселелерін сөз еткенде, ойларын қорытындылай келіп, стильге ерекше мән береді.
Қазақ әдебиетінің дамуына, бүгінгі биік деңгейге жетуіне көп үлес қосқан аға буын өкілдердің тарихи еңбегі жоқ болып кетпейді. Олардың еңбегін, шеберлігін, өзіндік дара қолтаңбасын танып, бағалау бүгіннің еншісінде. Ұрпақ яки кейінгі буын өзіне қажеттісін екшеп алады, үлгі тұтады, алдыңғы буын дәстүрін жалғастыруға ұмтылады. Сондай өзіндік дәстүр қалыптастырған, тұлғасы биік, қалам қуаты қарымды суреткеріміздің бірі әрі бірегейі - Ғабит Мүсірепов еді. Жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында әдебиеттің әр түрлі жанрында аса мәнді іс тындырған жазушының еңбектері, қағида-тұжырымдары әдебиет зерттеушілері мен сыншыларына таныс. Ғ.Мүсірепов қазақ әдеби тілінің дамытушысы және оның білгір сыншысы болғандығы дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Демек, қаламгердің өзге көп еңбектерін айтпағанда, оның тіл тазалығы, стиль мәселесі туралы мақалаларының өзі бір төбе. Стильдің анықтамасына келсек, бүгінгі күнге дейін айтылып келген көптеген тұжырымдарға назар аудару керек-ақ. Өйткені, поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткенде, нені нысанаға алуымыз керек, поэзиялық туындыларды қай қырынан қарастырамыз дейтін сұрақ туындайтыны заңды. Мәселен, А.Григорян: Стиль әдіске де, дүниетанымға да, суреткердің жеке басы мен жазу машығына да, өз дәуірі жөніндегі ұғымы мен өз творчествосының ұлттық сипатына да бірдей қатысты... Стиль - әлгі айтқан категорияларымыздың кемел тұтастығы десе. Я.Эльсберг: Стиль - көркем түр доминанты, оның ұйымдастырушылық ықпалыдеген тұжырым жасайды. Сондай-ақ, В.Ковалев: Стиль - дегеніміз түр мен мазмұн, В.Днепров: Стиль - көркем мазмұнның тұтастығын танытатын түрлік байланыс деп біледі. Т.Томашевский: Стиль - көркемдік әдістің көзге көрініп тұратын сыртқы қабығы, Р.Эльяшевич: Стиль - мазмұнды түрге айналдыратын басты заңдылықтар деген пікірлер білдіреді. Б.Храпченко болса Стильді көркем бейнелер арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің амалы, оқушыны әсерлендіру мен иландырудың жолы деп түсінген жөн. Әдісті мазмұнмен теңестіруге болмайтыны сияқты көркем бейне арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің, идеялық, эмоциялықықпал етудің амалы ретінде қарастырылатын стильді де шығарманың түрімен шатастыруға болмайды деген тұжырымға келеді. Г.Ф Гегель өзінің Эстетикасында стилъ мәселесіне арнайы тоқталып, оны суреткердің машығы, өзіндік даралығы сияқты ұғымдардың айналысында қарастырады. Гегельдің пікірінше, стильге көркем туындыдағы жазушы түйсініп сезінген, сол арқылы арқау еткен табиғаттағы бар құбылыстар енеді. Яғни, шығармашыл тұлғаның өмір шындығын қабылдап, қорытуы, оны көркемдік қиялы жемісімен туындыға айналдыруы. Стильге қатысты жоғарыда мысалға келтірілген пікір-тұжырымдардың әр қилы, алшақ жақтары болғанымен, бір-біріне сабақтас, үндес, бірін-бірі толықтырып жататын тұстары да көп.
Қазақ әдебиеттанушылары мен әдебиет сыншылары да стильге қатысты ойларын ғылыми еңбектерінде, мақалаларында білдіріп отырды. Тіл шеберлігі мен дарынсыздық, талап пен жауапсыздық, өтірік пен шындық көркем әдебиеттің негізгі мәнін анықтайтын мәселелер екендігін баса көрсеткен жазушы Ауыздан шыққанның бәрі ақын сөзі емес. Ойың адал болғанмен, орындауың олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ақын сөзі өзекті өртеп, жүректі тербетіп шығады. Ақыл мен ой, жүрек пен жан тұтас толғанып үн қосқанда ғана шығады. Тақырып идеядан туады. Тақырыбың жаңа болғанмен идеяң ескі болса, шығармаң да ескі. Тақырыбы ескі болғанмен, идеясы жаңа болса, ол шығарма да жаңа. Ауыр күнә -тақырып ескілігінде емес, идея ескілігінде. Ескі тақырыппен ескі идеяны айтқаннан, жаңа тақырыппен ескі идеяны айтқанның күнәсі ауыр. Тілек жаңа тақырыппен жаңа идеяны жақсы суреттей алуда, - деп тұжырым жасайды [8. 185]. Бұл келтірілген үзіндіден Ғ.Мүсіреповтің көркем әдебиеттің сапасы мен деңгейі жайлы өзіндік түсінігі мен ұстанымын көреміз. Жазушы Стиль дегеніміз - мынау деп, дайын анықтама ұсынбайды. Оның стильге қатысты ойлары поэзиялық, прозалық және драмалық туындыларды талдаған енбектерінің мазмұнынан көрініп отырады. Кез келген стильде өзіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стиль мен шығармашылық ерекшелік
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы
Даралық – іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде шығармашылық субьектісі ретінде
Ландшафт дизайнының негізі
Жұматай Жақыпбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы
Іс-әрекет және оның құрылысы
Стилистика
МЕЙРАМХАНА ФИРМАЛЫҚ СТИЛІН ЖОБАЛАУ мен БЕЗЕНДІРУ
Пәндер