Тамақтану гигиенасы. балалардаың тамақтану рационын құру. қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы



1. Кіріспе.
2. Ұтымдытамақтанудын негізгі терминдері.
3. Ұтымды тамақтануды ұйымдастыруына қойылатын гигиеналық талаптар.
4. Тамақтану тәртібі ұтымды тамақтанудын құрамдылық бөлігі ретінде.
5. Қорытынды.
Тамақтану әр тірі организмнің негізгі өмірлік қажеттілігінің бірі болып табылады. Тамақ арқылы адам қоршаған ортамен тікелей байланысқа түседі. Көптеген ішкі орта факторларының ішінде тамақтану маңызды болып табылады, ол организмге тұрақты және ерекше әсер етеді. Тамақ ішкі орта факторларының басқаларына қарағанда өте күрделі кешен. Тамақпен организмге адамның денесін құрайтын барлық заттар түседі (оттегі, адамға тынысалу арқылы). Тамақ және де тірі организмнің энергия көзі ретінде маңызды роль атқарады. Сондықтан организімнің сыртқы ортамен зат алмасуы, әсіресе тамақтану, адам организімінің негізгі процестерінің бірі болып табылады.
Ішкі және сыртқы зат алмасу тепе-теңдігін ұстап тұруда маңызды болатын тамақтану екендігі бізге белгілі. Сондықтан тамақтанумен байланысты және денсаулықтың санитарлық көрсеткіштерімен тығыз қатынаста: туу, физикалық даму, еңбекке қабілеттілік, сырқаттанушылық, өлім, өмір ұзақтығы. Көрсеткіштер бойынша, дұрыс тамақтанған тұрғындарда туу көрсеткіші жоғары деңгейде.
Тұрғындардың денсаулығының санитарлық көрсеткіштерінің ішінде физикалық даму көрсеткіштері тамақтануға өте сезімтал. Әсіресе бала контингенттерінде физикалық даму көрсеткіштерінің тамақтанумен байланыстылығы айқын көрінеді: салмақ, бойы, кеуде клетка аумағы. Толық тамақтанған балалар жақсы өседі, салмақ қосады және дұрыс дамиды, ал тамақатну жетіспеген жағдайда балалардың физикалық дамуы өз жасынан қалып жүреді (мысалы, көптеген елдерде бірінші және екінші дүние жүзілік соғысы кезінде жеткіліксіз тамақтану нәтижесінде балалардың физикалық даму көрсеткіші төмендеген). Балалардың жеткіліксіз тамақтануы тек физикалық дамуға ғана емес және психикалық дамуынада әсерін тигізеді (ерте жаста сөйлеу қабілетінің кешігуі, ал ересек балаларда орталық жүйке жүиесінің тежелуі).
Тамақтану ересек адамның ой және физикалық еңбек қабілеттілігіне үлкен әсерін тигізеді. Тамақтану бұзылған жағдайда еңбек қабілеттілігі төмендейді, тез шаршайды, әлсіздік, есінің төмендеуі және еңбекке қызығушылығы болмайды.
Тұрғындардың өмір ұзақтығы, сырқаттанушылық және өлім көрсеткіштер деңгейі тамақтану жағдайына тәуелді. Көбіне тамақтану жетіспеушілігі сырқаттанушылыққа, өлімге және туберкулезден кейіінгі летальдікке әкеледі (бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстан тұрғындардың өлім көрсеткіштері көп есе жоғарлаған: Югославияда – 250%, Францияда – 200% ж.т.б.). Дұрыс тамақтанбаған жағдайда пневмония, невриттер, кейбір жұқпалы аурулар ағымы ауыр өтеді.
Жоғарыда айтылған мәліметтер бойынша ұтымды тамақтану көптеген адам организмінің денсаулық көрсеткіштеріне әсер етеді: бойы, дамуы, денсаулық және еңбекке қабілеттілігіне. Тамақ рационы дұрыс құрылған жағдайда адам организмі мүшелер мен жүйелерінің қызметі қалыпты жүруіне қажетті тағамдық заттарды алады. Бұл организмнің сыртқы ортамен байланысын жақсартады.
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
3.Қазақтың ұлттық тағамдары Алматы 2000 жыл

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО №3

Тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Балалардаың тамақтану рационын құру. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы.

Орындаған: Омарова А. Х.
Топ: П-409
Тексерген: Кунанбаева Н. С.



Семей 2015

Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Ұтымдытамақтанудын негізгі терминдері.
3. Ұтымды тамақтануды ұйымдастыруына қойылатын гигиеналық талаптар.
4. Тамақтану тәртібі ұтымды тамақтанудын құрамдылық бөлігі ретінде.
5. Қорытынды.

Тамақтану әр тірі организмнің негізгі өмірлік қажеттілігінің бірі болып табылады. Тамақ арқылы адам қоршаған ортамен тікелей байланысқа түседі. Көптеген ішкі орта факторларының ішінде тамақтану маңызды болып табылады, ол организмге тұрақты және ерекше әсер етеді. Тамақ ішкі орта факторларының басқаларына қарағанда өте күрделі кешен. Тамақпен организмге адамның денесін құрайтын барлық заттар түседі (оттегі, адамға тынысалу арқылы). Тамақ және де тірі организмнің энергия көзі ретінде маңызды роль атқарады. Сондықтан организімнің сыртқы ортамен зат алмасуы, әсіресе тамақтану, адам организімінің негізгі процестерінің бірі болып табылады.
Ішкі және сыртқы зат алмасу тепе-теңдігін ұстап тұруда маңызды болатын тамақтану екендігі бізге белгілі. Сондықтан тамақтанумен байланысты және денсаулықтың санитарлық көрсеткіштерімен тығыз қатынаста: туу, физикалық даму, еңбекке қабілеттілік, сырқаттанушылық, өлім, өмір ұзақтығы. Көрсеткіштер бойынша, дұрыс тамақтанған тұрғындарда туу көрсеткіші жоғары деңгейде.
Тұрғындардың денсаулығының санитарлық көрсеткіштерінің ішінде физикалық даму көрсеткіштері тамақтануға өте сезімтал. Әсіресе бала контингенттерінде физикалық даму көрсеткіштерінің тамақтанумен байланыстылығы айқын көрінеді: салмақ, бойы, кеуде клетка аумағы. Толық тамақтанған балалар жақсы өседі, салмақ қосады және дұрыс дамиды, ал тамақатну жетіспеген жағдайда балалардың физикалық дамуы өз жасынан қалып жүреді (мысалы, көптеген елдерде бірінші және екінші дүние жүзілік соғысы кезінде жеткіліксіз тамақтану нәтижесінде балалардың физикалық даму көрсеткіші төмендеген). Балалардың жеткіліксіз тамақтануы тек физикалық дамуға ғана емес және психикалық дамуынада әсерін тигізеді (ерте жаста сөйлеу қабілетінің кешігуі, ал ересек балаларда орталық жүйке жүиесінің тежелуі).
Тамақтану ересек адамның ой және физикалық еңбек қабілеттілігіне үлкен әсерін тигізеді. Тамақтану бұзылған жағдайда еңбек қабілеттілігі төмендейді, тез шаршайды, әлсіздік, есінің төмендеуі және еңбекке қызығушылығы болмайды.
Тұрғындардың өмір ұзақтығы, сырқаттанушылық және өлім көрсеткіштер деңгейі тамақтану жағдайына тәуелді. Көбіне тамақтану жетіспеушілігі сырқаттанушылыққа, өлімге және туберкулезден кейіінгі летальдікке әкеледі (бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстан тұрғындардың өлім көрсеткіштері көп есе жоғарлаған: Югославияда - 250%, Францияда - 200% ж.т.б.). Дұрыс тамақтанбаған жағдайда пневмония, невриттер, кейбір жұқпалы аурулар ағымы ауыр өтеді.
Жоғарыда айтылған мәліметтер бойынша ұтымды тамақтану көптеген адам организмінің денсаулық көрсеткіштеріне әсер етеді: бойы, дамуы, денсаулық және еңбекке қабілеттілігіне. Тамақ рационы дұрыс құрылған жағдайда адам организмі мүшелер мен жүйелерінің қызметі қалыпты жүруіне қажетті тағамдық заттарды алады. Бұл организмнің сыртқы ортамен байланысын жақсартады.
Тұрғындардың дұрыс тамақтануы мен сапалы тамақтық азық-түліктермен қамтамасыз етілуі тағам өндірістерінің сипатына байланысты, бұл тамақтану проблемасының әлеуметтік жағынан.
Бірақ тағамдардың молдығынан айтылған проблема аса маңызды емес. Жиі тамақтану сирек ұтымды болады. Бұл үшін тек құндылығы жоғары, мөлшері көп тамақтар керек емес, және бұған қоса білім, ғылыми негіздер керек (тағам гигиенасының дәрігерлері, мамандар, осы салада қызмет ететіндер). Дұрыс тамақтанудың ғылыми және тәжірибелік мәліметтерін тұрғындар арасында тарату керек.
Ұтымды тамақтану және де басқа тәжірибелік мағлұматтар тамақтанудың физиологиялық нормасының негізін құрау үшін қажет.
Тамақтанудың физиологиялық нормалары дегеніміз - организмнің энергия шығынын толық жабатын, қажетті тағамдық заттармен қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормалар. Тамақтанудың физиологиялық нормалары тұрғындардың белгілі бір топтарында негізгі тағамдық заттардың және энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыратын орташа белгіленген шама болып табылады. Тамақтанудың физиологиялық нормалары тұрғындар мен медициналық қызметкерлерге нақты тамақтануды бағалаудың критерилері есебінде, ұтымды тамақтану сұрақтары ретінде және де тағам өндірістері мен ауыл шаруашылығының дамуын жоспарлау үшін маңызды ғылыми алғы шарттар ретінде қажет.
1991 жылы СССР денсаулық сақтау Министрлігімен бекітілген Тамақтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілігінің ұсынылған өлшемдері.
Тамақтану нормаларының мөлшерлік (энергиялық) және сапалық жақтарын ажыратады. Тамақтану нормаларының мөлшерлік жағы дегеніміз - килокалориямен берілген адамға тәуліктік қажетті тамақ мөлшері, немесе тәуліктік тамақ калоражы. Сапалық жағынан тағамдық заттардың сапасы (тамақтық құндылығы) мен мөлшері және олардың тәуліктік рациондағы сәйкестілігі айтылады.
Балансты тамақтану дегеніміз - организмде максимальді пайдалы биологиялық қозғалыстарды тудыратын биологиялық белсенді заттармен және оптимальді тамақтық сәйкестілікпен қамтамасыздандырылған тамақтану. Баланстанған тамақтануда негізгі және биологиялық белсенді заттардың оптимальді мөлшерлік қарым-қатынасы қарастырылады: белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және витаминдердің. Осымен қатар организмде синтезделетін немесе синтезделмейтін, ауыстырылмайтын эссенйиальді заттарға (8-10 ауыстырылмайтын аминқышқылдары, 3-5 полиқанықпаған май қышқылдары, барлық витаминдер, көптеген минералдық элементтер), және кейбір жоғары биологиялық белсенді табиғи физиологиялық кешендер - фосфатидтер, липопротеидтер, белокты-лецитиналы кешендер және адамның тамағында болатын көптеген басқа да қосылыстарға аса көңіл аудару керек. Сондықтан қазіргі уақытта биологиялық белсенді және тағамдық заттарды баланстау маңызды, яғни тамақтануды баланстаудың ерекшелігі қазіргі жағдайда тағамдық заттардың қажетті нормаларын емес олардың құндылығымен қарым-қатынасын анықтау. Балансты тамақтану формуласын анықтаудың бұл жолы организмге сәйкес қажетті тағамдық заттардың балансын қамтамасыз етіп, биологиялық жағынан тағамдық рационды толықтырып отырады.
Сонымен, балансты тамақтанудың маңызды принципі адамның жасына, жынысына, еңбек қозғалысының сипаты мен жалпы тіршілік тәсіліне байланысты дұрыс және негізгі заттар мен биологиялық белсенді заттардың негізделген сәйкестілігін анықтау болып табылады. Тұрғындардың әр түрлі жастар және маман топтарының арасында тамақтанудың баланстау принциптерін енгізу тамақтану туралы қазіргі ғылыми негізгі тапсырмалар болып табылады.
Ұтымды тамақтануды түсіну үшін тамақтың өзінің, тамақтану тәртібінің және тамақ қабылдау жағдайының сұрақтарын анық білу керек. Бұл сұрақтарға жауап берместен бұрын мына ұғымдарға тоқтала кетейік: тағамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақтану гигиенасы туралы ақпарат
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы
Дұрыс тамақтану жайлы мағлұмат
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру
Тамақтану гигиенасы жайлы
Тамақтану режимі, балалардың тамақтану рационын құру
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ ұлттық тамақ түрлері және оның маңызы
Тамақтану гигиенасы туралы
Тамақтану туралы түсінік
Тамақтану гигиенасы
Пәндер