Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану.қазіргі кездегі тәрбиеде қолданатын инновациялық әдістерді схема бойынша анықтап көрсету,мазмұнын түсіндіру,мәнін анықтау



Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық инновациялық технологияны енгізуді міндеттейді.
Осыған орай, Елбасымыздың халыққа жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе.
Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Сондай-ақ, Елбасы ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үдерісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Қазіргі кезде ақпараттық- коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда.
Бүгінгі таңда әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан қазіргі заманға лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
1. Назарбаев Н. Ә., Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. /Еуразия университеті студенттері алдында оқылған дәріс / Н.Ә. Назарбаев//Егемен Қазақстан.- 2006.- 27 мамыр.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы, 2012 ж., желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жылғы 7 желтоқсан.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №1

Тақырыбы:Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану.Қазіргі кездегі тәрбиеде қолданатын инновациялық әдістерді схема бойынша анықтап көрсет,мазмұнын түсіндір,мәнін анықта.

Топ: П - 311
Орындаған: Жүсіпов Р.
Тексерген: Турғанбаева Б.Ш

Семей 2015 жыл
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық инновациялық технологияны енгізуді міндеттейді.
Осыған орай, Елбасымыздың халыққа жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселе.
Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Сондай-ақ, Елбасы ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үдерісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Қазіргі кезде ақпараттық- коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда.
Бүгінгі таңда әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан қазіргі заманға лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде әрбір оқытушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық үдерістегі технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
Білім берудің озық технологияларымен оқытудың негізгі қағидалары білім алушыларға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын тұлға дамыту. Сондай-ақ білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Инновациялық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста қолданылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану.Қазіргі кездегі тәрбиеде қолданатын инновациялық әдістерді схема бойынша анықтап көрсет,мазмұнын түсіндір,мәнін анықта
Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану жайлы ақпарат
Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқытудың инновациялық тәсілдерді пайдалану ерекшеліктері
Педагогикалық технологияның құрылымы
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану біліктілігін қалыптастыру
Пәндер