М.Мақатаев шығармашылығы



1. Өмірбаяны
2. Хронология
3. Поэзиядағы алғашқы қадамдары
4. Шығармаларыменаудармалары
4.1. Поэмалары
4.2. Өлеңүзіндісі
4.3. Ақынныңзатыөлгенмен, атыөлмейді
5. Пайдаланған әдебиеттер
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Ол 1931 ж. 9-шы ақпандаАлматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.
1. «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет.
2. Жоғарыға көтеріліңіз Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”.
3. Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл № 6
5. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2001 жыл.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Өмірбаяны
2. Хронология
3. Поэзиядағы алғашқы қадамдары
4. Шығармалары мен аудармалары
4.1. Поэмалары
4.2. Өлең үзіндісі
4.3. Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді
5. Пайдаланған әдебиеттер
Өмірбаяны
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) - қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз. Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.
Хронология
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң Социалистік Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің (1962-1963 жж.), Мәдениет және тұрмыс (қазіргі Парасат) (1963-1965 жж.), Жұлдыз (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Ильич (1964), Армысыңдар достар (1966), Қарлығашым келдің бе?, Мавр (1970), Аққулар ұйықтағанда (1973), Шуағым менің (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Поэзиядағы алғашқы қадамдары
Ақынның тұңғыш өлеңдері "Қырман басында", "Қойшы бала -- Әкітай" ауданындағы "Советтік шекара" газетінде жарияланды (1949). "Інімнің ойы", "Шебер" өлеңдері "Жастық жыры" атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: "Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!" деген еді ("Қазақ әдебиеті", 18.3.1960).
Шығармалары мен аудармалары
Мұқағали Мақатаевтың суреті бейнеленген пошта маркасы, 2006 жыл
Мұқағалидің "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек" (1972 ж.), "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің" (1975 ж.), "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен", "Өмір-дастан" және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, "Қош, махаббат!" (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің "Құдіретті комедиясының" "Тамұқ" деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің "Сонеттерін" (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, "Шөп жапырақтары" (1969); У.Шекспир, "Сонеттер" (1970); Д.Алигерьи, "Құдіретті комедиясының" "Тамұқ" бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы ["Ильич" (1964), "Армысыңдар, достар" (1966), "Қарлығашым, келдің бе?" (1968), "Мавр" (1970), "Дариға-жүрек" (1972), "Аққулар ұйықтағанда" (1974), "Шуағым менің" (1975), "Өмірдастан" (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері "Зов души" деген атпен орыс тілінде басылып шықты
Поэмалары
Мұқағалидің "Ильич", "Ақ қайың әні", "Ару-ана", "Мавр", "Аққулар ұйықтағанда", "Қырандастар, қош болыңдар", "Чили-шуағым менің", "Шекарада", "Большевиктер", "Өмірдастан", "Арман", "Шолпан", "Досыма хат", "Алтай-Атырау", "Отаным, саған айтам", "Райымбек! Райымбек!", "Қашқын", "Жер үстінен репортаж", "Моцарт. Жан азасы" атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған "Моцарт. Жан азасы" реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. "Табыт үні", "Халық үні", "Жесірлер үні", "Бесік жыры" аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: "Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым" немесе "Тіпті де мен емес-ті "Мен" дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің»
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
«М.Мақатаевтың» портреті
Қазақ өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы (М.Мақатаев, К.Мырзабеков өлеңдері негізінде)
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Мұқағали Мақатаев поэзиясынның көркемдік жүйесі
Пәндер