Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі атаулары



Фармацевтикалық терминология /гр. pharmakeia -дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы/- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация – бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея – кітап. Осы кітапқа дәрі-дәрмектердің атаулары мен дәрі түрлері, препараттар туралы жазылған мемлекеттік заңдардың жинағы кіреді.
Фармацевтикалық терминдер алуан түрлі фармацевтикалық ұғымдарды білдіреді:
1. дәрінің дәрілік түрлерін /ұнтақ, ертінді, таблетка т.б./;
2. дәрілік өсімдіктердің аттарын /ботаникалық номенклатура/;
3. өсімдік пен жануар тектес шикізаттарының түрлерін /тамыр, гүл/;
4. химиялық қосылыстардың жүйелі /ғылыми/ атаулары , химиялық.
номенклатура;
5. дәрі-дәрмектердің тривиальды /шартты/ аттарын.
Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі
1. Дәрі-дәрмек.Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.
2. Дәрілік зат– биологиялық зат немесе химиялық қосылыстардан тұратын дәрі.
3. Дәрілік өсімдік шикізаты– медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары (шөп, тамыр, жапырақ, гүл, тамырсабақ және т.б).
4. Дәрінің түрі- өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т.б.).
5. Дәрілік препарат– арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек.
6. Ықпалды зат- терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі.
7. Белгіленген мөлшерде бір немесе бірнеше ықпалды заттың бір дәрілік түрінде кіретін дәрі-дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектердеп атайды.
Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
Көптеген дәрі-дәрмектердің атаулары химиялық қосылыстар болып есептелінеді. Мысалы, мыс оксиді, фоли қышқылы. Бірақ, олар дәрі-дәрмектердің номенклатурасында ғылыми /жүйелі/ атаулар емес, тривиальді (латын trivialis, е -дағдылы, әдеттегі) атаулар сияқты қолданылады.
Ғылыми, яғни жүйелі атаулар дәрі- дәрмектердің химиялық құрамын қамтып көрсетеді.
1. М.Н. Чернявский, Латинский язык и основы медицинской терминологии, Учебная литература для студентов медицинских вузов, Москва, «Шико», 2013г.
2. Орманов Н.Ж., Сырманова Н.Р., Орманова Л.Н., Жалпы рецептура. Жалпы фармакология, Алматы, 2012г.
3. Н.И. Зуева, И.В. Зуева, В.Ф. Семенченко, Латинский язык и фармацевтическая терминология, Учебное пособие, Москва, «ГЭОТАР - Медиа», 2012 г.
4. Панасенко Ю.Ф., Основы латинского языка с медицинской терминологией: учебник для мед.училищ и колледжей, М., ГЭОТАР, - медиа, 2012 г.
5. Марцелли А.А., Латинский язык: учебное пособие, - 3 –е издание, перераб.и доп.- Ростов- на -Дону: Феникс, 2011г.
6. Д.А.Харкевич, Фармакология, Учебник, Москва, «ГЭОТАР - Медиа», 2010г.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

Орындаған: Қабылахметов А.

Семей қаласы
2015 - 2016 оқу жылы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминология гр. pharmakeia -дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің "pharmacon" (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея - кітап. Осы кітапқа дәрі-дәрмектердің атаулары мен дәрі түрлері, препараттар туралы жазылған мемлекеттік заңдардың жинағы кіреді.
Фармацевтикалық терминдер алуан түрлі фармацевтикалық ұғымдарды білдіреді:
1. дәрінің дәрілік түрлерін ұнтақ, ертінді, таблетка т.б.;
2. дәрілік өсімдіктердің аттарын ботаникалық номенклатура;
3. өсімдік пен жануар тектес шикізаттарының түрлерін тамыр, гүл;
4. химиялық қосылыстардың жүйелі ғылыми атаулары , химиялық.
номенклатура;
5. дәрі-дәрмектердің тривиальды шартты аттарын.
Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі
1. Дәрі-дәрмек.Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.
2. Дәрілік зат - биологиялық зат немесе химиялық қосылыстардан тұратын дәрі.
3. Дәрілік өсімдік шикізаты - медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары (шөп, тамыр, жапырақ, гүл, тамырсабақ және т.б).
4. Дәрінің түрі- өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т.б.).
5. Дәрілік препарат - арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек.
6. Ықпалды зат- терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі.
7. Белгіленген мөлшерде бір немесе бірнеше ықпалды заттың бір дәрілік түрінде кіретін дәрі-дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектердеп атайды.
Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
Көптеген дәрі-дәрмектердің атаулары химиялық қосылыстар болып есептелінеді. Мысалы, мыс оксиді, фоли қышқылы. Бірақ, олар дәрі-дәрмектердің номенклатурасында ғылыми жүйелі атаулар емес, тривиальді (латын trivialis, е -дағдылы, әдеттегі) атаулар сияқты қолданылады.
Ғылыми, яғни жүйелі атаулар дәрі- дәрмектердің химиялық құрамын қамтып көрсетеді.
N
Жүйелі ғылыми атауы
Тривиальды атау

1-Фенил - 2,3-диметил -4метиламино-пиразолон - 5 -метансульфонат натрия
1. Анальгин

Транс - 9,13 - Диметил - 7 - 11,15 - три метилциклогексен - 5 мл - 6 нона-тетраен - 7,9,11,13 ол
2. Ретинол
(Витамин А)
Дәрі-дәрмектердің ғылыми (жүйелі) атаулары күрделі болғандықтан күнделікті қолдануға ыңғайсыз. Соған орай, қысқа, және түсінікті болу үшін тривиальды атаулар қолданылады. Тривиальды атаулар - бір немесе бірнеше белгілерінен негізделген жасанды жаңа сөздер. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атауларында мынандай белгілер болуы мүмкін: заттың неден жасалғаны, химиялық құрамы, синтез жолының түрі, терапевтік әсері, фармацевтикалык тобына қатыстылық анатомиялық немесе физиологиялық жағынан сипаты , кездейсоқ ассоциациялар.
Дәрі-дәрмектердің номенклатурасы көп елдерде екі тілде белгіленген латын және ана тілдерінде. Латынша аты атау септіктің жекеше түріндегі жалғауға аяқталады дa, септеудің IIтүрі Gen. sing, i netrum зат есімдері болып табылады. Ал орысша және қазақша баламасында латын тіліндегідей, бірақ "um"жалғауы түсіп қалған. Мысалы:
лат.
Tetraсyclinum
Analginum
орыс. қаз.
тетрациклин
анальгин
Тривиальды атауларында екпін соңғының алдындағы буынға түседі. Латынша дайындығы жоқ сатуға түскен патенттелген саудалық атаулар, біркелкі болу үшін -um жалғауын алады, ілік септікте -- і . Мысалы. Lasix - Lasixum; Lasixi.
а - жалғауға аяқталатын атаулар, ілік септікте I септеу зат есімі сияқты септеледі. Мысалы: Nospa - Nospae.
Тривиальды атаулардың жасалу моделі
Жұрнақталу
Menth + ol + um
түбір + жұрнақ+ жалғау
Atrop + in + um
түбір + жұрнақ+ жалғау
Ментол
Атропин
Қосымша арқылы
Аn + alg + in + um
приставка +түбір+жұрнақ + жалғау
Анальгин
Түбірлердің бірігуі арқылы
Арі + lас + um
түбір+ түбір + жалғау
ара + сүт + жалғау
Апилак
Аббревация (қысқарған) сөз)
А. Т. Ф.
Аденазинтрифосфор кышқылы

Сөз құрамында жиі кездесетін сөз бөлшектері
Дәрі-дәрмектерді тез еске түсіру және қасиеттерін жақсы түсіну үшін жиі кездесетін түбірлерді білу қажет. Дәрі-дәрмектердің аттарында бірнеше рет кездесетін түбірлерді жиі кездесетін түбірлер деп атаймыз. Мысалы: жүрек дәрінің атауында кездесетін түбірлер
лат. сor - жүрек - Corvalolum, i n
грек. cardi - жүрек - Cardiaminum, i n
Латын тілінде етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді;
1. Шақ категориясының 6 түрі бар: (Бірақ, біз бір түрін өтеміз - осы шақты - tempus praesens).
2. Рай категориясы
modus infinitivus - тұйық рай
modus indicativus - ашық рай
modus conjunctivus - шартты рай
modus imperativus - бұйрық рай
3. Екі түрі бар
numerus singularis - жекеше түрі
numerus pluralis - көпше түрі
4. Жақ категориясы (personae)
Медициналық терминологияда үшінші жақтың жекеше және көпше түрлері қолданылады.
5. Етіс категориясы:
genus activum - негізгі етіс
genus passivum - ырықсыз етіс
Негізгі етісте бастауыш жасайтын істі білдіреді (Мен кітап оқып отырмын). Ырықсыз етісте істі кім істегені белгісіз (Шөп шабылды).
Сабақты етістіктер негізгі және ырықсыз етістерде қолданылады.
Салт етістіктер тек негізгі етісте қолданылады.Aegrotus pneumonia laborat (act). Науқас өкпе қабынуымен ауырады.

Етістіктің жіктелу түрлері. Сөздіктегі түрі
Сөз негізі қандай дауыстыға аяқталатынына қарай, етістіктер төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.
І
ІІ
ІІІ
IV


дауыссыз немесе - и
- і
Сөз негізін анықтау үшін етістіктің тұйық рай (Infinitivus) формасының - re жалғауын алып тастау керек. Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістіктерде
- ere алып тастау керек, өйткені - е қысқа болып тұр, түбірге де, жалғауға да жатпайды, жай ғана екеуін қосып тұр.
Infinitivus
Негізі
Жіктеудің түрі
curare
habere
dignoscere
diluere
audire
cura -
habe-
dignosс-
dilu-
audi-
I
II
III
III
IV
Етістіктердің сөздіктегі түрі мынандай компоненттерден тұрады:
1. осы шақтың 1 жақ ашық райдағы негізі етістегі формасы - о жалғауымен.
2. тұйық райдың - re жалғау алдындағы дауысты дыбыспен бірге.
3. жіктеудің түрі
Мысалы:
signо, are 1 - белгілеу
habeo, ere II - пайда болу
diluo, ere III - сұйылту, су қосу
аudio, ire IV - тыңдау
Ашық рай
(Indicativus)
Осы шақтың ашық райдың негізгі және ырықсыз етістің формалары (Praesens indicativi activi et passivi) сөздің негізіне жіктік жалғаулары жалғануы арқылы жасалады.
PІA PІP
sing - tsing - tur
3 жақ 3 жақ
pl - ntpl - ntur
Жіктеудің І түрі
cura - t
cura - nt
cura - tur
cura - ntur
Жіктеудің ІІ түрі
misce - t
misce - nt
misce - tur
misce - ntur
Жіктеудің ІІІ түрі
defend - i- t
defend - u -nt
defend - i- tur
defend - u -ntur
Жіктеудің ІVтүрі
audi - t
audi - u - nt
audi - tur
audi - u - ntur
NB! Жіктеудің ІІІ түріне жататын етістерді PІA, PІP формаларының жасалуында түбір мен жалғауының арасында - і - дауысты дыбысы пайда болады, ал жіктеудің ІІІ және IV түрлеріне жататын етістіктерде көпше түрінде - u - дауысты дыбысы пайда болады.
Шартты рай
(Conjunctivus)
Шартты райда сөйлеуші іс-әркеттің, қимылдың шартын білдіреді. Рецептурада латынның шартты мағыналарының біреуі ғана беріледі - іске жұмылдыру, бүйыру. Қазақ тілінде етістік шартты райдың жалғауымен беріледі:
Араластырылсын
Белгіленсін
Praesens conjunctivi activi et passivi осы шақтың негізінен және жіктік жалғаулардың (негізгі етіс, ырықсыз етіс) қосылуы арқылы жасалады. Жіктеудің І түрінде негізіндегі а е дауысты дыбысына ауысады. Жіктеудің ІІ, ІІІ, IV түрлерінде негізіне а- жұрнағы қосылады.
PCA
(осы шақ шартты рай негізгі етіс)
PCP
(осы шақ шартты рай
ырықсыз етіс)
Жіктеудің
І түрі
Жіктеудің
ІІ түрі
Жіктеудің
ІІІ түрі
Жіктеудін ІVтүрі
sign - e - t
sign - e - nt
misce - а- t
misce - а - nt
repet - a - t
repet - a -nt
audi - a- t
audi - a - nt
sign - e - tur
sign - e - ntur
misce - а - tur
misce - а- ntur
repet - a - tur
repet - a - ntur
audi - a - tur
audi - a - ntur
Бұйрық рай (Imperativus)
Бұйрық райдың екі формасы бар: екінші жақтың жекеше және көпше түрлері.Бұйрық райдың жекеше түрінің І, ІІ, I түрлерінде тұйық райдың - re жалғауының алып тасталуы арқылы жасалады, ал жіктеудің ІІІ түрінде ежалғауы жалғанады. Бұйрық райдың көпше түрінің екінші жағын жасау кезінде жіктеудің І, ІІ, IV түрлерінде етістіктің негізіне - te жалғауы, ал жіктеудің ІІІ - түрінде -ite жалғауы жалғанады.
Imperativus
Екінші жақтың жекеше түрі
Екінші жақтың көпше түрі
I cura - (емде)
II misce - (араластыр)
III solve - (еріт)
IV audi - (тыңда)
cura - te (емдеңдер)
misce - te (араластырыңдар)
solv - i - te (ерітіңдер)
audi - te (тыңдаңдар)
Рецепте кездесетін етістіктер
Рецепте етістіктер бұйрық және шартты райда қолданылады. (Іmpеrаtivus et Conjunctivus).
Рецепттерде етістіктердің қолданылуы.
Imperativus
Conjunctivus
Da. Бер. Signa Белгіле Misce. Da. SignaАраластыр. Бер Белгіле
Detur. Берілсін. Беру
Signetur. Белгіленсін. Белгілеу
Misceatur Араластырылсын Араластыру
Sterilisa. Зарарсыздандыр Repete. Қайтала
Da tales doses numero
Саны осындай мөлшерімен бер
Sterilisetur. Зарарсыздандырылсын Зарарсыздандыру
Repetatur. Қайталансын. Қайталау.
Dentur tales doses numero
Саны осындай мөлшерімен берілсін саны.
Осындай мөлшермен берілсін саны.
Рецепте fierі деген етістіктің қолдану мысалдары
Imperativus
Conjunctivus
Misce, fiant species
Misce, fiat pulvis
Қоспа жасау үшін араластыр

Ұнтақ жасау үшін араластыр
Misce, fiat unguentum
Жағатын май жасау үшін араластыр
Misce, fiat linimentum
Линимент жасау үшін араластыр
Misce, fiat pasta
Паста жасау үшін араластыр
Misce, fiat suppositorium rectale
Ректальды суппозиторий жасау үшін араластыр
Misce, fiat suppositorium vaginale
Вагинальды суппозиторий жасау үшін араластыр
Латын тіліндегі химиялық номенклатура
Химиялық номенклатураға химиялық элементтері және оның қосылыстары кіреді.
Химиялық элементтер
Химиялық элменттердің латынша аттары атау күйінде "um"жалғауына аяқталады да септеудің IIтүріне жататын зат есімдері болып табылады. Мысалы: Kalium, in- калий
Ferrum, in - темір
Ережеден тыс: Sulfur, uris n III -септеу- күкірт
Phosphоrus, i m II- септеу- фосфор
Қышқылдар атаулары (қышқыл- Acidum, i n)
Қышқылдың латынша атауы екі сөзден түрады: бірінші-"acidum" зат есім, екіншісі- қиыса байланысқан I топтың сын есімінен болған анықтауыш.
Оттекті қышқылдардың латынша атауының анықтауышының бейметалдың атауының негізіне "іс"- um немесе "os" деген жұрнақты қосып айтады.
"іс"- жұрнақ қышқылдың тотығу дәрежесі жоғары екендігін білдіреді. қазақ атауында анықтауышы жалғаусыз.
"os" жұрнақ қышқылдың тотығу дәрежесі төмен екендігін білдіреді. қазақ атауында анықтауыштың - ты, -ті, -лы жалғаулы білдіреді.
Мысалы: Acidum sulfur - ic-um - күкірт қышқылы Acidum sulfur - os-um - күкіртті қышқыл. Оттексіз қышқылдардың латынша атауының анықтауышы бейметалл атауына "hydro" деген приставка және "ic-um" жазылады. қазак атауында анықтауышы сутек деген сөзбен аяқталады.

Қышқылдардың жасалу модельдері
Латынша атау
Қазақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Дәрілік заттардың тривиальды атаулары
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминология
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Тривиалдық атаулар
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Пәндер