Өнеркәсіпте инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ӨНЕРКӘСІПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қазақстан Респупликасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. «HIGH TECH LOGISTIC» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикада алатын орны...12
2.2. Кәсіпорынның шаруашылық.экономикалық қызметін талдау ... ... ... ... . 26
2.3. Кәсіпорынның инноациялық үрдісін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

3. ӨНЕРКӘСІПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
3.1. Ғылыми әлеуетті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.2. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
КІРІСПЕ
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.
Біз бәсекге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салдарды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материлдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы. Ел экономикасының шикізаттық амес салалрдағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.
Индустриялық-иннновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлелеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1млрд. 200млн. АҚШ долларынан асып отыр.
2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты.
Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарына лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жекеменшік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалармен кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар бай және кедей елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.
Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi.
. Курстық жұмыстың объектісі ретінде:
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және қолданылылған әдебиеттерден тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Крылов Э.И. Анализ эффективности инвестиционной инновационной деятельности предприятия . – М.: Финансы и статистика 2006.
2. Серикбаева Б. Инновационные факторы развития // Транзитная экономика.- 2004.-ЗЧ 3.- С.106-110.
3. Комилов С. Основы развития инновационной деятельности предприятий.
4. Научное издание Наука и инновации в рыночной экономике 2005- 256с.
5. Н.А. Барлыбаева Алматы 2007-50с
6. Оқу құралы Қ.Сарбасова 2006-176б.
7. Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі стат.жинақ 2007-96б.
8. Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі стат.жинақ 2005-108б.
9. К.Өмірзақов Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі 2007-5б.
10. Николаева Учебное пособие 2003-318с.
11. Т.И. Исахметов 2007-30с.
12. Астапов К. Инновации промышленных предприятий и экономический рост // экономист. 2005№6
13. www.google.kz/
14. www.htl.kz/
15. www.damucenter.kz/

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өнеркәсіпте инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және
дамыту

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. ӨНЕРКӘСІПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қазақстан Респупликасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда
мемлекеттің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .9
2. HIGH TECH LOGISTIC КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1. Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикада алатын орны...12
2.2. Кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін талдау ... ... ... ... .
26
2.3. Кәсіпорынның инноациялық үрдісін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...29
3. ӨНЕРКӘСІПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
3.1. Ғылыми әлеуетті
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .33
3.2. Инновациялық инфрақұрылымды
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 46

КІРІСПЕ
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай
отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс.
Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана
істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды
дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-
инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.

Біз бәсекге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып,
бәсекелестікке қарымы мол басым салдарды дамытуға кірістік, сол арқылы
қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтық туризм, мұнай-
газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық
қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материлдары сияқты салаларда
кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы. Ел экономикасының
шикізаттық амес салалрдағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар
айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін
экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – ұлттық инновациялық
жүйе жасауды қолға алдық.
Индустриялық-иннновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде
қалыптасты. Мемлелеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында
730млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1млрд. 200млн.
АҚШ долларынан асып отыр.
2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму
институттарының қолдауымен жүзеге асты.
Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарына
лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жекеменшік сектор өзара сенім
мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903
қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-
тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi
бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096
Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын
әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық
экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде
айқындалады.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар
проблемалармен кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк
экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік
инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл
проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға
қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы
керек.
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің,
ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар бай және кедей елдер
арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн
құрайтыны, күштер орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып
табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның
өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.
Сонымен қатар жаһандану процестері және экономикалардың өспелі өзара
тәуелдік инновациялық процестерді басқару міндетін барынша қиындата түседi
және жекелеген мемлекеттiң инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті
стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi.
. Курстық жұмыстың объектісі ретінде:
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және қолданылылған
әдебиеттерден тұрады.

1. Кәсіпорындағы инновациялық үрдістің теориялық аспектілері
1.1. Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері

"Инновация" термині көп ғалымдардың айтуы бойынша XV ғ. пайда
болған. Жалпы алғанда "инновация" сөзі ағылшын тілінен аударғанда
"innovation" "жаңарту", "заттарды бөлудің жаңа жолы", "жаңалық енгізу"
деген сөздерді білдіреді.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында австриялық ғалым Й. Шумпетер инновация
түсінігін экономика ғылымына енгізген. Ол инновацияны жаңа туынды
тауарларын пайдалану, жаңа өндірістік және транспорттық қорларды
ұйымдастырудың формалары мен нарықты өндіріске енгізу мақсатында
қолданылды. Й. Шумпетер бойынша нарықтағы анықтаушы рөл болып, экономикалық
теңдікке, технологиялық үрдістерге өнім ассортименттерінде және
экономиканың ұйымдастырушылық құрылымдарға, өзгеріс енгізетін
кәсіпкерліктің қызметтерінде болады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде, "инновация" жалпы қабылданған
термин ретінде қолданылады.
Й. Шумпетер бойынша инновация – тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар
өндірістің жаңа қызметі болып табылады.
Инновацияның эволюциялық әдістемесін Дж. Ст. Милль, К.Маркс және Й.
Шумпетер қолданған.
Й. Шумпетердің айтуы бойынша кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел
бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық
дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты.
Инновациялар бар дәстүрлерді бұзып қоймайды, олар басқа тәуекелді
кәсіпорындардан қарағанда көбірек пайда әкеледі.
Ағылшын-орыс сөздігі бойынша "инновация " бұл жаңалық енгізу,
жаңашылдық, өзгеріс деген сөздерді білдіреді.
Жаңашылдықтар мағынада – интеллектуалды қызметтің нәтижесі, ал кең
мағынасында ашсақ рәсімделген өнертабыс түрінде, патенттер, тауарлық
белгілер, оңтайландырғыштық ұсыныс, ноу-хау түріндегі инновациялық
үрдістер нәтижесі.
Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол
инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір
пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін
айтамыз.
Инновация – ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және
менеджмент сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады.
Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В.А.Макоренконың
"қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер" сөздігінде: "инновация" (ағылшын
"innovation" -жаңалық енгізу, "жаңалық", латын тілінде "innovation" -
"жаңарту", "жаңғырту") бұл:
1.Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға
жұмсалынатын қаражат.
2. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен
техноголия нәтижесі.
3.Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер
құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т.б.
4.Тіл білімінде – жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа
түсініктердің пайда болуы.
Өндіріс факторларының "жаңа комбинацияларын" жүргізу барысында, ол
инновацияға алып келеді. Өндіріс факторларының "жаңа комбинациялары"
келесілер:
- жаңа өнімді шығару, дайындау;
- өндірісте жаңа технологияларды қолдану;
- жаңа өндірісті ұйымдастыруды қолдану;
- жаңа тұтыну нарықтарын ашу;
- жаңа ресурстар көздері мен түрлерін ашу.
Р.Фостердің теориясында инновация – бұл "технологиялық құлдыраудың"
жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің
пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация
бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен
қатар жаңа технологияларды талап етеді.
Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады.
Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің
жетекші факторы: білім, интеллект, инновация болып табылады.
Дәстүр бойынша инновацияны – инновация-өнім, инновация-үрдіс немесе
технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық деп бөлуге болады.
Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда
қолданылады. Біреулерде – бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін
өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.
Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату есебінен
бәсекелестік көтеру, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім
ассортименті мен наменклатурасын кеңейту болып табылады.
Ұйымдастырушылық-басқару инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде
қызметкерлер мен бөлімшелерді, жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады.
өндірісті және персоналды басқару әдістерін жетілдіру, жаңа маркетингтік
бөлімшелер құру, тиімділікті арттыру үшін жаңа жолдар мен тәсілдерді
қолдану кезінде болады.
Институтционалды мектептің экономтеория зерттеушілері инновацияларды
қоғамдық таңдау теория көмегімен сыныптауды жөн көрді. Инновация субъектісі
ретінде: кәсіпкер, топ, фирма, ұлт шаруашылығы, әлеуметтік қозғалыстар және
мемлекет қатысады. Осы субъектілердің әр қайсысы салыстырмалы
артықшылықтарға ие.
Бірінші инновацияның типі – қоғамдық игілік. Берілген инновацияны
барлық қоғам мүшелері қолдана алады. Кәсіпорындарда осы инновация түрін
өндіруде мемлекет пен әлеуметтік көзқарастар қызығушылықтарын танытады.
Екінші инновация түрі – клубтық игіліктер. Ұйым деңгейіндегі
өзгерістер клубтың игіліктерін сипаттайды. Бұл инновация түрін
қолданушылардың саны ұйым мүшелерімен шектеледі.
Үшінші инновация түрі – жеке меншік ретінде сипатталады. Өнертабыс
құқығымен, патенттер бар кездегі жеке игілікті жүзеге асыру үшін
құрылған. Бастапқы кезде жаңа өнім нарықта пайда болғанда, ол монополиялық
сипатта болады, жаңа өнім-инновациясынан бұрын оның шығарушысы (авторы)
"инноватор рентасын", жаңа өнімдерді жасауды ынталандыратын, монополиялық
жоғары пайда алады.
Инновация түсінігін басқа да түрлерін ескеру арқылы кеңірек ашуға
болады.
П.Друкер инновациялық идеялардың көздері - тәуекелділік көздерінен
басқа келесі түрлерге бөледі:
- күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген сәтсіздік негізіндегі
инновациялар;
- өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
- сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
- жаңа білімдерге негізделген инновациялар;
Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық өнімдер мен
технологиялар әлеуметтік әсерлерді тудырады.
Қоршаған ортаға әсерді білдіретін инновациялар экономикалық
инновацияларды білдіреді.
Жоғарыдағы айтылған тәсілдерді талдай келе келесі түрде көрсетуге
болады:
Радикалды деңгейі бойынша:
- технологияның жаңа кезеңі мен бағыттарын дамытуды қалыптастыру негізі
болып қаланатын ірі өнертабыстарды жасайтын базалық инновациялар;
- ғылыми-техникалық циклдың тұрақты дамуы және таралу фазасындағы шағын
және орта өнертабыстарды жүзеге асыратын жаңартушы инновациялар;
- ескірген техника мен технологияларды ішінара жаңартуға бағытталған
псевдоинновациялар;
Қолданылу сипаты бойынша:
- Жаңа өнімдерді өндіру мен жетілдіруге бағытталған өнім-инновациялар;
- Жаңа технологияларды қолдану мен жетілдіруге бағытталған технологиялық-
инновациялар;
- Жаңа құрылымдарды жасау мен құрастыруға бағытталған әлеуметтік
инновациялар;
Пайда болу стимулы бойынша:
- Ғылым мен техниканың көмегімен пайда болған инновациялар;
- өндірістің қажеттілігімен туындаған инновациялар;
- нарықтық қажеттілігімен туындаған инновациялар;
- жаңа өнімдер мен жеке ғылыми-техникалық потенциалындағы үрдістерді
жасайтын "өсіру" инновациясы;
- шетелдік немесе басқа да инновацияларды модификациялайтын "имитация"
инновациясы;
Өнім түрі бойынша:
- қоғамдық;
- аралас (клубтық);
- жеке;
Тиімділігіне байланысты:
- экономикалық әсерлерді қамтитын инновациялар;
- әлеуметтік әсерлері бар инновациялар;
- экологиялық әсерлерді қамтитын инновациялар;
- ғылыми-техникалық әсерлерді қамтитын инновациялар. [3]
Инновация - өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына
енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік,
экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі
болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі.
Инновациялық грант – инновациялық жобаның тәжірибелік – конструкторлық
әзірлемелерін орындау, техникалық – экономикалық негіздемесін дайындау,
өнеркәсіптік меншік объектісін шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық
патенттік ұйымдарда патенттеу үшін грант беруші мен грант алушы арасындағы
шартпен көзделген жағдайларда бюджеттен берілетін трансферт.
Инновациялық жоба – инновацияларды енгізуге бағытталған және
инвестицияны көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске
асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені.
Инновациялық инфрақұрылым – Қазақстан Республикасы инновациялық
қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған
субъектілерінің жүйесі.
Инновациялық қор – инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды
қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету
арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңды тұлға.

1- сурет. Инновацияның түрлері
Инновациялық қызмет – нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестік
қабілеттілігі үшін пайдаланылатын, өндірістің және қоғамды басқарудың
әртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен
өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет.
Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектісі – технологиялық
бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор.
Инновациялық қызметтің субъектілері – инновациялық қызметті жүзеге
асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Инновациялық өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған
өнім. Мұна бұйымдарды қамтиды:
1.жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;
2.жетілдірілген бұйымдар;
3.жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған
бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.
Инновациялық белсенді кәсіпорындар – кәсіпорындардың инновациялық
белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына
қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық
белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады.
Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнімдік
инновация және процестік инновация.
Өнімдік инновацияға технологиялық жаңа және технологиялық
жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу кіреді.
Процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау
әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді
әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты,
өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың
жиынтықтарын пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай инновациялар
өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорындарда бар өнімдерді
табыстауға бағытталған, бірақ сондай-ақ кәдімгі өндірістік тәсілдерді
пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа
немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін.
Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды:
- өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т.б.) эстетикалық өзгерістер;
- оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа
өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін
елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін
материалдар мен компоненттер.
1.2. Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда
мемлекеттің ролі
Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры, ғылым және
инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы
ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы
көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және
ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық
даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы – ғылыми-техникалық және
инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың
құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына
жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды
тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз
тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап,
тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және
инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін
пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға
бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі
басты мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық
зерттеулері мен инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол
қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен
ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы
қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық
технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-
техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал
шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел
технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық
әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми
жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.
Инновациялық прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты
екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда
мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:
- ірі инновациялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта кәсіпорын
өзін-өзі қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың
көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілік
элементтерімен байланысын көрсетеді;
- Мемлекеттік үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық
жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін,
өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық жылжушылыққа
әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін жариялайтын жеке басылымдар
шығарылуы керек;
- Ірі зерттеулерді ұйымдастыру және оларды қоғамның денсаулық сақтау,
мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым салаларын
қолдану, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу мүмкіндігін
қарастыру.
Инновациялық саясаттың басты ерекшелігі – оның әрдайым мемлекет
назарында болуы. Қызықтысы ғылым мен техника нарық жағдайында басқа
салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді.
Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда, оның нарықтық
сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары екендігі сөзсіз.
Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері
толықтай дәлелдеп отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың жетістіктері
индустриалды қоғамды әрі қарай дамытуға жол көрсетеді.
Инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында өндіріс өнімінің көлемін
ұлғайту тұрғысында сападан алшақтамау бірінші кезектегі мәселе болары
сөзсіз. Тек шикізат орталығымен ғана шектеліп қоймай, "өндірістен -
өндіріске" қағидасын ұстаған абзал дейді зерттеушілер. Мұның мәні – шикізат
өндіре отырып одан дайын өнім шығаруға ұмтылу. "Өндірістен - өндіріске"
қағидасы бүгінгі күні Қазақстан үшін ең қажетті қағидалардың бірі болып
отыр. Бұл қағида өндірісте шығынды жағы өте жоғары әрі сапасыз артық өнім
шығарудан сақтандырады. Осындай адамзат үшін өте тиімді және оңтайлы болып
отырған инновациялық саясаттың негізгі бағыттары төмендегідей болып келеді:
- жоғары бәсекелестікке ұмтылған, шығыны аз, керісінше, пайдаланатын
ресурстарды қолданудың сапалы, жаңа деңгейін қалыптастыру. Ресурстарды
үнемдеу арқылы өндіріс өзінің өсімін көбейтеді. Еліміздегі энергетикалық,
материалдық және қазба байлықтары баршылық. Ресурстарды үнемдеудің нәтижесі
ретінде халық шаруашылығының құрылымдарындағы ішкі саудада қазба
байлықтарының үлес салмағы кеміп, керісінше, оларды өңдейтін өндіріс
орындарының мөлшері артуы қажет;
- елдердің техникалық артта қалуын тоқтатып, жаңа технологияларға қол
жеткізу. Арнайы техникалардың сапасының әлсіздігінен инженерлік басқару
технологияларының заман талабына сәйкес болмауы дамуды біршама тежейді.
Енді осы саланы инновациялау керек. Бәсекелестікке ұмтылған әрбір мемлекет
саясаты технологияларды игеруді басты міндет деп санайды.;
- өнім өндірмейтін салалардағы құрылымдық алға жылжу, яғни технологиялық
негізде қамтамасыз ету;
- мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік
капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен
әдістерін әзірлеу;
- инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік
сипаттағы маманданған субъектілерін құруға енетін инновациялық
инфрақұрылымды қалыптастыру;
- инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;
- өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым
қалыптастыру.

2. HIGH TECH LOGISTIC КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикада
алатын орны
Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын
төмендегідей негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:
1. Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк
әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң
дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор
қалыптасады;
2. Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу
институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
3. Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы
зертханалар;
4. Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
5. Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
6. Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
7. Материалдық-техникалық база.
Инновациялық кәсiпкерлiк төмендегілерді қамтиды:
1. Бизнес-серілер;
2. Кәсiпорындар;
3. Инновациялық менеджерлер;
4. Инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды
қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және
ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық
инфрақұрылым;
Инновациялық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:
1.Ұлттық технологиялық парктер;
2.Өңiрлiк технологиялық парктер;
3.Технологиялық бизнес-инкубаторлар;
4.Ғылым қалашықтары.
Қаржылық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:
- мемлекеттiк даму институттары;
- венчурлiк қорлар;
- кәсiпорындар;
- жеке кәсiпкерлер;
- екiншi деңгейдегі банктер.
Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық
әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады.
Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен
жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң
нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң
болмауында болып тұр. Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары
болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк
нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың
талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижелі өндiрiске жаңа
өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз
бағдар сақталып отыр. Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша
ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi
жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.
Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану,
нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу
оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен
қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және
ынталандыруға бағдарланған болады.
Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы
Білiм және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында
басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл
министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де
айналысады. Уәкiлеттi органның функциясына бюджеттен қаржыландырылатын
ғылыми зерттеулердiң барлығына дерлiгіне тәуелсiз ғылыми-техникалық
сараптама жүргiзудi ұйымдастыру кiредi. Сараптау кезінде бағдарламаның
ғылыми негізділігі, ғылыми ұжымның оңтайлы мөлшерi мен құрамы,
зерттеулердiң бас ұйымы жобалауының негізінде мақсаттарға жетудің
нақтылығы, орындасушы ұйымдарды тарту қажеттілігі және тағы басқалар
тексеру мен бағалауға түседі.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, осының шеңберінде ғылыми ұйымдар
ҒЗТКЖ жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алатын ғылыми-техникалық
бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру арқылы заңнамалық бекітілген
бағдарламалық-мақсаттағы қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Ғылыми
зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты
қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне
мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық тәуелсiз сараптама мiндеттi
жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Қазiргi заманғы кезеңде бағдарламалық-мақсаттық әдiс шеңберiнде
төмендегідей ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру
мен iске асыру жүзеге асырылады:
-табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидаттық жаңа бiлiмдердi және
экономиканың жүйелiк қайта құрылуының, қоғамның, мәдениеттiң және ғылымның
өзiнiң тұрақты дамуының ғылыми негіздерiн әзiрлеудi алу мақсаты бар
ғылымның және ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының сол шектеулi
саны бойынша iргелiк зерттеулер;
- өнеркәсiптiк-технологиялық және әлеуметтiк экономикалық дамудың бас
басымдықтарында ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыруға қабілеттi
мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асырудың маңызды құралы
ретiндегi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар;
- ғылыми-техникалық қызметтiң нақты және кешендiк-салааралық бағыттарын,
қолданбалы және ендiрмелi зерттеулер мен әзiрлемелердi, өңiр үшiн басым
ғылыми зерттеу бағдарламаларды бiлдiретiн қолданбалы (салалық, салааралық
және өңiрлік ғылыми-техникалық) бағдарламалар;
- айқындалған басым бағыттар шеңберiнде "тәуекелдiк" пен перспективалық
iргелiк және қолданбалы зерттеулердi ынталандыру және өңiрлердегі ғылыми
зерттеулердi дамытуға ықпал ету мақсаты бар Ғылым қорының жобалары.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы
ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми
зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған. Басым бағыттар шеңберiнде
iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын iске асыруды
ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен Бiлiм және ғылым
министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның басқа әкiмшiлерi
жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың үйлестірушiлерi
ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға және одан әрi
дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық резервтi
шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын жүзеге
асыруға бағдарланған. Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықтар қолданбалы
зерттеулердiң басым бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйымдар болып
айқындалған. Оның жекелей алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан
Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Радиоэлектроника және
байланыстар жөнiндегi, минералдық шикiзатты кешендiк қайта өңдеу жөнiндегi
ұлттық орталықтары. Сонымен қатар, ұлттық ғылыми орталықтар үшін "бас
ұйымдар" мәртебесi заңды түрде бекiтiлмеген, ел экономикасының
қажеттілігіне сүйене отырып, ғылыми бағыттарды үйлестiру бойынша оларға
жүктелген функциялар толық көлемде iске асырылған емес.
Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-
зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл
ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу
орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 - 20%-ды құрайды. Одақтас
мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында республиканың
ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми проблемаларды
шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми
мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен
шоғырланды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез,
микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми
мектептер қалыптасты.
Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған
ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың
бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны
ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi
орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi. Соған қарамастан, мемлекеттiк
тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру ел дамуының қазіргі
заманғы кезеңiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру
шеңберiнде алға қойылған мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық
ұлттық инновациялық жүйенi құруға мүмкiндiк бермейдi. Қаржыландыруды
гранттар нысанында емес мемлекеттiк тапсырыс нысанында бөлу зерттеушiлер
үшiн iшкi ынталар жасамайды және жартылай заңды енгiзу компанияларын
туындатады. Бұдан өзге, iргелiк ғылымға негізiнен Білiм және ғылым
министрлігі, ал қолданбалы ғылымға министрлiктердiң тиiстi салалары
жетекшілiк ететiнiне байланысты республикада елдегi барлық ғылыми
зерттеулердi үйлестiретiн бiрыңғай органның жоқ екенiн атап кету керек.
Осыған байланысты инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты
дамыту жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігі
салалық органдармен бiрлесiп өткiзiлген және өткiзілетiн, оның iшiнде
ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде орындалғандардың
инновациялылығының және экономиканың нақты секторында сұранысқа
иелілiгiнiң, сондай-ақ бiрнеше бағдарламалар шеңберiнде зерттеулердi
қаржыландырудың қолда бар тәжiрибелерiн алып тастау мақсатында қолданбалы
зерттеулердiң талдауын жүргізедi және тиiмділігiн айқындайды.
Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде
инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады. Инновациялық
кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын
кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi
технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда
табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың
жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен
байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған
шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.
Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi төмендегілерге:
- жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды бағалауға;
- қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;
- жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;
- ақшалай табыс алуға негізделген.
Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-
техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық)
рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi
ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр
инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi
олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен
байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен
iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде,
қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен
қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн
және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери
қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық
жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер - мамандардың
институты мүлдем жоқ. Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi
инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты
болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк
мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және
қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық)
қамтамасыз етумен қол жеткізіледі. Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық
қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық
процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға
қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес. Қолда бар
ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің
мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа
жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін
жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық
белсенділік себептерінің бірі болып табылады.
Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі
функциялардың тiзбесi:
- инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне
жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;
- бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);
- ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету;
- жалпы пайдалану - зертханалық, өндiрiстік жабдығына қол жеткiзудi
қамтамасыз ету;
- бiлiм беру қызметтер кешенi;
- технологиялар трансфертi;
- өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).
Қазiргi сәтте Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттiк
бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет қатысатын ұйым
қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет құрған
сервистік даму институттарының қатысуымен құрылған жұмыс iстеп тұрған
субъектілер құрайды. Қолданыстағы инфрақұрылым оның субъектілерiнiң
арасындағы өзара әрекет етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және
Ұлттық инновациялық жүйеге (бұдан әрі – ҰИЖ) қатысушылардың қызметiнiң
процесiне және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң барлық тiзбесiн
ұсынатын кешендiк ұйымдардың жүйесi болып табылмайды. Қазақстанда ұсынылған
инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны Қазақстанның инновациялық даму
ерекшелiгiн, нақты алғанда төмендегілерді:
- инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық шоғырландыру және өңiрлердiң
инновациялық инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;
- қолдау инфрақұрылымын салалық та, өңiрлiк инновациялық даму процестер
ретінде де құру қажеттілігін;
- Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі, бiр
өңiрде инновациялық инфрақұрылым объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн
инновациялық бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;
- шығындардың орындылық қағидатының қажеттілiгiн және олардың мемлекеттiк
бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;
- инновациялық инфрақұрылым ұйымдарының олар жекелеген функцияларды
қайталаумен болдырмау үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;
- ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен қатысушыларының өзара iс-қимыл
процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты болмауын және оны
құрудың аса қажеттілiгiн қанағаттандырмайды.
Дамыған инновациялық жүйелерi бар барлық елдердегі инновациялық
қызметтi қаржыландыру ағыны төмендегідей компоненттерден қалыптасады:
- ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік гранттар жүйесi, олардың нәтижелерiн патенттеу және
басқа да мақсаттар;
- венчурлiк капитал;
- ҒЗТКЖ-ға арналған корпоративтiк шығындар мен олардың нәтижелерiн енгізу;
- жекелеген инвесторлардың шығыстары.
Қазiргi уақытта Қазақстанның ҒЗТКЖ-ның қаржылық инфрақұрылымы
келесідей көздерден жүргiзiледi:
- Ғылым қорын қоса алғанда, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына арналған
республикалық бюджет қаражаты;
- ұлттық компаниялар мен кәсiпорындардың қаражаты;
- жеке инвесторлардың қаражаты;
- "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың қаражаты;
- венчурлiк қорлардың қаражаты.
ҒЗТКЖ-ды бюджеттік қаржыландыру республикалық бюджеттiң, Ғылым қорының
қаражатынан жүзеге асырылады. Бұдан өзге, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың
(бұдан әрi – ҰИҚ) (елдегі инновациялық белсенділікті жандандыру мақсатында
2003 жылы құрылған және басқалармен қатар "қорлар қорының" функциясын
орындайтын мемлекеттiк даму институты) инвестицияларының бағыттарының бiрi
қолданбалы ҒЗТКЖ-ды конкурстық негізде гаранттар беру жолымен қаржыландыру
болып табылады. Инновациялық жобаларды қаржыландыру құрылған мемлекеттiк
даму институттары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiң күш салымы
инновациялық процеске кәсiпкерлер мен жеке капиталдың қатысуынсыз
жеткілікті түрде тиімді емес. Қазiргі кезде кәсіпкерлердің отандық ғылыми
әзiрлемелердi iздестiруде, бағалауда және жылжытудағы қызығушылығының
әлсiздiгі байқалып отыр.
Венчурлік қорлар венчурлiк инвестициялаудың негізгі тетiгi болып
табылады. Венчурлік инвестициялауды дамытудың бастапқы кезеңiнде қызметi
инновацияларды құруға немесе коммерцияландыруға бағытталған жеке отандық
және шетелдiк капиталды тарту мемлекеттiң тiкелей үлестік қатысуымен
венчурлiк қорларды құру кезiнде мүмкiн болады. Венчурлік қорға
инвестицияланатын мемлекеттiк қаражат бұл қорға кiретiн жеке инвесторлардың
тәуекелдерiн төмендетедi. Венчурлiк индустрияны қалыптастырудың бастапқы
кезеңiндегi мемлекеттiк жәрдемдесудiң мұндай нысаны барлық елдерде дерлiк
өзiнiң тиiмділігін көрсеттi. Мемлекеттiң венчурлiк қорларды құруға қатысуы
ҰИҚ арқылы жүзеге асырылады. ҰИҚ-тың инновациялық саясатының негiзгi
бағыттарының бiрi құрылатын венчурлiк қордың жарғылық капиталына бақылаусыз
қатысу (49%-ға дейiн) жолымен отандық және шетелдiк инвесторлармен
бiрлесiп, венчурлiк қорлар құру болып табылады. Осы Бағдарлама қызметi
компанияныңжобаның тiршiлiк ету кезеңiнiң бастапқы кезеңiне арналған
инновацияларды құру және коммерцияландыруға бағытталған компаниядағы
инвестицияларды венчурлiк инвестициялау ұғымын ғана шектейдi. Осыған
байланысты осы бағдарламада төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
Венчурлiк инвестициялау - идеяларды жаңа өнiмнiң тұсаукесер үлгiлерiн
құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзуге байланысты
қолданбалы ҒЗТКЖ-ның зерттеулерi (1); бастапқы сериялық өндiрiс және өнiмдi
бiрiншi сату (2); өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмдi өткiзудiң жаңа
рыноктарына шығу (3) кезеңдерiнде инновацияларды құруға жәненемесе
коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау.
Венчурлiк қор - венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында
заңды тұлға құрумен де, құрмай да жасақталған заңды жәненемесе жеке
тұлғалардың бiрiктiрiлген капиталы.
Венчурлiк қордың компаниясын басқарушы (менеджер) - инвестициялардың
объектiлерiн таңдау және бағалау, компаниялармен мәмiлелер жасасу, олардың
қызметiн бақылау және олардан шығуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi
қамтитын венчурлiк қорды басқару үшiн жауапты заңды тұлға.
Шығу - инвестордың оның иелігіндегi акциялардың пакетiнқатысу үлесiн
сатудағы венчурлiк инвестициялау процесiнiң аяқталған кезеңi.
Венчурлiк инвестициялауды дамытудың бұл кезеңiнде келесідей сәттердi
ескеру қажет:
- бүкіл әлемдегi венчурлiк қаржыландыру 2000-2001 жылғы дағдарыстан кейiн
стагнациялық кезеңдi бастан кешiрiп отыр, венчурлiк қорларға қаражат
тартудың көлемi Еуропада да, АҚШ-та да қысқарып жатыр, бұл Қазақстандағы
венчурлiк инвестицияларды тарту жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын қатты
қиындатады;
- дамыған елдердегi венчурлiк қор менеджерлерiнiң басым көпшiлiгi
инвестициялаудың географиясын дамыған елдерден тысқары ұлғайту туралы
мәселеге және жекелей алғанда Қазақстандағы инвестициялау ұсыныстарына
сақтана қарайды;
- барлық қор менеджерлерiн бiрiншi кезекте елдегi венчурлiк кәсiпкерлiктi
дамыту мәселесi және оны қолдау жүйесi қызықтырады. Егер елде идеялар мен
ғылыми-зерттеу ұжымдары түрiнде емес, мемлекеттiк қолдау жүйесi бар
инновациялық менеджерлер мен кәсiпкерлер жетекшілік ететiн тiркелген
компаниялар объектілерiне таңдау болмаса шетелдiк қорлар елге келмейдi;
- кейбiр басқарушы компаниялар бiрiншi қадам ретiнде жобаларды ғылыми-
техникалық талдау, инвестициялау процесi, инвестициялар қоржынын
әртараптандыру, тәуекелдердi бағалау, жобадан шығу әдiстемесi бойынша
консалтингтiк қызметтердi, екiншi ынтымақтастықкезеңін (кем дегенде бiр
жылдан кейiн) олар Қазақстанда олардың қатысуынсыз толықтырылатын венчурлiк
қорларды басқару бойынша бiрлескен компаниялар құру туралы мәселенi қарауға
дайын болады. Тек бiрлескен жұмыстың үшiншi кезеңiн ғана акционерлердiң
алдына Қазақстандағы өз қорларының қаражатын тарту бойынша мәселе қоятын
болады. Бұл жолдың болуы мiндеттi түрде деп ұғынылады және еуропа қор
менеджерлерiнiң тәжiрибесiн, жұмыс технологиясын қабылдауға, оларға елдегi
венчурлiк капиталға сұраныстың және инвестициялардың кiрiстiлiгінiң бар
екенiн көрсетуге мүмкiндiк бередi;
- көптеген қорлармен және венчурлiк қорлардың активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялармен жұмыстық өзара iс-қимылын орнату үшiн оларға ақшаны
инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара қатынасты орнату, өз
мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Қазақстандағы инвестициялауға
бұл қорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл қорларды
тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу қажет.
Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн оңтүстiк Шығыс Азия, Корея
және тағы басқа елдер пайдаланды.
Қазақстанда ҰИЖ-ды қалыптастырудың негiзгi қағидаттары:
- мемлекеттiң ҰИЖ-ны қалыптастыру мен дамыту процесiндегi белсендi рөлi;
- мемлекеттің жеке капиталмен серiктестiгi;
- жүйенiң ашық сипаты.
Мемлекеттің белсендi рөлi бiрiншi кезекте ҰИЖ-ды қалыптастыру үшiн
қажет. Шетелдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп отырғандай әлемнiң бiр де бiр
елiнде рынок, жеке сектор ҰИЖ-ды дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде
ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыру үшiн мемлекет жүйеге
белсендi қатысушының рөлiн өзiне алуға тура келдi. Мемлекеттiң белсендi
рөлi ҰИЖ-дың барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылдарын мемлекеттiк деңгейде
үйлестiрудi жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңiрлiк
басымдықтарының келiсушiлігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым
бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiң
жеке капиталмен серiктестiгi инновациялық даму процесiнде жеке сектордың
ресурстарын тарту үшiн қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыруы тиiс емес,
ол ҰИЖ-ды қалыптастыру мен дамыту процесiнде ұйымдастырушы, катализатор
және үйлестiрушi ретiнде ғана көрiнедi, бiрақ оның басты мақсаты - жеке
капиталды инновациялық процестерге белсендi қатысуға тарту болып табылады.
ҰИЖ-дың қалыптасуына қарай оның жұмыс iстеуiндегi және одан әрi дамуындағы
мемлекеттiң рөлi қысқаратын болады. Ұлттық инновациялық жүйенiң ашық сипаты
оның тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн шешушi маңызы бар. Ашықтық дәстүрлiк
ғылыми ортада да, дара өнер тапқышта туындаған iшкi және сыртқы
инновацияларды қабылдау жүйесiнiң қабілетiн білдiредi. ҰИЖ кез келген
қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзiрлеменi iске
асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс пен ғылыми
зерттеулердiң жаһандану процестерiнен барынша нәтиже алуға, инновациялық
қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi.
Ақпараттық алмасу дамыту процесiнiң және әсiресе, бiлiмдердi,
технологияларды, ақпараттарды беру процестерiне негiзделген инновациялық
дамытудың шешушi факторының бiрi болып табылады. Қазақстанда жалпы жүйе
құру қажет. Ол Қазақстанның мемлекет iшiндегі, дәл сондай шетелдiк
серiктестерге индустриялық-инновациялық дамуы процестерiнiң жалпы кешенiн
ашып көрсететiн болады - "Виртуалдық технопарк" инновациялық дамытудың
бiрыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - "Виртуалдық технопарк" БАЖ).
Ақпараттық жүйе әрiптестер мен инвесторларды iрiктеу мақсатымен ұсынылатын
және талап етiлетiн технологиялар бойынша ақпаратты жинауға, талдауға және
пайдалануға мүмкiндiк беретiн iргетасын бiлдiруi тиiс. Инновациялық дамудың
"Виртуалдық технопарк" БАЖ даму және ұйымның инновациялық дамуына iске
қосылған басқа да институттардың қызмет көрсетуiн бiлдiретiн көп деңгейлi
дерекқорды бiлдiредi деп жоспарлануда. Жүйе қазiргi заманғы технологияларды
әлеуеттi жеткiзушiлер мен тұтынушылардың арасындағы барынша мүмкiн болатын
байланыстардың санын ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ететiн болады, ғылыми-
технологиялық дамуды болжау үшiн негiзге болады. Мемлекеттiк институттардан
жеке секторға "Виртуалдық технопарк" БАЖ шеңберiнде ұсынылатын қызмет
көрсетулердiң көлемi мен бағытын назарға ала отырып, "Виртуалдық технопарк"
БАЖ сервистерi электронды Қазақстан Республикасының даму инфрақұрылымының
мемлекеттiк бағдарламасына енгiзiлген. Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес осы ақпараттық жүйе шеңберiнде елдiң ғылыми-техникалық
әлеуетiнiң картасы және мемлекеттiк индустриялық инновациялық саясатты
қалыптастыру, iске асыру, оның мониторингi кезiнде, сондай-ақ
зерттеушiлердiң, кәсiпкерлердiң, шетелдiк инвесторлардың жұмысында
пайдаланылуы мүмкiн электрондық дерекқор құрылатын болады. Мұндай жұмыс
бiлiмнiң қазiргi кластерлерiн орналастыру кестесiн, жекелеген
зерттеушілердiң білiктілiгiн айқындайды, әртүрлi ғылыми пәндер арасында
әлеуеттi байланыстарды бөледi.
"Виртуалдық технопарк" БАЖ сапасын және оның қойылған мiндеттердi
орындауды қамтамасыз ету қабiлетiн айқындайтын негiзгi факторлар мыналар
болады:
- ҰИҚ субъектілерi қызметiнiң ақпараттандыру дәрежесi;
- ҰИҚ арқылы субъектілер арасындағы өзара iс-қимылдың деңгейi.
2005 жылы "Виртуалдық технопарк" БАЖ-дың техникалық-экономикалық
негiздемесi әзiрленетiн және 2006 жылы оны құруға шығыстар жоспарланатын
болады.
Қазақстандағы ҰИЖ-нiң қаржы инфрақұрылымдарын дамыту.
Венчурлiк инвестициялауды дамытуда мемлекеттiк саясаттың ұлттық
инновациялық жүйесiнiң төмен инновациялық белсенділiгi, жүйе құру
элементтерiнiң нашарлығы жағдайында мемлекеттiң жеке капиталмен тiкелей
әрiптестігінiң тетiктерiнiң жанама ынталандыру құралдарымен қатар қосатын
болады. Мемлекет венчурлiк капиталға және оның қосымшасына сияқты сұраныс
ықпалын көрсететiн болады.
Венчурлiк капиталдың ұсынысын мемлекеттiк ынталандыру мынадай жолмен
жүзеге асырылатын болады:
- венчурлiк қорларды құруға қатысу;
- институционалдық инвесторлар мен қаржы институттары венчурлiк
инвестициялауда қатысу үшiн жағдай жасау;
- дербес инвесторлар желiсiн ("бизнес қамқоршысы") құруға жәрдемдесу;
- венчурлiк инвестициялардың өтiмділiгін қамтамасыз ету;
- ҒЗТКҚ және инновациялық жобаларды қаржыландыруда жеке капиталмен
әрiптестік;
- инновациялық жобаларды iске асыруда инвестицияларды мемлекеттiк
сақтандыру жүйесiн құру;
- инновациялық менеджментi, оның iшiнде венчурлiк қорлардың менеджмент
қызметiн жүзеге асыратын кәсiби басқару институттары (басқарушы
компаниялар) болуын дамытуға жәрдемдесу.
Егер бастапқы кезеңде мемлекеттiк ынталандыру жоғарыда көрсетiлген
шаралардың барлығын қамтитын болса, онда келешекте мемлекет венчурлiк
қорлар мен компаниялардан "шығу" шаралары бойынша осы қаражат қолданбалы
ҒЗТКҚ-не және инновациялық инфрақұрылым элементтерiн қаржыландыруға
бағытталатын болады және мемлекеттiк ынталандыру ҒЗТКҚ қаржыландыру
нысанында, сондай-ақ жанама нысанда (салық салу және басқа) артықшылықтарын
жүзеге асыратын болады.
Венчурлiк қорлар венчурлiк инвестициялаудың негiзгi тетігі болып
табылады. Оларды құру және дамыту үшiн мыналар қажет:
- венчурлiк қорлар қызметiнiң нормативтiк негiзiн бұл ретте, олардың
қызметiнiң артық регламенттауынан бас тарта отырып, оларды тiркеудiң
жеңiлдетiлген тәртiбiн енгiзе отырып жетілдiру;
- заңды тұлғаны құру жолымен және құрмастан, венчурлiк қорларға бақылаусыз
үлестiк қатысу жолымен инновациялық бағыттылықтың венчурлiк қорларын құруға
ҰИЖ инвестицияларын жүзеге асыру;
- шетелдiк қорларға ҰИЖ мамандарын тағылымдамаға жiберуге, олардың
акционерлерiмен және Директорлар Кеңесiнiң мүшелерiмен өзара жұмыс iс-
қимылын орнатуға, ал келесi кезеңде осы қорлардың ресурстарын Қазақстанда
инвестициялауға тартуға мүмкiндiк беретiн үш жетекшi шетелдiк қорларға
қаражатты инвестициялау жолымен венчурлiк қорларды басқару саласындағы
алдыңғы қатарлы тәжiрибенi тарту, шетелдiк венчурлiк капиталмен ҰИЖ-бен
белсендi ынтымақтастық.
Инновациялық қызметті дамыту үшін жаңадан құрылған өндірістегі немесе
жақсартылған технологиядағы зияткерлiк меншiк баға алатын болады. Осы
мақсатта зияткерлiк меншiк бағасының өлшемiн әзiрлеу және республикада
зияткерлiк меншiктi бағалаушылар институтын құру қажет.
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң құнын оларды шаруашылықтық айналымға
(компанияның жарғылық капиталына жарналар) енгiзу үшiн сапалық бағалауды
жүзеге асыру үшін лицензиаттардың рейтингiн айқындау және бағалаушы-
компаниялардың "қысқаша тiзiмiн" қалыптастыру жүйесiн құру қажет.
Бағалауды жүргізудiң нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындаған
бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыруды дамыту бойынша
шаралар қабылдау қажет.
Мемлекет, инновациялық қызмет саласындағы мамандардың дамуына
бағытталған негiзгi шаралар ретiнде:
- мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарында көрсетiлген мамандықтарды
енгiзуге байланысты, Қазақстанда инновациялық қызметтi жүзеге асыратын
тиiстi сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелiк
оқытуды ұйымдастыру;
- менеджменттiң білiктiлігін арттыру, сондай-ақ қазiргi заманғы
әдiстемелiк қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, бұл
ретте даму институттарының әлеуетiн пайдалану мүмкiндiгiн пайдалана отырып
интерактивтi режимде оқып үйретудi жүргiзу;
- басқарушылық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;
жоғарғы оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарынан кейiн оқып-үйрететiн, оның
iшiнде шетелдерде қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, жұмыс iстейтiн
менеджерлердiң бiлiктілігін арттыруға арналған дөңгелек үстелдердi қамтитын
кадрларды дайындаудың жүйесiн құруды болжап отыр.
Ұлттық инновациялық жүйенiң тиiмдi ұзақ мерзiмдi жұмыс iстеуiнiң
негiзгi шарттарының бiрi негізгi элементтердiң тұрақты өзара iс-әрекетi
болып табылады.
ҰИЖ-дiң элементтерi мен олардың жинақтамалары ақпараттардың еркiн
ағымын, бiлiм идеялары мен iшкi жүйелердегі және оның шегiндегi
тәжiрибелердi бiр жүйеге қалыптастыруы тиiс.
ҰИЖ-дi қалыптастырудың желiлiк қағидаты инновациялық процестерге жаңа
қатысушыларды тартудың тұрақты шаралары бойынша дамуына мүмкiндiк бередi.
Осы көзқараспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы инновациялық процесстерді дамытудың рөлі
Мемлекеттің даму институттары
Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары
2015 жылға дейінгі елді дамытудың индустриалды-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыру
Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат
Индустриялдық-инновациаға жалпы түсінік
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық мәні
Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Ғылыми-техникалық прогресс және қаржыландыру
Пәндер