Қазіргі қазақ фонетикасы жайлы



1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
2. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар
3. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
4. Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын жетік біліп, тілін, дінін жан – жақты зерттеуді қолға алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері қазақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазақ тілі жөнінде айтылған алғашқы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұтас келеді.
Қазақ тілі фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н. И. Ильминский еңбегінде айтылады. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизкого наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162 – беттік еңбектің 140 беті қазақша – орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тілі, оның дыбыстық және граматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғащқы пікір айтылған. Н. И. Ильминский қазақ тілдің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ү, ұ, д, п, б, м, у,т, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н. И. Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған.
Н. И. Ильминскийдің сөздігі – тұңғыш қазақша – орысша сөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар ғана өзгеріске ұшырады.
А. В. Страчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й, у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, и түрінде таңбаланып, й, у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстық бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдұрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұған, күлтөленгөн, дауұл сияқты кітаптың сөздігіне енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.
1. C. Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. -Алматы, 1999 ж. 14 б.
2. Ф.Ш. Оразбаева, Г. Сағидолда, Б. Қасым, А.Қабыланов, Қ.Есенова, Ұ.Исабекова, Қ.Қасыбек, Ж.Балтабаева, Қ.Мұхамади, Р.Рахметова, Ж. Көпбаева. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 2005 ж. 118-126, 126-127 беттер
3. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. -Алматы, 1993 ж. 238-241беттер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

СӨЖ
Пән: Қазіргі қазақ фонетикасы
Тақырыбы: 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы 2. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар 3. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер 4. Дауысты және дауыссыз фонемалар

Топ: ФИ-503
Орындаған: Куанова М.Б.
Тексерген: Қалиева С. Е.

Семей 2015 ж.

Жоспар:
1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
2. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар
3. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
4. Дауысты және дауыссыз фонемалар

Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін, салт - санасын жетік біліп, тілін, дінін жан - жақты зерттеуді қолға алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері қазақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазақ тілі жөнінде айтылған алғашқы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұтас келеді.
Қазақ тілі фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н. И. Ильминский еңбегінде айтылады. 1860 жылы Қазанда жарық көрген Материалы к изучению киргизкого наречия деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162 - беттік еңбектің 140 беті қазақша - орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тілі, оның дыбыстық және граматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғащқы пікір айтылған. Н. И. Ильминский қазақ тілдің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ү, ұ, д, п, б, м, у,т, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н. И. Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған.
Н. И. Ильминскийдің сөздігі - тұңғыш қазақша - орысша сөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар ғана өзгеріске ұшырады.
А. В. Страчевскийдің Спутник русского человека в Средней Азии деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й, у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, и түрінде таңбаланып, й, у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстық бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдұрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұған, күлтөленгөн, дауұл сияқты кітаптың сөздігіне енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.
Қазақтың ағарту саласында маңызды орын алатын Ы. Алтынсариннің Киргизская Хрестоматия деп аталатын еңбегі. Аталған оқу құралы 1879 жылы жарыққа шықты. Хрестоматия орыс графикасы негізінде автордың өзі жасаған қазақ алфавитімен басылып шыққандығымен ерекшеленеді. Өз заманы тұсынан қазақ баласының орысша сауат ашуына үлкен септігі тигенімен, бұл еңбек қазақтың сөйлеу тілінің табиғатын дәл бере алмаған.
Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В. В. Радлов еңбектерінен басталады. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұнда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түріктанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Сонымен қатар дауыссыздардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған.
Зерттеуші М. Мелиоранскийдің Киргизкие пословицы и загадки, Краткая граматика казах - киргизского языка деп аталатын еңбектерін жариялайды. 1894 - 1895 жылдары жарық көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, граматикалық құрылымы біршама толық баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегіең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтады. Еңбекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 9 дауыстыдан және 20 дауыссыздан тұратындығын анықтайды. Дауыстыларды ашық, қысаң, жуан, жіңішке деп жіктейді. Сонымен қатар қазақ тілінде сингормонизм заңы жақсы сақталғанын, соған байланысты сөздер бірыңғай жуан не жіңішке болып келетінін, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады.
Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген Қазақстан азаматы қазақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазуына,оның граматикалық құрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет беттерінде жариялап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес қосқан қоғам қайраткері, зерттеуші А. Байтұрсынұлы.
А. Байтұрсынұлы 1912 жылы Айқапта Жазу тәртібі атты мақала жазып, сол тұстағы оқудың жайына тоқтала келе: Оқу кұралының ең ұлығы - бала оқытатұғын кітап дейді. Бұл мақалада бала жанын қинамайтындай оқулық жасау үшін, ең алдымен дыбыстарды анықтап, жазуға мән беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Буын. Зерттелуі және түрлері
Орфография
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Қазақ фонетикасының құрылымы
Махмұд Қашқари жайлы ақпарат
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы және фонема
Транскрипция және транслитерация мәселелері. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу.Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Пәндер