Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері 2. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу 3. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері



Кіріспе
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Негізгі бөлім
Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу
Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы

Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.
Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.
Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері кезінде содаауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс қысым Р деп атайды. Дыбыс толқындарын тарату энергияны ауыстырумен ілеседі, шамасы дыбыс қарқындылығымен І анықталады. Адам есітіп анықталатын ең аз дыбыс қысымын Р0 және ең аз дыбыс қарқындылығын І0 табалдырықтық деп атайды. Шамалы естілетін дыбыстың қарқындылығы (естілу табалдырығы) және ауыртатын әсерді шақыратын дыбыстардың қарқындылығының (ауырту табалдырығы) айырмашылығы бір бірінен миллион есе болады. Сондықтан шуылды бағалау үшін дыбыс қысымы мен қарқындылығының абсолюттік мәнін емес, олардың Р0 және І0 табалдырықтық мәндеріне қатынасы бойынша алынған логарифмитикалық бірліктегі салыстырмалы деңгейін өлшеу ыңғайлы болады.
Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.
3. Ш.Т.Бейсебаев,М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау» курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы .Семей 2014.
4. Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі».
5. Қ.Т.С.Ж “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу ережелері.
6. Ж.К. Аманжолов. Охрана труда и ТБ. Астана.2007 г
7. Б.И.Зотов и др.Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.стр.91
8. Г.И.Беляков. «БЖД на производстве» М. 2001 г.
9. М.М.Большов.и др. Справочник. Охрана труда в с/х-ве. М.1990г.
10. Ю.Д. Жалов и др. «Справочник по гигиене труда и производственной санитарий» М.1989 г.
11. С.В Белов и др. «Безопасность производственных процессов » Справочник. Москва 1995г.
12. М.А. Нуржасарова и другие. «Охрана труда». Астана. 2007г.
13. В.И.Скала. Охрана труда и техника безопасности. Алматы. 2002 г.
14. П.П. Кукин и другие Безопасность жизнедеятельности. Москва. Высшая школа 1999 г.
15. А. Н .Баратов. Справочник. Пожарная безопасность. Взрывобезопасность. Москва 1987г
16. Э.А.Арустамов. «Безопасность жизнедеятельности» М.1999г.
17. Н Ә Жүнісбаев және басқалар. «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ, I және II кітап.
18. Приходько Н.Т. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 2000 ж
19. ГОСТ-12.001-82.ССБТ Опасные и вредные производственные факторы.
Классификация.
20. А. Ф. Иванов и другие. Пожарная техника. М., 1988.
21. Пчелинцев В.А. и другие Охрана труда в строительстве. М. 1990 г.
22. Михно Е.П. Ликвидация последствий аварий и стихийных бедствий. Москва. Атомиздат, 1989

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Тақырыбы: Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері 2. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу 3. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері

Тобы:АГ- - 413
Орындаған:Елубек Қарлығаш
Тексерген: Бейсебаев Ш.Т.

Семей 2015ж

Жоспар:
Кіріспе
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Негізгі бөлім
Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу
Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер

Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы

Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.
Шуыл - қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.
Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері кезінде содаауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс қысым Р деп атайды. Дыбыс толқындарын тарату энергияны ауыстырумен ілеседі, шамасы дыбыс қарқындылығымен І анықталады. Адам есітіп анықталатын ең аз дыбыс қысымын Р0 және ең аз дыбыс қарқындылығын І0 табалдырықтық деп атайды. Шамалы естілетін дыбыстың қарқындылығы (естілу табалдырығы) және ауыртатын әсерді шақыратын дыбыстардың қарқындылығының (ауырту табалдырығы) айырмашылығы бір бірінен миллион есе болады. Сондықтан шуылды бағалау үшін дыбыс қысымы мен қарқындылығының абсолюттік мәнін емес, олардың Р0 және І0 табалдырықтық мәндеріне қатынасы бойынша алынған логарифмитикалық бірліктегі салыстырмалы деңгейін өлшеу ыңғайлы болады.
Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады
lg(II ) (2.8)
мұнда I - берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Втм ;
I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Втм тең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.
Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады
L = 20 lg (P P ) (2.9)
мұнда P - берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па;
P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы.
Дыбыс қысымының деңгейі бірдей болған кезде түрлі жиіліктердің дыбыстық тербелістері адамның есіту органына әртүрлі әсер етеді. Жоғары жиіліктер дыбысының әсері ең жайлы болып табылады. Шуылдар жиілігі бойынша төмен жиілікті (400 Гц төмен жиіліктер ауқымындағы дыбыс қысымының максимумы) және жоғары жиілікті (1000 Гц жоғары) болып бөлінеді.
Шуылдың жиіліктік сипаттамасын анықтау үшін дыбыс ауқымы жиілігі бойынша октавтік жиіліктер жолағы деп бөледі, мұнда шектік f жоғарғы жиілігі қосарланған f төменгі жиілігіне тең, яғни
f f = 2. (2.10)
Октавтік жолақ ортагеометриялық жиілікпен сипатталынады
f = . (2.11)
Спектрінің сипаты бойынша шуылды бір октавадан астам енді үззіксіз спектрі бар кеңжолақты және анық дискреттік үні болатын үнді спектр деп бөледі. Уақыты бойынша шуыл тұрақты және тұрақсызға (уақыты ауысып тұратын, үздіксіз, импульстік) бөлінеді. Нормаландыруы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавтық жиіліктер жолағында жүргізіледі.
Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады.
Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді.
Діріл қатты денедегі механикалық тербелісті білдіреді. Үлкен амплитудасы бар (0,500,003 мм) төмен жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді адам діріл немесе сілкіну ретінде қабылдайды. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйеснің талдауыштары - вестибулярлық, тері және басқа аппараттар маңызды роль ойнайды. Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі.
Діріл ауытқу жиілігімен және амплитудасымен, жылдамдықпен және үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам денесінің немесе жеке органдарының (адам денесі үшін 6...9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8 Гц, басқа органдары үшін - 25 Гц шектерінде) тербелістер жиілігімен сәйкес келетін еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады. Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 60 және 90 Гц арасында жатады, ол көз қарашығының резонансына сәйкес келеді. 35...250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті болып табылады.
Шуыл мен дірілді өлшеу үшін микрофонның орнына орнатылатын қосымша аспап - күшейткіші бар шуылөлшегіштер мен виброметрлер пайдаланылады. Шуыл мен дірілді өлшейтіндер - ВШВ - МММ2 аспаптары кеңінен таралды.
Діріл мен шуылдан қорғанудың шаралары және құралдары. Қалқаларды, қыртыстарын, кабиналарды және т.б. экран түрінде дыбысты оқшаулайтын және дыбысты жұтатын қондырғыларды орнату арқылы шуылды төмендетудің тәсілдері кең таралым алды.
Шуылдан жеке қорғанудың құралдары (ЖҚҚ) құлақ жапсырмалары, құлаққаптар және шлемофондар болып табылады. ЖҚҚ тиімділігі пайдаланылатын материалдардың құрылымынан, тығыздық күшінен, дұрыс тағып ұстағаннан байланысты болады.
Машина және жабдықтың дірілінен күресу және жұмыс істейтіндерді содан қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін вибродемпфирация - механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа түріне, әсіресе жылулыққа айналдыру құбылысын кең қолданатын болды. Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және т,б, пайда болуын бәсеңдету үшін дірілді оқшаулататындарды: резеңкені, тығындарды, киізді, болат серіппеліні кең қолданады. Жұмыс істейтіндерді ЖҚҚ ретінде қалың резеңкелі табаны бар арнаулы аяқ-киімді пайдаланады. Қолды қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, олар иіліп бәсеңдетуші материалдан дайындалады. Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс режімін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу-алдын алу, мысалы, гидропроцедуралар (қол мен аяққа жылы ванналар, витаминдер беру) сияқты шараларын жасау болып табылады.
Шу - дегеніміз өндірістегі қызмет процесі кезіндегі әр түрлі құрал - жабдықтардың қосылма шыққан дыбыстары. Ол адамдардың жұмыс істеу қабілетін төмендететіні анық. Әр жабдықтың өзіне тән шум шығарылуы да ГОСТ стандарт бойынша бекітіледі. Ол қандай категориялы екені және дыбыстың көп ноталы ма әлде дара немесе таза дыбыс екені жабдықтың құжатында көрсетіледі.
Өндірістегі шумның әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады. Шум кезінде тіке есту қаблеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз - қан айналымды, жұмысқа деген қаблеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте бақытсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды (сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.
Шум 2 түрге бөлінеді:
1. Механикалық
2. Аэродинамикалық
а) Механикалық дыбыс - дегеніміз үзіліссіз машиналар мен жабдықтардың қоспалы дыбысы.
б) Аэродинамикалық - дегеніміз белгілі бір уақытта болатын және механикалық жабдықтарсыз жеңіл бір ноталы дыбыс. Мысалы желдеткіш, судың ағуы, т.б.
Сондықтан ең үлкен дыбыс механикалық жабдықтарда болғандықтан олардың бір-бірімен жанасатын элементтерінің арасына және қырқаяқшаларының тістерін үнемі майлап, қатты материалдың түрін қосады.
Құрал - жабдықтардың дыбысын азайту үшін сыртынан қорап кигізіледі. Қораптың түрлері өте көп: алынбалы - салынбалы, смотровые окна және қатты желдеткіш дыбыс арқылы сыртқа шығару. Жабдықтың қорап пен ара қашықтығы бекітілген нормаға сай болу керек. Қораптың ішкі қабаты 50 мм материалмен жабдықталады. Ол да жабдықтың дыбысын азайтуға күш қосады.
Өндірісте шум мен бірге адам организіміне кері әсерін туғызатын зиянды дыбыстардың бір түрі - діріл (вибрация). Ол да құрал жабдықтардың түрлеріне байланысты стандарт бойынша қабылданады.

Шаң-тозаң
Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).
Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін.
Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары - пневмоканиоз; б) дерматит - тері аурулары; в) конъюктивит - көз қабықшасының зақымдануы.
Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а)шаңның пайда болуымен күрес;
б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу);
г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).
Өндірісте ең жоғарғы сатыда тұрған зиянды заттардың бір түрі - шаң болып табылады. Қарағанда көзге көрінбейтін, ал адам өміріне зияндылығы өте жоғары болғандықтан жұмысшыларды кәсіби ауру түріне шалдықтырары мүмкін.
Себебі тыныс алу жолдарымен және де тері арқылы ішкі құрылыста вирустар, бактериялар басым болады. Ас қорыту жүйесіне бірнеше қабаттанып жиналады. Мұның барлығы адамды үлкен ауруға шалдықтырады.
Өндірістік шаң 2 түрге бөлінеді - органикалық (улы) және бейорганикалық (усыз).
1. улы шаң - адамның тыныс жолдарын жауып, үлкен ауру түріне шалдықтырады.
2. усыз - теріні, көзді, құлақты тітіркендіреді (раздражает).
Статикалық электр тогынан қорғанудағы

өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпысалалық талаптары

1 - бөлім. Жалпы ережелер
1. Статикалық электр тогынан қорғанудың осы статикалық электр тогынан қорғанудағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпысалалық талаптары (бұдан әрі - Талаптар) жобаланатын, қайта жабдықталатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өнеркәсіп нысандарына таралады.

2. Статикалық электр тогынан қорғану шаралары А, Б, В және Е дәрежелі жарылыс және өрт қауіпті өндіріс орындарының В-1а, В-1, В-1б, В-1г, В-11, В-11а, 11-11, 11-11а, 11-111 санатты сыртқы қондырғыларына жүргізіледі.

Аталған санаттарға жатпайтын өндіріс орындарында статикалық электр тогынан қорғану шаралары, өндірісте қызметкерлердің статикалық электр тогынан зақым алу қаупі бар кезде жүргізіледі.

3. Жаңа технологиялық процестерді, техникалық құрылғыларды дайындау жұмыстары, өнеркәсіптік өндірістерде заттардың қауіпті электрлендірілуін болдырмауын есепке ала отырып жүргізіледі. Жобалауға арналған алғы шарттарда келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) берілген өндірістегі қолданылатын және өндірілетін заттардың салыстырмалы көлемдік немесе беттік электрлік кедергісінің мөлшері;

2) қауіпті статикалық электрдің пайда болуын болдырмау талаптары, алынатын өнімнің, оның сапасын өзгертпейтіндей қалыпта, оның салыстырмалы көлемдік немесе беттік электрлік кедергісін төмендету үшін статикалық электрге қарсы заттарды пайдалану мүмкіндігі.

4. Өндіріс процесі кезінде статикалық электр зарядтарының қордалану қауіптілігінің сипаттамалары және заттардың электрлену жиілігін төмендету бойынша іс-шаралар, осы Талаптар бойынша электр зарядтарының әкетілуін қамтамасыз ететін қосымша шаралар жобаның технологиялық бөлігінің есеп-жазбасында және процестің технологиялық регламентінде көрсетіледі.

5. Ылғалдағыштарды, беттік-белсенді заттарды, статикалық электрге қарсы заттарды және бейтараптандырғыштарды қолдану туралы мәліметтер жобаның тиісті бөліктерінде көрсетіледі.

6. Жобаның электрлік техникалық бөлігінде статикалық электр зарядтары пайда болуы мүмкін технологиялық жабдықтарды және желдеткіш жабдықтарды жерлендіру қарастырылады.

1 - тарау. Статикалық электр зарядтарының пайда болу шарттары және олардың қордалануының қауіптілігін бағалау
7. Статикалық электр зарядтары, заттардың сығылуы, майдалануы (шашырауы), денелердің, сұйық қабаттардың немесе түйіршік материалдардың өзара түйісуі, салыстырмалы қозғалысы, олардың кристалдануы және булануы кезінде пайда болады. Статикалық электрдің қауіпті мөлшерінің қордалану мүмкіндігі, оның пайда болу жиілігімен, сонымен қатар, зарядтар қозғалысының шарттарымен анықталады. Технологиялық жабдықтарда зарядтардың пайда болуы, ондағы өңделетін заттардың, жабдықтардың бөлшектерінің материалдарының, технологиялық процестің физикалық-химиялық қасиеттерімен анықталады. Зарядтардың ағынының пайда болу процесі, негізінен өңделетін заттардың, қоршаған ортаның және жабдықтардың материалдарының электрлік қасиеттерімен анықталады. Меншікті көлемдік кедергісі 10[5] Омм мөлшерінен төмен болатын заттар мен материалдар, егер олар шашырамаса немесе себеленбесе электрмен зарядталмайды.

8. Өңделетін заттардың және металл емес материалдардан жасалған бөлшектерінің электрленуінің дәрежесі, қауіпті қоспалардың тиісті санаттары мен топтарына жарылыстан қорғалған ретінде жарамды деп танылған аспаптармен өлшенеді.

9. Жылжымалы аспаптардың бергіштері электрстатикалық ұшқынға қарсы қолданылатын қауіпсіздік талаптарына сай таңдалынады. Егер, аспаптың бергішіне металл электродтан потенциалы 50 кВ және сыйымдылығы 60 - 100 пф ұшқын разряды түскен кезде, аспап тұрған қоспаның тұтану мүмкіндігі 10[-3] мәнінен (бұл разрядтардың энергиясы қоспаның тұтануының ең кіші энергиясынан 2,5 есеге дейінгі мәні (осы Талаптардың 1-2-ші қосымшаларына сәйкес) аспаса, онда аспаптың бергіші электрстатикалық ұшқынға қауіпсіз деп саналады.

10. Егер зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның кез-келген бөлігінің потенциалының өлшенген ең көп мөлшері, осы зарядталған заттың және қоршаған ортаның шекті рұқсат етілген мөлшерінен аспаса, онда заттың бетінің электрленуінің дәрежесі қауіпсіз деп саналады.

11. Зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның потенциалының шекті рұқсат етілген мөлшері деп, берілген заттың бетінде пайда болған разрядтың ең көп мүмкін болатын энергиясы қоршаған ортаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінің [1]4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.

12. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоршаған ортасының тұтанғыштығы, негізінен сұйықтықтардың буларының қасиеттеріне байланысты анықталатындықтан, бұл сұйықтықтардың зарядталуының шекті рұқсат етілген мәні болып, олардың беттік тығыздықтарының, беттік кернеулерінің немесе олардың потенциалдарының, сұйықтық буларының ауамен қоспасының тұтану энергиясының ең кіші мәнінің [1]4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.

13. Егер статикалық электр разрядтарының пайда болуы жойылса немесе пайда болған разряд энергиясы ортадағы жанғыш қоспаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінен 2,5 есе кем болса, аппаратуралар немесе технологиялық жабдықтар электрлік ұшқынға қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырады деп саналады.

Статикалық электрден қорғану шаралары

Жалпы ережелер
14. Өндірістегі жабдықтарда, өңделетін заттарда, адамдардың үстінде электр разрядының қауіпті ұшқындарының пайда болуының алдын алу үшін, өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, пайда болған статикалық электр зарядтарының қауіпсіз ыдырауын қамтамасыз ететін келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы мәлімет
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу туралы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері жайлы
Шу мен дірілдің,ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы ақпарат
Пәндер