Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы



I. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
II. Ерекше қорылатын табиғи территориялар . қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
III. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау . биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Экологиялық білім беру дегеніміз – әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерінанықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру.
Білім беру жүйесін экологизациялау — экологиялың ойлардың, ұғымдар, иринциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау. Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға қүқығы бар» — делінген.
Алайда жоғарыда айтылғандардан экологиялық білім мен тәрбие мәселесіне бүгін ғана аса назар аударылып отыр деген ой туындамауы керек.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде (отбасы→ балабақша → бастауыш мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
1. Ж. Ж. Жатқанбаева. «Экология негіздері.» – Алматы, 2003 ж.177-181 б.
2. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. «Экология» (оқулық). – Алматы, 2002 ж. 321-328 б.
3.А.Т.Қуатбаев «Жалпы экология» Алматы,2012 ж.145-4-158 беттер.
4. Ғаламтор желісі: studopedia.org/1-10869.html

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


СӨЖ

Тақырыбы: 1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар 2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі 3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Орындаған: Алашканова Т.С.
Тексерген: Мурзалимова А.К.
Топ: ВМ-401

Семей 2015 ж.

Жоспар:
I. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
II. Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
III. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Экологиялық білім беру дегеніміз - әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерінанықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру.
Білім беру жүйесін экологизациялау -- экологиялың ойлардың, ұғымдар, иринциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау. Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан басталады. Қазақстан Республикасының Конституциясында: Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға қүқығы бар -- делінген.
Алайда жоғарыда айтылғандардан экологиялық білім мен тәрбие мәселесіне бүгін ғана аса назар аударылып отыр деген ой туындамауы керек.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде (отбасы-- балабақша -- бастауыш мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану - радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы т.б.

2. Ерекше қорғауға алынатын территориялар
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорынынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады. Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1) Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
2) Жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.
Мұны арыттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады. Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0%-ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Герландияда. Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі - қорғалымдар болып табылады.
Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік - батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 га Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың - 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқалар, маралдар, суырлар және т.б кіреді.
Барсакелмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм саршұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, репитилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.
Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияны алып жатыр, оның 44 мың га Марқакөл көлі алып жатыр.
Қорық территориясында Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де өте бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.
Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.
Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.
Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.
Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу, буферлік беллеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады.
Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның Адам және биосфера бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар және ерекше қорылатын табиғи территориялар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім беру жайлы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Пәндер