Орманды өсімдіктер



Қазақстан территориясындағы ормандар, оның негізін құраушы доминантты (эдификаторлы) өсімдік түрлеріне байланысты екі топқа бөлінген: қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты.
Қылқан жапырақты ормандардың негізін қарағай (Pinus L), шырша (Piecea Dietrich), самырсын (Abies Hill), балқарағай (Larix Mill), арша (Juniperus L) құрайды. Солардың ішінде қарағайлы орман кең көлемде таралған. Республикамызда таралу аймағы бойынша қарағайлы ормандар 4 топқа бөлінеді.
1.Торғай бұғазының аллювиалды құрамындағы тізбекті қарағайлы орман, ол Қостанай облысының Тобыл, Семиозер, Октябрь аудандарының оңтүстік қара-қоңыр және құмды топырақтарында өседі. Сонымен қатар Убаган, Аманқарағай, Қазанбас, Наурызым аймақтарында жекелеген қарағайлы ормандар (борлы ормандар) кездеседі. Орманды құраушы негізгі түр- кәдімгі қарағай (Pinus silvestris), орманның кейбір бөліктерінде қарағай мен аралас қайың (Betula L), терек (Populus L), раушан (Rosa L) т.б сүректі өсімдік түрлері өседі. Торғай бұғазының қарағайлы ормандарының ішіндегі ең маңыздысы, әр әсемі Наурызым боры. Ол құмды, төбелі жерлерде орналасқан. Орман шеттерінде терек (Populus L), жиде (Eleagnus L), жыңғыл (Tamarix L), Каспий талы (Salix caspica), дала миндалі (Amugdalus L) кездеседі. Наурызым боры далалы белдеуде орналасқан, оның шөптесін өсімдік жамылғысында далалы белдеуге тән өсімдік түрлерінің бірі- Иоанн селеуі (қау) (Stipa Joannis) эдификаторлық немесе доминанттық түр ретінде кездеседі.
2.Ертіс бойындағы тізбекті қарағайлы орман. Бұл орман Семей, Павлодар арқылы өтетін Ертіс өзенінің оң жағалауындағы құмды үшінші террассада орналасқан, Алтай орманымен жалғасады, оның жалпы көлемі 20 мың шаршы км. Ертіс бойындағы тізбекті орманда кәдімгі қарағайға жататын Құлынды қарағай өседі. Бұл түрдің бүрлері өте ірі, кәдімгі қарағаймен салыстырғанда, оның ине жапырақтары өсімдікте 7-8 жыл сақталады, кәдімгі қарағайда 3-4 жыл ғана сақталады. Орман құмды топырақта орналасқан, сондықтан қарағай Ертіс өңірін су және жел эррозиясынан сақтайды. Қарағайлы орман шеттерінде ақ терек (Populus alba), көк терек (Populus nigra), қараған (Caragana Lam), тобылғы (Spirea L), раушан (Rosa L), т.б. өсімдік түрлері кездеседі.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Орманды өсімдіктер

Орындаған:Кошекбаева А.С
Тексерген:Жилкыбаева С.Д

Семей 2015 ж

3.4. Орманды өсімдіктер
Қазақстан территориясындағы ормандар, оның негізін құраушы доминантты (эдификаторлы) өсімдік түрлеріне байланысты екі топқа бөлінген: қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты.
Қылқан жапырақты ормандардың негізін қарағай (Pinus L), шырша (Piecea Dietrich), самырсын (Abies Hill), балқарағай (Larix Mill), арша (Juniperus L) құрайды. Солардың ішінде қарағайлы орман кең көлемде таралған. Республикамызда таралу аймағы бойынша қарағайлы ормандар 4 топқа бөлінеді.
1.Торғай бұғазының аллювиалды құрамындағы тізбекті қарағайлы орман, ол Қостанай облысының Тобыл, Семиозер, Октябрь аудандарының оңтүстік қара-қоңыр және құмды топырақтарында өседі. Сонымен қатар Убаган, Аманқарағай, Қазанбас, Наурызым аймақтарында жекелеген қарағайлы ормандар (борлы ормандар) кездеседі. Орманды құраушы негізгі түр- кәдімгі қарағай (Pinus silvestris), орманның кейбір бөліктерінде қарағай мен аралас қайың (Betula L), терек (Populus L), раушан (Rosa L) т.б сүректі өсімдік түрлері өседі. Торғай бұғазының қарағайлы ормандарының ішіндегі ең маңыздысы, әр әсемі Наурызым боры. Ол құмды, төбелі жерлерде орналасқан. Орман шеттерінде терек (Populus L), жиде (Eleagnus L), жыңғыл (Tamarix L), Каспий талы (Salix caspica), дала миндалі (Amugdalus L) кездеседі. Наурызым боры далалы белдеуде орналасқан, оның шөптесін өсімдік жамылғысында далалы белдеуге тән өсімдік түрлерінің бірі- Иоанн селеуі (қау) (Stipa Joannis) эдификаторлық немесе доминанттық түр ретінде кездеседі.
2.Ертіс бойындағы тізбекті қарағайлы орман. Бұл орман Семей, Павлодар арқылы өтетін Ертіс өзенінің оң жағалауындағы құмды үшінші террассада орналасқан, Алтай орманымен жалғасады, оның жалпы көлемі 20 мың шаршы км. Ертіс бойындағы тізбекті орманда кәдімгі қарағайға жататын Құлынды қарағай өседі. Бұл түрдің бүрлері өте ірі, кәдімгі қарағаймен салыстырғанда, оның ине жапырақтары өсімдікте 7-8 жыл сақталады, кәдімгі қарағайда 3-4 жыл ғана сақталады. Орман құмды топырақта орналасқан, сондықтан қарағай Ертіс өңірін су және жел эррозиясынан сақтайды. Қарағайлы орман шеттерінде ақ терек (Populus alba), көк терек (Populus nigra), қараған (Caragana Lam), тобылғы (Spirea L), раушан (Rosa L), т.б. өсімдік түрлері кездеседі.
Қарағайлы орманның жамылғысы бетегеден (Festuca L), селеуден (Aristida L), қоңырбас (Poa L), ақбасқурай (Erysimum L), салаубас (Helichryum Mill) т.б шөптесін өсімдік түрлерінен құралған.
3.Қалбатау сілемдеріндегі қарағайлы орман. Қалба Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, аласа таулардан тұратын тау сілемдерінің жиынтығы. Қалба тауларынының ең жоғарғы биіктіг 1400-1600 м. Тау беткейлерінде кәдімгі қарағай (Pinus silvestris), қотыр қайың (Betula pendula), көк терек (Populus tremula), т.б. өседі. Тау бөктерлері мен сайларда бұлақтар мен кішігірім өзендер орналасқан. Олардың маңында лавр жапырақты терек (Populus laurifolia), талдар (Salix L), мойыл (Padus Mill), долана (Crataegua L), кәдімгі бузина (Sambucus racemosa), ұшқат (Lonicera L), қараған (Caragana Lam), қарақат (Ribes L), раушан (итмұрын) (Rosa L.) т.б. өсімдіктер аралас орманды экотоптарды құрайды.
4. Қазақстанның шоқылы ауданындағы қарағайлы ормандар. Көкшетау облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының территорияларында орналасқан. Бурабай, Қарқаралы Қазақстанның өте әсем аймақтары болып есептеледі. Қарағай гранитті тау беткейлерінде, жалаңаш жартастарды және тас жарықшаларында өседі. Таулы аймақтар тастақты болғандықтан, жер жамылғысы қыналы болып келеді. Көкшетау облысының Имантау шоқысында орналасқан көл маңындағы ылғалды жерлерде қарағайлы-қайыңды ормандар, мезофитті шөптесін өсімдік түрлері кездеседі.
Қазақстанның шоқылы ауданындағы қарағайлы орманның ең шеткі оңтүстік шекарасы, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Қызылорай таулары мен шоқырлары, онда таза қарағайлы және қайыңды-теректі аралас ормандар кездеседі.
Қылқан жапырақты ормандардың келесі тобы шыршалы (Piecea Dietrich), самырсынды (Abies Hill), балқарағайлы (Larix Mill) болып келеді.
Шырша, самырсын қарағай, балқарағай, көк терек, қайың т.б. сүректі өсімдіктер Алтай және Тянь-Шань тауларында көлеңкелі, қараңғы ормандарды түзеді. Жоңғар Алатауының солтүстік тау беткейлерінде Тянь-Шань шыршасы (Picea Schrekiana), сібір самырсыны (Abies sibirica) аралас өссе, батыс Тянь-Шань бөлігінде самырсын (Abies Hill) көлеңкелі тұтас таулы ормандарды құрайды. Орманның шөптесін жамылғысында қара жидек, алмұртшөп, папоротниктер, қырықбуындар және жасыл мүктер кездеседі.
Оңтүстік Алтай және Саур тауларының беткейлерінде сібір балқарағайы (Larix sibirica) мен сібір шыршасы (Picea obovata) аралас өседі. Олар жарықты орман түрін құрайды, сондықтан өсімдік жамылғысында шалғынды және далалы өсімдік ассоциациялары кездеседі. Орман экотоптарында бұталы өсімдіктерден тобылғы, раушан (итмұрын) кездеседі. Ормандағы ашық, құрғақ жерлерде ксерофитті астық тұқымдастарының өкілдері таралған.
Аршалы ормандар. Қазақстанның таулы аймақтарында қылқанжапырақты ірі сүректі өсімдіктерден тұратын ормандармен қатар, аршалы ормандарда кездеседі.
Арша (Juniperus L.) кипаристер тұқымдасына (Cupressaceac L.) аршалар тұқымдас тармағына жатады. Қазақстанның территориясында аршаның 10 түрі кездеседі. Солардың ішінде Қаратау, Алатау таулы аймақтарында таралған Зеравшан аршасы (Juniperus seravschanica) саны жағынан аз, сирек кездесетін түр ретінде отандық Қызыл кітапқа енгізілген. Арша өкілдері аласа келген ағаштар немесе жерге төселіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Дала өсімдіктері
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Қазақстанның табиғат зонасы
Қатон - Қарағай ауданыны орман жүйелерінің сипаттамасы
Топырақтарыда солтүстікке қарай
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары туралы
Қазақстанның табиғи зонасы
Пәндер