Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау



1 Тарихи романдардың басты идеялық.көркемдік ерекшелігі.
2 Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман.диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау
Қазақ тарихы мен тағылымынан ұлт руханиятының бел-белестері де жан-жақты көрініс береді. Осы орайда, ұлттық сөз өнерінің жетекші һәм күрделі саласы – роман жанрының // қара сөз, өлең үлгісінде де кездеседі// өзіндік қалыптасу, даму жолдары бар / 1/.Прозаның көркем де көрнекті үлгісі- романның байырғы түрлері,жекелеген нұсқа-салалары ежелгі кезеңдерде,әлемдік әдеби үдерістерде ерте байқалған-ды. Ал, ұлт руханиятында: « Проза қазақ әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала»/ 2.324-325 беттер/.Қазақ прозасының алғашқы үлгі-өрнектері // қысқа әңгіме,шағын ғақлия – хикая т.т.// ХХ ғ.б. ұлттық сөз өнерінде көрініс бергенімен, жеке жанр, реалистік сипат түрінде байқалған тұсы - Алаштың қайраткер-қаламгерлерінің шығармашылық мұраларымен тығыз байланысты// мысалы, М.Дулатұлы – «Бақытсыз Жамал», Т.Жомартбаев - «Қыз көрелік», С.Көбеев- «Қалың мал», С.Торайғыров - «Қамар сұлу», «Кім жазықты», Ш.Құдайбердиев - «Әділ-Мария» т.б.//. ХХІ ғасырдағы қазақ тарихи романдарының жаңа көркемдік-эстетикалық биік өредегі ұлттық және адамзаттық өзекті тақырыптарға дендей енуі заңды құбылыс. Себебі, тәуелсіздік кезеңінін орнауымен тарихи санадағы ақтаңдақ беттерді жазу тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері ерекше қарқынмен дамып, еселей түскені хақ. Бұл туралы профессор, филология ғылымдарының докторы Ш. Елеукенов: «Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрес тақырыбы енді қазіргі тарихи романның жаңа беттерінің сүбелі бөлігін құрап отыр. Тәуелсіздік жазушылар санасына күрт өзгеріс енгізді.Қазіргі тарихи романның өткенге сұрау салуы бұрынғыдан батылырақ, ауқымдырақ. Бұлжымас принципі – шындық. Әр дәуірдің күнгейі мен теріскейін қаз қалпында көрсете білу. Сөйтіп ата бабаларымыздың ұлағатты сөзін қару ету»,[1,469] - дейді. ХХІ ғасырдағы қазақ романы туралы сөз қозғасақ, мемлекеттік сыйлыққа ие болған Қ.Мұқамбетқалиевтың «Тар кезең» романын атап өту орынды. Романның құндылығы туралы ғалым,филология ғылымдарының докторы Т. Тебегенов: «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді»,[2,162]- дейді.
Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы – адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды” (О.Сүлейменов) деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр” мен "Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш” – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе?

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨОЖ
Тақырыбы: : Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау

Тексерген: Сабырбаева Р.Қ.
Тобы: Қ-217А
Орындаған: Құлахмет С

Семей,2015жыл

Қазақ тарихы мен тағылымынан ұлт руханиятының бел-белестері де жан-жақты көрініс береді. Осы орайда, ұлттық сөз өнерінің жетекші һәм күрделі саласы - роман жанрының қара сөз, өлең үлгісінде де кездеседі өзіндік қалыптасу, даму жолдары бар 1.Прозаның көркем де көрнекті үлгісі- романның байырғы түрлері,жекелеген нұсқа-салалары ежелгі кезеңдерде,әлемдік әдеби үдерістерде ерте байқалған-ды. Ал, ұлт руханиятында: Проза қазақ әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала 2.324-325 беттер.Қазақ прозасының алғашқы үлгі-өрнектері қысқа әңгіме,шағын ғақлия - хикая т.т. ХХ ғ.б. ұлттық сөз өнерінде көрініс бергенімен, жеке жанр, реалистік сипат түрінде байқалған тұсы - Алаштың қайраткер-қаламгерлерінің шығармашылық мұраларымен тығыз байланысты мысалы, М.Дулатұлы - Бақытсыз Жамал, Т.Жомартбаев - Қыз көрелік, С.Көбеев- Қалың мал, С.Торайғыров - Қамар сұлу, Кім жазықты, Ш.Құдайбердиев - Әділ-Мария т.б.. ХХІ ғасырдағы қазақ тарихи романдарының жаңа көркемдік-эстетикалық биік өредегі ұлттық және адамзаттық өзекті тақырыптарға дендей енуі заңды құбылыс. Себебі, тәуелсіздік кезеңінін орнауымен тарихи санадағы ақтаңдақ беттерді жазу тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері ерекше қарқынмен дамып, еселей түскені хақ. Бұл туралы профессор, филология ғылымдарының докторы Ш. Елеукенов: Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрес тақырыбы енді қазіргі тарихи романның жаңа беттерінің сүбелі бөлігін құрап отыр. Тәуелсіздік жазушылар санасына күрт өзгеріс енгізді.Қазіргі тарихи романның өткенге сұрау салуы бұрынғыдан батылырақ, ауқымдырақ. Бұлжымас принципі - шындық. Әр дәуірдің күнгейі мен теріскейін қаз қалпында көрсете білу. Сөйтіп ата бабаларымыздың ұлағатты сөзін қару ету,[1,469] - дейді. ХХІ ғасырдағы қазақ романы туралы сөз қозғасақ, мемлекеттік сыйлыққа ие болған Қ.Мұқамбетқалиевтың Тар кезең романын атап өту орынды. Романның құндылығы туралы ғалым,филология ғылымдарының докторы Т. Тебегенов: Тар кезең романының идеясы - Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының Тар кезең тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі Қазақстан тарихының жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді,[2,162]- дейді.
Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы - қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы - адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды" (О.Сүлейменов) деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы" - ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр" мен "Прометей алауы" - сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш" - ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші - халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе? Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы ханы Абылай, батыры Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе - жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі... Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, зұлымдық қайдан келеді - деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады. Аға буын өкілі І.Есенберлин, өз замандастары Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, С.Жүні - совтер сияқты Қ.Жұмаділов те Әуезовтің шеберлік мектебінен үлгі-өнеге алды, Әуезов тағылымы, Әуезовтің азаматтық, адами нар тұлғасы, кісілік келбеті, ұшан-теңіз білімпаздығы, кең құлашты эпикалық серпіні ол үшін таным мектебі, адастырмас темірқазығына айналды. Әуезов тағылымы қаламгердің қаламынан туындаған Қабанбай, Демежан, Абылай хан, Қанағат би, Нартай, Төле би, Бұқар жырау, Естай, Жолбарыс, Ұзақ, Атаханов, Қылышбаев, Түктібаев, Бибі, Ши-амбы, Матен - амбы, Әмірсана, т.б. кейіпкерлердің дүниеге келуіне, шебер қолмен мүсінделіп, ұлттық әдебиеттегі образдар галереясының толығуына алғышарттар жасады. Адам табиғатын зерттеудегі жазушының көркемдік ізденістер жүйесі, стильдік даралығы философиялық ой-толғаммен шебер ұштасқан. Қаламгердің өз сөзімен айтсақ, "жазушы құдіреттілігі санаңда мықтап орын алған, алайда кешегі уақыт аясында қалған оқиғаны бір сәтке кідірту, қайта тірілту" болса, тарихи оқиға, құбылыстар бар шындығымен, дәйектілігімен оқырман таразысына түседі. Жазушының "Сарыжайлау", "Сәйгүліктер", "Бір түп тораңғы", "Қарауыл", "Бір қаланың тұрғындары" күні кешегі кеңестік дәуір шындығын бейнелеген туындыларға жатады. Уақыт біреу. Кеңістік те біреу. Бұлар мезгіл мен мекен жағынан ғана емес, ішкі мазмұн, пішін жағынан да сарындас шығармалар. Уақыт та, кеңістік те шексіз. Өмір уақытқа тәуелді. Адам үшін екі түрлі бесік бар: біріншісі - тал бесік, екіншісі - жер бесік. Екеуінің ортасы - кеңістік, жүріп өтуге кететін мерзім - уақыт. Қ.Жұмаділов өз хикаяттары арқылы адам өмірінің уақыт пен кеңістік ауқымындағы мән-маңызына, мазмұнына үңіледі. Дәнеш, Жұмаш, Машанов, Таубай, Айтқұлов, Ағыбай, Ержан, Батырхан, Тәкібаев, Әділгерей образдары - дәуір шындығының бірегей картинасын беріп тұрған бейнелер. Шынайы образ автордың көркемдік, стильдік ізденістерінен туындайды. Қ.Жұмаділовтің қаламгерлік қолтаңбасына, өнерпаздық даралығына оның өмірді жетік білуін, өзі бастан кешкен немесе өзі жетік білетін жайттарды, құбылыстарды көркем туындысының өзегіне айналдыруын, өмір құбылыстарын оқырманына ұсына отырып, әр құбылысқа, оның астарына өзі де, кейіпкері де ойлылықпен үңілуін, әр шығармасының аттарының өзі символ болып келетінін, тақырып алуандылығын, өмір құбылысын суреттегенде тың ой, жаңаша да соны пікірлер айтуға тырысатын жазушы дарынын, ішкі толғаныс пен жүрек тебіренісін, сәулелі сезім мен саналы парасаттылық ұялаған жазушының өз "менін", сонымен бірге бүкіл шығармаларындағы ішкі-сыртқы үйлесімділіктің тек қана қара - пайымдылық пен табиғилық ұғымдарымен тыныс алатынын, әр туындысында ұлттық болмыстың "менмұндалап" тұратын қасиеттерін жатқызар едік. Оның әр хикаятынан өз шығармалары арқылы табиғаттың ұлы жаратылыс заңына, адам мен адамның, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті сақтау қағидаларына уақыт пен кеңістік сияқты ұғымдар тұрғысынан үңілгенін байқауға болады. Жазушы өз хикаяттарын бас-аяғы бүтін, біртұтас дүние етіп жазуға, шығаруға тырысқаны сияқты, адамзат баласы өмір деп атайтын мынау жарық дүниені, әлемді, ортаны, қоғамды да біртұтас күйінде қабылдауға құштар. Жазушының табиғи талантын, философиялық көзқарасын бүкіл хикаяттарындағы, оның ішінде "Сәйгүліктердегі" шеберлігі паш етіп тұр. Дала сәнін текті мал - жылқысыз елестету санасына сіңбеген Ағыбай қарияның ауруханада жатқанда өң мен түстің арасында сандырақтап жатып түс көруі, түсінде қып-қызыл алақанды көруі, төскейде жайылып жатқан қалың жылқы, кенеттен ай нұрына шағылысып, жарқ еткен ақ балта жүзінің бітеу, кесек сүйектерге қарш-қарш қадалғанын көруі, сөйтсе, әлгі балтаның жаңқалап жатқаны жылқының сүйегі сияқты еді, бір уақытта қараса, әлгі залымдардың шапқылап, балталап жатқаны жылқы емес, бұның жалғыз ұлы Айдарға айналып кетуі - бәрі-бәрі де бойына жақсылықты да, жамандықты да сыйғызып тұрған, сол екеуінің шарпысуына мыңдаған, миллиондаған жыл бойы куә боп келе жатқан уақыт пен кеңістік туралы автордың тосын шешіміне негізделген. Қарияның жалғыз ұлының қайтыс болған жері, яғни "қайғылы оқиға тас жол бойында, Ағыбай ұрылармен айқасқан тұстан бес шақырымдай беріде болып еді". Осы бес-ақ шақырым жерде терең ой бар. Философиялық толғам бар. Жалпыадамзаттық көкейкесті проблемалар бар. Бес-ақ шақырым жер жан-жақтан қаумалаған, сөйтіп, небәрі осынша жерді ғана қалдырған қоғамның ызғары, дәуірдің қыспағы сияқты. Расымен-ақ жақсылық атты ұғымға мына жарық дүниеден бұйырғаны бар болғаны бес-ақ шақырым кеңістік болғаны ма? Осыдан жыл бұрын дүние дәл осындай тар емес еді ғой. Шынымен-ақ адамзат баласы ғұмыр кешетін жер атты жұмыр планетада дүние осыншама қусырылғаны ма? Дүниені осыншама тарылтқан кім? Жазушының авторлық толғанысы, яғни адам болмысына үңілуі, сол арқылы барша адамзат баласын ізгілікке, имандылыққа шақыруы, есіңді жи, адамзат баласы, жан-жағыңа қара деп дабыл қағуынан байқалып тұр. Осынау философиялық ой-толғаныс оның барлық хикаяттарына арқау болғанын байқау қиын емес. Бір қарағанда, күнделікті өмірде жиі кездесіп жататын, ұсақ, күйкі тірлікке жататын қарапайым ғана жайттар қаламгер шеберлігі арқасында аса өзекті, жалпы адамзат баласына тән ортақ мәселелерге айналған.
Қазіргі замандағы әдебиетте әжелер мен аналар жайында қалам тартқан жазушылар ішінде Шерханның алатын орны ерекше. Оның шығармаларындағы басты ерекшелік: адам баласының жан күйзелісін, ыза мен кектен тығырыққа тірелер шарасыз күйін аса шебер сүйреттеуі; қазақы мінез-құлық пен табиғат көріністерінің адам жанымен астасып қаз-қалпында сөзбен бейнеленуі. Жазушы шығармаларында философиялық тұжырымдар жасамайды немесе ұнамсыз құлықтарды шымшылап әзіл-оспақтың астына алмайды, кейіпкерлерін көркемсурет галереясындағы көріністей көз алдыңнан тізбектейді.[1.81 б.]Қылышынан қаны тамған сонау заманда ұлтымызға Тұрар тұлғасының жаңа қырларын Шерхан дер кезінде таныта білді. Тұрардың қайта оралуына Шерханның Қызыл жебе романы жол салып берді десек қателеспеспіз.Қалың қазаққа Тұрар есімін мәшһүр еткен соң да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармалардың басым бөлігі - романдар
Қазақ әдебиеті тарихындағы мемуарлық шығармалар - ұлттық тарихтың көркем шежіресі
Тәуeлcіздік жылдaрындaғы қaзaқ әдeбиeті
Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романының көркемдік-идеялық ерекшелігі
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пәндер