Үндіқытай елдері жайында



Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріне қожалық еткен Жапонияның талқандалуынан кейін бұл өңірде ұлт - азаттық күрес күшейді. 1945 жылы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды оның бірінші президенті болып Хо Ши Мин (1945- 1969жж) сайланды.

Вьетнамдағы өзгерістер Лаос және Камбоджа елдерінде ұлт – азаттық қозғалыстың қалыптасуына себепкер болды. Бұл елдерде монархиялық құрылыс негізі әлсіреп, демократиялық жолмен даму мүмкіндігіне жол ашылды. Алайда француз отаршылдары Вьетнамнан айырылуға көнгісі келмеді. Жас республиканы күшпен тұншықтыруға әрекеттенді. Вьетнам коммунистік партиясы халықты азаттық күреске жұмылдырды. Бұл қантөгіс соғыс 8 жылға (1946-1954 жж) созылды. Бастапқы кезеңде соғыс тізгіні Францияның қолында болып, ал император Бао Дайды басшы етіп қою арқылы ВДР- ды құртуға күш салды. 1945 жылдың соңында француз әскерлері Лаос және Камбоджа жерін басып алып, бұл елдердегі монархиялвқ тәртіпті қайта орнықтырды.ВДР жау шабуылының бетін қайтара отырып, елде демокраиялық мазмұндағы жаңалықтарын іске асыруға тырысты. 1950 жылдың басында республика армиясы қарсы шабуылға шығып, 20 млн тұрғыны бар жерді босатты. Осы жылы 18 қаңтарда - ҚХР, 30 қаңтарда КСРО үкіметі ВДР – ды ресми түрде мойындады. 1950 жылдардан бастап Үндіқытай мәселесіне АҚШ араласып, Францияны қаржы беру арқылы қолдады. 1952 – 1953 жылдары – 314 млн доллар, 1953 – 1954 жылдары 1 млн доллар берілді. Вьетнам және басқа Үндіқытай елдері халықтарының әділеттік күресі социал елдерден, әлемдегі бостандық сүйгіш күштерден қолдау тапты. 1954 жылы француз әскерлері Дьен – Бьен Фу қамалының түбінде қирай жеңілді. Ол Үндіқытай халықтарының ұлы жеңісі болып есептеледі. Үндіқытай мәселесі Жапониядағы халықарлық кнференцияда қаралып, дұрыс шешімін табу әрекеттері іске асырылда ( 1945 жылғы 26 сәуір және 21 шілде). Женева келісімі Вьетнам аумағын 17 ендік арқылы екіге бөліп, солтүстігінбе ВДР, оңтүстігінде отаршылдар құрған үкімет билік жүргізетін болды.
Вьетнам, Вьетнам Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км2. Халқы 85 млн. адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, т.б. ұсақ халықтар. Ресми тілі — вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15ӘС, шілдедегі орташа температура 26ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 – 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол, т.б. жануарлар кездеседі. Вьетнам жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемлекеттік құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Қытай жаулап алды да, 10 ғасырға дейін бодандықта ұстады. 11 ғасырдың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 – 13 ғасырларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Камбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. Вьетнам халқы 1257 – 88 ж. үш дүркін Шыңғыс хан империясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 – 27 жылдар аралығында Қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғасырдың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1884 жылдан бастап Вьетнам толықтай Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Үндіқытай елдері.

Оңтүстік - Шығыс Азия елдеріне қожалық еткен Жапонияның талқандалуынан кейін бұл өңірде ұлт - азаттық күрес күшейді. 1945 жылы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды оның бірінші президенті болып Хо Ши Мин (1945- 1969жж) сайланды.

Вьетнамдағы өзгерістер Лаос және Камбоджа елдерінде ұлт - азаттық қозғалыстың қалыптасуына себепкер болды. Бұл елдерде монархиялық құрылыс негізі әлсіреп, демократиялық жолмен даму мүмкіндігіне жол ашылды. Алайда француз отаршылдары Вьетнамнан айырылуға көнгісі келмеді. Жас республиканы күшпен тұншықтыруға әрекеттенді. Вьетнам коммунистік партиясы халықты азаттық күреске жұмылдырды. Бұл қантөгіс соғыс 8 жылға (1946-1954 жж) созылды. Бастапқы кезеңде соғыс тізгіні Францияның қолында болып, ал император Бао Дайды басшы етіп қою арқылы ВДР- ды құртуға күш салды. 1945 жылдың соңында француз әскерлері Лаос және Камбоджа жерін басып алып, бұл елдердегі монархиялвқ тәртіпті қайта орнықтырды.ВДР жау шабуылының бетін қайтара отырып, елде демокраиялық мазмұндағы жаңалықтарын іске асыруға тырысты. 1950 жылдың басында республика армиясы қарсы шабуылға шығып, 20 млн тұрғыны бар жерді босатты. Осы жылы 18 қаңтарда - ҚХР, 30 қаңтарда КСРО үкіметі ВДР - ды ресми түрде мойындады. 1950 жылдардан бастап Үндіқытай мәселесіне АҚШ араласып, Францияны қаржы беру арқылы қолдады. 1952 - 1953 жылдары - 314 млн доллар, 1953 - 1954 жылдары 1 млн доллар берілді. Вьетнам және басқа Үндіқытай елдері халықтарының әділеттік күресі социал елдерден, әлемдегі бостандық сүйгіш күштерден қолдау тапты. 1954 жылы француз әскерлері Дьен - Бьен Фу қамалының түбінде қирай жеңілді. Ол Үндіқытай халықтарының ұлы жеңісі болып есептеледі. Үндіқытай мәселесі Жапониядағы халықарлық кнференцияда қаралып, дұрыс шешімін табу әрекеттері іске асырылда ( 1945 жылғы 26 сәуір және 21 шілде). Женева келісімі Вьетнам аумағын 17 ендік арқылы екіге бөліп, солтүстігінбе ВДР, оңтүстігінде отаршылдар құрған үкімет билік жүргізетін болды.
Вьетнам, Вьетнам Демократиялық Республикасы - Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км2. Халқы 85 млн. адам (2007). Астанасы - Ханой қаласы. Халқының 88%-ы - вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, т.б. ұсақ халықтар. Ресми тілі -- вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15ӘС, шілдедегі орташа температура 26ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 - 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол, т.б. жануарлар кездеседі. Вьетнам жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемлекеттік құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Қытай жаулап алды да, 10 ғасырға дейін бодандықта ұстады. 11 ғасырдың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 - 13 ғасырларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Камбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. Вьетнам халқы 1257 - 88 ж. үш дүркін Шыңғыс хан империясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 - 27 жылдар аралығында Қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғасырдың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1884 жылдан бастап Вьетнам толықтай Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. 20 ғасырдың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үндіқытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж. француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солтүстігінде 1959 ж. отыз бірінші желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал оңтүстігінде 1955 ж. жиырма алтыншы қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы кейіннен соғысқа алып келді. 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 ж. екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді. Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея. Вьетнам -- БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.
Лаос, Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан. Жер аумағы - 236,8 мың км². Астанасы - Вьентьян қаласы. Әкiмшілік жағынан 16 кхуэнге бөлiнедi. Халқы 5,5 млн. адам. Этникалық құрамында лао-лум (68%), лао-тенг (22%), т.б. халықтар бар. Мемлекеттік тiлi - лаос тiлi. Халқының басым көпшiлiгi будда дiнiн ұстанады (85%). Ақша бiрлiгi - кип. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бiр палаталы Ұлттық жиналыс
Вьетнам құрамына енетін барлық аймақтар өнерін бірдей деп қарауға әсте болмайды
Оны ең кем дегенде ірі үш аймаққа бөліп қараған абзал. Ол -- ең алдымен, Бакбо шығанағына таяу оңтүстікке қарай Орталық Вьетнамға дейінгі солтүстік аймақ, одан әрі тағы да оңтүстікке қарай созылып жатқан бір жарым мың жыл бойы тьямдардың ұлы мемлекеті болған. Тьямпа өлкесі, ең соңғысы -- тұрғындары ерте дәуірде аса маңызды роль атқарған алыс шалғайдағы оңтүстік аймақ. Оңтүстік Үндіқытай мемлекеттерінің мәдениеті мен өнерінің барлық даму негіздері толығымен Фунань деп аталатын дәуірде жасалды. Алайда, Солтүстік Вьетнам жерінде Фунаньға қарағанда да байырғы, Индонезияға дейін тараған донгшон деп аталған мәдениет болды.
Әр түрлі жерлерде, ең алдымен, Солтүстік Вьетнамда орналасқан Донгшонның өзінде шамамен біздің дәуірімізге дейінгі VI -- I ғасырларға жататын, осы мәдениеттің бір типтегі археологиялық ескерткіштері табылды. Қоладан жасалған аса көп қару-жарақ, қола аспаптар мен мүліктер жасалуы жағынан аса жетілгендігімен ғана ерекшеленіп қоймайды, олардың барлығына да көркем безендірудің көңіл сүйсінтер, келісті шеберлігі тән болып келеді. Әсіресе, Донгшон олжаларының ішінде қоладан жасалған зор барабандар айрықша әсерге бөлейді. Барабандар шиыршық атқан орамалар, шоғырланған тікбұрыштар, жолақтар және басқа да неше түрлі боп келетін аса бай ою-өрнектермен безендірілген.
Кейбір безендіру детальдары, мәселен, қауырсындармен әшекейленген бишілер қатарлары бұл барабандар муссон жауындарынжеделдетуді сұрау мақсатындағы сиқыршылық рәсіміне қатысты деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бақа бейнелері де осы ойларды растай түседі.
Ішінде адамдар лық толған қайықтар бейнесі өлілерге бас иіп табынушылыққа байланысты туған: бұл сурет мұндай қайықтар оларды о дүниеге апаруға арналады-мыс дегенді аңғартады.
Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындарының дініне байланысты кең тараған донгшон мәдениеті туралы Индонезияға арналған бөлімде тағы да айтылатын болады.
Көркем творчествоның тағы бір орталығы шалғай оңтүстікте Меконг атырауында болды. Бірақ мұнда теңіз саудасы мен буддалық миссионерлердің қызметіне байланысты қытайлықтардың емес, үнділіктердің ықпалы күштірек болғаны байқалады. Осында, оңтүстікте Фунань мемлекеті дүниеге келді, қытай деректерінен мәлім болып отырғанындай, оның іргесін қалаушы Каундинья болып табылады. Көптеген археологиялық, олжалар қытайлар дерегін растай түседі. Қазба жұмыстары осында, Үндіқытай жарты аралының оңтүстік аудандарында қолдан суландыру жүйесі бар бай күріш өсіру алқабы болғанын көрсетеді. Бұл жағдай мемлекеттің орталықтануына ықпал жасап, Фунаньның даңқын асырған бай тұрмысын қамтамасыз етті. Ағаш үйлерден тұратын ірі қалалар суландыру каналының бойларынан ірге көтерді. Елдегі негізгі транспорт құралы қайық болды.
Фунань дәуіріне байланысты бағалы деректер Океодағы қазба жұмыстары кезінде табылды. Бұл деректер Оңтүстік-Шығыс Азиядағы осы ежелгі мемлекеттің көптеген елдермен халықаралық сауда қарым-қатынасын жүргізгенін бейнелейді. Фунань саудагерлері Батыстағы көнеe мәдениет орталықтары сияқты ертедегі Қытай мен Шығыс Азия астаналарына да сапар шегіп отырған.
Бұл мемлекет туралы санскрит жазбалары да біршама толық мәлімет береді. Солардың бірі біздің дәуірімізге дейінгі 357 жылға жатады және ол Фунаньда үнділіктердің күн құдайы Сурьяға табыну қалыптасқандығын көрсетеді. Патшаларға үнді есімдері беріліп отырған: солардың бірі Каундинья Джаяварман (478 -- 514) буддизмді таратуда зор роль атқарды. Алайда, оның мұрагеріРудраварман (514 -- 539 жыл шамасы) индуистік құдай Вишнуға табынған.
Фунань өнерінің бізге келіп жеткен кейбір шығармаларын біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларына да жатқызуға болады. Индуистік құдайлар мен Будда мүсіншілеріне қоса, әсіресе, Окео мен Нуишамада ғимараттардың да қалдықтары табылды. Формасы жағынан ол сол уақыттағы үнділік құрылыстарға жақын. Атап айтқанда, граниттен жасалған, үсті салбыраңқы келген күмбезді қарапайым целла тәрізді храмның негізі табылды; ол кірпіштен қаланған іргетасқа орналастырылған және іргелес жатқан кірпіштен жасалған құрылыспен (мандама) веранда арқылы жалғасқан. Бұл да баяғы сол жартастағы діни үңгірлер, құдайлардың Махамера тауындағы ғарыштың таным жөніндегі көне үнділік идеяға негізделген. Осында Үндістанға тән сәндік, сәулеттік безендірулердің жұрнақтары да табылды, олардың ішінде, мәселен, терракоталы өрнектегі Четиялар терезесі бар.
Оңтүстік Вьетнам аудандары осылайша ерте кезден-ақ үнділік ықпалы күшті Оңтүстікг Шығыс Азияға тән даму арнасынан ауытқымаған. Алайда, солтүстікте Бакбо шығанағына таяу жердегі Вьетнамның өзінің байырғы өлкелерінде біздің дәуіріміздің I ғасырынан бастап қытайлар әсері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таяу Азия халықтары
Үндіқытай елдері
Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Екінші дүниежүзілік соғыс (1938 – 1945)
Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикалық жетістіктерге жету жолдары мен міндеттері
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс
Қытайға Жапониядан капитал шығару
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Пәндер