Табиғи және синтетикалық материалдарға сипаттама



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері
2.2 Маталарды сипаттайтын қасиеттері
2.3 Синтетикалық материалдардың қолданылуы
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары механикалық беріктік. Ол затта әсер ететін, молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар).
1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Оқулық).- Алматы 2002.344б.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004ж.
3. Интернет материалдары: https://kk.wikibooks.org/wiki/балалар киімдеріне қойылатыын талаптар.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

БАӨЖ
Тақырыбы: Табиғи және синтетикалық материалдарға сипаттама

Орындаған: Қонақбаев Е.

Тобы: ТК-321

Тексерген: Нұрымхан Г.Н.

Семей, 2015 жыл

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері
2.2 Маталарды сипаттайтын қасиеттері
2.3 Синтетикалық материалдардың қолданылуы
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап жоғары
механикалық беріктік. Ол затта әсер ететін, молекула аралық тартылыс
күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір біріне жақын
орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар
өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты
молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру
үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер
макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек
қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту
қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған
химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және
балқымадан иіру.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден
алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен,
поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар).

2.1 Синтетикалық материалдардың қасиеттері, киімге әсері

Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз
факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні
ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің
бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери,
ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар
қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:
1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында
қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын
қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.
2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта
жағдайыларына байланысты болуы керек.
3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан
айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.
4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр
болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.
5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын,
денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне
статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.
6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.
Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық
микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім
астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-
химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының
концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның
жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен
анықталады.
Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге
қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және
химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан
жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы
қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін
артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут
және т.б.) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар
жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды
өңдеу урдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат,
казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек
шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық
қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық
талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше
топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.),
полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык,
поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон),
полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер
иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы
маталық және тоқылған (трикотажды) болады.

2.2 Маталарды сипаттайтын қасиеттері

Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі,
ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу
өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал кабылдағыштығы), липофильділілігі,
газ сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы жатады.
Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны
өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте
ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және
микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат
алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып
кетуден сақтайды. Ауа өткізгіштігі мата талшықтарының тоқылуы сипатына,
саңылаулардың мөлшері мен көлеміне, қалыңдығына, ылғалдану және ластану
деңгейіне байланысты. Борпылдақ және саңылауы көп, жүннен жасалған,
тоқылған және жібек маталардың ауа өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде болады,
ең нашар ауа өткізгіштік – тығыз драп, брезент, тығыз мақта маталарына тән.
Егер, киім көп қабатты болса, қабаттарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассортименттің жіктелуі
Сорылмайтын тігіс материалдары
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Спиртті ашу
Маталар, тоқыма және бейматалардың ассортименті
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Тауарлы материалдық қорлар есебін қарастыру
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер