Тілдің аумақтық өзгешеліктері



1. Қазақ тілінің диалектілері, аумақтық өзгешеліктері
2. Диалектілердің пайда болуы.
3. Шетелдік нұсқалары
Қазақ тілінің диалектілері — белгілі бір аймақтарда таралған қазақ тілінің түрлері. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Әдеби қазақ тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасқан.
Қазақ тілінің таң қалдырарлық біркелкілігінің кесірінен ұзақ уақыт бойы оның диалектілерге бөлінген-бөлінбегендігі даулы мәселе болып келді. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы туралы В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, Н. И. Ильминский, А. М. Позднеев, С. Е. Малов және тағы да басқа зерттеушілер жазған болатын.
Аймақтык тіл білімі, немесе ареалдық лингвистика (лат. area алан, кеністік)— тіл құбылыстарының кеністік көлемінде және тіларалық (диалектаралық) қарым-қатынаста таралуын лингвистикалық география әдісімен, яғни географиялық карталарға түсіру арқылы зерттейтін тіл білімінін бір саласы. Аймақтык тіл білімі герминіналғаш рет қолданған М. Дж. Бартоли мен Дж. Видосси (1943, Италия). Аймақтық тіл білімінін — негізгі мақсаты тіл ерекшеліктерінің тараған аймақтық көлемін анықтау. Аймақтық тіл білімі тілде анықталған тілдік құбылыстар негізінде туады, диалектологиямен тікелей байланысты. Жергілікті тіл ерекшеліктерін тілдік аймақтар бойынша картаға түсіріп, жүйелі түрде зерттеп шығу қазақ диалектологиясында әлі жете анықталмаған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Дегенмен, диалектология мен аймақтык тіл білімінін міндеттері мен зерттеу объектілері бірдей емес. Диалектологиянын қарастыратыны диалектілер, олардын қазіргі күйі, изоглосса сызықтардың таралу шегі болса, ал аймақтык тіл білімі тілдік кұбылыстардың географиялық таралу аймақтарын, олардын өзара байланысын, таралу жолдарын, тіл құбылыстарынын негізгі орталықтарын, сөйтіп тілдік одактардын аймағын (Батыс түркі қағанаты, ортаазиялык тілдер, қыпшақ тілдері т.б.) анықтау болып табылады. Аймақтык тіл білімі тек диалектілік емес, жеке ұлттық тілдер мен туыс тілдер тобындағы айырым және ортақ тіл құбылыстарын айқындауға мүмкіндік береді. Аймақтык тіл білімінін түркологиядағы алғашқы үлгісі Орта Азия түркі тілдері мен диалектілерінің фонетикасы мен морфологиясы негізінде жазылған Н.3.Гаджиеванын "Проблемы тюркской ареальной лингвистики" (М., 1975) енбегінде берілген.
Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. “Қазақдиалектологиясы” 1967ж.
Ә. Нұрмағамбетов. “Қазақговорларыныңграмматикасы” А. 1986ж
Ш. Сарыбаев, Ә, Нұрмағамбетов, Ғ. Қалиев. “Қазақтіліндегіаймақтықерекшеліктер” А.1999ж. 41-58 беттер.
Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. “Қазақдиалектологиясы” А. 1967. 5-9 беттер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)

Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Кәрібаев.Р.С.
Тексерген: Мұқанова Қ.Қ.

Семей 2015 ж

Кәсіби бағытталған шет тіліндегі терминология
Жоспар:
1. Қазақ тілінің диалектілері, аумақтық өзгешеліктері
2. Диалектілердің пайда болуы.
3. Шетелдік нұсқалары

Қазақ тілінің диалектілері -- белгілі бір аймақтарда таралған қазақ тілінің түрлері. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Әдеби қазақ тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасқан.
Қазақ тілінің таң қалдырарлық біркелкілігінің кесірінен ұзақ уақыт бойы оның диалектілерге бөлінген-бөлінбегендігі даулы мәселе болып келді. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы туралы В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, Н. И. Ильминский, А. М. Позднеев, С. Е. Малов және тағы да басқа зерттеушілер жазған болатын.
Аймақтык тіл білімі, немесе ареалдық лингвистика (лат. area алан, кеністік) -- тіл құбылыстарының кеністік көлемінде және тіларалық (диалектаралық) қарым-қатынаста таралуын лингвистикалық география әдісімен, яғни географиялық карталарға түсіру арқылы зерттейтін тіл білімінін бір саласы. Аймақтык тіл білімі герминіналғаш рет қолданған М. Дж. Бартоли мен Дж. Видосси (1943, Италия). Аймақтық тіл білімінін -- негізгі мақсаты тіл ерекшеліктерінің тараған аймақтық көлемін анықтау. Аймақтық тіл білімі тілде анықталған тілдік құбылыстар негізінде туады, диалектологиямен тікелей байланысты. Жергілікті тіл ерекшеліктерін тілдік аймақтар бойынша картаға түсіріп, жүйелі түрде зерттеп шығу қазақ диалектологиясында әлі жете анықталмаған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Дегенмен, диалектология мен аймақтык тіл білімінін міндеттері мен зерттеу объектілері бірдей емес. Диалектологиянын қарастыратыны диалектілер, олардын қазіргі күйі, изоглосса сызықтардың таралу шегі болса, ал аймақтык тіл білімі тілдік кұбылыстардың географиялық таралу аймақтарын, олардын өзара байланысын, таралу жолдарын, тіл құбылыстарынын негізгі орталықтарын, сөйтіп тілдік одактардын аймағын (Батыс түркі қағанаты, ортаазиялык тілдер, қыпшақ тілдері т.б.) анықтау болып табылады. Аймақтык тіл білімі тек диалектілік емес, жеке ұлттық тілдер мен туыс тілдер тобындағы айырым және ортақ тіл құбылыстарын айқындауға мүмкіндік береді. Аймақтык тіл білімінін түркологиядағы алғашқы үлгісі Орта Азия түркі тілдері мен диалектілерінің фонетикасы мен морфологиясы негізінде жазылған Н.3.Гаджиеванын "Проблемы тюркской ареальной лингвистики" (М., 1975) енбегінде берілген.
Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бұлардың көпшілігі фонетика мен граммтикадан гөрі лексика саласында жиірек ұшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, етістік, сын есімде) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында олар соншалықты көп емес деумізге болады. Ауызекі тілдегі сөз айырмашылықтарын жинап - теріп, жеке сөздік етіп шығару далпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де болгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектикалық ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің қалықтары болса, екінші жағынан басқа тілдерең ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік реекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспидияциялық матери алдардың негізінде Ж.Досқараевті Қазақ тілінің ерекшеліктері атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылап шықты. Сөздіктің алға қойған мақсатты: Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық епекшіліктірімен таныста, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен кейбір басқа тілдермен қатынгасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету (3 бет) еді. Кітапқа қазақ тілінің 1521 жергілікті ерекшеліктері ендірілген. Сөздікте әр сөздің мағынасы бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрінде түсіндіріліп, тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай, әрбір жергілікті диалектизм өзге түрік тілдеріндегі, атап айтқанда, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және монғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсетілуі еңбектің ғылыми құндылығын недәуір арттыра түскен. Кітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала құшақтау, бірі шек болу, еректеп кету, орам болу, сұрам беру, жоқ ету, қайырма беріс, т.б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз сөздікке еніп кеткендігі байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бейбас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, жер шығып кету, жылым, зығыр, кездік, кесел, мауыздау, миластыру, семіру, т.б.
Қазақ тілтанушыларының тарабынан да қолдау тапқан қазақ тілінің диалектсіздігі туралы пікір 1937 -- 1938 жылдары қазақ тілі диалектілерін анықтауға арналған алғашқы экспедициялар құрылғанға дейін басым болып келді. Ұзақ уақыт бойы бұл мағлұматтар өңделмеген қалпында қала берді. Тек 1946 жылы қазақ диалектологиясы туралы Жұмат Досқараев пен Сәрсен Аманжолов жазған алғашқы мақалалар пайда болды. Ұлы Отан соғысынан кейін Сәрсен Аманжоловтың Қазақ диалектологиясы туралы тақырабы бойынша докторлық диссертациясы жазылды, 1951 жылы шағын диалектологиялық жинақ жарыққа шықты, 1954 жылы Жұмат Досқараевтың Қазақ тілінің облыстық лексикасының материалдары деген жұмысы баспаға тапсырылды, 1953 -- 1954 жылдары Тілтану мәселелері (орыс. Вопросы языкознания) журналында Аманжолов пен Досқараевтың диалектілер туралы мақалалары шықты.
1952 жылдың наурыз айында Николай Маррдың яфеттік теориясының күл-талқанын шығару науқанына байланысты Алматы қаласында тілтанушылардың пікірталасы ұйымдастырылды. 1953 жылы КСРО ғылым Академиясының түркі тілдері секторының атынан Тілтану мәселелері журналының беттерінде Эрванд Севортян (1901 -- 1978) Маррдың теориясын жақтаушы қазақ тілтанушыларын қатты сынға алды. Қазақ тілтанушыларының қате пікірлерінің арасында қазақ тілінде диалектілердің бар екенін жоққа шығару мен диалектілік құбылыстарды бұрмалану деп квалификациялау аталды.
Қазақ тілінің жергілікті өзгешеліктері туралы тақырыпты алғаш қозғаған ғалым -- Жүсіпбек Аймауытов (1889 -- 1931) Еңбекші қазақ газетінде 1926 жылы шыққан Тіл туралы мақаласында Аймауытов қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провинциализм) деп атайды, -- деп жазған екен. Әрі қарай ол Бөкей Ордасы қазақтарының тілінде татардың, арабтың, парсының, орыстың әсері, Жетісу менСырдария қазақтарында өзбектің, Қостанай тұрғындарында орыс, ноғайдың, Семей, Ақмола қазақтарында да араб, орыс тілдерінің әсері бар екенін тұжырымдаған.
Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, академик ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»
Тілдің аумақтық өзгешеліктері туралы ақпарат
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
ОНОМОСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР
Қытай - көне мәдениеттің елі
Жұмыстың нысаны - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер
Ежелгі дәуір тіл білімі
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Түпнұсқа тілі мен аударма тілінің грамматикалық және лексикалық мәні және қоғамдағы рөлі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Пәндер