Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар жайлы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Шешекті балау.
2. Клиникалық белгілері.
3. Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
4. Аурудың өтуі мен симптомдары
5. Емі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Шешек интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру.
Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады.
Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.
1. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (230-234б).
2. Сайдулдин Т. «Ветеринариялықіндеттану» Алматы, 1999ж (115-117б).
3. «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(140б).
4. Иммуногенная активность инактивированной вакцины против чумы КРС для овец. Н Вирусные болезни сельскохозяйственных животных, Владимир, 1995 г. с. 122

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар.

Орындаған: Сайлаухан Қ.Қ
Тексерген: Жакиянова М.С

Семей қаласы 2015 жылы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Шешекті балау.
2. Клиникалық белгілері.
3. Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
4. Аурудың өтуі мен симптомдары
5. Емі.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Шешек интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру.
Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады.
Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.

Негізгі бөлім
Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.
Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі).
Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады.
Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі.
Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады [1,2,3,4].
Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану
1. Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Тарихи деректер. Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бүл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген.
Жануарлардың (жылқының, түйенің, ешкінің, шошқаның, құстың) шешегі ғылыми тұрғыдан 19 ғ соңында сипатталды. Аурудың қоздырушысының вирус екендігін 1920 ж Маркс пен Штикер дәлелдеді.
Қазіргі уақытта, ресми түрде 1979 жылдан бері адамның шешегі дүние-жүзінде жойылды деп есептелінеді. Көптеген елдерде қой мен ешкінің ауруы осы кезге дейін кеңінен тараған. Ал сиыр, шошқа, тауықта оқтын-оқтын байқалып тұрады.
Қоздырушысы. Шешек вирустары Рохviridае (ағылшынша рох-шешек) тұқымдастығының Сһоrdорохvіrіпае тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.
Ортопоксвирустардың негізгі түрі - вакцина вирусы, басқа түрлері -тышқанның, үй қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің, маймылдың шешегінің және адамның табиғи шешегінің вирустары. Ескеретін жай- бұл вирустардың аталуы адамның өзіне тән, яғни табиғи шешегі және сиырданжұғатын, яғни вакцина (vасса - сиыр) шешегіне (синонимы вакциния) байланысты.
Авипоксвирустардың негізгі түрі - тауық шешегінің вирусы. Басқа түрлері: торғайдың, көгершіннің, бөдененің, күркетауықтың, сауысқанның шешек вирустары [5,7 ,8,9].
Каприпоксвирустардың негізгі түрі - қойдың шешегінің вирусы, басқа түрлері: ешкінің шешегінің вирусы және сиырдың нодулярлы дерматит (сүйел) вирусы.
Лепорипоксвирустардың негізгі өкілі - үй қоянының фибромасының вирусы, коян фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы. Ларапоксвирустардың негізгі түрі - қой мен ешкінің жұғымтал сүйелінің (жұғымтал эктима) вирусы (Орф вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың сүйеліні вирусы, сиырдың пустулезді стоматитінің вирусы.
Суипоксвирустардың негізгі өкілі - шошқа шешегінің вирусы. Шешек вирустары морфологиялық түрғыдан біркелкі. ДНҚ геномды, көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар туралы
Шешек кезінде қолданылатын биопрепараттар
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Мал шикізат өнімдері
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пәндер