Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану



Мазмұны

Кіріспе 4

І. Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану 6
1.1. Тарихи анықтама 6
1.2. Тест дегеніміз не 7
1.3. Тест, үлгерімді бақылау формасы ретінде 8
1.4. Тестік бақылауға кіріспе 17
1.5. Тестік тапсырма мазмұнын іріктеу принциптері 18
1.6. Тестердің түрлері және функциялары 20

ІІ. Тестік редакторды құру 32
2.1. Есептің қойылымы 32
2.3. Функционалдық және логикалық құрылымы 33
2.4. Жұмысты іске асыру алгоритмі 35
2.4.1. Тест файлы 35
2.4.2. Қосымшаның формасы 36
2.4.3. Иллюстрация шығару 39
2.4.4. Тест файлын жүктеу 41
2.5. Техникалық құралдарды құру жиынтығының принципі 43

III. Қорытынды 45

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 46

V. Қосымша 47
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары Қазақстанның білім саласында алуан түрлі оқу орындарының оқушыларын оқытуда аралық және соңғы нәтижелерді бақылауды автоматтандыруға, мектептен бастап коммерциялық курстарға дейін, қызығушылықтың екпінді күшейгені байқалады. Есептеуіш жүйе мен қолданушының диалогы негізінде, бақылаудың ең белгілі бір түрі тестілеу болып келеді. Компьтерлік жүйелердің тез әрекеттілігінің өсу екпіні, есептеуіш техникаға бағаның арзандауы, сапалы және күшті бағдарламалық жүйелердің пайда болуы жүйеде қажеттілікті арттырды, оқушылардың білімін объективті, дереу және сенімді бағалауды рұқсат етеді, олардың қарым-қатынасын қызықты формалар ретінде ұсынады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты информатика пәнiнің бiлiм мазмұнындағы орны мен осы пән бойынша оқушылардың бiлiмiн тексерудің тестiк формасының теориялық негiздерiне талдау жасап және практикалық қолданылуын қарастыру. Есептеуіш техниканың мультимедиалық мүмкіндіктерін қолдана отырып пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Дипломдық жұмыстың мiндеттерi:
- оқушылардың бiлiм деңгейiн тексерудің тестiк формасының ерекшелiктерiн көрсету;
- автоматтандырылған оқу-әдістемелiк құралдарының бiлiм мазмұнындағы ролiн анықтау;
- информатика пәнi бойынша пәннің мазмұнын ашатын және тестiк бақылау формасын қамтитын тестік редакторды жасау.
Оқушылардың оқу материалдарын өз бетiмен белсендi және мақсатты түрде игеруi, оқытушылардың ұйымдастыруымен оқушылардың өзiн-өзi басқару мен бақылаудың қалыптасуы оқу қызметiнің негiзгi және жетекшi формасы ретiнде қарастырылады.
Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекi педагог Я.А.Коменский оқушылар аз оқып, көп бiлетiн дидактика әдісiн табуды армандаған болатын. Коменскийдің негiзгi ойы оқушылардың өз бетiнше оқуына күш салу болатын, өйткенi ең тәжiрибелi деген оқытушының өзi оны алмастыра алмайды. Қазiргi кезде нақты айқын болып отырған жайт, бiз жоғары оқу орындарында қаншама қажеттi және пайдалы бiлiм бергенiмiзбен, адам оны үнемi толықтырып отыруға тура келедi; сондықтанда қазiргi педагогикалық және қоғамдық-саяси әдебиеттерде “үздiксiз бiлiм алу”, “мамандықты жетiлдiру”, “өз бетінше бiлiм алу” ұғымдары кездесетiнi тегiн емес. Бұл мәселемен қазақстандық ғалымдар С.Ә.Әбдiманапов, Д.М.Жүсiбалиева, С.Кариев, Ж.А.Караев, М.С.Мәлiбекова т.б. жаңа ақпараттық оқыту технологияларды оқу үрдiсiнде қолдану негiзiнде айқын көрсеткен.
Білім саласында болып жатқан реформалар жаңа принципті педагогикалық технологияларды қолдануды талап етеді. Іс-әрекеттің жетістігі нарықтық жағдайда стандарттық емес шешімдерді қолдануын шеберлікпен анықтау, қайсарлық, жігерлік, іскерлік болып табылады.
Бұл қасиеттерді индивидуализациялық және дифференциациялық оқытуда, қызығушылықты есепке алмау да, оқушылардың бейімділігін және қабілеттілігін ұйымдастыруы қиынға түседі.
Аталмыш мәселені шешу жеке адам даралығының ізденуін ашуын қажет етеді. Батыстың білім жүйесінің тәжірибесінде, оқу-тәрбиелік процессте кең таралуын тапқан тестілеу практикасына көп көңіл бөлінеді.
Дәстүрлі бағалаудан және оқушылардың білімін бақылаудан тесттер оқытудың нәтижесін объективті өлшеуімен оқшауланады, сондықтан оқытушының субъективті емес пікіріне бағытталмай, эмпирикалық критериялардың объективтілігіне бағытталады. Тест (test ағылшын сөзінен – тексеру, тапсырма) – бұл тапсырмалар жүйесі, білім меңгеруінін деңгейін өлшеуді, анықталған психологиялық қасиеттер дәрежесінің, жеке адамның ерекшелік қабілеттілігінің дамуын рұқсат етеді.
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Культин Н. Б. Основы программирования в Delphi 7. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003. – 608 с.
2. Т. Сван. Секреты 32-разрядного программирования в Delphi. – К.: Диалектика. 1997.
3. Эндрю Возневич. Освой самостоятельно Delphi. М.: - Бином, 1996.
4. Тиксейра Стив, Пачеко Ксавье. Borland Delphi 6 руководство разработчика. – Пер. с англ. – Издательский дом «Вильямс», 2002.-1120 с.
5. Федоров А. Г. Создание Windows – приложений в реде Delphi. - М.: ТОО фирма «Компьютер Пресс», 1999.-287 с.
6. Фаронов В.В. Delphi 4 учебный курс. – М.: «Нолидж», 1999.-464 с.
7. Аванесов В. С. Композиция тестовых заданий. – М.: 2002.
8. Эбнер Михаэль. Delphi 5. Руководство разработчика. – Киев, 2000.
9. Свиридов С. и другие. Создание мультимедийных приложений. – М.: Нолидж, 2000.
10. Гарнаев А. Ю. Самоучитель VBA. – СПб.: БХВ - Петербург, 2003.
11. Гарнаев А. Ю. Visual Basic 6.0 разработка приложений. – СПб.: БХВ - Петербург, 2001.
12. Эплман Д. Win32 API и Visual Basic– СПб.: БХВ - Петербург, 2001.

Мазмұны

Кіріспе 4
І. Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану 6
1.1. Тарихи анықтама 6
1.2. Тест дегеніміз не
7
1.3. Тест, үлгерімді бақылау формасы ретінде
8
1.4. Тестік бақылауға кіріспе
17
1.5. Тестік тапсырма мазмұнын іріктеу принциптері
18
1.6. Тестердің түрлері және функциялары 20
ІІ. Тестік редакторды құру 32
2.1. Есептің қойылымы 32
2.3. Функционалдық және логикалық құрылымы 33
2.4. Жұмысты іске асыру алгоритмі 35
2.4.1. Тест файлы 35
2.4.2. Қосымшаның формасы 36
2.4.3. Иллюстрация шығару 39
2.4.4. Тест файлын жүктеу 41
2.5. Техникалық құралдарды құру жиынтығының принципі 43
III. Қорытынды 45
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 46
V. Қосымша 47

КІРІСПЕ
Соңғы жылдары Қазақстанның білім саласында алуан түрлі оқу орындарының
оқушыларын оқытуда аралық және соңғы нәтижелерді бақылауды
автоматтандыруға, мектептен бастап коммерциялық курстарға дейін,
қызығушылықтың екпінді күшейгені байқалады. Есептеуіш жүйе мен қолданушының
диалогы негізінде, бақылаудың ең белгілі бір түрі тестілеу болып келеді.
Компьтерлік жүйелердің тез әрекеттілігінің өсу екпіні, есептеуіш техникаға
бағаның арзандауы, сапалы және күшті бағдарламалық жүйелердің пайда болуы
жүйеде қажеттілікті арттырды, оқушылардың білімін объективті, дереу және
сенімді бағалауды рұқсат етеді, олардың қарым-қатынасын қызықты формалар
ретінде ұсынады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты информатика пәнiнің бiлiм мазмұнындағы орны
мен осы пән бойынша оқушылардың бiлiмiн тексерудің тестiк формасының
теориялық негiздерiне талдау жасап және практикалық қолданылуын қарастыру.
Есептеуіш техниканың мультимедиалық мүмкіндіктерін қолдана отырып пәнге
деген қызығушылықты арттыру.
Дипломдық жұмыстың мiндеттерi:
- оқушылардың бiлiм деңгейiн тексерудің тестiк формасының
ерекшелiктерiн көрсету;
- автоматтандырылған оқу-әдістемелiк құралдарының бiлiм мазмұнындағы
ролiн анықтау;
- информатика пәнi бойынша пәннің мазмұнын ашатын және тестiк бақылау
формасын қамтитын тестік редакторды жасау.
Оқушылардың оқу материалдарын өз бетiмен белсендi және мақсатты түрде
игеруi, оқытушылардың ұйымдастыруымен оқушылардың өзiн-өзi басқару мен
бақылаудың қалыптасуы оқу қызметiнің негiзгi және жетекшi формасы ретiнде
қарастырылады.
Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекi педагог Я.А.Коменский оқушылар
аз оқып, көп бiлетiн дидактика әдісiн табуды армандаған болатын.
Коменскийдің негiзгi ойы оқушылардың өз бетiнше оқуына күш салу болатын,
өйткенi ең тәжiрибелi деген оқытушының өзi оны алмастыра алмайды. Қазiргi
кезде нақты айқын болып отырған жайт, бiз жоғары оқу орындарында қаншама
қажеттi және пайдалы бiлiм бергенiмiзбен, адам оны үнемi толықтырып отыруға
тура келедi; сондықтанда қазiргi педагогикалық және қоғамдық-саяси
әдебиеттерде “үздiксiз бiлiм алу”, “мамандықты жетiлдiру”, “өз бетінше
бiлiм алу” ұғымдары кездесетiнi тегiн емес. Бұл мәселемен қазақстандық
ғалымдар С.Ә.Әбдiманапов, Д.М.Жүсiбалиева, С.Кариев, Ж.А.Караев,
М.С.Мәлiбекова т.б. жаңа ақпараттық оқыту технологияларды оқу үрдiсiнде
қолдану негiзiнде айқын көрсеткен.
Білім саласында болып жатқан реформалар жаңа принципті педагогикалық
технологияларды қолдануды талап етеді. Іс-әрекеттің жетістігі нарықтық
жағдайда стандарттық емес шешімдерді қолдануын шеберлікпен анықтау,
қайсарлық, жігерлік, іскерлік болып табылады.
Бұл қасиеттерді индивидуализациялық және дифференциациялық оқытуда,
қызығушылықты есепке алмау да, оқушылардың бейімділігін және қабілеттілігін
ұйымдастыруы қиынға түседі.
Аталмыш мәселені шешу жеке адам даралығының ізденуін ашуын қажет етеді.
Батыстың білім жүйесінің тәжірибесінде, оқу-тәрбиелік процессте кең
таралуын тапқан тестілеу практикасына көп көңіл бөлінеді.
Дәстүрлі бағалаудан және оқушылардың білімін бақылаудан тесттер оқытудың
нәтижесін объективті өлшеуімен оқшауланады, сондықтан оқытушының
субъективті емес пікіріне бағытталмай, эмпирикалық критериялардың
объективтілігіне бағытталады. Тест (test ағылшын сөзінен – тексеру,
тапсырма) – бұл тапсырмалар жүйесі, білім меңгеруінін деңгейін өлшеуді,
анықталған психологиялық қасиеттер дәрежесінің, жеке адамның ерекшелік
қабілеттілігінің дамуын рұқсат етеді.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН ТЕКСЕРУДЕ ТЕСТІК ФОРМАНЫ ҚОЛДАНУ

1.1. ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Тестілеудің тарихы ғасырлардың тереңіне кетеді, ол әрбір қабілеттіктердің
сынауына байланысты, білімі, икемділігі және дағдысы. Біздің эрамызға
дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Вавилонда жазғыштар
дайындалатын мектептердің түлектері арасында сындар өткізілді. Кәсіби
дайындалған жазғыш месопотамия өркениетінің сол уақыттағы кең білімінің
арқасында орталық пішіні болды, ол міндетті түрде төрт арифметикалық
әрекеттерді біліуі қажет, егістік жерлерді өлшеуді білу, рациондарды
үлестіру, мүлікті бөлу, ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау өнеріне ие
болу тиіс.
Одан басқа, маталарды, металдарды, өсімдіктерді және басқаны талдау
шеберлігі тексерілді. Ежелгі Египетте абыз өнеріне тек қана, белгілі сынақ
жүйесіне шыдай алатындар оқыды. Ең алдымен абызға кандидат болатын адам
әңгімелесуден өтті, соның процессінде оның биографиялық мәліметтері,
біліктілік деңгейі анықталды; бұдан бөлек әңгіме жүргізу шеберліг, сыртқы
бет әлпеті бағаланды. Одан кейін еңбек етуі, тыңдауы және үндемеуі, отпен,
сумен сыналуы, қапас зынданда толық жалғыздықта қорқынышты жеңуі және
басқа тексерілді.
Қазіргі уақытта тестілеу, оқу орындарында білім деңгейін бағалау үшін,
жұмысқа қабылдар кезде, мекеме қызметкерлерінің квалификациясын бағалау
үшін, былайша айтқанда адам әрекеттерінің түгел дерлік салаларында кең
қолданылады. Сыналушыға ретімен бірнеше қатар сұрақтар беріледі, соларға
міндетті түрде жауап қайтаруы қажет.
Әдетте әр сұраққа бірнеше вариант жауап беріледі, олардың ішінен дүрысын
таңдап алу керек. Әр варианттың жауабына кандай да бір баға сәйкес келеді.
Жалпы балл, сыналушының даярлық деңгейінің қорытындысы негізінде, жауаптар
үшін бағаларды қосу арқылы шығады.

1.2. ТЕСТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ
Оқу процессінде компьютерді қолдану мүмкіндіктері өте алуан түрлі.
Жүйелер немесе зерттелетін құбылыстарды модельдеу үшін, оқу ойындарды іске
асыру, есептеулерді орындалу үшін қолдану, мәтінді редакциялау үшін, алуан
түрлі тренажерлар ретінде, жобаны автоматтандыру құралы ретінде,
бағдарламаланатын тәжірибелерді басқару, ақпараттық-іздеу немесе эксперттік
жүйе ретінде, және соңында компьютерлік техниканы және бағдарламалауды
практикалық оқыту құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.
Қазіргі кезеңде компьютердің көмегімен өте көп оқыту құралдары жасалған.
Оларды келесі түрде квалификациялауға болады: компьютерлік оқулықтар,
пәндік-бағытталған орталар (микроәлемдер, модельдік бағдарламалар, оқыту
пакеттері) лабораториялық практикумдар, тренажерлар, бақылаушы
бағдарламалар.
Тестілеу – бұл өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін
бағалау процессі. Тестілеудің басты мақсаты – бұл моделдердің өзара сәйкес
еместігін және олардың деңгейінің сәйкес еместігін бағалау. Тестілеу арнайы
тестер көмегімен, белгілі бір жиынтықтан тұратынын деңгейдің сәйкес
еместігін көрсетеді. Тестік тапсырма – бұл нақты пәндік аясында анық және
айқын тапсырма, бір мағынаны анықтайтын жауапты талап етеді немесе
анықталған әрекеттер алгоритмін орындайды.
Тест – өзара байланысқан тестік тапсырмалар жиынтығы, оқушының білім
сәйкестігін бағалауды рұқсат ететін, пәндік аясының біліуінің эксперттік
модельі.
Тестік кеңістік – көптеген әр түрлі тестік тапсырмалар түгел модулдерден
білім моделі.
Толық тест – көпшіліктенген тестік кеңістік, объективті бағаны қамтамасыз
ететін дара және эксперттік модельдің арасындағы сәйкестік.
Нәтижелік тест – көлемі және уақыты бойынша тиімді толық тест.
Тестілеу оқыту жүйесінің педагогикалық құралы ретінде шығып және оқу
процессінің бақылау әдісі (технология) ретінде қолданылуы мүмкін, оқушының
білімін, икемділігін және дағды деңгейін бағалауға рұқсат етеді
Компьтерлік тестерді құру келесі жүйелік қадамдармен жүзеге асыруға
болады:
1) Білімнің эксперттік мақсаттау модельін формалау;
2) Тестік кеңістікті төмендегідей жобалау;
3) Тестік тапсырмаларды қалыптастыру және толтыру;
4) Толық компьютерлік тесті қалыптастыру;
5) Тестік эксперимент
6) Нәтижелі тесті таңдау;
7) Сараптау, түзету және тесті пайдалану түрге жеткізу.

1.3. ТЕСТ, ҮЛГЕРІМДІ БАҚЫЛАУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
Қандай да болмасын процессті бақылау және өзгерту тек мәліметтер ағысын
бақылау негізінде мүмкін, оқу процесінің әрекеттілігін де ескерген жөн.
Стандарттардың тиімділігін қолдану тек оқушының білімін және икемділігін
объективті бақылау жағдайында мүмкін.
Бақылаудың екі әдісі ажыратылады – субъективті және объективті.
Субъективті бақылау әдісі білімді, икемділікті, дағдыны өлшеу және
бағалауды ашу, емтихан алушының өзіндік ойынан шығатынын білдіреді. Бұл
білімді бағалау әдісі қарытынды бақылау үшін жарамды, өйткені нәтижелердің
қажетті дәлдігіне және ұдайы өндірісіне ие болмайды.
Объективті бақылау нәтижелердің қажетті дәлдігіне және ұдайы өндірісіне
ие болатын бақылау деп түсінуге болады. Меңгерудін сапасын объективті
бағалауға рұқсат ететін құрал, критериялық-бағыттыалған тест деп саналады,
бақылау тапсырманы және эталонды ішінде үйлестіретін, меңгеру сапасы деп
білуге болады.
Бірақ, оқуды бақылау жеткілікті дәрежеде объективтілікті және шапшандықты
жетілдіру қолынан келе қоймайтыны нақты практика куәландырады. Соның
салдарынан оқушының оқу әрекеті туралы түсінігі жиы төмендейді.
Информатикадан орта мектептің оқушыларының білімім және икемділігін
бақылау шапшандылығы үшін, дәстүрлі түрде дидактикалық материалдар - әдейі
жинақталған және жүйеленген жаттығулар қолданылады.
Информатикадан оқыту нәтижелері жоспарлану бағдарламада нақты түрде
берілген оқушылардың білімін және икемділігін тест сияқты бақылау форманы
қолдануға рұқсат етуді талап етеді.
Тест әдеттегі бақылаудан ерекше оқшаулануы оқушының жауабын салыстыру
үшін, оған (тапсырмаға) эталонды ертерек дайындап қою қажет. Эталон оқыту
мазмұнын толық меңгеру дәрежесін тура анықтау, меңгеру коофициентін
сипаттау, формула арқылы есептеу үшін қажет:

, осында - оқушының дұрыс орындаған тест операцияларының саны,
- тестегі операциялардың жалпы саны.
Батыста, әсіресе АҚШ-да, тесті айтарлықтай бұрыннан қолданады, біз
білімді тест арқылы тексеруге келе жатсақ – олар болса керісінше тестік
формадан, бақылаудың басқа дәстүрлі формаларына ауысып жатыр.
Жетістіктері:
Тестік тексерудің басты жетістігі ол жылдамдығы, ал дәстүрлі дидактикалық
материалдар көмегімен тексеру оның негізділігі.
Кемшіліктері:
Егер оқушы өзінің жұмысының нәтижесін тек қана жауаптардың номерін
көрсетсе, мұнда мұғалім шығарылған жолын көрмейді – оқушының ойлау әрекеті
және нәтижесі тек ықтималды болуы мүмкін.Оқушының білімі бар болғанына
кепілдік бермейді.
Тестердің кемшілігіне ойлап табу мүмкіндігін жатқызуға болады. Егер,
мысалы, тестік тапсырмалар екі жауптан тұратын болса, ішіндегі біреуі
дұрыс, онда мұндай тестік тапсырмалардың жауптарының жартысын ойлап табуға
болады.
Тапсырмаларды екі топқа бөлу тиімді: оқытатын және бақылайтын. Бірінші
топ оқу процесінде тұлғаны өркендету үшін қолданылады, екінші топ – оқу
жылын аяқтағаннан кейін педагогтар немесе білім беруді басқаратын органдар,
немесе диагностика деңгейі мен дайындық құрылымы мақсатымен басқа да
периодта қолданылады. Бақылайтын тапсырмалар керісінше, диагностика деңгейі
мен дайындық құрылымы мақсатымен оқу жылының немесе басқа да анықталған
циклдың (тоқсан, семестр) аяқталуынан кейін педагог немесе тексеру
органдарымен іске асырылады. Тапсырмалардың бір бөлігін оқыту және бақылау
үшін қолдануға болады. Ал басқа бөлігі өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бақылау
үшін қолданылады және шығару жолы, сонымен қатар нақты, әрі толық жауаптар
берілген.
Қазақстандық білім беруде тапсырмалар тестік және тестік емес формада
қолданылады. Көптеген оқу тапсырмалары тестік емес формада келтірілген:
негізінде бұл сұрақтар, тапсырмалар және жаттығулар. Шетелдік білім беруде
тестік формадағы тапсырмалар үлесінің маңызы жоғары, бұл онда қолданылатын
теориялар, әдістемелер мен технологияларды көрсетеді. Сонымен қатар онда
елеулі роль атқаратын білім беруге арналған саясаттың прагматизмдік
бейімделу болып табылады.
Кез келген педагогикалық құрал екі басты компоненттен тұрады – мазмұн
және форма. Тапсырманың мазмұны тестілеудің мақсаты және шарттарымен
анықталады, ол оқу дисциплинасының фрагментін бейнелейді. Бұнда төменде
қарастырылған білім түрлерінің әртүрлі мазмұны сипатталады.
Педагогикалық өлшеулердің түсінік аппараты теориясының ядросы үш негізгі,
иерархиялық бірлескен түсініктерден тұрады: тестік формадағы тапсырма,
тестік тапсырма және педагогикалық тест. Бұл үш түсінік педагогикалық
тестер өңдеуінің үш негізгі этаптарына сәйкес келеді. Бірінші этапта тестік
формада тапсырма құрылады. Екіншісінде – тестік тапсырмалар құрылады.
Үшінші этапта тестер өңделеді.
Тесті өңдеген кезде тек мазмұнның корректілігі емес, сонымен қатар кейбір
статистикалық талаптар ескеріледі. Бұл үшін тапсырмалардың статистикалық
құрылымы тексеріледі. Ең бірінші эмпирикалық түрде қиындық деңгейі және
тапсырманың дифференциалданатын қабілеті анықталады. Осыдан кейін ғана
тапсырма жүйесіндегі қиындық деңгейінің өршуі секілді, педагогикалық тест
құрылады. Екі соңғы түсінікті зерттеуде тапсырманы толық талдаудан кейін
тестік формаға оралудың маңызы бар.
Тестік формадағы тапсырмалардың барлығы да тестік тапсырмаларға айнала
бермеді. Біріншіден тестологиялық түсініктердің ең маңыздысы форма мен
мазмұн талабы жатады. Екіншіден маңызды қосымшалар статистикалық талаптар
болып табылады.
Тек тестік тапсырмалардан ғана тапсырма жүйесіндегі қиындық деңгейінің
өршуі сияқты, сапасы мен педагогикалық өлшеудің эффективтілігін қамтамасыз
ететін педагогикалық тесті өңдеуге болады.
Тестік формадағы тапсырма белгісізбен бекітілген формадағы сөйлеммен
құрылған бақылау материалының жалғыздығын сипаттайды. Белгісіз компонеттің
орнына дұрыс жауапты қою тапсырманы ақиқи түрде айтылуына айналады. Дұрыс
емес жауапты таңдау қате айтылуына әкеледі, бұл студенттің берілген оқу
материалын білмегендігін көрсетеді. Тестік формадағы тапсырма педагогикалық
мақсатқа сәйкестігінің, мазмұн корректілігінің жалпы талаптарына ғана жауап
бермей, сонымен қатар спецификалық тестік форма арқылы пайда болатын
қосымша технологиялық құрылымға ие болады.
Тестік формадағы тапсырмаларға келесі формальдық талаптар ұсынылады:
- қысқалығы;
- форманы дұрыс таңдау;
- айтылудың логикалық формасы;
- жауаптар бағасының бірдей заңдылығы;
- жауаптар үшін анықталған орынның болуы;
- тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы;
- барлық зерттелушілердің инструкцияларының бірдейлігі;
- тапсырма формасы мен мазмұнның инструкциясының адекваттілігі.
Тестік формада тапсырмалардың қысқалығы сөздер, символдар, графиктерді
мұқият таңдауды қамтамасыз етеді, бұл арқылы минимум құралдарды тапсырма
мазмұнындағы мағыналығы анық болуының максимумына жету керек. Қайталаулар,
түсініксіздеу, сирек қолданылатын, сонымен қатар оқушыларға мағынасын
түсінуге бөгет жасайтын белгісіз символдар, шетел сөздері алып тасталынады.
Қысқалық айтылудың логикалық формасының артықшылық салдары болып табылады.
Сондықтан тестік формадағы тапсырмалар тапсырма мен сұрақтардан әрдайым
қысқа болады.
Жиі кездесетін жағдайлар, тапсырма көбейіп бірдеңені тауып, есептеп, одан
кейін оны түсіндіру талаптары тапсырма мен жалпы тестің сапалығын
төмендетеді. Бірақ-та педагогикалық көзқарас бойынша бұл түрдегі
тапсырмаларды оңай түсініп, құрастыруға болады. Сонымен қатар оқушы
бірдеңені есептеп, одан кейін біреуге бірдеңені түсіндірсе, онда объективті
әдіс субъективті әдіспен ілеседі, сондай-ақ сұрақты есептегенде балл қоюда
қиындық туады. Бұған қайшылық ретінде, тестің маңызды талаптарының бірі –
педагогтың қатысуынсыз баллдарды қоюда алдын-ала өңделген заңдылықтардың
болуы.
Тапсырманың дұрыс формасы – тест мазмұнының тәртіпті және эффективті
ұйымының құрылғысы. Осындай ұйым оқу дисциплинасының талдау мазмұнын, оқу
материалының классификациясын, тематикааралық және пәнаралық байланыстың
нығаюын, дидактикалық бірліктердің ірілеуін, осы бірліктердің тапсырма
композициясының элементтері арқылы көрінуін болжайды. Тапсырма формасы
дұрыс, егер ол мазмұнын нақты білдіруге мүмкіндік беріп, барлық
зерттелушілерге түсінікті және формальдық белгілер бойынша қате жауаптар
туындауын болғызбаса.
Егер тапсырмаларға дайын таңдау жауаптары берілсе (негізінен біреуі
дұрыс, ал қалғандары қате), онда мұндай тапсырмаларды дұрыс бір жауапты
таңдау тапсырмалары деп атаған дұрыс. Бұл санау бойынша бірінші форма. Бұл
форманың логикалық негізін ең алғаш Аристотель құрастырған - үшіншісін
алып тастау заңы болып табылады. Дұрыс жауапты таңдау ақиқи пікір, ал дұрыс
емес жауапты таңдау жалған пікір туғызады. Үшіншісі берілмеген. Бұл заң
бойынша методикалық ереже туындайды: дұрыс бір жауапты таңдаумен берілген
әрбір тапсырма соңғы болу керек, бұл тапсырманы ойластырудағы мағыналылық
туғызады және зерттелушілерде қарама-қайшы ойлар келтірмейді.
Бірінші формадағы тапсырмалардың екінші тәсілі салыстырмалы білімдерді
тексеру үшін қолданылады, ол - әр түрлі дәрежедегі дұрыс жауаптар санынан
ең дұрыс жауапты таңдау.
Сондай-ақ, бірінші формадағы тапсырмалардың үшінші тәсілі бір емес,
бірнеше дұрыс жауаптардан тұрады. Бұл тапсырмалар бірнеше дұрыс жауаптарды
таңдау болып табылады.
Үшіншіні алып тастау заңына ілесуге логикалық тыйым салынған, мысалы
“дұрыс жауабы жоқ”, “барлық жауаптар дұрыс” немесе “барлық жауаптар дұрыс
емес”, бірақ бұлар практикада әлі кездеседі. Нағыз жұмыста бұл тыйым
сақталады. Жауаптарды таңдаудағы тапсырмалардың әрбір тәсілін мынадай
түрлерге бөлуге болады: екі, үш, төрт және үлкен саны бар жауаптар.
Тапсырманың екінші формасында дайын жауап жоқ, сондықтан да әрбір
зерттеушінің тестілеу кезінде жауап жазуға арналған жерге өзінің жауабын
тіркеу керек. Бұл түрдегі тапсырмаларды ашық формадағы тапсырмалар деп
атауға болады. Тапсырманы анықталған жауаппен толықтырғаннан кейін ақиқи
немесе жалған айтылу пайда болады.
Бір жиынның элементтерін екінші жиынның элементтеріне сәйкес қою
тапсырмаларын сәйкестік орнату тапсырмалары депатауға болады. Бұл үшінші
форма. Есептеулердің, әрекеттердің, қадамдардың, операциялардың,
терминдердің дұрыс тізбегін орнату керек болған жағдайларда дұрыс тізбекті
орнату тапсырмалары қолданылады. Бұл – тапсырмалардың төртінші формасы.
Аталған әрбір форма білімнің спецификалық түрін тексеруге мүмкіндік береді,
сонымен қатар оларға сәйкес бақылау материалдарын тексереді. Формаларды
таңдау тест пен мазмұнның мақсатына, білімді тесттік бақылаудың теория мен
әдістеме облысында оқытушылардың техникалық мүмкіндіктері мен дайындық
деңгейіне байланысты.
Айтылудың логикалық формасы оқытылып жатқан оқу дисциплинасы бойынша
білімдерді көрсетуге мүмкіндік беретін, адамның ойларын нақты көрсететін
универсалдық құрал болып табылады. Бұл форма көп жағдайларда сұрақтарды
алмастырады. Оқу сұрақтар көп сөзді сонымен қатар толық және толық емес,
дұрыс және дұрыс емес, формасы, мазмұны және құрылымы бойынша әртүрлі
жауаптар тудырады, бұл арқылы мұндай жауаптардың бағасы оқытушының міндетті
түрде қатысуын талап етеді және қандай да бір субъективизм үлесімен
ілеседі.
Олардың сұрақтары мен жауаптары анықталмаған және көп сөзді болады,
олардың ақиқатын айқындау үшін интеллектуалдық энергияның үлкен шығыны
керек, ал бұл уақытта тестілеудің технологиялық әдістемесі дұрыс жауапты
қате жауаптан нақты және тез дифференциалдауды ұсынады. Бұл мағынада
дәстүрлі сұрақтар мен жауаптар технологиялық емес; оларды тестке қосуға
ұсынбайды. Бұл қолайсыз құрылған кейбір есептерге де байланысты.
Тестік формадағы тапсырмалардың логикалық артықшылығы тұжырымның ақиқат
және жалған айтылуына табиғи айналуының мүмкіншілігінде. Тапсырмалар мен
айтылулардың бекітілген формасына көшу келесі қарастырылатын әдістемелік
принциптердің қатарына сүйене отырып тапсырмаларды жаңадан құруға мүмкіндік
береді.
Тестік формадағы тапсырмалардың технологиялық артықшылығы білімдерді
оқыту мен бақылаудың рутиндік компоненттерінің автоматизация талаптарына
сәйкестігі шығады. Егер әрбір тапсырмада жауапқа байланысты автоматты түрде
1 немесе 0 қойсақ, онда екі мәнді логикада негізделген бұл бағаны
қолданудан шығатын артықшылықты оңай көруге болады. Бұл жауаптарды тез
тіркеуге және барлығына бірдей қолданылатын уақытында өңделген заңдар
бойынша оларды объективті бағалауға мүмкіндік береді. Тестік формадағы
тапсырмалар компьютерге оңай теріледі, монитордың экранына компактті
проекцияланады, форма мен мағынасы бойынша жақсы ажыратылады.
Тестік формадағы тапсырмалардың семантикалық айырмашылығы олардың
мағынасы мен мәнінің жақсы түсінуінде. Бұл тестік формадағы тапсырмалардың
сөз құрылымына байланысты: тестік тұжырымның мәні, баяндау формасында
сөйлемнің жай құрылымының баяндауы жауаптың мағынасынан гөрі, жақсырақ
ұғынылады. Жауаптың мағынасын дұрыс түсіну үшін контекст өте қажет. Тестік
тұжырымдарда бірде-бір артық сөз бен таңба жоқ, бұл уақытта сұраққа талап
етілетін мағынасын, мәнін және интонациясын көрсету үшін қосымша сөздер
керек.
Қабылданған формада жауаптардың бірдей заңдылығы тестілеу ұйымының
маңызды құралы болып табылады. Зерттеленушілердің ешқайсысына басқаға
қарағанда ешқандай артықшылық берілмейді, барлығы да бірдей тапсырмаларға
жауап беріп, бірдей уақыт беріледі. Баға заңдылығы алдын-ала анықталады
және зерттелінушілердің барлығына бірдей қолданылады. Мұның бәрі
тестілеудің стандартты шарттардың бұзылуынан туатын өлшеудегі қателіктер
азаю үшін істелінетіні түсінікті. Тестілеу шарттарының стандартизациясы
эксперимент өткізудегі талаптарды ескертеді. Осы жөніндегі тестік әдісті
құрушылардың бірі болған адам жазды.
Жауаптар үшін анықталған орынның болуы тестік формадағы тапсырмалардың
сыртқы белгілерінің біреуі болып табылады. Жауаптарды таңдау тапсырмаларда
– бұл жауапты талап ететін әрбір тапсырмаға ұсынылатын сандардың ішіндегі
код (сандар немесе әріптер). Ашық формадағы тапсырмаларда жауап тапсырма
текстімен ілеседі, сызып тасталынған орынға жазылады. Сәйкестікті орнату
тапсырмаларда жауаптар әрбір тапсырма тексінен төмен орналасқан, арнайы
тасталған жолға немесе компьютерлік тестілеу кезінде “тышқан” арқылы
белгіленеді. Ал дұрыс тізбек орнатату тапсырмаларда зерттеуші арнайы
қойылған орынға рангттер қояды.
Тапсырманың формасы мен мазмұн инструкциясының адекваттілігі
компонеттердің өзара сәйкестігін білдіреді, бұл өзінің функциясы арқылы
тапсырманы орындау үшін керек. Адекваттілік шартты тапсырманың мазмұнына
еңгізген барлық талаптарды зерттеленушілердің санасына жеткізуге мүмкіндік
береді. Сәйкессіздік тапсырманың мағынасын түсінудегі қатені тудырып,
осыған сәйкес қате жауаптарға әкеледі.
Гегель форманың маңызды ролін бірнеше рет белгіледі: бұл оның ойынша
“мазмұн үшін сыртқы емес, ал мазмұнның ішкі анықтамасы. Сондықтан да тиісті
формасы жеткіліксіз өнер туындысы, ақиқи өнер туындысы бола алмайды”.
Аналогия бойынша форма мен мазмұн қосылып тапсырмаға тура бейнесін береді
немесе керісінше мазмұн анықталған формаға ие болады. Осыдан Аристотель
бойынша форма – заттың дамуымен қозғалатын ішкі күш болып табылады.
Формаға ие болу қажетті шарт, бірақ тестерді толық құруда жеткіліксіз
шарт болып табылады. Форма тапсырмаларға тұтастық құрылым және анықталған,
сыртқы ұйымшылдық береді. Тестік формадағы тапсырмалар тестік тапсырмаларға
сырттай ғана ұқсайды, бірақ бұл әлі оларды тестке қосуға жеткіліксіз;
тестке қосуға мүмкіндік беретін құрылым тексерісі керек. Сонымен қатар
тәртіптен тәртіпке ауысатын мазмұн форманы өзіндік пән сипатында қозғауға
және нақты оқу тәртібінің мазмұнынан тәуелсіз инвариант түрінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Мұнда мазмұнның өзгеруі кезінде бірқалыпты болып қалатын
форманы жиі салыстыру туралы жалпы философиялық тезис расталады.
Аристотельден бастап, форма - әлементтердің орналасуындағы тамаша принцип
болып ұғынады. И.Кант басқа түсінік ұсынды, онда форма - тәртіпке салу
принцип. Бұл екі ойлар – ұйым мен тәртіпке салу, сонымен бірге қандай да
бір формаларда мазмұнның болу идеясы тестік тапсырмалардың формасын
анықтаудағы негізіне енді: бұл - ұйым, тәртіпке салу және тест мазмұнының
болу әдісі.
Тестерді өңдеудегі ғылыми негізін зерттеумен педагогикалық тестология
айналысады. Шетел мемлекеттерінде эконометрия, биометрия, соцометрия және
басқа да ғылымдар даму тапты. Тестология ретінді педагогикалық тесттер
туралы қолданбалы ғылым, оларды өңдеу әдістері және тиімді қолдану
түсініреді.
Тестік тапсырмалардың формасын өңдеудегі жалпы принциптер тестологияда ең
маңызды зерттеу пәні ретінде қарастырылады.

1.4. ТЕСТІК БАҚЫЛАУҒА КІРІСПЕ
Тестік бақылауға кіріспе оқушының аса қызығушылығын және оқу мотивациясын
айтарлықтай жоғарлатады.
Бақылаудың тестік формасын пән бойынша кезеңмен енгізіледі.
Тестік форманың бірінші кезеңде тек қана кіріс бақылаудан өткізелді және
оқушылардың бастапқы білім деңгейі туралы кіріс тесті өткізудің қорытынды
мақсаты, мәліметтерді алу. Сондықтан кіріс тест берілген курстың негізгі
оқу элементерін меңгеру деңгейін тексеретін тапсырма косады. Тексеріс
кезінде ең алдымен білімдегі кемтіктер анықталады және өздігінен білім алу
өніміділіктің өте маңызды екенін көрсетеді.
Қорытынды тест (емтихандық) оқу материалды жүйелейді, жалпылайды,
жетілдірілген білім және икемділікті тексереді. Бірінші тексерудің
нәтижелері көрсетті, оқушыларды ағымдық және аралық бақылауды өткізген
кезде тестік тапсырмаларды қолдана отырып емтихандық тестке дайындау қажет.
Жауапты таңдау тапсырмалары әр бір оқушыға курстың білімін меңгеру және
міндетті талаптар көлемін дәл көруге, табыстарын объективті бағалауға,
қосымша және дара жұмыстар үшін нақты нұсқаулар алуға өте бағалы мүмкіндік
береді.
Тестік тапсырмаларды оқушылардың өзін бақылау режимінде, оқу материалын
қайталаған кезде, өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезде қолдану қолайлы. Тесті
басқа да бақылау формаларымен табысты қолдануға болады, сонымен қатар
оқушының білім және икемділік мінездемесіне қатар бойынша сапалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Тестерді құру және олрдың тиімділігін бағалау жұмысы - айтарлықтай қиын
және ұзақ.
Біріншіден, әр бір тестің сапасын бағалау қажет – оқушының нақты
мүмкіншілігіне және бағдарламаның сәйкестілігіне, оның тестік тапсырмаларды
орындау үшін уақыттың шектеулігі қатты әсер ететіндігін есептеу. Егер
бағдарламаның сәйкестілігін тек әдебиеттерді талдаған кезде тексерсек, онда
әрбір тестіні және бір тестте бөлек алынған әр тестік тапсырманы тек қана
нақты тәжірибе жүзінде алымдылықты тексеру мүмкін.
Екіншіден, түгелдей дерлік тестер өкілділік бағаны керек етеді –
түгелдей бағдарламалық материалды қаншалықты алатыны немесе айтарлықтай
бөлігі (конъюктуралық ұғымнан).
Және, ақырында, ең бастысы – құрастырылған тестерді бірнеше рет
айналдырып алу, солардың ішінен өкілеттісін теріп алуға, дайындық
диагностикасы көз қарасынан ақпаратандырылғаны қажет. Тестерді жүйелік
енгізу қиындыққа түсуі сапалы тестті құру бір шама қиын болуына байланысты.

1.5. ТЕСТІК ТАПСЫРМА МАЗМҰНЫН ІРІКТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
Мағыналылығы. Бұл принцип тестке өте маңызды, онсыз білім толық емес,
көптеген мәселелермен қалып қоятын білім элементтерін тіркеудегі
қажеттілікті көрсетеді. Мұндай элементтерді құрылымдық элементтер деп
атауға болады.
Ғылыми сенімділігі. Тестке объективті шындық болып табылатын және кейбір
рационалды аргументацияға берілетін оқу пәндерінің мазмұны тіркеледі.
Барлық бәсекелес көзқарастарды тестік тапсырмаға қосуға ұсынылмайды.
Тестік мазмұнның қазіргі ғылым жағдайының деңгейіне сәйкестігі. Бұл
принцип мамандарды дайындау және олардың білімдерін қазіргі материалда
тексерудің табиғи қажеттілігінен туындайды.
Репрезентативтілік. Тестке мазмұнның тек маңызды элементтер ғана
қосылмай, сонымен қатар олардың толықтығы мен бақылау үшін жеткіліктігіне
көңіл бөлінеді.
Оқу материалындағы қиындықтың өршуі. Бұл принцип бақылау процесіндегі
әрбір оқыту элементі студенттер үшін орташа қиындық деңгейінен тұрады.
Барлық оқулықтар қиындық деңгейінің өршуі принципі бойынша құрылады деп
айтуға болады. Логика, математика, шетел тілдері, статистика, философия
және басқа да оқу пәндер курсының келесі өтілетін элементтері өтілген оқу
элементтеріне тәуелді болады. Сондықтан да осындай оқу пәндерін басынан
бастап үйрену керек.
Мазмұнның вариативтілігі. Тест мазмұны ғылымның дамуынан, ғылыми-
техникалық прогрестен, оқу пәндерінің жаңа мазмұнынан, жаңа оқулықтардан
тәуелсіз және өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Оқу пәнінің мазмұны
өзгергендіктен тест мазмұны да түрлендірілуі керек. Егер дайындық бойынша
әлсіз студенттер тобы тестіленіп жатса, онда тесттегі қиын тапсырмаларға
бірде бір студент жауап бере алмайтыны шығады. Сондықтан да тестік
берілгендерді өңдеген кезде мұндай тапсырмалар алынып тасталынады.
Мазмұнның жүйелігі. Бұл білім жүйесінің талаптарына жауап беретін тестік
тапсырма мазмұндағы іріктеуді білдіреді.
Тест мазмұнының комплекстілігі мен баланстандырылуы. Қорытынды білім
бақылау үшін өңделген тест бір ғана тақырыптың материалдарынан тұруы, бұл
тақырып оқу пәнінде ең маңызды болса да мүмкін емес. Оқу курсындағы
тақырыптардың барлығы болмаса да, ең негізгі комплексті бейнелейтін
тапсырмалар іздеу керек. Сонымен қатар тестте негізгі теориялық материалды
– түсініктерді, заңдарды, гипотезаларды, факттарды, теорияның құрылымдық
компоненттерін баланстандыруға тырысу керек.
Мазмұн мен форманың байланысы. Осы жалпы диалектикалық принципті
қарастыруда тестке сәйкес өнермен ассоциация туындайды. Гегель айтқандай,
шын мәнінде өнер өзінің ішінде аяқталған мазмұн мен оған сәйкес келетін
форманың бірігуі болып табылады. Тура осылайша шын мәнінде педагогикалық
тест тапсырма мазмұны мен сәйкес форманың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп
тұжырымдауға болады.

1.6. ТЕСТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмалары
Тестік практикада дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмалары өте кең таралған,
ал бұл осы форманың бірінші кезекте білімді бақылаудың автоматизациясы үшін
тиімді екені шығады. Мұндай тапсырмаларға студенттер мен оқушылар қате
жауаптармен бірге болса да, дұрыс жауап міндетті түрде болатындықтан жақсы
қарайды.
Сонымен бірге бұл тапсырмалар сынға түсті.
Үйреншікті әдісті жақтайтындар шынымен білімді тексеру тек оқушымен қарым-
қатынас жасап, оған сұрақтар қойып қана білімнің тереңдігін, беріктігін
анықтауға болады деп тұжырымдайды. Мұндай тұжырымдармен келісуге болады,
бірақ тек педагог – оқушының жеке қатынасы шегінде ғана. Массалық оқу
процесінде жаңа білім беру технологияларын енгізу арқылы оқытушылардың,
мұғалімдердің және оқушылар еңбектерін үнемдеу, уақыт үнемі және білім беру
процесінің эффективтілігінің жоғарылауы сұрақтары туындайды.
Дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмаларының кемшілігі - дұрыс емес
жауаптарды еске сақтау қалу мүмкіндігі. Бұған қатысты көп нәрсе жазылған,
бірақ дәлелденбеген. Негізі өзің құрастырып алғаннан гөрі, дұрыс жауапты
табу оңайырақ келеді. Бірақ бұл логика білім болған жағдайда, немесе
жауапты нақты білмесе, сонымен қатар егер дұрыс жауапты қате жауаптан оңай
ажыратуға болса ғана тиімді деп есептеледі. Жақсы құрастырылған
тапсырмаларда қате жауаптар дұрыс жауаптардан гөрі шындыққа сай келетін
сияқты болады. Бұл оқушылар дайындығының жоғары болуын талап ететін қиындық
элементі болып табылады. Бір немесе бірнеше жауапты таңдау тапсырмаларының
басқа кемшілігі – олар төменгі дәрежедегі білім бағасына ғана жарайды. Бұл
өте бәсекелес тұжырым; берілген жұмыста ол нақты мысалдарды әшкерелейді.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау тапсырмаларының үш нұсқасы
белгілі. Бірінші – бір дұрыс жауаптың номерін таңдау тапсырмаларын қолдану.
Бұл нұсқа – тестілеуді жақтайтын және жақтамайтындардың арасында тұр.
Бәсекелесу мәселесі – осындай тапсырмалармен нені тексеруге болады, қандай
сапамен, онда қарапайым еске сақтау мен айырып тану, көшірудің тапқырлығы
мен мүмкіншіліктері .
Екінші нұсқадағы таңдаумен тапсырмалары практикада қолданылмайды деп
айтуға болады: бұл ең дұрыс жауаптың номерін таңдау тапсырмалары.
Үшінші нұсқа – барлық дұрыс жауаптың нөмірлерін таңдау; оның көптеген
артықшылықтары бар, сондықтан да жоғары оқу орындары мен мектептердегі
практикалық жұмыстарда енгізіледі.
Практикада зерттелушілерге дұрыс емес жауаптың номерін (немесе әріпін)
таңдау тапсырмалары жиі кездеседі. Осы инструкциялы тапсырмалар көпшілікке
қолдану үшін ұсынуға болмайды. Себебі, білім әлемінде дұрыстылық процесі
қалыптасқан.
Дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмаларының бірінші нұсқасына зерттелушілер
үшін, егер бақылау ЭЕМ арқылы өткізілсе, стандартты инструкция: “Дұрыс
жауаптың номерін дөңгелету!” Бұл нұсқадағы жауаптардың саны негізі бірден
беске дейін болады. Егер алтыншы эффективті жауапты ойластыруға мүмкіндік
бар болса, онда дұрыс жауапты білмейтін зерттелушілерге оны табу
ықтималдылығы азаятындықтан нәтиженің сапасын жақсартады.
Қазіргі техникалық құралдардың қолданылуымен тестік берілгендерді
есептеуде негізінен бес мүмкін болатын жауап қарастырылады, олардың біреуі
және тек қана біреуі дұрыс бола алады. Әрине, зерттелушілер үшін берілген
стандартты инструкцияда дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмасының осы
нұсқасында қалған жауаптар мүлдем дұрыс емес болып табылуы керек.
Жауабтың саны аз болғанда сапаны анықтау қиынырақ болады. Жауаптардың ең
аз саны – екеу, мұндағы біреуі – дұрыс, ал екіншісі – дұрыс емес болады.
Негізінен жауаптардың саны – тапсырманың эффективтілігінің ең басты
критериі емес. Олардан ең маңыздысы – сапасы. Сондықтан да қорытынды
есебінде, жалпы заң бар: егер зерттелушілер қандай да бір дұрыс емес
жауапты таңдамаса, яғни көпшілігі бұл жауаптың дұрыс емес екендігін көріп
тұрса, онда оны тапсырмадан алып тастау керек. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
Тест жұмысының тарихы
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары
Информатика пәнінен қазіргі таңдағы бақылау, тексеру, бағалауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Оқушылардың білімін тексеруде тесттің маңыздылығы
Ағылшын тілі сабағын бағалаудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері
Пәндер