«Ойлау» фразеосемантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар типологиясы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ФРАЗЕООГИЯНЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰРЫЛЫМДЫ.
ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 6
1.1 Фразеология тіл білімінің ерекше саласы 6
1.2 Тілдік және фразеологиялық дүние картинасы 10
1.3 Фразеологияны зерттеуде өрістік көзқарас 14
1.4 Салыстырмалы фразеология 18
1.5 Фразеологиялық универсалилер 28

2 «ОЙЛАУ» ФРАЗЕОСЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІНДЕГІ ТІЛАРАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАМАЛАР ТИПОЛОГИЯСЫ 38
2.1 Ойлау . дүниетаным құралы 38
2.2 «Ойлау» семантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар 43
2.3 Фразеологиялық бірліктердің жасалуының ортақ фразеологиялық
модельдері 47 2.4 Фразеологиялық вариант және синоним 50
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚЫСҚАРТУЛАР 58
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
ҚОСЫМША А «Ойлау» семантикалық өрісіндегі неміс тілі
фразеологиялық бірліктері 63 ҚОСЫМША Б «Ойлау» семантикалық өрісіндегі қазақ тілі
фразеологиялық бірліктері 69
ҚОСЫМША В «Ойлау» семантикалық өрісіндегі орыс тілі
фразеологиялық бірліктері 77
Кіріспе
Лингвистика ғылымының дамуының жаңа кезеңі өзінің жан-жақтылығымен, кең жайылғандығымен, тек тілмен ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі аспектілерімен: құрылымды-жүйелік, қызметтік, лингвомәдени, прагматикалық, коммуникативті, когнитивті, типологиялық аспектілерімен де анықталады. Қазақстан лингвистикасында салыстырмалы бағыт өзекті болып табылады. Әсіресе құрылымдық және генетикалық жағынан туыстас және туыстас емес тілдерді салыстырмалы түрде зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Фразеология әр тілде ерекше орын алады. Фразеологизмдерде тек тілдік ерекшеліктер ғана емес, сонымен қатар әр елдің ұлттық ерекшеліктері де айқын көрінеді. Осы ғылымның теориялық негізін қалыптастырған шет ел және өз отанымыздың фразеологтарының еңбектері өте көп. Олар: Виноградов В.В, Архангельский В.Л, Кунин А.В, Чернышева И.И, Копыленко М.М, Райхштейн А.Д, Мокиенко В.М, Молотков А.И, Жуков В.П, Назарян А.Г, Фляйшер В, Бургер Х, Телия В.И, Исабеков Е.Е, Солодуб Ю.П және ғалымдар Успенский В.А, Ярцева В.Н, Гухман М.М, Колшанский Г.В, Добровольский О.Д.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі салыстырмалы фразеологияда тіларалық фразеологиялық эквиваленттер мен сәйкестіктер түрлі тілдердің фразеологиялық жүйелерінің салыстырмалы құрылымдық-типологиялық зерттеулерін жүзеге асыруда және түрлі тілдердегі фразеологиялық концептуалдық, бейнелі ойлаудың әлемдегі фразеологиялық сипатының идиоэтникалығын және әмбебап сипаттарын ашуда едәуір ауқымды материал болып табылады. Зерттеудің өзектілігі қазақ тілінің дербес этнос пен мемлекеттің тілі ретінде зерттелуі, салыстырмалы, құрылымдық- типологиялық зерттеу нысанына әкелуді едәуір дәрежеде қамтамасыз етеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - «ойлау» семантикалық өрісіндегі фразеологиялық бірліктердің когнитивті, семантикалық ерекшеліктерін универсалды лингвистика, типологиялық лингвистика, жалпы және салыстырмалы фразеология ғылымдары тұрғысынан зерттеу. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1.Берілген тілдерде «ойлау» семантикасындағы фразелогизмдердіжинақтау және анализдеу.
2. Салыстырмалы фразеологияның мүмкіндіктері мен мақсаттарын анықтау.
3. Типологиялық және универсалиялар лингвистикасын салыстырмалы түрде қарастыру.
4. Тілдің фразеологиялық жүйесін, тілді зерттеуде өрістік тұрғыдан келу мүмкіндіктері мен мәнін ашу.
5. Зерттелініп отырған ФБ-ң прототиптер жүйесін айқындау және салыстыру.
6. Зерттелініп отырған тілдердің фразеологиялық универсалиялар типологиясын, тіларалық фразеологиялық баламалар (ТФБ) типологиясын қалыптастыру.
7. Осы тілдердің ФБ-ң фразеологиялық семантикасы үрдісіндегі когнитивті және семантикалық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу пәні – аталған тілдердің фразеологиялық бірліктерінің универсалды және ұлттық-мәдени өзгешілігі, тіл әлеміндегі ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны - неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі «ойлау» семантикалық өрісіндегі фразеологиялық бірліктер, яғни фразеологизмдер.
Жұмыстың материалдары – неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі әр түрлі фразеологиялық синонимдер, түсіндірмелер мен екі тілдік сөздіктерден, жұмыстық зерттеулерден, ғылыми мақалалардан, көркем әдебиеттен, ақпарат құралдарынан жаппай теру әдісімен жинақталған 1000-нан астам фразеологиялық бірліктер болып табылады.
Зерттеуде белгіленген негізгі мақсат пен міндеттер толық орындалуы үшін, жұмыста ілеспе бейнелеу, салыстыру, құрылымды-семантикалық және фразеологиялық бірліктерді деривациялық тұрғыдан зерттеу, тілдік актілер теориясына негізделген тұтастай талдау әдісі қолданылған.
Зерттеудің теориялық құндылығы – тіл теориясына одан әрі дамытуға, туыстас және туыстас емес тілдердің фразеологиялық бірліктерін когнитивті, семантикалық, деривациялық, типологиялық тұрғыдан зерттеуге, типологиялық лингвистиканы ғылыми тұрғыдан толықтыруға үлес қосуында.
Зерттеудің материалдары мен нәтижесін, әлеуметтік тіл білімі, елтану, мәдениеттану, мәдениетаралық қарым-қатынас, салыстырмалы типология курстарынан оқылатын дәрістер мен семинарлар, сол сияқты шет тілін оқыту сабақтарында пайдалану – жұмыстың практикалық маңыздылығын арттырады.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттердің тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Зерттеудің «Әр түрлі тілдердің фразеологияларын зерттеудегі салыстырмалы құрылымды-типологиялық көзқарас» деп аталатын бірінші бөлімінде фразеология ғылымының тіл білімінде алатын орны, тіл және фразеология әлемі, фразеологиялық өріс, салыстырмалы фразеологияның даму сатылары және фразеология саласындағы типологиялық зерттеулер, лексика-семантикалық универсалиялар сипатталады.
Екінші бөлім «Ойлау» семантикасының неміс, ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық тіл аралық баламалар типологиясы» деп аталады. Аталған бөлімде «ойлау» семантикалық өрісіндегі неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің сапалық тұрғыдан жақындығы мен ұқсастығы зерттеледі. Фразеологиялық бірліктердің құрылымдық деңгейде ұйымдасуының ерекшеліктері және ұлттық-мәдени өзгешеліктері сипатталады. Туыстас емес тілдердегі фразеологиялық бірліктердің ұлттық-мәдени өзгешелігіндегі айырмашылық, негізінен олардың әртүрлі ұғымдық сападағы пәндік-бейнелік құрылысынан анық көрінеді. Сонымен қатар, осы бөлімде «ойлау» семантикалық өрісінде салыстырылып отырған тілдердің фразеологиялық бірліктерінің жасалуының ортақ фразеологиялық модельдері анықталады.
Жұмыстың қорытындысында зерттеу жұмысының тұжырымдары мен нәтижелері берілген.


"Ойлау" семантикалық өрісіндегі Ф.Б.-ң таралу дәрежесіне қарай зерттелініп отырған үш тілдегі фразеологиялық бірліктерді үш түрге бөлеміз:
Бірінші түр: Барлық үш тілде таралған фразеологиялық бірліктер. Бұл топқа жататын ФБ-ді тіларалық фразеологиялық универсалилер деп атайды.
Мысалы: : Ein Gedanke fährt ihm durch den Kopf- басына бір ой келді-какая-то мысль проноситься у него в голове; sich den Kopf zerbrechen- басын қатырды- ломать себе голову; nicht aus den Gedanken kommen- ойынан кетпеді- не выходить из ума; j-n auf einen Gedanken bringen- біреуге ой салу-подать мысль кому-то; j-d ist in Gedanken vertieft- тұнық ойға батты- кто-то погружен в свои мысли; auf den Gedanken kommen- ойына түсті-прийти на ум.
Екінші топ: Тек екі тілде ғана таралған фразеологиялық бірліктер. Бұларды тіларалық фразеологиялық фреквенталиялар деп атайды.
Мысалы:
Ойлау семантикасындағы тіларалық фразеологиялық баламаларға анализ жасау нәтижесінде олардың арасында қалай ұқсастық болса, солай айырмашылық та болатынын көруге болады. Олардың негізінде ортақ заңдылықтар, ортақ факторлар мен себептер жатыр. Бұл фразеологиялық жүйеде белгілі бір ортақ заңдылықтар мен фразеологиялық универсалиялар болатынын атап өтеді. Әр түрлі тілдердің фразеологиялық жүйесінде семантикалық тең және ұқсас Ф.Б.-ң болуы кездейсоқтық емес, мына себептерге байланысты заңды құбылыс:
а) дүние біреу және онда көп нәрсе ұқсас, бір-бірінен алыс немесе жақын тұратын адамдарда да, өмір сүру формасы, дүниетанымдары, көзқарастары, мәдениеті, салт-дәстүрлері өте ұқсас болып келеді.
б) адам физиологиялық, когнитивті, қоғамдық-әлеуметтік біркелкі
в) Фразеологизацияның когнитивті-семантикалық процестері біркелкі, яғни сөз мағынасының логико-семантикалық өзгерістері, сөздердің образды-ассоциативті байланыстары, ФБ-ң деривациялық базасының образды қайта ойлау механизмдері ұқсас келеді. ФБ-р күрделі тілдік құрылым, бірақ басқа тілдердің ФБ-гі сияқты, оларда өзінің тілдік параметрлері бар, ендеше олар ФБ-ді тиісті параметрлері бойынша тепе-теңдікпен, ұқсастықпен, эквиваленттілікпен қамтамасыз етеді. Сондай ортақ параметрлер тілдік семантика, ФБ мағынасы болып табылады, ал қалғанын ауыспалы деп санауға болады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1 ФРАЗЕООГИЯНЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰРЫЛЫМДЫ-
ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
6
1.1 Фразеология тіл білімінің ерекше саласы
6
1.2 Тілдік және фразеологиялық дүние картинасы
10
1.3 Фразеологияны зерттеуде өрістік көзқарас
14
1.4 Салыстырмалы фразеология
18
1.5 Фразеологиялық универсалилер
28

2 ОЙЛАУ ФРАЗЕОСЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІНДЕГІ ТІЛАРАЛЫҚ
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАМАЛАР ТИПОЛОГИЯСЫ 38

2.1 Ойлау – дүниетаным құралы
38

2.2 Ойлау семантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар
43

2.3 Фразеологиялық бірліктердің жасалуының ортақ фразеологиялық
модельдері
47
2.4 Фразеологиялық
вариант және синоним
50
ҚОРЫТЫНДЫ
55
ҚЫСҚАРТУЛАР
58
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
59
ҚОСЫМША А Ойлау семантикалық өрісіндегі неміс тілі
фразеологиялық бірліктері
63
ҚОСЫМША Б Ойлау семантикалық өрісіндегі қазақ тілі
фразеологиялық бірліктері
69
ҚОСЫМША В Ойлау семантикалық өрісіндегі орыс тілі
фразеологиялық бірліктері
77

Кіріспе
Лингвистика ғылымының дамуының жаңа кезеңі өзінің жан-жақтылығымен,
кең жайылғандығымен, тек тілмен ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі
аспектілерімен: құрылымды-жүйелік, қызметтік, лингвомәдени, прагматикалық,
коммуникативті, когнитивті, типологиялық аспектілерімен де анықталады.
Қазақстан лингвистикасында салыстырмалы бағыт өзекті болып табылады.
Әсіресе құрылымдық және генетикалық жағынан туыстас және туыстас емес
тілдерді салыстырмалы түрде зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Фразеология әр
тілде ерекше орын алады. Фразеологизмдерде тек тілдік ерекшеліктер ғана
емес, сонымен қатар әр елдің ұлттық ерекшеліктері де айқын көрінеді. Осы
ғылымның теориялық негізін қалыптастырған шет ел және өз отанымыздың
фразеологтарының еңбектері өте көп. Олар: Виноградов В.В, Архангельский
В.Л, Кунин А.В, Чернышева И.И, Копыленко М.М, Райхштейн А.Д, Мокиенко В.М,
Молотков А.И, Жуков В.П, Назарян А.Г, Фляйшер В, Бургер Х, Телия В.И,
Исабеков Е.Е, Солодуб Ю.П және ғалымдар Успенский В.А, Ярцева В.Н, Гухман
М.М, Колшанский Г.В, Добровольский О.Д.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі салыстырмалы фразеологияда
тіларалық фразеологиялық эквиваленттер мен сәйкестіктер түрлі тілдердің
фразеологиялық жүйелерінің салыстырмалы құрылымдық-типологиялық
зерттеулерін жүзеге асыруда және түрлі тілдердегі фразеологиялық
концептуалдық, бейнелі ойлаудың әлемдегі фразеологиялық сипатының
идиоэтникалығын және әмбебап сипаттарын ашуда едәуір ауқымды материал болып
табылады. Зерттеудің өзектілігі қазақ тілінің дербес этнос пен мемлекеттің
тілі ретінде зерттелуі, салыстырмалы, құрылымдық- типологиялық зерттеу
нысанына әкелуді едәуір дәрежеде қамтамасыз етеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - ойлау семантикалық өрісіндегі
фразеологиялық бірліктердің когнитивті, семантикалық ерекшеліктерін
универсалды лингвистика, типологиялық лингвистика, жалпы және салыстырмалы
фразеология ғылымдары тұрғысынан зерттеу. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай
міндеттерді шешу қажет:
1.Берілген тілдерде ойлау семантикасындағы
фразелогизмдердіжинақтау және анализдеу.
2. Салыстырмалы фразеологияның мүмкіндіктері мен мақсаттарын анықтау.
3. Типологиялық және универсалиялар лингвистикасын салыстырмалы түрде
қарастыру.
4. Тілдің фразеологиялық жүйесін, тілді зерттеуде өрістік тұрғыдан
келу мүмкіндіктері мен мәнін ашу.
5. Зерттелініп отырған ФБ-ң прототиптер жүйесін айқындау және
салыстыру.
6. Зерттелініп отырған тілдердің фразеологиялық универсалиялар
типологиясын, тіларалық фразеологиялық баламалар (ТФБ) типологиясын
қалыптастыру.
7. Осы тілдердің ФБ-ң фразеологиялық семантикасы үрдісіндегі
когнитивті және семантикалық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу пәні – аталған тілдердің фразеологиялық бірліктерінің
универсалды және ұлттық-мәдени өзгешілігі, тіл әлеміндегі ерекшеліктерін
анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны - неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі ойлау
семантикалық өрісіндегі фразеологиялық бірліктер, яғни фразеологизмдер.
Жұмыстың материалдары – неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі әр түрлі
фразеологиялық синонимдер, түсіндірмелер мен екі тілдік сөздіктерден,
жұмыстық зерттеулерден, ғылыми мақалалардан, көркем әдебиеттен, ақпарат
құралдарынан жаппай теру әдісімен жинақталған 1000-нан астам фразеологиялық
бірліктер болып табылады.
Зерттеуде белгіленген негізгі мақсат пен міндеттер толық орындалуы
үшін, жұмыста ілеспе бейнелеу, салыстыру, құрылымды-семантикалық және
фразеологиялық бірліктерді деривациялық тұрғыдан зерттеу, тілдік актілер
теориясына негізделген тұтастай талдау әдісі қолданылған.
Зерттеудің теориялық құндылығы – тіл теориясына одан әрі дамытуға,
туыстас және туыстас емес тілдердің фразеологиялық бірліктерін когнитивті,
семантикалық, деривациялық, типологиялық тұрғыдан зерттеуге, типологиялық
лингвистиканы ғылыми тұрғыдан толықтыруға үлес қосуында.
Зерттеудің материалдары мен нәтижесін, әлеуметтік тіл білімі, елтану,
мәдениеттану, мәдениетаралық қарым-қатынас, салыстырмалы типология
курстарынан оқылатын дәрістер мен семинарлар, сол сияқты шет тілін оқыту
сабақтарында пайдалану – жұмыстың практикалық маңыздылығын арттырады.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттердің тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Зерттеудің Әр түрлі тілдердің фразеологияларын зерттеудегі
салыстырмалы құрылымды-типологиялық көзқарас деп аталатын бірінші
бөлімінде фразеология ғылымының тіл білімінде алатын орны, тіл және
фразеология әлемі, фразеологиялық өріс, салыстырмалы фразеологияның даму
сатылары және фразеология саласындағы типологиялық зерттеулер, лексика-
семантикалық универсалиялар сипатталады.
Екінші бөлім Ойлау семантикасының неміс, ағылшын, орыс және қазақ
тілдеріндегі фразеологиялық тіл аралық баламалар типологиясы деп аталады.
Аталған бөлімде ойлау семантикалық өрісіндегі неміс, орыс және қазақ
тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің сапалық тұрғыдан жақындығы мен
ұқсастығы зерттеледі. Фразеологиялық бірліктердің құрылымдық деңгейде
ұйымдасуының ерекшеліктері және ұлттық-мәдени өзгешеліктері сипатталады.
Туыстас емес тілдердегі фразеологиялық бірліктердің ұлттық-мәдени
өзгешелігіндегі айырмашылық, негізінен олардың әртүрлі ұғымдық сападағы
пәндік-бейнелік құрылысынан анық көрінеді. Сонымен қатар, осы бөлімде
ойлау семантикалық өрісінде салыстырылып отырған тілдердің фразеологиялық
бірліктерінің жасалуының ортақ фразеологиялық модельдері анықталады.
Жұмыстың қорытындысында зерттеу жұмысының тұжырымдары мен нәтижелері
берілген.

"Ойлау" семантикалық өрісіндегі Ф.Б.-ң таралу дәрежесіне қарай зерттелініп
отырған үш тілдегі фразеологиялық бірліктерді үш түрге бөлеміз:
Бірінші түр: Барлық үш тілде таралған фразеологиялық бірліктер. Бұл
топқа жататын ФБ-ді тіларалық фразеологиялық универсалилер деп атайды.
Мысалы: : Ein Gedanke fährt ihm durch den Kopf- басына бір ой келді-
какая-то мысль проноситься у него в голове; sich den Kopf zerbrechen- басын
қатырды- ломать себе голову; nicht aus den Gedanken kommen- ойынан кетпеді-
не выходить из ума; j-n auf einen Gedanken bringen- біреуге ой салу-подать
мысль кому-то; j-d ist in Gedanken vertieft- тұнық ойға батты- кто-то
погружен в свои мысли; auf den Gedanken kommen- ойына түсті-прийти на ум.
Екінші топ: Тек екі тілде ғана таралған фразеологиялық бірліктер.
Бұларды тіларалық фразеологиялық фреквенталиялар деп атайды.
Мысалы:
Ойлау семантикасындағы тіларалық фразеологиялық баламаларға анализ
жасау нәтижесінде олардың арасында қалай ұқсастық болса, солай айырмашылық
та болатынын көруге болады. Олардың негізінде ортақ заңдылықтар, ортақ
факторлар мен себептер жатыр. Бұл фразеологиялық жүйеде белгілі бір ортақ
заңдылықтар мен фразеологиялық универсалиялар болатынын атап өтеді. Әр
түрлі тілдердің фразеологиялық жүйесінде семантикалық тең және ұқсас Ф.Б.-ң
болуы кездейсоқтық емес, мына себептерге байланысты заңды құбылыс:
а) дүние біреу және онда көп нәрсе ұқсас, бір-бірінен алыс немесе
жақын тұратын адамдарда да, өмір сүру формасы, дүниетанымдары,
көзқарастары, мәдениеті, салт-дәстүрлері өте ұқсас болып келеді.
б) адам физиологиялық, когнитивті, қоғамдық-әлеуметтік біркелкі
в) Фразеологизацияның когнитивті-семантикалық процестері біркелкі,
яғни сөз мағынасының логико-семантикалық өзгерістері, сөздердің образды-
ассоциативті байланыстары, ФБ-ң деривациялық базасының образды қайта ойлау
механизмдері ұқсас келеді. ФБ-р күрделі тілдік құрылым, бірақ басқа
тілдердің ФБ-гі сияқты, оларда өзінің тілдік параметрлері бар, ендеше олар
ФБ-ді тиісті параметрлері бойынша тепе-теңдікпен, ұқсастықпен,
эквиваленттілікпен қамтамасыз етеді. Сондай ортақ параметрлер тілдік
семантика, ФБ мағынасы болып табылады, ал қалғанын ауыспалы деп санауға
болады.

АННОТАЦИЯ

В выпускной работе на тему Межъязыковые фразеологические эквиваленты
семантического поля мышление (на материале немецкого, русского, и
казахского языков) рассматриваются лингво- фразеологические особенности ФЕ
рассматриваемого типа.
Цель исследования состоит в выявлении, систематизации лингвистических
особенностей семантики, структуры фразеологических единиц
фразеосемантического поля мышление с позиции типологической лингвистики
и межъязыковых фразеологических эквивалентов.
Научная новизна работы заключается в том, что в работе выявляются
межъязыковые связи ФЕ трех исследуемых языков.
Данную работу могут использовать студенты и преподаватели,
специализирующиеся в области лингвистики.

АННОТАЦИЯ

Ойлау фразеосемантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық
баламалар ( неміс, орыс және қазақ тілдерінде) фразеологиялық бірліктердің
лингвистикалық және фразеологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған.
Зерттеудің мақсаты ойлау семантикалық өрісіндегі фразеологиялық
бірліктердің құрамын, лингвистикалық ерекшеліктерін ашып айқындау.
Қазақстан лингвистикасында ойлау фразеосемантикалық өрісі туыс және туыс
емес тілдерді алғаш рет салыстырмалы зерттеуге арналған. Фразеологиялық
бірліктердің тіларалық байланысы зерттеліп отырған үш тілде ашылады.
Қазақстан, Ресей және Батыс елдерінде фразеология мәселесіне
арналған еңбектерді оқып таныстық. Бұл жұмысты студенттер мен лингвистика
саласында еңбек ететін оқытушылар пайдалана алады. Практикалық тұрғыдан
зерттеу үлгілерін салыстырылып отырған үш тілдің және басқа тілдердің
практикалық сабақтарында қолдануға болады.

ANNOTATION

In der Diplomarbeit “Interlinguale phraseologische Äquivalente
phraseosemantischen Felds das “Denken” (auf Grund der deutschen, russischen
und kasachischen Sprachen)” werden die phraseologischen Besonderheiten der
Phraseologismen ausgewählten Feldes betrachtet.
Das Ziel der Forschung ist die Systematisierung der linguistischen
Besonderheiten der Semantik und der Struktur der Phraseologismen
phraseologischen Feldes der “Denken” vom Standpunkt der typologischen
Linguistik und der interlingualen phraseologischen Äquivalenten.
Die wissenschaftliche Neuartigkeit der Arbeit liegt in der Entdeckung
der interlingualen Zusammenhänge zwischen Phraseologismen der betrachteten
Sprachen.
Diese Diplomarbeit kann von Studenten und Professoren, die sich mit
Linguistik beschäftigen, gebraucht werden.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Тіл және аударма кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: НЕМІС, ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ОЙЛАУ СЕМАНТИКАЛЫҚ
ӨРІСІНДЕГІ ТІЛАРАЛЫҚ БАЛАМАЛАР.

КІРІСПЕ

Лингвистика ғылымының дамуының жаңа кезеңі өзінің жан-жақтылығымен,
кең жайылғандығымен, тек тілмен ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі
аспектілерімен: құрылымды-жүйелік, қызметтік, лингвомәдени, прагматикалық,
коммуникативті, когнитивті, типологиялық аспектілерімен де анықталады.
Қазақстан лингвистикасында салыстырмалы бағыт өзекті болып табылады.
Әсіресе құрылымдық және генетикалық жағынан туыстас және туыстас емес
тілдерді салыстырмалы түрде зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Фразеология әр
тілде ерекше орын алады. Фразеологизмдерде тек тілдік ерекшеліктер ғана
емес, сонымен қатар әр елдің ұлттық ерекшеліктері де айқын көрінеді. Осы
ғылымның теориялық негізін қалыптастырған шет ел және өз отанымыздың
фразеологтарының еңбектері өте көп. Олар: Виноградов В.В, Архангельский
В.Л, Кунин А.В, Чернышева И.И, Кеңесбаев Т.І, Ысқақов А.Ы, Исабеков С.Е,
Сабитова М.Т, Копыленко М.М, Райхштейн А.Д, Мокиенко В.М, Молотков А.И,
Жуков В.П, Назарян А.Г, Фляйшер В, Бургер Х, Телия В.И, Исабеков Е.Е,
Солодуб Ю.П және ғалымдар Успенский В.А, Ярцева В.Н, Гухман М.М, Колшанский
Г.В, Добровольский О.Д.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі салыстырмалы фразеологияда
тіларалық фразеологиялық эквиваленттер мен сәйкестіктер түрлі тілдердің
фразеологиялық жүйелерінің салыстырмалы құрылымдық-типологиялық
зерттеулерін жүзеге асыруда және түрлі тілдердегі фразеологиялық
концептуалдық, бейнелі ойлаудың әлемдегі фразеологиялық сипатының
идиоэтникалығын және әмбебап сипаттарын ашуда едәуір ауқымды материал болып
табылады. Зерттеудің өзектілігі қазақ тілінің дербес этнос пен мемлекеттің
тілі ретінде зерттелуі, салыстырмалы, құрылымдық- типологиялық зерттеу
нысанына әкелуді едәуір дәрежеде қамтамасыз етеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - ойлау семантикалық өрісіндегі
фразеологиялық бірліктердің когнитивті, семантикалық ерекшеліктерін
универсалды лингвистика, типологиялық лингвистика, жалпы және салыстырмалы
фразеология ғылымдары тұрғысынан зерттеу. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай
міндеттерді шешу қажет:
1)берілген тілдерде ойлау семантикасындағы
фразелогизмдердіжинақтау және анализдеу;
2) салыстырмалы фразеологияның мүмкіндіктері мен мақсаттарын анықтау;
3) типологиялық және универсалиялар лингвистикасын салыстырмалы түрде
қарастыру;
4) тілдің фразеологиялық жүйесін, тілді зерттеуде өрістік тұрғыдан
келу мүмкіндіктері мен мәнін ашу;
5) зерттелініп отырған ФБ-ң прототиптер жүйесін айқындау және
салыстыру;
6) ерттелініп отырған тілдердің фразеологиялық универсалиялар
типологиясын, тіларалық фразеологиялық баламалар (ТФБ) типологиясын
қалыптастыру;
7) осы тілдердің ФБ-ң фразеологиялық семантикасы үрдісіндегі
когнитивті және семантикалық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу пәні – аталған тілдердің фразеологиялық бірліктерінің
универсалды және ұлттық-мәдени өзгешілігін, тіл әлеміндегі ерекшеліктерін
анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны - неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі ойлау
семантикалық өрісіндегі фразеологиялық бірліктер, яғни фразеологизмдер.
Жұмыстың материалдары – неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі әр түрлі
фразеологиялық синонимдік , түсіндірмелік пен екі тілдік сөздіктерден,
зерттеу жұмыстарынан, ғылыми мақалалардан, көркем әдебиеттен, ақпарат
құралдарынан жаппай теру әдісімен жинақталған 1000-н астам фразеологиялық
бірліктер болып табылады.
Зерттеуде белгіленген негізгі мақсат пен міндеттер толық орындалуы
үшін, жұмыста ілеспе бейнелеу, салыстыру, құрылымды-семантикалық және
фразеологиялық бірліктерді деривациялық тұрғыдан зерттеу, тілдік актілер
теориясына негізделген тұтастай талдау әдісі қолданылған.
Зерттеудің теориялық құндылығы – тіл теориясын одан әрі дамытуға,
туыстас және туыстас емес тілдердің фразеологиялық бірліктерін когнитивті,
семантикалық, деривациялық, типологиялық тұрғыдан зерттеуге, типологиялық
лингвистиканы ғылыми тұрғыдан толықтыруға үлес қосуында.
Зерттеудің материалдары мен нәтижесін, әлеуметтік тіл білімі, елтану,
мәдениеттану, мәдениетаралық қарым-қатынас, салыстырмалы типология
курстарынан оқылатын дәрістер мен семинарлар, сол сияқты шет тілін оқыту
сабақтарында пайдалану – жұмыстың практикалық маңыздылығын арттырады.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттердің тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Зерттеудің Фразеологияны салыстырмалы құрылымды-типологиялық
зерттеу деп аталатын бірінші бөлімінде фразеология ғылымының тіл білімінде
алатын орны, тіл және фразеология әлемі, фразеологиялық өріс, салыстырмалы
фразеологияның даму сатылары және фразеология саласындағы типологиялық
зерттеулер, лексика-семантикалық универсалиялар сипатталады.
Екінші бөлім Ойлау фразеосемантика өрісіндегі тіларалық
фразеологиялық баламалар типологиясы деп аталады. Аталған бөлімде ойлау
семантикалық өрісіндегі неміс, орыс және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық
бірліктердің сапалық тұрғыдан жақындығы мен ұқсастығы зерттеледі.
Фразеологиялық бірліктердің құрылымдық деңгейде ұйымдасуының ерекшеліктері
және ұлттық-мәдени өзгешеліктері сипатталады. Туыстас емес тілдердегі
фразеологиялық бірліктердің ұлттық-мәдени өзгешелігіндегі айырмашылық,
негізінен олардың әртүрлі ұғымдық сападағы пәндік-бейнелік құрылысынан анық
көрінеді. Сонымен қатар, осы бөлімде ойлау семантикалық өрісінде
салыстырылып отырған тілдердің фразеологиялық бірліктерінің жасалуының
ортақ фразеологиялық модельдері анықталады.

1 ФРАЗЕООГИЯНЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰРЫЛЫМДЫ- ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1.1 Фразеология тіл білімінің ерекше саласы

Фразеология- бұл тілдің ерекше құрамын, соның ішінде тұрақты сөз
тіркестерінің әр түрлі құрылымын, семантикасын, қызметін зерттейтін тіл
білімінің жаңа бір саласы. Лингвистикада бұларды фразеологизмдер, тұрақты
сөздік комплекстер, фразеологиялық бірліктер деп атайды. Бұлар осы немесе
басқа тілдегі нақты сөз құрылымдары. Бірақ олар тілде дайын тілдік құрылым
ретінде өмір сүріп, осы дайын күйінде сөйлеуде қолданылатындығымен
ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, олар өзінің фразеологиялық тұрақтылық
сияқты ортақ белгісімен, сонымен қатар фразеологиялық тілдік жүйеге
жататындығымен ерекшеленеді.
Фразеологияның өзіндік даму тарихы бар. Онда оның дамуын 3
этапқа бөледі:
1) классикалық (Ш. Балли, Виноградов В.В, Чернышева И.И, Шанский Н.М);
2)постклассикалық (Аволиани Ю.Ю, Молотков А.И, Копыленко М.М, Райхштейн
А.Д);
3) жаңа заман фразеологиясы (Телия В.И, Исабеков Е.Е, Добровольский О.Д).
Фразеологияның көлемі мен пәні туралы 3 концепция белгіленеді: тар,
кең мағынада түсіну және лексикалық құрылым терминдерінде оны анықтау.
Фразеологизмдер құрылысы, семантикалық жағынан да, функционалдық жоспары
бойынша да біркелкі емес, сондықтан әр тілдің фразеологиялық жүйесінде
құрылымды-семантикалық жағынанда әр түрлі фразеологиялық бірліктер
ерекшеленеді, әсіресе фразеологиялық біркелкілік, фразеологиялық құрылым,
экспрессивті және экспрессивті емес бірліктер, қос және салыстырмалы
бірліктер, мақалдар, мәтелдер, қанатты сөздер сияқты предикативті тұрақты
сөздік комплекстер.
ФБ әр түрлі көзқарастар бойынша, құрылысы, семантикалық,
функционалдық, семиотикалық, стилистикалық, лингвомәдени, номинативті,
когнитивті және әлем картинасы позициясы жағынан зерттелінген. ФБ-ді
зерттеудің өз әдістері дайындалынған: ФБ-ді идентификациялау,
констектологиялық, дистрибутивті, формальді-семантикалық. Фразеологиялық
тілдік жүйесінің лексикалық жүйеден белгілі бір айырмашылықтары бар. Ол
өзінің гносеологиялық бағыныштылығымен, номинативті кең таралғандығымен,
тілдегі қызметімен және өмірді айқын бейнелеуімен ерекшеленеді.
Фразеология лексикамен салыстырғанда гносеологиялық яғни танымдық
құндылығы әлдеқайда төмен. Ол объективті дүниенің құбылысы мен салалары
туралы ғылыми білімді танытады. Ол көбінесе адам, адамаралық адамгершілікті
қатынастарды, эмоцияны бағалауды айқындайды.
Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40 жылдарында
Совет одағы тіл білімінде қалыптасты. Фразеологияның дамуына француз
лингвисті Ш. Баллидің идеясы әсер етті. Батыс Европа мен Америка тіл
білімінде фразеология лингвистиканың жеке бір саласы болып бөлінбеген. 50
жылдары фразеологияның сөзбен сөз тіркестерімен ұқсастығы мен айырмашылығы
жайындағы сұрақтарға басты назар аударған. 60-70 жылдар фразеологияның
дамуында оның нысанын зерттейтін фразеологиялық әдістердің пайда болуымен
ерекшеленеді. Мұнда фразеологизмдердің семантикасына, оның номинативті
аспектісіне, фраза құруға басты назар аударылады. Фразеологияның
категориялық белгілерін зерттеу фразеологияның пәні болып табылады. Осының
арқасында фразеологияның негізгі белгілері айқындалады, фразеологизмдердің
тілдің ерекше бірлігі ретінде қалыптасу процесі мен олардың тілде қызмет
ету заңдылықтары қалыптасады.
Қазіргі заман лингвистикасында фразеологизмдерді зерттеудің нақты екі
бағыты белгіленген.
Бірінші бағыт бойынша фразеологизм- бұл сөзден тұратын сөздік
бірліктер, яғни табиғатынан сөз тіркестері болып табылады. Кейбір
ғалымдардың айтуынша, фразеологияның нысаны деп белгілі бір тілде мүмкін
болатын нақты сөз тіркестерін айтады. Копыленко былай дейді: Фразеология
барлығын қамтиды... белгілі бір тілдегі лексемалар тіркесін, сонымен қатар
еркін деп аталатын сөз тіркестерін.
Екінші бағыт бойынша фразеологизмдер бұл сөз тіркестері емес
(формасымен де, құрылымыменде). Ол лексикалық бірліктерден тұрмайды,
керісінше нақты лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктер болып табылады.
Фразеологизмді зерттеуде компоненттердің формальді сипаттамасы мен
мағынасы негізгі емес, нақты формаға құрамға және сөйлеуде қолданыс тапқан
тілдік бірлік ретіндегі біртұтас фразеологизмдер негізгі болып табылады.
Фразеологияның құрылымды-семантикалық қасиеттері сөз бірігулерін қайта
жаңғырту процесінде қалыптасады.
Бірінші жағдайда жақын мағынаға ие болған фразеологизмдер
қалыптасады. Жақын мағынасы – бейнелік немесе бейнелік емес болуы мүмкін
және олардың лексикалық компоненттерінің мағынасы бөлінбейді. Мысалы:
смотреть сквозь пальцы, курам на смех, отлегло от сердца.
Екінші де, қайта жаңғыртылған сөзде белгілі бір сөзбен немесе сөздік
қатарымен тіркесе жүзеге асуға қабілетті фразеологиялық байланысқан мағына
қалыптасады. Бұл аналитикалық мағыналы тұрақты сөздік комплекстердің
қалыптасуына алып келеді: ойға келу – приходить к мысли, сән жалшысы– раб
моды [47, б.160]. Омонимдік еркін сөз тіркестері фразеологиялық тіркестерде
мүлдем жоқ.
Н.М.Шанский фразеологизмдердің 4-ші түрін айқындайды – фразеологиялық
сөйлемшелер. Бұлар тек семантикалық мүшеленіп қана қоймай, сонымен қатар
түгел еркін мағыналы сөздерден тұратын, құрамымен қолданысында да тұрақты
фразеологиялық тіркестер. Фразеологиялық айтылымдар фразеологиялық
тіркестерден фразеологиялық байланысқан мағыналы сөздердің жоқтығымен
ерекшеленеді: махабат жасқа қарамайды (любви все возрасты покорны, волков
бояться-в лес не ходить, процесс пошел). Бұларды құрайтын сөздерде
синонимдері болуы мүмкін емес. Олардың ерекше белгісі – қайта жаңғырту.
Кейбір фразеологтардың ойы бойынша, тек кейбір тұрақты сөздік
комплекстердің топтары, әсіресе, бір ақ ұғымды білдіретін бірнеше сөзден
құралған мен фразеологиялық біркелкілік фразеологияны зерттеу пәні бола
алады. Бұл жағдайда фразеологияның пәні мен нысанын зерттеудің тар мағынасы
сөз етіледі. Басқа бағыт өкілдері фразеологизмдердің сөзге қатысты
семантикалық эквиваленттік принципті есепке алмай тұрақты сөз тіркестерінің
типін ұлғайтуды ұсынады. Басқа фразеологтардың (Кунин, Чернышева, Шанский)
ойынша, тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрі фразеологиялның нысаны болып
табылады. М.М.Копыленко мен З.Д.Попованың фразеологиялық концепциясы
басқалардан ерекшеленеді. Олар екі немесе одан да көп лексикаларды фразалық
тіркес деп қарастыруды ұсынады.
Тіл мен сөйлеу заңдылықтарын терең зерттеу және олардың
әрқайсысын лингвистика көзқарасымен қарастыру мынадай маңызды шешім
шығаруға мүмкіндік береді: халық өзі өмір сүрген уақыт аралығында өзі
жасағанының бәрі тілге, ал жеке индивидиумның жасағаны сөйлеуге жатады.
Адам коммуникативтік мақсаттары үшін дайын тілдік бірліктерді,
тілде қалай өмір сүріп, тіл заңдарына сүйеніп, басқа сөздермен байланысқан
күйінде пайдаланады.
Тұрақты сөз тіркестері фразеологияның нысаны болып
табылады.Олар дайын тұрақты және олардың осындай ерекше сапалары мен
белгілері фразеологияның классикалық даму кезеңінде белгіленген [5, б.245].
Мұнда грамматикалық құрылысы мен лексикалық құрамы тұрақты, құрамына енетін
элементтер бір-бірімен байланысқан және осы тұрақтылық семантикалық,
морфологиялық, синтаксистік және лексикалық жағынан да тұрақты және
жылжымалы қасиетке ие болған фразеологияның ерекше құрылысы сөз етілетінін
фразеологтар атап өтті. Тұрақтылық ФБ дайын күйінде пайдалануға мүмкіндік
береді. Осы дайын күйіндегі фразеологиялық бірліктер халықтың белгілі бір
жетістігі бола отырып ұрпақан-ұрпаққа беріліп келеді. А.Д.Райхштейннің атап
өтуі бойынша нысанды жан-жақты аспектілері арқылы зерттеу спецификасы сол
нысанның ерекшеліктерімен анықталады. Фразеологияға қатысты бұл специфика
оны басқа тілдік бірліктерден бөліп тұратын категориялық белгілерімен және
фразеологиялық жүйенің басқа тілдік жүйелер ішіндегі ерекше орын
алатындығымен шартталған.
Фразеологияның дамуының үшінші жаңа кезеңінде, бұл ғылым жаңаша
жарықтандырылады, жаңа концепциялар қолданылады, когнитивті лингвистиканың
көзқарасымен, ұлттық мәдени құндылықтарды есепке ала отырып қарастырылады.
Фразеология теориясының дамуында әр кезең сайын көптеген қиыншылықтар
шешіліп отырған. Бірақ фразеология өзінің жаңа даму кезеңінде
лингвистиканың бөлімі болып қалады және тұрақты сөздік комплекстер,
фразалық тіркестер мен фразеологизмдер оны зерттеу пәні болып қалады.
Көп жоспарлы өмір картинасында сөздер мен ФБ қоғам өмірін,
халық өмірін айқын бейнелейді. Нақты өмірдің белгіленген номинациясының
төрт түрін іске асыру ФБ сөзге жататын ортақ белгі болып табылады:
жалпыланған, түрленген, нақты-бірлікті, ситуативті және коммуникативті
шартталған номинация.

1.2 Тілдік және фразеологиялық дүние картинасы

Дүние картинасы ұғымы қазіргі заман лингвистикасында негізгі ұғым
болып табылады. Бұл адамның объективті дүниені танып біліп оны бейнелеуімен
тығыз байланысты. Адам өміріне бақылаулар жасау нәтижесінде олардың бір-
бірімен қарым-қатынасы туралы, жалпы адамдардың дүниедегі орны туралы
көзқарастар қалыптасады. Өмір туралы мұндай көзқарастар жиынтығын ғылымда
дүниенің картинасы деп атайды.
Адамдар дүние жүзінің әр түрлі бөлігінде, әр түрлі географиялық
жағдайда өмір сүреді, сондықтан олардың өмір туралы көзқарастары мен
білімдері өздері тұратын және жұмыс істейтін жерлер туралы ғана болмақ. Бұл
әр ұлттың және этностың өз өмір сүру түрі, мүмкіндіктері ббар екендігімен
түсіндіріледі. Мысалы: солтүстікте тұратын адамдар үшін нағыз шындық қар,
мұз, суық, қардың сапасы мен құрамы арқылы танылады. Ал тауда, шөлді
аймақтарда, өзен жағасында тұратын адамдар үшін дүниенің басқа картинасы
бар.
Сонымен, дүние картинасы деп белгілі бір кезеңдегі адамның халықтың
сана-сезіміндегі, ойындағы көзқарастар мен білімдер жиынтығы. Адам өмірді
толық түсініп, бейнелейді, яғни адам ойында дүние туралы дұрыс, объективті,
адекватты көзқарастар мен білімдер қалыптасса, онда сондай дұрыс,
объективті, адекватты дүние картинасы қалыптасады. Неғұрлым адамдарда
дүние туралы, оның құралдары, құбылыстары, қасиеттері, байланыстары, бір-
бірімен қатынастары туралы білімдері мен көзқаратары объективті,
адекватты, нақты болса, соғұрлым олар оны белгілі бір тәжірибелік
мақсаттары үшін өз өмірінде қолдана алады. Объективті дүние негізінен
өзінің ерекшеліктері жағынан бір ғана нәрсе. Барлық дүниенің бөлігінде
адамдар аспанды, жерді, суды, тауларды, ормандарды, жануарларды көреді.
Барлық жерде адамға тамақ, киім, еңбек және қатынас құралдары қажет.
Адамдарда барлық табиғат құбылыстары туралы түсініктер қалыптасады.
Сондықтан әр елдің, әр континенттің адамдары сөйлескен кезде бір-бірін
жақсы түсінеді. Дүние картинасы ұғымы әр халықтың объективті дүние
туралы бейнесі. Дүние картинасы әр текті. Мынадай үш себепке байланысты:
а) объективті дүние әр түрлі және оның түрлілігі шексіз;
б) адамдар әр түрлі географиялық, социалды, мәдени жағдайда өмір сүреді
және бұл олардың дүние картинасында бейнеленеді;
в) әр ғылым өз әлемін, дүниесін танытыды, ал ғылымның да әр түрлі типтері
бар, соған байланысты олар объективті өмірдің әр түрлі саласын бейнелейді
және әр түрлі дүние картинасын қалыптастырады.
Мысалы: физиктер, химиктер, математиктер, композиторлар, музыканттар,
суретшілер әр түрлі дүниені әр түрлі формада бейнелейді және әр түрлі дүние
картинасын қалыптастырады.
Дүние картинасы ұғымымен қатар тағы бір ұғым дүниенің тілдік
картинасы ажыратылады, немесе оны концептуалды деп атайды. Сонымен, екі
түрлі универсалды дүние картинасы ажыратылады: тілдік және концептуалды.
Бұлардың арасындағы қатынас объективті өмір – ойлау( адам)- тіл атты
атақты треаданың негізгі зерттеу пәні болып табылады [42, б.356].
Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі және ол адам санасында
көрініс табады. Адамның шындық болмысты танып білуі ой арқылы жүзеге асса,
тіл – ойдың бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет
етеді. Бұл – жалпыға ортақ таным үлгісі. Өйткені биологиялық табиғаты
жағынан адамзат бірдей болса, таным қызметі де, оның механизмдері де ортақ
құбылыс екені мәлім. Қандай да тіл өзінің тілдік құрылымы немесе тілдік
үлгілері жағынан әр түрлі болғанымен, шындық болмысты түсінуге келгенде
ортақ танымдық дүниелерден тұрады. Бұл сайып келгенде, жоғарыда айтылған
таным түсініктің тіл арқылы емес, ми, ойлау арқылы жүзеге асатындығын
дәлелдей түседі. Демек, дүние картинасы дегеніміз- концептуалды (логикалық)
және тілдіқ үлгілер формасымен берілетін санамен тікелей байланысты дүние
туралы білімдер жиынтығы.
Дүние картинасы екі түрлі жағдайда қалыптасады:
1) танымдық қызмет – дүние туралы ұғым мен білімді қалыптастыру.
2) дүние туралы жаңа бейнелерді жасау.
Бірінші жағдайда объективті дүниені шындық болмыстағы күйінде
бейнелеу. Бірақ дүниені бейнелеу мен түсіну объективт, нақты, адекватты
болуы тиіс. Екінші жағдайда адам жасаған дүние картинасы туралы сөз
етіледі. Дүние картинасының тек өзінің табиғаты ғана емес, сонымен қатар
өзіне тән функционалдық құндылығы бар. Бұл мағынада дүние картинасы
адамдардың өмірді танытып, бейнелеу ғана емес, және де қоғам мен
индивидтің дүниені тану компоненті. Мысалы: мифологиялық, діни, эстетикалық
дүние картинасы. Дүние картинасы мен дүниені тану ұғымдары бір-біріне жақын
ұғымдар. Дүниені тану мынадай негізгі екі қызметті атқарады – интерпретивті
(дүниені таныту), регулятивті (дүниенің бағдары, адам қызметіне бағдар
болу). Осындай қызметтерді дүние картинасы да атқарады.
Дүние картинасынсыз адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірін түсінуі
мүмкін болмас еді. Ол адам дүниетанымының басты компоненті бола отыра,
қоғамдағы адамның мінез-құлқына, байланысына байланысына мүмкіндік
туғызады. Дүние картинасы адамның өмірге, табиғатқа, басқа адамдарға, өзіне
деген қарым-қатынас түрін қалыптастарады, өмірге кеңістігіне деген
көзқарасын айқындайды. Дүние картинасы – ең бастысы адамның ойындағы,
санасындағы өмір бейнесі. Ол әр түрлі мәдениетті байланыстырушы, адам арлық
қатынасты қалыптастырушы. Дүние картинасына деген қажеттілік дүниені көру
мен түсіну біркелкілігіне жету үмітімен түсіндіріледі. Әрбір картинамен
өмірді көру, түсінудің белгілі бір логикасы дүниетаным тәсілдері
байланысты.
Дүние картинасы адамдардың өмірге деген түсініктерімен ғана емес,
сонымен қатар олардың құндылықтар жүйесімен байланысты. Дүние картинасы
біркелкі емес, сондықтан ол топтастырылып кетеді. Мысалы: кейбір
еңбектерден дүние картинасының мынадай түрлерін байқауға болады: дүниенің
ересектер, балалар картинасы, үйреншікті картина, ғылыми, арнайы және
мәдени шартталған, функционалды дүние картинасы.
Дүние картинасының басты бір сәті: адам ойының, санасының нәтижесі
тілде, әсіресе предикативті емс тіл бірліктерінде: сөздерде, сөз
тіркестерінде ФБ бекітіледі. Осылар дүниенің тілдік картинасының негізін
құрайды. Дүниенің тілдік картинасы мен концептуалды картинасы бір-біріне
жақын болса да, олардың байланысы туралы әр түрлі көзқарастар көп. Солардың
бірі А.П Комаровтың ойы: концептуалды және дүниенің тілдік картинасы
арасында әр түрлі позиция жоқ, тілде жоқ нәрсе, санада жоқ және керісінші
[21, б.53]. Басқа көзқарас өкілдері бұл екі дүние картинасын теңемейді.
Олардың ойынша, ойлау мен тіл сияқылды бұлар да екі бөлек. Мысалы:
"дүниенің тілдік картинасын " жай дүние картинасы мен бірдей деуге
болмайды, себебі тілді ойлаумен теңестіруге болмайды.
"Дүниенің тілдік картинасы" терминологиялық тіркес ретінде тілдің
шындықпен байланысының арқасында пайда болды. Бірақ та тіл мен шындықтың
арасында сондайлықты байланыс жоқ. Негізінен дүние картинасы ойда
қалыптасады, ал тілде мұндай қабілеті жоқ. Тіл – бұл дүние картинасының
өмір сүруінің спецификалық, ерекше құрылған материалды формасы. Тіл өзі
ғана шындықты бейнелей алмайды, бұл тек миға ғана тиесілі қабілет. Тіл
шындықпен тек таңба арқылы ғана байланысады. Дүние картинасы – бұл ойлау
қызметінің нәтижесі мен шарттары. Дүниені түсіну – ой арқылы тілдің
көмегімен жүзеге асады. Тіл - ойлаудың біріңғай және универсалды базалы
болып қалады. Адам тілінің осы қасиеттері әр тілде сөйлейтін халықтардың
бір-бірін түсінуіне көмек көрсетеді [1, б.157]. Адам ойының заңдары
универсалды және біркелкі. Барлық адамдар ұғымдармен, бейнелермен,
көзқарастармен іс жүргізеді.

1.3 Фразеологияны зерттеуде өрістік көзқарас

Жүйелі құрылымдық біртұтас ретінде ұйымдасқан тіл ,
коммуникация құралы және тіл бірліктері бір-бірімен тығыз байланысты,
өйткені құрылымдық, семантикалық, функционалдық, практикалық жағынан әр
сапалы тіл бірлектерінің өздеріне ғана тән мүмкіндіктері мен қабілеттері
бар. Осы жағынан Ф.Б ерекше орын алады, өйткені сөйлем, айтылымдар тек
қана ФБ- ден тұруы шындыққа жанаспайды. Сөздер, лексика жүйесіндегі
бірліктер сөйлеу заңдылықтарында мұндай кемшіліктерді мойындамайды .
Тілдің фразеологиялық жүйесі – бұл қарым-қатынастың және
фразеология саласындағы ғылыми-лингвистикалық зерттеудің жүйелеу желісі .
Нақты өмірде жазбаша және ауызша сөйлеу бар, олай болса нақты,
өмірде қолданылатын ФБ де бар. Сондықтан тілдік жүйе мен тілдің
фразеологиялық жүйесі ұғымдарының арасында тура паралелизм бар. Белгілі
болғандай тілдік жүйеге тілдік деңгей бірліктері, парадигматикалық,
синтаниотикалық, иерархиялық, деривациялық қатынас түрлері сияқты ұғымдар
жатады [15, б.5-7 ] және осы қасиеттер құрамдар мен қатынастар
фразеологиялық жүйеге де тән .
ФБ- р өзінің өмір сүруінде бір жағынан ғана қарастырылады
тілдік жүйеде немесе парагдиматикада. Адам өз немесе өзге тілде қарым –
қатынас жасау үшін тіл виртуалды болуы тиіс [ 23, б.711 ], фразеология
бұл жүйеге кірмейді, себебі адам өз немесе шет тілінде сөйлегенде ФБ - ді
қолданбауына да болады. Бұған түрлі тұрақты сөз тіркестерін қолданады.
Бұған себеп, әр тілдің қалыптасу және даму тарихында қызмет етіп келе
жатқан фразеологиялық бірліктері фразеологизмдері бар .
Бұлар тек өздеріне ғана тән қызмет атқара алады, сондықтан тіл
фразеологизмсыз болуы тиіс емес. ФБ-ң тілдегі, қарым- қатынастағы
ерекшеліктерін, сұрақтарын, тіл білімінің ерекше бір саласы- фразеология
зерттейді [43, б.438].
Тіл- адам ойының қорытындысы, әр тілде болатын ұғым мағына ретінде
өмір сүріп, қызмет етеді.Өрістік подкор . негізіне, тілдің зерттеу ретінде,
осы заңдылық енеді.
Бұл әдісті құрастырушылар тілдік өріс деп, біріншіден бір
семантикалық аумаққа бір мағыналы кеңістікке жататын тек бір мағынаны
білдіретін біріккен сөздерді айтады.Сондай лексикалық өрістің біріне
туыстық өріс жатады. Мұнда берілген сөздер арасындағы байланыс пен қарым –
қатынас түрлері қарастырылады. Осы өрістің көмегімен тіл тек бір ғана
көзқараста ашылады. Жалғыз сөз өзіндік жеке мағынаға ие болмайды, ол тек
осы өрісте ғана мағыналы болады. Сөздің мағынасы оны қандай сөздер қоршап
тұрғандығына байлаысты [18, б.115-127 ].
Тілдік өрістің көлемі мазмұны және құрылымы әр түрлі факторларға
байланысты. Біріншіден, өрісті бөлетін және өрісті құрайтын мүшелердің
бірігуіне негіз болып не табылатындығына. Бұл жағдайда тілді
ономасиологиялық жағынан зерттеу керек. Бірақ өрісті болу мен оның құрамын
қалыптастыру ономасиологиялық жағынан анализдеумен аяқталмайды. Негізгі
мақсат әлі алда, бұларға өрістің құрылымын, барлық мүшелер арасындағы
семантикалық қатынасымен байланысын қалыптастыру жатады. Біз өрістегі
тілдік бірліктерден алыстағандықтан өрісті семасиологиялық тұрғыдан
зерттеумен және өрістегі басқа бірліктердің семантикалық ерекшеліктерін
және байланыстарын зерттей бастаймыз. Мұндай өріс жүйесіндегі байланыстар
мен қатынастар лингвистикада – парадигматикалық байланыстар мен қатынастар
деп аталады [27, б.26 ].
Әр тілдік өрісте өз құрылымы, әсіресе: ортасы, перифериясы болады.
Өрістің ортасында семантиканың кеңейтілген мағынасына ие болған бірліктер
жатады. Өйткені олар қандай да бір семантикалық және ұғымдық аумақ туралы
сөз қозғағанда, адамның басына бірінші болып келеді.
Мысалы "ойлану, ойлау" деген семантикалық аумақты алсақ, адамның басына
бірінші болып: неміс тілінде dencen, ueberlegen, nachdencen, орыс тілінде –
ойға келу деген сөздер келеді.бұлар кеңейтілген түрде және өте жиі
қолданылады. Бірақта, барлық тілде, және аталған үш тілде де осы "ойлау"
ұғымымен байланысты көптеген сөздер мен сөз тіркестері, тұрақты ФБ бар.
Бұлардың мағыналары кеңейтілген емес, олар қосымша семантикалық,
экспрессивті, стилистикалық, бейнелі ерекшеліктерімен өрістің ортасынан
орын алатын бірліктерден ерекшеленеді.
Мысалы: неміс тіліндегі, gruebeln, knobeln, tueffeln, sich Gedanken machen,
sich den Kopf zerbrechen, орыс тіліндегі – полагать, напрягаться, ломать
себе голову, гадать на кофейной гуще, қазақ тіліндегі – қарастыру, толғану,
ақыл таразысына салу, ойға бату сияқты сөздер мен сөз тіркестері жатады
[20, б.299 ]. Әрине олар "ойлау" семантикалық өрісінің ортасында емес,
периферияда, немесе өрістің белгілі бірліктерінің маңайында орналасады,
себебі олар бір-бірімен және өріс ортасындағы бірліктерден симантикасы
жағынан ерекшеленеді.
Тілдік өрістер әр қилы болуы мүмкін. Өйткені осы таныған өмір, оның
аймақтары дифференциялық және кеңейтілген дәрежеде ойша қалыптасқан.
Лингвистика тарихында тілді ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу оның әр түрлі
аумақтарында жүзеге асады: Номинация теориясында, тілдің қызмет етуінде
белгілі тілдік бірліктердің айқындайтын құралдарды және идеографиялық
сөздіктерді құрастырудағы қажеттілігінде жүзеге асады.
Тарихи тұрғыдан өрістің теориялық идеясы мынаған алып келеді:
өмірді ойша айқындау тілдің көмегімен жүзеге асады, және тілде бірінші
қалыптасады. Сондықтан біздің өз тілімізде не қалыптасқан, сол біздің
санамызда да ойымызда болады. Дүние картинасы мен оны тіл құралдарымен
бейнелеу арасында параллелизм бар. Әр тілде адам өмір сүріп жатқан өмір
жақсы жағынан танытылады, бірақ әр тілде әр қалай, себебі әр тіл өмірді
өзінше түсінеді, бөледі.
Тілдік өріс, яғни тіл құралдары осы немесе басқа елдің осы
немесе басқа ұғым аумағын тануымен айқындауын қамтиды [35, б.17-22 ].

Тілдік өріс терминдеринде бірінші болып лексика бірліктері,сөздер
қарастырылған.Сондықтан лингвистиканың айналысқан тілдік өрістерінің бірі
лексика -семантикалық немесе лексикалық өрістер. Олар лексико-семантикалық
өріс терминдерінде лексиканың жүйелігін айқындауға және тілдің лексико-
семантикалық жүйесінің картинасын қалыптастыруға әсер етті. Бұл басында
лексикалық өріс деп қарастырылған семантикалық өріс, лексика жүйесінде
белгілі бір орнықты "бөлікті" білдіреді. Бірақ бұл адамның санасында,
ойында, тілінде айқын көрінетін нақты шындықтың "бөлігі". Әр халықтың осы
өмір шындығы туралы "бөліктері" әр қилы, сондықтан олардың өмір шындығы
туралы "бөлік" туралы түсініктері де басқаша. Бұл тіл өрістеріне де
қатысты. Олар да әр тілде бір-біріне ұқсамайды. Белгілі бір тілдің лексико-
семантикалық жүйесіндегі лексико-семантикалық өріс саны лексикадағы сөздер
санымен, әсіресе кеңейтілген мағынадағы сөздермен тығыз байланысты.
Лексикалық және лексико-семантикалық өріс сферасында оларды бөлу және
анализдеудің әр түрлі идеялары, тәсілдері мен әдістері құрастырылған. Сосын
олар адам тілінің әртүрлі аумағына таралды және әртүрлі тілдерді, тілдік
бірліктердің түрін қарастырғанда өрістік тұрғыдан зерттеу кең қоданыла
бастады. Мысалы: Грамматикалық семантиканың, грамматикалық
категорияларының, синтаксистік қызметтердің зерттелуіне байланысты
морфосемантикалық, грамматикалық, грамматико-лексикалық, функционалды-
семантикалық өрістер лингвистикада кең тарала бастады. Фразеологияда бұл
өріс әдістемесінен шеткері қалған жоқ, себебі фразеология да оның бөліктері
мен бірліктері шындық өмірді және оның аумақтарын бейнелейді. Бұл жағынан
олар грамматикалық және лексикалық жүйден ерекшеленеді. Олар өзінің
фразеоматикалық өрісін құрады және лексимо-фразеологиялық және функционалды
семантикалық өрісіне жатады. Фразелогиялық өріс тұрақты сөз тіркесінің
жиынтығын немесе белгілі бір тілде білгілі бір ұғым немее мағынаны
білдіретін ФБ- ді түсінеміз. Мысалы, "ойлау" фразеосемантикалық өрісінің
құрамына тек адамға, адамның деятельности қатысты тұрақты сөз тіркесі
немесе ФБ енеді. Салыстырсақ аuf den Gedanken kommen, eine Idee hoben,
sich den Hopf zerbrechen.
Ғылыми- лингвистикалық тұрғыдан алғанда әртүрлі, туыстас немесе
туыстас емес тілдердің фразеосемантикалық өрістерін зерттеу ерекше құнды
болып саналады. Себебі, олар әр тілдің фразеосемантикалық жүйесінің ұлттық
ерекшеліктерін айқындайды.
Фразеология тілдің номинативті жүйесінің бір аумағын зерттейді,
әсіресе номинацияның лексикалық (сөздер ) синтаксистік (еркін және
өзгермелі сөз тіркестері) және фразеологиялық (тұрақты сөз тіркестері, ФБ )
құралдары ретіндегі тұрақты сөз тіркестерін зерттейді. Олар үш түрлі
номинацияны жүзеге асырады : кеңейтілген, түрленген және ситуативті-
констекталогиялық және нақты – сөйлеу номинациясы.
Мысалы : mantel, Wintermantel , der rofe Mantel.
Бірінші және екінші түр тек сөздерді және тұрақты сөз тіркестерін немесе ФБ
айқындай алады. Сондықтан сөздер мен ФБ бір жүйеге - лексико-
фразеологиялық жүйеге енуі, соған байланысты әртүрлі лексико-фразеологиялық
өрістер ажыратылады [45, б.34-42 ].
Фразеосемантикалық өрістер өте аз зерттелінген, лексика-фразеологиялық
өрістің, функционалды-фразеологиялық өрістің микро өрісі ретінде де әсіресе
тілдік өрістің түрлерінде салыстырмалы түрде де аз зерттелінген.

1.4 Салыстырмалы фразеология
Лингвистика жеке ғылым болып ХIХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
Тілдерді зерттейтін ғылым ретінде оның негізгі міндеті- тілдерді салыстыру.
Бұл тек бір бағытта- тарихи перспективасы жағынан. Сондықтан тіл білімінде
бұл бағыт салыстырмалы тарихи тіл білімі ретінде белгілі.Бұл ғылымның
негізін салған ғалымдар Ф.Бопп, Р.Раск, Я.Гримм. Адам тілдерін зерттеуде
салыстырмалы тарихи тіл білімінің өзіндік мақсаттары мен міндеттері болды
және осыған байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта алға
қойылған негізгі міндеттер мыналар:
а) тарихи перспективасы жағынан тілдік ұқсастықтарды зерттеу арқылы герман
тілдерінің бір-біріне туыстығын айқындау;
б)осының негізінде герман тілдерінің пратілдерін құрастыру және әрі қарай
дамуындадағы кейбір герман тілдерінің одан ауытқуын байқау;
в) тілдердің генетикалық және морфологиялық классификациясын жасау;
г) тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде бір тілдегі тарихи өзгерістердің
заңдылықтарын қалыптастыру.
Тарихи перспективада герман тілдерінің лексикасын зерттеу әлі күнге
дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған этимологиялық сөздіктердің пайда
болуына алып келді [37, б. 185 ].
Тілдерді салыстыра зерттеу тек тарихи жағынан яғни диахронияда ғана
емес, сонымен қатар синхронияда, яғни туыстас немесе туыстас емес тілдердің
қазіргі заманға сай қалыптасуында жүзеге асады. Тілді синхронды және жүйелі
зерттеуді ғылымға енгізген швейцария ғалымы Ф.Де Соссюр болды. Оның ойынша,
тіл және сөйлеу ұғымдары бір-бірінен ажыратылады, себебі олар адам тілінің
екі басты ерекшелігі және олар тілді бір-біріне ұқсамайтын екі жақтан
қарастырады.
Синхронияда туыстас немесе туыстас емес тілдерді салыстыра
зерттегенде лингвистиканың үш типі ажыратылады:
1) салыстырмалы лингвистика және оның негізгі мақсаты туыстас және туыстас
емес тілдердің ұқсастықтарын табу.
2) контрастивті лингвистика. Оның алдына қойған мақсаты тіл арасындағы тек
айырмашылықтарды, яғни тек бір тілде ғана бар белгілер мен қасиеттерді
іздейді.
3) типологиялық лингвистика деген атпен белгілі. Оның құрамына осы айтылған
екі лингвистика кіреді. Ол әр түрлі тілдердің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын айқындайды [25, б. 4-10 ].
Фразеологиялық бірліктер, яғни тұрақты сөз тіркестері барлық
тілдерде бар, сондықтан олар тілдік универсалиялар болып табылады. Себебі
оларды дүние жүзіндегі әр түрлі тілдерден кездестіруге болады.
Фразеологияның басқа ғылымдар сияқты өзінің зетттеу нысаны мен жеке
даму тарихы бар. Фразеология- осы немесе басқа тілдердегі тұрақты сөз
тіркестері немесе ФБ туралы ғылым. Тіл- бұл өзінің құрылысымен өзінің
бірліктері бар терең құбылыс. Тілдік бірліктерге фонемалар, морфемалар,
сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер, текст, дискурс жатады. Фразеологизмдер
өзінің құрылысы мен формасы жағынан сөз тіркестері және сөйлемдер
болып табылады. Бірақ барлық сөз тіркестері мен сөйлемдерді ФБ немесе
тілдің фразеологиялық жүйесіндегі бірліктер деп санауға болмайды. Осыған
байланысты әр тілде сөз тіркестері мен сөйлемдердің екі түрі ажыратылады:
а) еркін немесе өзгермелі ;
б) тұрақты сөз тіркестері.
Біріншісі фразеологияға жатпайды, өйткені оларды белгілі бір тілде
сөйлеуші өзінің коммуникативті ойын және жеке сөздерді сөйлемде немесе сөз
тіркестерінде біріктіру ережесіне байланысты өзі жасайды. Мұндай
сөйлемдермен сөз тіркестерін жиі кездестіруге болады, себебі олардың
мүмкіндіктері шексіз. Бұл адамның не айтқысы келгеніне байланысты. Мұндай
сөз тіркестерінде біз оның грамматикасына, фонетикасына және лексикасына
қарай оның құрылымын өзгерте аламыз. ФБ құрылымы жағынан сөз тіркестері мен
сөйлемдер болса да, оларды өзгерту немесе басқаша айту мүмкін емес. Себебі
оларда тек өздеріне ғана тән өзіндік тілдік ерекшеліктері бар, осы жағынан
еркін немесе өзгермелі сөз тіркестерінен ажыратылады. ФБ ең бір ерекше
белгілері бұл құрамының тұрақтылығы, ұлттық-мәдени бейнеленгендігі олардың
сөйлеуге, соның ішінде тілдің фразеологиялық жүйесіне жататындығы. Олар өз
табиғатынан сөзге жақын. Сөз сияқты дайын немесе белгілі біреумен
жасалынған тілдік бірліктер. Құрылымы бойынша сөз тіркестері болса да,
оларды сол күйінде алып өзгертпей қолданады.
Мысалы: jmdn auf den Arm nehmen. Бұл сөз тіркесі еркін сөз тіркесі ретінде
қолданылған: Der Vater nahm das Kind vorsichtig auf den Arm und hielt es
ein paar Minuten, және ФБ ретінде: jmdn auf den Arm nehmen- jmdn necken,
sich über jmdn. Lustig machen. Синтаксис, сөйлеу, сөйлеу қызметі сияқты
лингвистика ғылымдарында еркін немесе өзгермелі сөз тіркестері сөйлеу
бірлігі ретінде қарастырылса, ФБ тек фразеологияда зерттелінеді.
Фразеология- бұл ХХ ғасырдың ортасында лингвистикалық пән ретінде
қалыптасқан тіл білімінің жаңа бір саласы. Совет үкіметі тіл білімінде ХХ
ғасырдың 40 жылдарында жеке лингвистикалық пән болып қалыптасса да,
фразеологияны зерттеуде әлі көптеген проблемалар жоғалған жоқ. Көптеген
өзекті сұрақтардың шешілгендігіне қарамастан немесе әлі күнге дейін өзекті
болып табылатын сұрақтар әр түрлі тілдердің фразеологиялық жүйесінің
салыстырмалы зерттеуінде қарастырылып келеді.
Бірліктерін, формаларын, категорияларын және басқа да тілдік
құбылыстарын салыстыру, қарама-қарсы қою, бір-бірінен арақатынасын
белгілеу, сонымен қатар әр тілдің арасындағы формалық және мағыналық
байланыстарын қалыптастыру тілдердің мінездемесінің негізгі шарттары болып
табылады. Лингвистикалық салыстырудың басты элементі- тілдің салыстырмалы
деректерінің тепе-теңдік және ажыратылатын белгілерін айқындап шығару [32,
б.495 ]. Салыстыру тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
айқындауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары салыстырмалы фразеологияның
проблемалары әдебиеттерде кең тарала бастады.
Бірінші болып сөз тіркестерінің жүйесінде ерекше дәрежеге көңіл
бөлген, олады тұрақты сөз тіркесі ретінде белгілеген, ФБ ұғымын енгізген,
оларды идентификациялаудың арнайы критерилерін құрастырған Ш.Балли болды.
Бірақ жеке өзіндік лингвистикалық пән ретінде фразеологияның негізін салған
академик Виноградов В.В болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты сөз тіркестері
Аудармадағы грамматикалық сәйкестік
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
Аудармадағы аудармашының жалған достары мәселесі
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің қалыптасуы және құрылымдық сипаты
Аударманың грамматикалық ерекшеліктері
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Соматикалық фразеологизмдер
Пәндер