Балалар психологиясы туралы ақпарат



Пиаже (1896-1980) – Швейцария психологі. Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы. "Генетикалық эпистемология" ілімін жасаушы. Женева және Париж университетінің профессоры. Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің құрметті профессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтты басқарады, 1940 жылдан Женева университетінің эксперименталды психология кафедрасы мен психологиялық лабораториясын меңгереді. 1955 ж. "Генетикалық эпистемология жөнінде Халықаралық Орталық" құрды. Ол бала интеллектісін зерттеу жайында ғылыми мектеп ашты. Ол "Логика және эпистемология" (таным теориясы) жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз операциялар жүйесі — дейді. Операция — ішкі қимыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекеттің жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі, символ арқылы жүзеге асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланың эмоциялық іс-әрекетгенезисін, қабылдауының дамуын қарастырады. Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғылымдардың (логика, психология, социология, эпистемология т.б. тәсілдерін біріктіру негізінде жол көрсетеді
Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді.
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. «Мектеп» 1981ж.
2. Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы, Алматы, 2012
3. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Пән: Балалар психологиясы

Орындаған: Мухтарова Инкар П-407
Тексерген: Кулмышева Н.А.

Семей-2015 жыл
Пиаже (1896-1980) - Швейцария психологі. Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы. "Генетикалық эпистемология" ілімін жасаушы. Женева және Париж университетінің профессоры. Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің құрметті профессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтты басқарады, 1940 жылдан Женева университетінің эксперименталды психология кафедрасы мен психологиялық лабораториясын меңгереді. 1955 ж. "Генетикалық эпистемология жөнінде Халықаралық Орталық" құрды. Ол бала интеллектісін зерттеу жайында ғылыми мектеп ашты. Ол "Логика және эпистемология" (таным теориясы) жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз операциялар жүйесі -- дейді. Операция -- ішкі қимыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекеттің жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі, символ арқылы жүзеге асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланың эмоциялық іс-әрекетгенезисін, қабылдауының дамуын қарастырады. Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғылымдардың (логика, психология, социология, эпистемология т.б. тәсілдерін біріктіру негізінде жол көрсетеді
Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді деді.
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел психологтары В.Штерн, Э.Мейман, А.Бине, К.Коффка, К.Бюллер, т.б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап, негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, А.Ф.Лазурский, А.П.Нечаев, И.Кросногорский, В.М.Бехтерев, Н.М.Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері соның дәлелі.
Даму факторлары -- баланың психикалық және қылықтық дамуын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарастырады. Даму шарты -- адамның дамуына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қоршаған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық және рухтық, мәдени заттар мен құбылыстар және т.с.с.).
Дамудың эволюциялық теориясы -- баланың психикалық және қылықтық дамуындағы үрдістердің барлығы генотиппен анықталады және ұрықта болмаған нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс бермейді деп түсіндіретін теория. Сензитивтік кезең -- адамдағы психологиялық қасиеттер мен қылық түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай тудыратын адам өмірінің кезеңі
Тұқым қуалаушылық -- ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта -- адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды .
Табиғи орта -- бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта -- жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент психологиясы
Психология ғылым ретінде
Балаларға арналған хабарлардың қоғамдық мәні. Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы
Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Кеңес беру психологиясы
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар. Генетикалық психология
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Пәндер