Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы ақпарат



Кәрі жастағы психикалық бұзылыстардың мидағы үдемелі атрофиялық (деструктивтік) үдерістермен бірге жүруі ықтимал. Олар Пик және Альцгеймер кеселдеріне тән. Сирек жағдайда атиптік форма ретінде Майер-Гросстың функционалдық психозы кездеседі.
Пик кеселі 5-8 жылға созылады. Оның клиникалық картинасында науқастың өмір үдерісінде иеленген үйреншікті әрекеттерді жүзеге асыру қабілетінің бұзылуымен (апраксия) сабақтас симптоматика басым кееледі. Науқас мағынасы жоқ бір сөзді немесе әрекетті қайталайды. Оның тұлғасы шұғыл өзгереді, сөзі, ойы жұтаң тартады, ой түю мен ой қорыту деңгейі төмендейді. Өз жағдайына сыни көзқарас мүлдем болмайды.
Дерт 60 жас шамасындағы әйелдерде жиі кездеседі. Ол біртіндеп үдеп, мидың самай, маңдай, одан соң самайдан төменгі желке аумақтарының семуіне (атрофиясына) жетелейді. Бастапқы жағдай денелік және клиникалық алжу (маразм) дамуымен бірге психикалық қызметтің тоталды ыдырауымен сипатталады.
Альцгеймер кеселі де 60 жасқа жуық жаста басталады және 8-10 жылға созылады. Әйелдер еркектерге қарағанда жиірек сырқаттанады. Клиникалық картинасында алдыңғы планға өз соңына айнадағы өз бет бейнесін танымау мүмкіндігіне дейінгі терең амнестикалық бұзылу бағдарлануын ертетін жадтың терең бұзылуы шығады(айна симптомы). Жалпы тұрмыстық ептіліктерінен айрылу (апраксия) және айналадағы заттарды тану қабілетін жоғалту (көру агнозиясы) аңғарылады.
Есте сақтау қабілетінің терең ауытқуына байланысты заттардың, құбылыстардың аттарын атап беру бұзылады(амнестикалық афазия). Логоклония жиі ұшырасады. Дерт шап беріп ұстау және ему рефлекстерінің сақталуымен бірге терең деменциямен, маразммен аяқталады. Майер-Гросстың функционалдық психоздары анық білінетін аффективтік толқулар фонындағы (депрессиялар, маниакалдық жай-күйлер) ізге түсу, денелік әсер ету, ұлылық, өзін кемсіту лағу идеялары түріндегі анық өнімді симптоматикамен сипатталады. Кәрілік психоздарының басқа формаларынан айырмашылығы бұл кесел кемақылдықпен аяқталмайды, керісінше тұрақты ремиссияның дамуымен бірге жүреді.
Балалардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстар- бұл кез-келген жастағы бала дамуындағы әр қиындықтардың жалпы атауы.Ол қазір «балалардағы даму аномалиясы» терминінің орнына қолданылуда. (Сонымен қатар синоним ретінде қазіргі таңда «психофизикалық дамудағы ауытқу термині де қолданылады. Кең мағынада қарастырсақ бірнеше мүшелерінде үлкенді-кішілі кемістіктері бар барлық балаларды күрделі кемістігі бар психофизикалық даму бұзылысы бар балалар қатарына жатқызуға болады. Күнделікті өмірде бұл термин психофизикалық бұзылыстардың салдарынан арнайы жағдайда оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін балалар тобын белгілеуде қолданылады.
Психофизикалық даму бұзылыстарына естумен,көрумен,сөйлеумен, тірек-қимыл аппаратымен, психикалық дамуы кешеуілдеумен, әмоциялық,интеллектуальды мәселелермен және осы сияқтылармен байланысты әр түрлі қиындықтар жатады.
Бірнеше мүшелерінің кемісі бар балаларға сезімдік (сенсор) қызметтерінің дамуындағы ауытқулармен (көру, естуге) қоса ақыл кемістігі бар (ақылы тежелген, олигофрения) балалар жатады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СөЖ:
Тақырыбы: Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар

Орындаған: Ерангайып Д
Тексерген:А.Г.Кабдышеитовна

Семей-2015ж

Кәрі жастағы психикалық бұзылыстардың мидағы үдемелі атрофиялық (деструктивтік) үдерістермен бірге жүруі ықтимал. Олар Пик және Альцгеймер кеселдеріне тән. Сирек жағдайда атиптік форма ретінде Майер-Гросстың функционалдық психозы кездеседі.
Пик кеселі 5-8 жылға созылады. Оның клиникалық картинасында науқастың өмір үдерісінде иеленген үйреншікті әрекеттерді жүзеге асыру қабілетінің бұзылуымен (апраксия) сабақтас симптоматика басым кееледі. Науқас мағынасы жоқ бір сөзді немесе әрекетті қайталайды. Оның тұлғасы шұғыл өзгереді, сөзі, ойы жұтаң тартады, ой түю мен ой қорыту деңгейі төмендейді. Өз жағдайына сыни көзқарас мүлдем болмайды.
Дерт 60 жас шамасындағы әйелдерде жиі кездеседі. Ол біртіндеп үдеп, мидың самай, маңдай, одан соң самайдан төменгі желке аумақтарының семуіне (атрофиясына) жетелейді. Бастапқы жағдай денелік және клиникалық алжу (маразм) дамуымен бірге психикалық қызметтің тоталды ыдырауымен сипатталады.
Альцгеймер кеселі де 60 жасқа жуық жаста басталады және 8-10 жылға созылады. Әйелдер еркектерге қарағанда жиірек сырқаттанады. Клиникалық картинасында алдыңғы планға өз соңына айнадағы өз бет бейнесін танымау мүмкіндігіне дейінгі терең амнестикалық бұзылу бағдарлануын ертетін жадтың терең бұзылуы шығады(айна симптомы). Жалпы тұрмыстық ептіліктерінен айрылу (апраксия) және айналадағы заттарды тану қабілетін жоғалту (көру агнозиясы) аңғарылады.
Есте сақтау қабілетінің терең ауытқуына байланысты заттардың, құбылыстардың аттарын атап беру бұзылады(амнестикалық афазия). Логоклония жиі ұшырасады. Дерт шап беріп ұстау және ему рефлекстерінің сақталуымен бірге терең деменциямен, маразммен аяқталады. Майер-Гросстың функционалдық психоздары анық білінетін аффективтік толқулар фонындағы (депрессиялар, маниакалдық жай-күйлер) ізге түсу, денелік әсер ету, ұлылық, өзін кемсіту лағу идеялары түріндегі анық өнімді симптоматикамен сипатталады. Кәрілік психоздарының басқа формаларынан айырмашылығы бұл кесел кемақылдықпен аяқталмайды, керісінше тұрақты ремиссияның дамуымен бірге жүреді.
Балалардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстар- бұл кез-келген жастағы бала дамуындағы әр қиындықтардың жалпы атауы.Ол қазір балалардағы даму аномалиясы терминінің орнына қолданылуда. (Сонымен қатар синоним ретінде қазіргі таңда психофизикалық дамудағы ауытқу термині де қолданылады. Кең мағынада қарастырсақ бірнеше мүшелерінде үлкенді-кішілі кемістіктері бар барлық балаларды күрделі кемістігі бар психофизикалық даму бұзылысы бар балалар қатарына жатқызуға болады. Күнделікті өмірде бұл термин психофизикалық бұзылыстардың салдарынан арнайы жағдайда оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін балалар тобын белгілеуде қолданылады.
Психофизикалық даму бұзылыстарына естумен,көрумен,сөйлеумен, тірек-қимыл аппаратымен, психикалық дамуы кешеуілдеумен, әмоциялық,интеллектуальды мәселелермен және осы сияқтылармен байланысты әр түрлі қиындықтар жатады.
Бірнеше мүшелерінің кемісі бар балаларға сезімдік (сенсор) қызметтерінің дамуындағы ауытқулармен (көру, естуге) қоса ақыл кемістігі бар (ақылы тежелген, олигофрения) балалар жатады.
Дефектологиядағы Л.С.Выготский негізін қалаған ғылыми дәстүрде даму бұзылыстарын бастапқы және туынды деп бөліп қарастырады.
Бастапқы бұзылыстар бұл - мүшенің немесе жүйенің өзінің табиғаты бойынша биологиялық бұзылысы немесе кемістігі.(Мысалы,есту,көру анализаторының бұзылысы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерінің мекендік немесе жаппай бұзылысы). Бұлар туа бітті немесе жүре пайда болуы мүмкін.Туа біткен бұзылыстардың пайда болуында тұқымқуалаушылық фактор, жүктілік кезінде ұрыққа ықпал ететін зиянды әсерлер (инфекция, интоксикация,жарақаттар), сондай-ақ асфиксия мен босану кезіндегі зақымданулар маңызды рол атқарады.
Туынды ауытқушылықтар бастапқы бұзылыстардан пайда болса да ,өздерінің табиғаты жағынан олардан сапалық түрде ерекшеленеді.
Күрделі ауытқұлардың негізгі себептері. Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде анықтау үшін олардың әр-бір ауытқыған әрекеттренінің себебімен салдарын білу керек. Кейбір жағдайда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше үқсас себептері болады. Жиі кездесетін күрделі ауытқулардың негізгі себептері төмендегідей: бір кемістіктің (негізгі түрінің) себебі генетикалық өзгерістер болса, екінші (қосымша) кемістік сыртқы факторлардың әсеріненде болады:
ек кемІстік те бір-біріне үксамайтын генетикалық түқым қуалаушылықтың әсерінен болады;
әрбір кемістік сыртқы зиянды әсерлердің салдары болып табылады, бірак бүл себептер бір-бірімен байланыспауы да мүмкін;
екі немесе одан да көп кемістіктер бірғана түқым қуалайтын синдромынын белгілері болады;
екі немесе одан да көп кемістіктер бір ғана әкзогендік фактордың әсері болуы да мүмкін.
Көбінесе күрделі кемістігі бар балалардың негізгі себебі қүрсақта даму кезеңінде әсер еткен генетикалық залалды факторлар. Осы сияқты хромосомдық ауруларында да күрделі кемістіктер кездеседі. Мысалы, Даун синдромында кездесетін кемістіктердің негізгісі- кемақылдылық, 70% есту әрекеті зақымданған, 40% көру әрекеті зақымданған болса, ал осы балалардың 30% көптеген сезім мүшелерінің зақымдануы кемақылдылыққа қосарланып кездеседі. Қазіргі кезде зерттелген түқым қуалайтын синдромдардың тағы бір клиникалық түрі Ушер синдромы. Осы патологияның негізгі белгілеріне жататын күрделі кемістікгер: есту әрекетінің зақымдануы - туа қалыптасқан, ал кору қабілетінің төмендігі екі үш жастан кейіп ғана білінеді. Оның себебі көру талдағышының торша қабығының дегенерациялық өзгерістері, ал жасөспірім кезінде байқалатын өзгеріс - көру аймағының өте тарылуы.
Кейде байқалатын күрделі кемістіктердің негізгі себептеріне сыртқы ортаның залалды әсерлері жатады. Мысалы, нәрестеге босану кезеңінде әсер еткен әртүрлі зиянды әсерлер оның ана қүрсағында калыптасу кезеңіндегі зиянды әсерлермен қатар (жүқпалы аурулардың: қызылша,қкызамық, туберкулез, токсоплазмоз, цитомегалия қоздырушыларының әсерінен) басталған патологиялық өзгерістерді дамытып, нәрестенің жағдайын нашарлатады.
Соңғы жылдары аныкталғандай, көптеген шала туған балаларда кездесетін көру, есту сезім мүшелдерінің зақымдануы да әртүрлі зиянды себептердің әсері. Бірақ оларды дер кезінде анықтап, дүрыс емдеу арқылы жағдайларын жақсартуға болады. Ал кейбір жағдайда осы топтағы балаларда
кездесетін күрделі кемістіктерге қосарлана БЦП және басқа да ауытқулар айқындалады. Бұл балалардың келешектегі жағдайы өте ауыр.
Сонымен, күрделі кемістіктердің белгілерін анықтап, себептерін айқындау балаларда кездесетін ауытқуларды дер кезінде емдеу және түзету әдістерін дұрыс, нәтижелі қолдану үшін өте қажет.
Күрделі ауытқулар - бұл бірнеше кемістіктердің бірлесіп, баланың
дамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл кемістіктердің тек қосындысы емес, оның әркайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық белгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерде кездесетін күрделі ауытқулар, деген терминдеріне мағынасы бойынша үқсас күрделі дефект, дамудың күрделі ауытқулары, бірнеше кемістіктердің бірлескен түрі сияқты сөздер қолданылады. Оның бәрі - сонғы кезде жиі кездесетін ауытқулардың күрделі құрамын анықтайды. Ауытқулардың құрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауыткудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, соқыр - саңыраулық, кемақыл -саңыраулық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар.
Екінші топқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстық күйлер, посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы мәлімет
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
Пәндер