М. Әуезовтың қазақ әдебиеті тарихына қосқан үлесі



Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиеттану, фольклортану ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі. Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы, абайтану мәселелері бойынша жазған еңбектері бір ғана қазақ әдебиеттану ғылымында емес, кешегі кеңес одағы көлемінде де аса жоғары бағаланып отырғаны тарихтан мәлім.
Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы айтқан пікірлері мен ойлары өте маңызды. Өкінішке орай қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніп айтылған бұл ойлар кеңінен өріс ала алмады, керісінше ғалымның ұлтшыл ретінде айыпталуына (1929-1932) байланысты тоқталып қалды. М. Әуезовтің бұл саладағы алғашқы күрделі еңбегі «Әдебиет тарихы» (1927, Қызылорда) пайдаланылудан алынып тасталып, тіпті идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды, осылайша халық игілігіне пайдаланудан тыс қалды. Бұл кітап Қазақстан өзінің ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігіне қолы жеткеннен кейін ғана «ұлтшылдық ағым» ақталып, соған қатысты тиым салынған әдебиеттер ішіндегі М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (Алматы,1991) да толық күйінде қайта басылып шықты, сөйтіп рухани байлығымыздың алтын қорын толықтыра түсті.
Қазақ халқының тарихи өткен жолын шолу мен оған баға беруде, әдебиет туындыларын солармен байланыста қарастыруда М.Әуезов тұжырымдары алғашқы ғылыми ойлардың басы деп те айтуға әбден болады. Жазба әдебиет тарихын ғалым Әуезов әйгілі Абылай ханның заманынан, күміс көмей жырау Бұқар жырау дәуірінен бастайды. Бұл айтылған пікірлер кейінгі кезеңдегі Қажым Жұмалиев еңбектерінде («Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері»,1968) дамытылып, көп уақыт ғылымда осы жоба үстемдік етіп келді. Одан арғы заманның деректері ол ғалымдардың қолына түсе қойған жоқ еді. Қазақтың ұлттық әдебиетінің тарихи жолы қазақ хандарының тұсынан (ХҮ-ХҮІ-ғасырлар) басталып, жыраулар поэзиясы үлгісінде дамығаны, олардың ар жағында жалпы түріктік ортақ мұралардың жазба әдебиетке бастау болғаны кейінгі жылдары зерттеліп, ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Соған қарамастан әдебиет зерттеушісі Әуезовтің жобасы әдебиет тарихының алғашқы сүрлеуі есебінде аса бағалы.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРСП №1

М. Әуезовтың қазақ әдебиеті тарихына қосқан үлесі

Орындаған: Абыханова А. Н.
Тексерген: Қадыров А. Қ.

СЕМЕЙ 2015
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиеттану, фольклортану ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі. Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы, абайтану мәселелері бойынша жазған еңбектері бір ғана қазақ әдебиеттану ғылымында емес, кешегі кеңес одағы көлемінде де аса жоғары бағаланып отырғаны тарихтан мәлім.
Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы айтқан пікірлері мен ойлары өте маңызды. Өкінішке орай қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніп айтылған бұл ойлар кеңінен өріс ала алмады, керісінше ғалымның ұлтшыл ретінде айыпталуына (1929-1932) байланысты тоқталып қалды. М. Әуезовтің бұл саладағы алғашқы күрделі еңбегі Әдебиет тарихы (1927, Қызылорда) пайдаланылудан алынып тасталып, тіпті идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды, осылайша халық игілігіне пайдаланудан тыс қалды. Бұл кітап Қазақстан өзінің ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігіне қолы жеткеннен кейін ғана ұлтшылдық ағым ақталып, соған қатысты тиым салынған әдебиеттер ішіндегі М.Әуезовтің Әдебиет тарихы (Алматы,1991) да толық күйінде қайта басылып шықты, сөйтіп рухани байлығымыздың алтын қорын толықтыра түсті.
Қазақ халқының тарихи өткен жолын шолу мен оған баға беруде, әдебиет туындыларын солармен байланыста қарастыруда М.Әуезов тұжырымдары алғашқы ғылыми ойлардың басы деп те айтуға әбден болады. Жазба әдебиет тарихын ғалым Әуезов әйгілі Абылай ханның заманынан, күміс көмей жырау Бұқар жырау дәуірінен бастайды. Бұл айтылған пікірлер кейінгі кезеңдегі Қажым Жұмалиев еңбектерінде (Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері,1968) дамытылып, көп уақыт ғылымда осы жоба үстемдік етіп келді. Одан арғы заманның деректері ол ғалымдардың қолына түсе қойған жоқ еді. Қазақтың ұлттық әдебиетінің тарихи жолы қазақ хандарының тұсынан (ХҮ-ХҮІ-ғасырлар) басталып, жыраулар поэзиясы үлгісінде дамығаны, олардың ар жағында жалпы түріктік ортақ мұралардың жазба әдебиетке бастау болғаны кейінгі жылдары зерттеліп, ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Соған қарамастан әдебиет зерттеушісі Әуезовтің жобасы әдебиет тарихының алғашқы сүрлеуі есебінде аса бағалы.
Абылай заманынан басталатын әдебиетті Мұхтар Әуезов Зар заман әдебиеті деп (Шортанбай өлеңінің атын алған) атайды. Оның пікінше, зар заман ақындарын сол дәуірдің тарихи жағдайлары туғызған. Ақтабан-шұбырындыдан басталған қазақ қайғысы кейін орыс патшалығына бағынуға ұласып, ноқтаға бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақытымен жалғасады. Абылай заманынан бастап, -дейді Мұхтар, -жоғарыда саналған екі-үш тарихи өлеңдерді туғызған оқиғаларға шейін өткен мезгілді алсақ бұл дәуір жүз жылдай уақытқа созылады. Осы жүз жылдық дәуір қазақ өмірінің барлық суретін өзгертіп, бар өмірін екінші салаға түсіріп жібереді... Бұрын жаман-жақсы болса да өзінің ханы билеп, өз бетімен өмір сүрген ел, бері келгенде әуелі ханынан айрылды. Бұрынғы хан елдің өзгеден бөлек бір тіршілігінің белгісі сияқты болса, бері келген уақытта орыс үкіметінің көз, құлағы сияқты, болымсыз ғана төрешігі болып қалды. Соңғы уақыттың хандары қазақтың қасы, патша үкіметінің тыңшысы болды. Шенге, шекпенге сатылған сатымсақ ханның маңайынан өлекседен тараған сасық иістей толып жатқан ұсақ төрешік, ұсақ би, ру жуандары шықты. Мұның бәрі патша өкіметінің жорға құлы болды. Ел тіршілігінің өзгеріп, азуға айналғанының бір белгісі осы еді. Бұлардың қатарына автор патша үкіметінің қазақ жеріне иелік жасауын, қалалар мен бекіністер салып орыстың жерсіз шаруаларын қоныстандыруын қосады. Бірінен соң бірі шыққан закондар ел шаруасын қыса бастайды. Осы мезгіл қазақ қауымының ішінен ел мұңын, ел тілегін жоқтайтын екі алуан адамды шығарады, біреулері - заман халін қайғырып, елдің мұң-зарын жалынды сөзбен суреттеген кемеңгер ақылшы қария, толғаушыл жырау, сезімді ақындар, яғни ой батырлары болса, екіншісі - елдің ескі күйін қайтармақ болған қол батырлар (Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет сияқты).
Зар заман ақындарының шығуын М.Әуезов ХІХ ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысынан кейінгі кезеңге жатқызады. Бұл кезеңмен Абылай заманының арасындағы тарихи байланыстарға лайық әдебиеттегі Кенесары жорығының артынан шыққан зар заман ақындарымен Абылай дәуіріндегі ақындардың арасынан сондайлық үзілмейтін жалғастық табады. Ол Абылай дәуіріндегі зар заман ақынын екі топқа бөледі: бірі - келер күннің жұмбағын шешіп беріп, елге өсиет айтатын қария, екіншісі - толғау айтқан жырау. Екеуінің де көпке айтар сөздері өлең күйінде айтылып, тақпақ, толғау болып келеді. Олар - елдің ақылшы кемеңгері, заман сыншысы, елді меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Қауым тіршілігінде саяси салмағы зор ақындардың аузынан шыққан сөзі де қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр өтімді болған.
Зар заман әдебиетіне М.Әуезов ХІХ ғасырда болған ақындардың бәрін де қосады. Махамбетті оның басы санап, аяғын Ы.Алтынсаринге тірейді. Аралықта нағыз зар заман әдебиеті ақындары ретінде мойындалған Шортанбай, Мұрат, екі ғасыр шекарасында өмір кешкен Нарманбет шығармаларына талдау береді. Айтыс ақындарынан осы топқа Шернияз, Досқожа, Күдеріқожа, тарихи жыр айтушылардан Нысанбай мен Ығылманды қоса қарастырады. Махамбеттің көтеріліс жалауын көтеріп, тар заманда елді күреске үгіттеген өлеңдерін талдау тұсында ғалым онда алдан күткен үміт, тілек барын, соған жетем деген екпін, жалын барын атайды.
Кітаптағы Шортанбай, Мұрат, Нарманбет шығармашылығына берілген баға - қазақ әдебиеттану ғылымындағы бұл ақындар жайлы алғашқы пікір. Олардың өлеңдерін Мұхтар Әуезов заман шындығымен салыстыра отырып байсалды талдаған. Шортанбай, Мұрат өлеңдеріндегі заманның бұзылу суреттерімен заман адамының кейпі, Мұрат көбірек жырлаған қазақтың жерінің алынуы, қоныс пен өрістің тарылу идеяларының көрінісі сөз болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Қазақ философиясының қалыптасу барысы мен тереңде жатқан тамырларын зерттеу
С. Қасқабасовтың қазақ фольклористикасының зерттелуіне қосқан үлесі
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Пәндер