Геодезия және картографияның даму тарихы



Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы.[1] Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді.
Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі алынды, осыған байланысты Г-ның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т.б.) меңгеруде инж.-техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Г-сының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына негізделген. Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13,5%-іне 1:126000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86,6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр. карталар жасалды. 1920 — 45 ж. 22800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3- класты мемл. триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1:100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және а.ш-ғының картасын жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ ШАКАРИМА ГОРОДА СЕМЕЙ

СРО
На тему: Геодезия және картографияның даму тарихы.

Выполнила: Болатова А.Б.
Группа: ГК-308
Проверила: Сейтказина Г.С.

Семей 2015г.
Геодезия (грек. ge -- жер және daі -- бөлемін) -- Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы.[1] Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы -- геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді.
Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі алынды, осыған байланысты Г-ның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т.б.) меңгеруде инж.-техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Г-сының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына негізделген. Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13,5%-іне 1:126000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86,6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр. карталар жасалды. 1920 -- 45 ж. 22800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3- класты мемл. триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1:100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және а.ш-ғының картасын жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі
Картография - географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым.
The Tabula Rogeriana, Мұхаммед ал-Ыдырыс Роджер II-ге арнап жасаған, 1154 жыл
Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға - аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.

Көркемделген карта.
Комитеның негізгі салалары:
Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;
Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);
карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.
Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының негізгі әдістемесі - картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару - картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы - салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика - географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді.

Мысалы, Жер бетін (құрлықтар мен мұхиттарды), планеталық және астрон. картографиялау. Тақырыбына байланысты К. мынадай түрлерге ажыратылады: жалпыгеографиял және топографиялық, тақырыптық (табиғат, халық, шаруашылық, т. б.), арнайы. Әдісіне қарай жердегі, аэроғарыштағы және су астын картографиялау; масштабына қарай - ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп ажыратады.
Картография - бейне белгі моделі, обьектілерді, табиғат құбылыстарын кеңістікке таралу заңдылықтары бойынша зерттеп картаға түсіру. Картографияның өзіндік танымдық обьектілері, олар: материалдық заттар мен құбылыстарының өзара орналасу тәртібінің барлығы; бұл тәртібтің уақытша өзгеруі.
Картографияның танымдылық құралы (пәні) картаға график тілімен түсіру-нақтылы жағдайды бейне белгі моделі бойынша. Картография - карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.

Картография ғылымының даму тарихы
Алғашқы қоғам адамдарынан бастап қазіргі картографиялық өндіріске дейін географиялық картаның даму жолы өте ұзақ болды. Карталарды жетілдіру процестері одан әрі де жалғасуда.
Картография тарихы мен география ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. География тарихы мен карторафия өзара байланысты. Сондықтан оларды жеке қарау немесе екеуінің шекарасын анықтау өте қиын. Географияның басты мақсаты Жерді графикалық түрде көрсету.
Өмір сүріп отырған кеңістіктегі қарапайым картографиялық суреттер (бейнеленулер) алғашқы қауымда жазудан бұрын пайда болған. Мұндай тұжырымға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геодезия және картографияның дамуы тарихы
Топография және геодезия ғылымы
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Картаграфиялық генерализация
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
«Геоақпараттық картографияның басқа ғылымдармен байланысы»
Геодезия және оның міндеттері
Топография мен геодезияның даму тарихы
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Пәндер