Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңыздылығы



1. Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы
2. Латын тілінің ғылымдағы маңызы
3. Фонетика
4. Дауысты дыбыстар
5. Дауысcыз дыбыстар
6. Буындардың созылыңқы және қысқалығы
7. Екпін
8. Буын және буынға бөлу
9. Фонетиканың негізгі заңдары
10. Латын тілінің грамматикалық құрлымы
11. Зат есім (Nomen Substantīvum)
12. Сөздік
13. Жай сөйлем нұсқасы
14. Етістік (Verbum)
15. Сабақты және салт етістіктер
16. Етістіктің негізгі формалары
17. Activi және Passivi конструкциялары
18. Есімдік (Pronomina)
19. Тәуелдеу есімдігі (Pronomina Possessīva)
20. Жіктеу есімдігі (Pronomina personalia)
21. Предлогтар (Praepositiones)
22. Әдебиеттер
Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі – Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.
1. Бектуров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, – синтаксис: Оқуға түсуші талапкерлерге, студенттерге және оқытушы-мұғалімдерге арналған. – Алматы: Атамұра, 2006. – 336 б.
2. Боровский Я.М., Болдырев А.В. Учебник латинского языка для гуманитарных факультетов университетов. – Изд. 4, доп. – М. : Высшая школа, 1975. – 479 с.
3. Винничук Л. Латинский язык: самоучитель для студентов гуманитарных факультетов университетов и педагогических вузов. – М. : Высшая школа, 1980. – 325 с.
4. Винничук Л. Люди, нравы и обычаи Древней Греции и Рима. – М. : Высшая школа, 1988. – 400 с.
5. Городкова Ю.И. Латинский язык: учебник. – 6-е изд., перераб. и доп. – М. : Медицина, 1982. – 256 с.
6. Дуров В.С. Основы стилистики латинского языка: учеб. пособие для студентов фило. фак. высш. учеб. заведений. – СПб. : Филологический факультет СпбГУ; М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 112 с.
7. Кацман Н.Л., Покровская З.А. Латинский язык: учеб. пособие для студентов высш. учеб. заведений. – 6-е изд. – М. : Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003. – 456 с.
8. Розенталь И.С., Соколов В.С. Учебник латинского языка для юридических факультетов и институтов. – М. : Ростов н/Д. : Феникс, 2003. – 320 с.
9. Таривердиева М.А. От латинской грамматики к латинским текстам (Латинское предложение: форма и смысл). – М. : Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1997. – 176 с.
10. Ярхо В.Н., Лобода В.И. Латинский язык: учебник для факультетов иностранных языков педагогических институтов. – 2-е изд., перераб. – М. : Просвещение, 1969. – 384 с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Өздік жұмыс

Тақырыбы:
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы

Орындаған: Дәулетов Қ.Д.
Тексерген: Билялов Е.Е.

Семей қаласы
2015 - 2016 оқу жылы
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы
Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: неге римдіктер латын тілінде сөйледі?-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) - бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация - сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі - Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, Одиссеяны аударған.
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары - рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары - Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы Анналы эпикалық (Жылнама) поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар - Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.
Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.
Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.
Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.
Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) - эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын Заттар табиғаты туралы философиялық поэманың авторы.
Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) - әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.
Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары - Галл соғысы туралы жазбалар, Азаматтық соғыс туралы жазбалар және т.б.
Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері (Заговор Каталины, Югуртік соғыс және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.
Латын тілінің ғылымдағы маңызы
Латын графикасына көшу мәселесінің тікелей талаптарының бірі - терминдерді бірізділендіру болып табылады. Жүйелі жазуы, тілі бар мемлекеттің ғылыми тілінің негізі болып табылатын терминдердің алуан түрлі қорының әртүрлі атаумен жарыса қолданылуы бұл мәселенің күрделі екенін көрсетеді.
Латын жазбасына көшіру кезеңінің басы-қасында тілші ғалымдармен қатар әлеуметтанушылар, психологтар, социолингвистер көптеп жүруі тиіс, оларды бұл іске терминтанушы ғалымдармен қатар тарту керек. Терминдердің қалыптасуында ала-құлалық болуы сияқты латын жазбасында да әп дегенде келіспеушіліктер туындауы әбден мүмкін, ол дыбыстарды таңбалау кезінде кеткен бірізге түспеуден шығады. Латын әліпбиіне көшу барысында халықаралық тәжірибеге, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия елдеріндегі болған жайттарға мән беруіміз керек. Заман ағымы өз арнасында болып жатқан өзгерістерсіз дами алмайтыны сияқты латын жазбасына көшу кезеңінде көптеген басқа да мәселелер шешуін табуы тиіс. Қазақ әліпбиінің өзгеруімен бірге терминологияның да бірқатар өзекті мәселелері, ұғымдар жүйесінің тілдік прагматикасы да өз шешімін табуы тиіс. Ғылым тілі де, терминдері мен атаулары да халықтық негізде дамиды десек, терминдерді зерттегенде, оның негізгі көзі болып табылатын жалпыхалықтық тілді ешқашан естен шығармауымыз қажет. Оның қыр-сырын біліп, ондағы терминдік ұғымды білдіру мүмкіншілігі бар атауларды ажырата білу керек.
Қазақ лексикасының терминденуі туралы Ш. Құрманбайұлы қазақ тілінің терминологиялық лексикасын құрайтын терминдеу тәсілімен жасалған терминдердің елеулі бөлігі - ұлттық әдеби тілінің құрамындағы жалпы қолданыстағы сөздер негізінде жасалған. Жалпы қолданыстағы сөздер терминденудің барлық жолдары арқылы терминдене алады, - дейді. Мәселен, ғылымның және өнеркәсіптің түрлі салаларындағы сияқты қазақ тіліндегі мұнай терминдері де мағыналық табиғаты жағынан: байырғы сөздер негізінде жасалған терминдер және кірме терминдер болып екіге бөлінеді. Байырғы сөздер негізінде қалыптасқан терминдер өнеркәсіптегі басты-басты ұғымдық категорияларды бейнелейді. Сондай-ақ кірме терминдерсіз бұл саланың сан алуан қызметтері мен әрекеттерін, категорияларын түсіну мүмкін емес. Байырғы сөздер өзінің бастапқы білдіретін лексикалық мағынасынан ажырап, жаңа ұғымды білдіретін сөздерге айналды. Мысалы: желі - жила, сұйық отын - жидкое топливо, қақпақ - клапан, қашау - долото сияқты мұнай терминдерінің о бастағы лексикалық мағыналары басқа екендігі белгілі Мұнай терминдерінің табиғи жолмен жасалған қабатының қатарында өзге ғылымдарға ортақ терминдер де кездеседі. Бұл терминологияда екінші терминдену, (В. Иванов, В. Даниленко), транстерминологизация
(А.В. Суперанская, Н.В. Васильева, Н.В. Подольская) деп аталады.
Ш. Құрманбайұлы мұндай терминдерге екінші терминденуден гөрі транстерминологизация терминінің қолданысы дұрыс деп санайды. Себебі терминнің бір терминолониялық өрістен басқа терминологиялық өріске өту құбылысын транс терминдік элементі нақты меңзейді. Ішкі терминдену кезінде ең алдымен терминделуші ұғым атауы терминологиялық жүйенің өз ішіндегі белгілі бір терминологиялық өрістен алынады - дей келе бұл терминдерді ішкі терминдену деп атауды ұсынады. Мәселен, дифференциал: мұнай термині, математика термині. Динамика: мұнай термині, философия термині. Фаза: мұнай термині, электротехника термині, философия термині, экономика термині. Изоляция: мұнай термині, заң термині, медицина термині.
Қазақ тілі білім беру мен ғылым саласындағы қызметін атқару мүмкіндігіне ие болып, терминдерді ұлт тілінде жасап, қалыптастыруға бет бұрған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, аталған терминнің формасы ғана емес мағынасы да өзгеріске ұшырағаны байқалады. Термин шығармашылығының отызыншы жылдардан тоқсаныншы жылдарға дейінгі кезеңінде терминдерімізді орыс терминологиясына қарап қалыптастыру дәстүрі орныққан болса, терминологиядағы біріздендіру жұмыстары да сол бағытта жүргізілді. Тілімізге қабылдаған кірме терминдердің орыс тіліндегі жазылуына нұқсан келтіріп алмау үшін әліпбиімізге өзгертулер мен толықтырулар енгізгеніміз де ешкімге құпия емес.
Отызыншы жылдарға дейін жасалып, қалыптаса бастаған көптеген терминдер, жаңа қолданыстар отызыншы жылдардың бас кезінен бастап, қолданыстан шеттетіліп, олардың орны орыс тіліндегі нұсқасымен алмастырылды. Мәселен, 1925 жылы Мәскеуде Қошке Кемеңгерұлының редакторлығымен басылып шыққан Қазақша-орысша тілмашта берілген төмендегідей терминдер мен атауларға мән беріп көрелік: пленка - үлдірік, экономия - үнем, экономный - үнемшіл, экономность - үнемшілдік, экономист - үнемші, прогресс - үдеу, колонизатор - отаршыл, колонизаторство - отаршылдық, патриот - отаншыл, патриотизм - отаншылдық, федерация - құрама, экспертиза - сарап, эксперт - сарапшы, интеллигент - зиялы, центробежный - делегей, урок, лекция - дәріс, поэма - дастан, творчество - шығарғыштық, антитеза - шендестіру, чиновник - төре, чиновничество - төрешілдік, музыка - әуез өнері, администратор, правитель - әкім, административность, власть - әкімдік, методика - әдістеме .
Осы атаулардың барлығы дерлік қазақ терминологиясы дамуының
А. Байтұрсынов кезеңінде баспасөз беттерінде кеңінен қолданылып, сол кезеңде жарық көрген оқулықтар мен оқу құралдарына, сөздіктерге еніп, тілде орныға бастаған болатын. Ұлт тілдерінде терминологияны дамытудың 30-жылдардан бастау алатын келесі кезеңде бұл терминдердің халықаралық сипатын арттырып, орыс тіліндегі нұсқасын қалдыру қажет деп танылды. Терминдерді біріздендіру жұмысының бағыты да басқа арнаға ойысып, ұлт тілінде жасалған терминдердің арнаулы салалардан орын алу мүмкіндігі барынша шектелді. Нәтижесінде пленка, колонизатор, патриот, экспертиза, интеллигент, творчество, антитеза, администратор тәрізді шет тілдерінен қабылданған мыңдаған терминдер мен кірме сөздерге басымдық беріліп, олар тілімізден берік орын тепті. Терминдерді біріздендіру мәселесі терминологияны халықаралықтандыру бағытына сәйкес жүргізілді. Бір ғана ұлт тілінің ауқымында жүргізілетін тілішілік біріздендіру (внутриязыковая унификация) жұмысынан гөрі кеңестік тіл саясатының мүддесіне сай келетін тіларалық біріздендіру (межъязыковая унификация) ісіне мемлекет тарапынан айырықша мән берілді.
Халықаралық біріздендірудің түпкі мақсаты - екі немесе одан да көп тілдердің терминологиялық жүйесінің ортақтығы артып, жақындай түсуін көздейді. Сол себепті де кезінде бұл терминді А.В. Крыжановская терминологиялық интеграция деп атауды ұсынған болатын. Алайда ғалымның бұл ұсынысы жаппай қолдау тауып кете алған жоқ. Ғылыми-техникалық әдебиеттерде бұрынғысынша көбінесе екі тілге қатысты тіларалық біріздендіруі, екі немесе бірнеше тілге қатысты әңгіме қозғалғанда халықаралық біріздендіру термині қолданып келді
1981 жылы наурыз айында Мәскеуде терминология мәселелеріне арналып өткізілген бүкілодақтық семинарда жасаған бас баяндамасында Г.В. Степанов терминологияны біріздендіру жұмыстарының елеулі қиындықтарға тап болып отыруына республикаларда орыс, латын, грузин, армян графикаларына негізделген төрт түрлі әліпбидің пайдаланылуының себеп болып келе жатқандығын және орфографияның фонетикалық, фонематикалық, морфологиялық, тарихи қағидаттарға негізделуі де өзара термин алмасу процесін қиындатып отырғанын айтады. Өз жазуларын сақтап қалған армян, грузин және латын графикасын пайдаланған балтық жағалауы республикалары болмаса, кириллицаға көшіп, 30-жылдары-ақ әліпбиімізді орыс сөздерін бұрмаламай жазу үшін бейімдеп, кеңейтіп, толықтырып алғандықтан, біз академик атап көрсеткендей, терминологияны біріздендіруге де, термин алмасуға да кедергі келтіргендер қатарына жатпаймыз.
Г.В. Степанов осы баяндамасында терминологиялық жұмыстардың ең негізділерінің бірі ретінде біріздендіруге айрықша мән беру қажеттігін айта келіп, бұл жұмыстың маңызын былайша атап көрсетеді: В многонациональном государстве важное значение приобретает работа по унификации, смысл которой состоит в достижении соотносимости научных и технических понятий, выражаемых терминами на различных национальных языках)
Термин унификация употребляется в постановлении об унификации терминологии на языках народов СССР - деп көрсетеді Ю.Д. Дешериев өз мақаласында.
Біреулер сөздің қысқалығын, біреулер сөздің ұзындығын, біреулер оның төркінін қуып моңғолдың, арабтың, гректің немесе ағылшынның сөзі екендігін сөз етеді. Сөз біздің меншігіміз оған араласпа деп ешкімге тыйым салуға болмайды. Әркім де пікір білдіруге қақылы. Бірақ мәселеге біліп араласқанға, мәселенің мәнін ұғып, оны зерттеп, зерделеп барып жүйелі ой айтып, тұжырым жасағанға не жетсін. Бұлай деуіміздің себебі, термин мағынасы жөнінде айтылып жататын пікірлердің арасында лексикалық, терминологиялық мағына табиғатын терең түсініп, оның нәзік қырларын аңғара отырып, кәсіби біліктікпен айтылатын ой-тұжырымдардан гөрі жоқ-барды теріп, үстірт пікір білдіретін жағдайлар көбірек ұшырасып жатады. Тіпті мына сөз маған ұнайды, немесе ұнамайды бұрынғысы дұрыс еді деген пайымдауларды еш лингвистикалық негіздеусіз-ақ алға тарта беретін мақалалар жарық көріп жатады. Таңбалаушы мен таңбаланушының, атау мен ұғымның байланысы, термин-сөз мағынасының ерекшеліктері, ұғым белгілерінің мағына құрауға қатысы деген нәрселер шолып өтіп, атүсті ой айта салатындай оп-оңай мәселелер емес. Сондықтан мұндай іске қай-қайсымыз да арнайы дайындықпен, ізденіспен келіп, жауапкершілікті сезе отырып араласып, терең зерделеуге сүйене отырып пікір білдірсек, ортақ шаруамыздың оңалуына үлес қосылар еді.
Әлі де айтылған пікірлерді сараптан өткізіп, дұрыс-бұрысын ажыратып, ғылыми құндылығы барларын ескеріп, оларды реттеу жұмысында қажетімізге жаратып отыру жағы жолға қойылмай келе жатқаны алаңдатарлық мәселе. Жоғарыда тоқталғанымыздай, құнды пікір-ұсыныстармен бірге негізсіз айтылатын пайымдаулардың көп орын алып жататыны да осындай мамандар тарыпынан жұмылып жасалып отырған мақсатты жұмыстың жүргізілмей отырғандығынан. Егер білікті мамандар бірлесе отырып, түрлі басылымдар мен баспасөзде жарияланған мақалалар мен ұсыныс-пікірлерді жіті қадағалап, оларды дер кезінде електен өткізіп сұрыптап отырса, бұл мәселеге ерінбегеннің бәрі араласып үстірт, жайдақ пікір айтушыларға жол берілмес те еді.
М. Әуезовтің де қазақ терминологиясының мәселелерімен тікелей айналысқанын көрсететін бірден бір еңбектер - Ғылым тілі (1917) және Қайсысын қолданамыз? атты мақалалары. Мұнда жазушы терминологиядағы ішкі терминжасам туралы айтқан. М. Әуезов ғылым тілін қазақша жасау мәселесін көтере білген. Орыс тіліне қазақ сияқты барлық туысқан елдер тілінен көріп жатқан сөздер көп. Сонда джайлау, акын (ақын емес) тәрізді сан сөздер орыс тілінің фонетикалық, грамматикалық жағдайларына бейімделіп алынып отырған жоқ па?, - деп нақты мысалдар келтіре отырып, тіл заңдылығына сәйкес қабылдауды атап өтеді.
Терминология мәселесі 1924 жылы 12-18 шілде аралығында өткен республикалық ғылыми қызметкерлердің І съезінде сөз болған. Оның материалдары 1925 жылы жеке кітап болып жарияланды. Бұдан басқа 1926 ж. Бакуде өткен Бүкілодақтық түркологтардың алғашқы съезінің материалдарымен таныстыру мақсатымен жазған А. Байтұрсыновтың Түрікшілер құрылтайы атты мақаласы жарияланды. А. Байтұрсынов қазақ терминологиясын қалыптастыруда, қазақ тілінің өз мүмкіншілігін толық пайдалану және интернационалдық терминдерді қолдану тәсілдерін сөз етеді. Қазақ терминологиясын байытып, дамытуға маңызды үлес қосқан ғалымдарымыздың бірі Х. Досмұхамедов кірме сөздерді, әсіресе, орыс тілі арқылы енген сөздерді қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап айтылуын дұрыс құбылыс деп есептеген. Кірме сөздердің тілімізге тән сингармонизм заңына лайықтап алынсын - деген қағиданы сол кездегі зиялы қауым кеңінен қолдаған. Н. Төреқұлов Жат сөздер деген еңбегінде қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ сөзі болып кірсін, - дейді [8, 19 б.]. Бұдан сол кезең зиялыларының пән атауларын қолдануда ұлт тілінің ішкі заңдылықтарына көп көңіл бөлендігін аңғаруға болады.
Тақырыптық салалар туралы мәлімет беру мақсатымен терминдер түрлі ғылыми және басқа да салалар бойынша лексика-семантикалық тұрғыдан топталып берілді: Оқу ағарту, педагогика саласына байланысты: әдіс бірлігі - методическое объединение, оқу құралы - учебное пособие, руханишы - мыслитель, күн белгі - календарь, оқуқана - читальный зал т.б.; Экономика саласына байланысты: үнемші - экономист, жоспаршы - плановик, әлеуметшілік жәрдем - социальная помощь, үнем шаруашылығы - экономическое хозяйство, өнеркәсіпші - производственнник т.б.; Саясатқа байланысты: әлеуметтік жағдай - социальное положение, үгіт-насихат - агитация, өзгерісшілдер - реформаторы, ілгерішіл - прогрессивный т.б.; тіл ғылымына байланысты: дауысты дыбыс - гласные звуки, ұлы тыныс - точка, кірешек сөздер - заимствованные слова, бұралқы жұрнақ - заимствованный суффикс т.б.; Заң ғылымына байланысты: құқық - право, талапкер - истец, заң кісісі - юридическое лицо, сот алымы - судебная пошлина т.б.; 10) Психологиялық атаулар: мінез ілімі - психология, зейін - внимание, көзқарас - мировозрение т.б. Жалпы сөз қолданысында терминдердің қоғам құрылымы мен өзгерісіне тәуелді екендігі белгілі: Белгілі бір дәуірде эволюциялық дамудан революциялық сапаға ауысып, ал кейде керісінше қалыпты күйге көшіп отырады. Тілде пәлендей революциялық өзгерістер бола қоймағанмен, ол қоғамдық құбылыстардың бәрін қамтып, соған лайықты ұғым, түсініктерді сөз түрінде таңбалап береді. Барлық өзгеріс, өрістер тілде көрініс бермей тұрмайды, - дейді терминолог-ғалым Ө. Айтбаев.
Қазақ тіліндегі ғылым салалары бойынша қолданыстағы сөздердің 90% терминдердің үлесіне түседі. Ғылымдағы жаңа ұғымдар мен қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістер термин сөздердің күнделікті қолданыс аясының өсіп отырғанын көрсетеді: Дәл осы жерде біз әдеби тілдің көркемдік сипатынан гөрі стандарттық және ресмилік белгісінің арта бастағанын айқын аңғарамыз, - дейді академик Ә. Қайдар.
Жоғарыда айтылған мысалдар терминология ғылымының
20 жылдарында-ақ салалық терминдер мәселесін көтергенін көрсетеді. Рас, 1920-1930 жылдары шет тілінен енген сөздерге балама табуға ұмтылушылық көрініс тапса, 50-70 жылдары орыс тіліндегі терминдер аударылмай, баламасыз қолданылады.
Терминологиялық лексиканы дербес лексикалық қабат ретінде қарап, салалық терминдерді әдеби тіл құрамына қатыссыз деуші ғалымдар пікіріне қарсылық білдіру ниетінде көптеген ғалымдар жүйе, жүйелілік мәселесін көтеру қажет дейді. Терминологияның күрделі теориялық мәселелерін айтпағанда салалық терминдерді жүйелеу, реттеу, қалыптау сияқты үнемі жүргізіп отыруға тиісті практикалық маңызы зор жұмыстармен тікелей айналысып отырған өкілетті орган да, бұл істің жайын жетік білетін мамандар да жоқтың қасы.
Мемлекеттік тіл - егеменді елдің, тәуелсіз мемлекеттің ең басты шарттарының бірі. Сондықтан тіліміздің жан-жақты дамып, күнделікті тұрмыста және ресми мемлекетаралық дәрежеде қолданылуы - өмір талабы. Академик Ә. Қайдардың Қазақ тілі терминологиясының 50 жылдан астам тарихы бола тұрса да, оның жан-жақты даму дәрежесі бүгінгі заманның талабына сәйкес деп айтуға болмайды, - деген пікірінен кейін көптеген тіл жанашырлары ғылыми әдебиеттегі сан алуан терминдерді аударуға атсалысқанын білеміз. Академик Ә. Қайдар термин (атау) шығармашылығында ана тіліміздің өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланудың орнына термин жасаудың оңай жолы - шет тіл элементтерін қабылдауға көбірек көңіл бөлуден кірме терминдердің көбейіп, ана тіліміздің ұлттық ерекшеліктерімен табиғатына нұқсан келе бастады. Мұндай жағдайдың дами түсуіне бүгінге дейінгі қалыптасқан мына фактор себеп болып отыр: тілімізге күн санап, апта санап (соңғы кезде шығып жатқан әр түрлі пәндердің сөздігі арқылы да) еніп жатқан жүздеген, мыңдаған терминдік ұғымдардың барлығы бір орталықтан, яғни донор - тіл деп аталатын орыс тілінен ғана еніп, жаңа терминдер тек соның негізінде жасалып қабылдануынан сақтану керек, - дейді
Жаратылыстану ғылымдары бойынша халыққа түсінікті, көңілге қонымды, тілге жеңіл, тұрмыс-салтымызға, таным-түсінігімізге сәйкес, мәдениетті терминдер жасауда атақты шығыс ғұламасы әл-Фарабидің Аспанды жерге, ғылымды халыққа жақындатсам деген пікірін басшылыққа алсақ ұтымды болар еді. ХХ ғасырдың басында қазақ тілінде ғылым тілін қалыптастыруда А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, С. Асфендияров т.б. зиялылар өсімдіктану (ботаника), тәнтану (анотомия), тәнтірлігінтану (физиология), бәсекесауда (аукцион), жандандыру (реанимация), жансыздандыру (анестезия), жалпытазалық (санитария), жекетазалық (гигиена) т.б. бірсыпыра сөздерді төл тілімізде жаңғыртып қолданды. Осы сөздерден реанимация сөзі бертінде жансақтау бөлімі болып аударылып, сәтті қолданысқа түсті. Жандандырудан гөрі жан сақтау қолайлы тіркес, өйткені мұнда шынымен де жанын алып қалуға көп күш салынады. Фонтан сөзі де су бұрқағы деп аударылып, халыққа толық түсінікті сөз қолданысы болуда. Белок сөзі ақуыз деп аударылып, өзінің төл мағынасы тура көрсете қолданылуда. Кез келген тағамның орауышында, қаптамасында көрсетілетін ақуыз сөзі қазір жаратылыстану ғылымдары терминдерінің сәтті туындыларының біріне айналды. Ағза сөзі де халықтық қолданыста өз орнын дұрыс тапты деуге болады.
Табиғаттағы бар шикізат атаулары жалпы қолданыстағы сөзбен қатар терминге ұласады. Мұнай, қарамай, жермай, жанармай, жанар-жағар май т.б. сөздер мұнай саласы терминдеріне айналса, әрлеу, өңдеу, жапсырмалау, қаптау сөздері құрылыс; уқалау, булау, сауықтыру, сылау - медицина; бәсекелестік, бағатізбесі, есепшот, кепілзат, делдал - экономика; бетперде, лаңкес, ұйымдасқан топ - заң т.б. ғылым салалары бойынша терминдер қалыптасты. Жаратылыстану саласының терминдері өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақшаға бір аударылып, кейіннен қайтадан сол түпнұсқада қолданылып, 90-жылдарда оңтайландыру кезеңінде тағы қазақшаланып, қазір жарыспалы немесе дублеттік сипатта қолданыста жүргендері де біршама. Динамика - қозғалыс - динамика, мұнай - химия рыногы - мұнай - қимие базары (нарқы) - мұнай - химия рыногы, инвестиция мөлшері - инвестиция сомасы, теңіз терминалы - теңіз кедергісі - теңіз терминалы, мұнай фонтаны - мұнай атпасы, мұнай бұрқағы (нефтяной фонтан) т.б. терминдер дублеттік сипатта қолданысқа ие. Жаратылыстану саласының терминдері деңгейлік қолданыстан өтпей қалыптаспайтынын байқауға болады.
Ұғымдар арасындағы жүйелі байланыстан терминологиялық өріс пайда болатындығы жөнінде ғалым Ш. Құрманбайұлы еңбектерінен көрінеді. Терминология саласында еңбек етуші ғалымдардың көпшілігі ішкі көздерге мән беру туралы айта келе, А. Байтұрсыновқа соқпай өтпейді. Ішкі қор мәселесін сөз еткен орыс ғалымдары А.В. Суперанская, А. Даниленко,
М.Н. Володина ойлау жүйесіне мән берген жөн дей келе ұғымдық байланыстың термин жасаудың мәні зор екенін айтады. Терминденуші сөз бен ойлау жүйесі арасында белгілі бір өріс пайда болмаған жағдайда олардың лексикалық қабат құруы қиынға соғады. Тексті - мәтін, материяны - затын, кенежойғы - акарицид аудармаларымен қатар жаратылыстану ғылымдарының терминдерінен инфауна, инстинк, кадастр, каллус, инбридинг, ихтиология, комменсализм, криофия, ксерофил, ксилофаг, клон, копрофаг, космополит, парник, адекция, абиотика, автохтон т.б. сөздерді әлі күнге ғылыми әдебиеттерде түпнұсқадағыдай қолданамыз. Бұлардың терминдік табиғатын түсіндіру - сала ғалымдарының жұмысы. Карантин - оқшаулау, каннибализм - адам етін пайдаланушылық, кома - естен айрылу, лавина - қар көшкіні, оползень - жер сырғымасы, эпизоотия - жануар індеті, предродовая - толғақ бөлмесі, абразивный - жемірілген, интродукция - жерсіндіру, бейімделту, координат - мекендеу мүмкіндігі т.б. қолдануға болатын сөздерді тілшілер мағынасына қарай, оның тезаурустық сипатына сай жасады.
Нашатыр - мұсатыр, кислота - қышқыл, торф - шымтезек, окись - тотық, насадка - қондырма, углерод - көміртек, водород - сутек, сплав - құйма, щелочь - сілте, двуокись - қостотық болып ХХ ғасырдық басында
Қ. Кемеңгерұлы аударуы сәтті терминдердің жасалуына түрен салғаны белгілі. Ол көп варианттылыққа жол бермеуге тырысқан.
Фонетика
Фонетика - тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика (гректің phonetikos - дыбыс мағанасы дегеннен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі объектісі - тіл дыбыстары.
Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен ұқсас. Тіл дыбыстары өкпеден шыққан ауаның дыбысталу мүшелеріне қақтығысып, соғысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибрациялық қимылының нәтижесінде пайда болады.
Фонетика ғылымы дыбыс атаулының бәрін бірдей зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Адам аузынан шыққан дыбыстардың бәрін емес, тек мағналы сөздерді жасай алатын дыбыстарды зерттейді. Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері - латын, орыс, араб, қытай (иероглифтер) жазуы үлгісінде жасалған таңбалар. Сөзде дыбыс саны мен әріп саны бірдей болып келе бермейді. Әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Сонымен бірге әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі.
Осылайша әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. Алфавит деген сөз - грек алфавитының алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа - грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета - екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы болып, алфавит деп аталып кеткен.
Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Сондай-ақ, басқа тілді меңгеруде түрлі сөздермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дұрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн. Сөздер сөздікте алфавиттік ретпен беріледі, олардың екінші, үшінші әріптері де реттілікті сақтайды. Фонетикалық жазуды ойлап тапқан финикийлықтар болып есептеледі.
Біздің заманымызға дейін ІХ ғасырда финикийлік жазуды гректер қабылдап, дауысты дыбыстарды белгілеу үшін графемалық (әріптік) өзгерістер енгізген. Жазу Грекияның аймақтарында бірдей болмаған, біздің заманымызға дейін V ғасырда негізінен екі алфавиттік жүйе - біздің заманымызға дейін 403 жылы қабылданған шығыс грек алфавиты мен батыс (халкид) алфавиты. Батыс пен шығыс грек алфавитында әжептәуір айырмашылықтар кездеседеі.
Батыс алфавиттік жүйесі италилік халықтар арқылы, негізінен этрускіліктер арқылы, біздің заманымызға дейін VІІ ғасырда латындармен қабылданған.
Уақыт өте келе алғашқы графемалық белгілер біраз өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін І ғасырда көп халықтардың қазір қолданып жүрген латын әріптер нұсқасы (латиница) пайда болады.
Еуропа елдерінде латын тілі жергілікті халықтың ана тілімен қатар дамығандықтан ана тілінің айтылу нұсқалары латын тіліне әсерін тигізбей қоймаған, сондықтан Еуропа елдерінде латын мәтіндерінің оқылуында жергілікті тілге бейімделіп келеді.
Латын тілінің оқылуы тарихи даму барысында көптеген өзгерістерге ұшыраған. Біздің елдерде оқылудың екі түрі кездеседі: бірі - классикалық кезеңге бейімделсе, екіншісі - орта ғасырдағы латын тіліне жуық. Төменде беріліп отырған соңғы кезде қолданылып жүрген латын әріптерінің нұсқасы. Латын алфавиты 25 әріптен тұрады.

Баслуы
Жазлуы
Аталуы
Оқылуы
A a
B b
C c
D d
E e
F f
G g
H h
I i
J j
K k
L l
M m
N n
O o
P p
Q q
R r
S s
T t
U u
V v
X x
Y y
Z z
A a
B b
C c
D d
E e
F f
G g
H h
I i
J j
K k
L l
M m
N n
O o
P p
Q q
R r
S s
T t
U u
V v
X x
Y y
Z z
а
бэ
цэ
дэ
э
эф
гэ
һа
и
йота
ка
эль
эм
эн
о
пэ
ку
эр
эс
тэ
у
вэ
икс
ипсилон
зэта
а
б
ц, к
д
э
ф
г
һ
и
й
к
ль
м
н
о
п
к
р
с, з
т
у
в
кс, гс
и
з
Беріліп отырған алфавиттің классикалық кезеңдегі алфавиттан айырмашлығы бар.
К k әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы K немесе KAL - Kalendae - календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған.
Y y және Z z әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі.
Классикадық латын тілі кезеңінде u және i әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі V v, J j әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда J j әріпінің орнына І і әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Герман тілдеріндегі W w әрпі ХІ ғасырда енгізілген.
Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona).
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметіне көңіл аударған жөн. Мысалы: a, e, i, o, u, y дыбыстарын айтқанда кедергісіз шықса, p,b,t,d,c, g дыбыстарын айтқанда кедергіге ұшырайтындығын байқаймыз. А, e, i, o, u, y дыбыстарының былай болуы еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсуі және ауыздың кеңірек ашылуынан. Дыбысталудың бұндай қызметіне қарап, дауыстыларға мына төменгі белгілер тән деуге болады:
1) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамайды;
2) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қаттырақ дірілдетеді;
3) дауыс шымылдығынан өткен ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне дерлік таралып түседі;
4) дауыстыларда үн басым, олармен ән салуға болады;
5) дауыстылардың тағы бір қасиеті - олардың буын құрайтындығы.
Сонымен, айтқанда ауа дауыс шымылдығынан кейін, кедергісіз, еркін шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Латын тілінде дауыстылар: жалаң дауыстылар (монофтонгтар), дифтонгтар және диграфтар болып бөлінеді. Алты дауысты әріптер a, e, i, o, u, y он екі дауысты дыбысты құрайды (алты қысқа және алты созылыңқы).
1. О, u дауыстыларын айтқанда, ерін сүйірленіп, ілгері қарай жылжиды, ал a, e, i, у дыбыстарын айтқанда, ерін тартылып, екі езу кейін, құлаққа қарай жылжиды.
2. А, е, о дауыстыларын айтқанда, иек төмен түсіп, ауа еркін шығады, ал i, u, у дауыстыларын айтқанда, иек жоғары көтеріліп, ауа қысылып шығады.
3. А, o дауыстыларын айтқанда, тіл артқа, кейін тартылып жылжиды, ал e, i, u, у дыбыстарын айтқанда, тіл ұшы ілгері жылжиды да, тілдің үсті шамалы төмендеп ойысады. Осының нәтижесінде бұл дыбыстар жіңішке айтылады.
Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: au[ау] және eu[эу] Eu-ro-pa [еуропа]Еуропа, causa [кауза] себеп.
Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: ae[э] aera [эра] мыңжылдық және ое[ө] poena [пөна]жаза. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [¨] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [‾] қойылады, мысалы poёta немесе poēta [поэта] ақын
Дауысcыз дыбыстар
Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда:
1) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде мшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды;
2) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;
3) дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып тссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне таралып тспейді;
4) дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;
5) дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;
6) дауыссыздармен буын құрай алмаймыз.
Дауыссыздар латын тілінде muta ( p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.
Латын тілінде дауыссыз әріптердің оқылуында біраз ерекшеліктері бар. Классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылса, ал орта ғасырдан бастап Сс әрпі е, і, у әріптерінің және ae мен ое диграфтарының алдында тұрса [ц], қалған жағдайларда [к] болып оқылады. Мысалы: college [коллега] жолдас, clarus [кларус] әйгілі, Caesar [Цэзар] Цезарь, centum [центум] жүз.
Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:
ph [ф] болып оқылады philosophus [филозофус] философия;
rh [р] болып оқылады rhetor [рэтор] ритор;
th [т] болып оқылады theatrum [театрум] театр ;
ch [х] болып оқылады pulcher [пульхэр] әдемі;
sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;
qu [кв] болып оқылады aqua [аква] су
Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиэнтиа] білім. Ал латын тілінің дамуының соңғы кезеңінде (біздің заманымыздың ІІ-VІ ғасырларында) s, t, x әріптерінен кейін және дауыссыз әріптің алдында [ти], ал дауысты әріптің алдында [ци] болып оқылған. Мысалы: bestia [бестиа] аң, mixtio [микстио] араластыру, iustitia [юстициа] әділет, ratio [рацио] сана, scientia [сциэнциа] білім.
Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингва]тіл, angulus [ангулус] бұрыш, longus [лонгус] ұзын, unguis [унгвис] тырнақ.
Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылса, латын тілінің дамуының соңғы кезеңінде [з] болып оқылған. Мысалы: casa [каза] лашық,үйшік. Егер S әрпінің алдында m немесе n әріптері тұрып, ал S-тен кейін дауысты әріп тұрған жағдайда да[з] болып оқылатынын ескере кету қажет. Қалған жағдайда S [c] болып оқылады.
Буындардың созылыңқы және қысқалығы
Латын тілінде дауысты дыбыстар созылыңқылық және қысқа болып екіге бөлінеді. Оқулықтар мен сөздіктерде дауысты әріптердің үстінен белгілерді көруге болады. Оны созылыңқылық [ ‾ ] және қысқалық [ ˇ ] белгілері деп атайды. Кейбір еуропалық тілдерде диакритикалық белгі десе, семит тілдерінде вокалдық белгілер дейді. Мысалы: ā (а-ұзақ), ă (а-қысқа). Бұл белгілер екпінді дұрыс қоюға көмектеседі. Латын тілінде:
- алты созылыңқы дауыстылар: ā ē ī ō ū у;
- алты қысқа дауыстылар: ă ĕ ĭ ŏ ŭ ў
1. Дифтонгтары бар барлық буындар табиғи ұзақтықты сақтайды. Мысалы: the-sau-rus [те-зау-рус] қазна sau - буыны ұзақ
2. Барлық жабық буындар табиғи созылыңқы. Мысалы: ma-gis-ter [ма-гис-тер] ұстаз сөзінде gis- буыны созылыңқы. Бірақ егер дауысты дыбыс muta cum liquida тіркесенің алдында тұрса қысқа болады. Мыслы: te-ne-brae [те-не-брэ] қараңғылық
3. Ашық буыннан кейін дуысты әріп тұрса, табиғи қысқа болады. Мысалы: pa-tri-a [па-три-а] отан tri - буыны қысқа
4. Соңында дауыссыз әріп тұрған ашық буын табиғи қысқа [ˇ] немесе табиғи созылыңқы [‾] болады. Мысалы: for-tū-na [фор-ту-на]тағдыр мұндағы tū буыны табиғи созылыңқы, ал fe-mǐ-na [фе-ми-на] әйел сөзінде mǐ буыны табиғи қысқа. созылыңқылық және қысқалық белгілерін сөздік арқылы анықтауға болады.
Екпін
Бірнеше буыннан тұрған бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Латын тілінде екпін сөз мағанасын айқындап, саралап тұрады. Кейде екпіннің орын ауысуымен байланысты сөздердің мағаналары бір-бірінен өзгеше болады. Мысалы: édŭco [é -ду-ко] - тәрбиелеу, edūco [e-дý-ко] - алып кету. Екпінді дұрыс қойып оқу арқылы екінші және үшінші жіктеуде тұрған етістіктерді ажыратуға болады. Мәселен: docēre [досéре] - оқыту екпін соңынан санағанда екінші буында тұр, dícĕre [дисере] - сөйлеу екпін соңынан санағанда үшінші буында тұр. Буын латын тілінде соңынан есептеледі. Соңынан бірінші тұрған буынға ешуақытта екпін түспейді, екпін соңынан есептегенде екінші және үшінші буындарда ғана тұрады.
1. Екі буыннан тұратын сөздерде екпін қашанда соңынан екінші буынға түседі;
2. Көп буынды сөздерде екпін соңынан екінші буынға қойылады, егер сол екінші буын созылыңқы болса. Мысалы: fortūna [фортуна]тағдыр, magister [магистер] ұстаз
3. Көп буынды сөздерде егер соңынан екінші буын қысқа болса, екпін үшінші буынға қойылады. Мысалы: ratio [рацио] сана, scientia [сциэнциа] білім
Буын және буынға бөлу
Сөз - белгілі бір ұғымның атауы. Сөздер белгілі бір дыбыстардың жиынтығынан тұрып, ол дыбыстар буын құрайды. Демек, сөздің ең кішкентай бөлігі дыбыс, одан кейін - буын.
Латын тілінде қазақ тіліндегідей дауысты дыбыстардың ерекшелігі - олардың буын құрайтындығы. Демек сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Буындар латын тілінде ашық және жабық болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
ҚАЗАҚ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы мәлімет
Пәндер