Нышан және қабілет



Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрлымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамудың табиғи негізгі болған мидың құрлымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанмен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.
Мысалы, ақыл-есі қабілеттері ең алдымен ми қызметтерінен – қарқынды не бәсең қозулардан, жүйке процесстерінің қозғалмалығынан ғана, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан ж.т.б. – яғни И.П.Павлов генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Нышан және қабілет
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін
қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттің тума берілмейтінін мойындаумен бірге
психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми
құрлымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамудың табиғи
негізгі болған мидың құрлымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-
физологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар
арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде
емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы
болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың
өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанмен,
қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын
ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.
Мысалы, ақыл-есі қабілеттері ең алдымен ми қызметтерінен – қарқынды не
бәсең қозулардан, жүйке процесстерінің қозғалмалығынан ғана, уақытша
байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан ж.т.б. – яғни И.П.Павлов
генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан
көрінеді. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал
жасайды. Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру,
жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының (ассоцация) тез жүруінің, сана
жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрде
көрінеді (И.П.Павлов): 1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді болады; 2. Бірінші
және екінші сигналдық жүйелердің арқасында байланысты.
Адам қабілеттердің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші,
тепе-теңдігі, қозғалмалығы ж.т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке
процессінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип)
байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына
қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына
жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал
жүйелернің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі
(И.П.Павлов) ажыралады: көркемөнерлік (көбіне екінші сигналдық жүйеге
негізделген); ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген);
аралас (екі жүйеге де бірдей қатысқан). Осыдан “суреткерлер” – объекті
тұтас бейнелеуге бейім, “ойшылдар” – талдаумен, элементтерге ажырата тануға
шебер, ал “аралас” қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән
құбылыс.
Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес.Көбіне
нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген
нәзік есту қасиеті – музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу – болашақ
суреткерлер болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы әлеуметтік процесстерге тікелей тәуелді. Егер қоамда
белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай
нышандық белгісі болса (музкантқа қажет нәзік есту қасиеті), онда оның
нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып,
дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағналы келеді;
сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі
қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден
адам күй орындаушы, дирижер, бюиші, әнші, музыка сыншысы, педагог,
композитор ж.т.б. болары ықтимал. Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілеттілік және оның түрлері
Қабілет туралы түсініктер, оның түрлері
Қабілет және оның түрлері
Қабілет жөнінде түсінік туралы
Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру
Қабілет жайлы түсінік
Қабілет және нышан
Қабілет және тұлға даралығы
Қабілет
Қабілет және дарындылық психологиясы
Пәндер