Секіру



Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқу алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады. Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұрыш жасай ытқитын болса, онда дене ептеп жоғары көтеріледі де, қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450-қа сәйкес келсе басқа жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер , бұл бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900-тан кіші болса, онда адам биігірек, бірақ жақынырақ ұшады, ал 450-тан аз болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ықпалымен ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүгіріп барып секіретін болса, 450-тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі-екпінмен секіргенде ытқу бағыты ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында үлкен маңызы бар. Дене итеріліп ытқу алатын бұрыштың шамасына қарсы соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.
Секірудің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер - жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Ауырлық орталықтың

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Секіру
Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында
ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ
жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде
бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның
нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқу алған бұрышына
сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады.
Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық
орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей
болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған
900 бұрыш жасай ытқитын болса, онда дене ептеп жоғары көтеріледі де,
қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450-қа сәйкес келсе басқа
жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер , бұл
бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900-тан кіші болса, онда адам биігірек, бірақ
жақынырақ ұшады, ал 450-тан аз болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да
алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ықпалымен
ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүгіріп барып
секіретін болса, 450-тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа
ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі-екпінмен секіргенде ытқу бағыты
ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында
үлкен маңызы бар. Дене итеріліп ытқу алатын бұрыштың шамасына қарсы
соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.
Секірудің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған
кезде негізгі әсер ететін күштер - жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші
мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Ауырлық орталықтың
қалықтау жолын осы екі күштің шамасы мен бағытына байланысты тең әрект
ететін қалықтау жолы дап есептеуге болады.

Бүкіл секірісті негізгі 4 кезеңге бөлуге болады. Олар:
1. Дайындық кезеңі
2. Ытқу кезеңі
3. Ауада қалықтау кезеңі
4. Жерге түсу кезеңі

Дайындық кезеңі тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық
орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай ауысуынан
басталады.
Ытқу кезеңі немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез
жазылуынан тұрады. Буындардың осылай шапшаң жазылуы нәтижесінде тіреліп
жылжу дененің ауырлық орталығына беріледі, сөйтіп осының ізінше қалықтау
кезеңі басталады. Ытқу сәті өте-мөте жауапты сәт болып табылады, өйткені
бүкіл дене бұлшық еттерінің, солардың ішінде аяқ бұлшық еттерінің
барынша жиырылуын талап етеді. Табандағы барлық бұлшық еттер жиырылады,
балтырдың артқы және сыртқы бетіндегі бұлшық еттер, санның төрт басты
бұлшық еттерінің бастары, ұршық буынының артындағы бұлшық еттер күшті
жиырылады.

Қалықтау кезде дене ауырлық күшінің доға сызық деңгейі алдын
–ала (ытқу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш
арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан немесе жолай соққан желдің
күшімен ғана) өзгертуге болады. Секірудің әдеттегі жағдайлары кезінде
сыртқы күштер денеге айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ бұлшық еттердің
қозғалыстары арқылы дененің қалпын оның өз ауырлық орталығының қалықтау
деңгейін өзгертуге болады. Денені көлденең немес бүгілу қалыптарына
келтіруге мүмкіндік бар. Дененің қалпын осылай өзгкрту арқылы дәл осы
траекторияда қалықтау биіктігі мен қашықтығын белгілі дәрежеде
арттыруға немесе азайтуға болады. Таяқшадан асып секірген уақытта денені
бүгу арқылы дене таяқшаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Жеңіл атлетиканың түрлері
Ұзындыққа секірудің сипаттамасы
Жеңіл атлетика сабағы
Айналып секіру
Көпсайыс - спорт жарыстарының бір түрі
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар
Жеңіл атлетиканы дамыту
Пәндер