Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Еуропалық конвенцияның ветеринариялық.санитариялық бөлімі
2.2. Кедендік одақтың аумағынан транзиттік тасымалдау барысында ветеринарлық бақылаудың өту тәртібі
2.3. Жануарларды экспорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
2.4.Жануарларды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
2.5. Жануарларды айдаулар кезіндегі ветеринариялық.санитариялық қадағалау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2014 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді. Бұл одаққа Беларусь Республикасы,Қазақстан РеспубликасыжәнеРесей Федерациясы кіреді.
2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияны негізге ала отырып,
мемлекеттердің егемендік теңдігі қағидатын, адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі қағидатын сөзсіз сақтау қажеттігін басшылыққа ала отырып,
өз халықтарының арасында олардың тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу арқылы ниеттестікті нығайтуға және ынтымақтастықты тереңдетуте тілек білдіре отырып,
еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту Тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетіндігіне сенім білдіре отырып,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасын нығайтуға және олардың үйлесімді дамуы мен жақындасуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ іскерлік белсенділіктің орнықты өсуіне, теңдестірілген сауда мен адал бәсекелестікке кепілдік беруге деген ұмтылысымен ілгерілей отырып,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алдында тұрған, жаһандық экономика шеңберінде орнықты экономикалық даму, ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту және олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту жөніндегі ортақ міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен іс-қимылдар жолымен экономикалық өрлеуді қамтамасыз ете отырып,
басқа елдермен, сондай-ақ халықаралық интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен экономикалық өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтылысты растай отырып,
Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларын, қағидалары мен қағидаттарын назарға ала отырып,Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған басқа да қағидаттары мен нормаларына өздерінің шынайы берілгендігін растай отырып
келісімшартқа қол қойды.
1. /adilet.zan.kz/ ҚР нормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі
2. А.Б. Бегенова, А.Н.Жұмақаева, Б.С.Майқанов «Шекара және көліктердегі ветеринариялық –санитариялық бақылау» Алматы 2014 жыл
3. Дүйсембаев С.Т «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» Алматы 2013 жыл

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: 1. Халықаралық тасымалдаулар кезінде жануарларды қорғаудың Еуропалық конвенциясы (келісім шарты);
2. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау;

Орындаған:Қуаныш С.Қ
Топ: ВС-203
Тексерген: Сүлейменов Ш.Қ.

Семей 2015 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Еуропалық конвенцияның ветеринариялық-санитариялық бөлімі
2.2. Кедендік одақтың аумағынан транзиттік тасымалдау барысында ветеринарлық бақылаудың өту тәртібі
2.3. Жануарларды экспорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
2.4. Жануарларды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
2.5. Жануарларды айдаулар кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
2014 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді. Бұл одаққа Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кіреді.
* 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияны негізге ала отырып,
* мемлекеттердің егемендік теңдігі қағидатын, адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі қағидатын сөзсіз сақтау қажеттігін басшылыққа ала отырып,
* өз халықтарының арасында олардың тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу арқылы ниеттестікті нығайтуға және ынтымақтастықты тереңдетуте тілек білдіре отырып,
* еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту Тараптардың ұлттық мүдделеріне сай келетіндігіне сенім білдіре отырып,
* Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасын нығайтуға және олардың үйлесімді дамуы мен жақындасуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ іскерлік белсенділіктің орнықты өсуіне, теңдестірілген сауда мен адал бәсекелестікке кепілдік беруге деген ұмтылысымен ілгерілей отырып,
* Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің алдында тұрған, жаһандық экономика шеңберінде орнықты экономикалық даму, ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту және олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту жөніндегі ортақ міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен іс-қимылдар жолымен экономикалық өрлеуді қамтамасыз ете отырып,
* басқа елдермен, сондай-ақ халықаралық интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен экономикалық өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтылысты растай отырып,
* Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларын, қағидалары мен қағидаттарын назарға ала отырып,Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған басқа да қағидаттары мен нормаларына өздерінің шынайы берілгендігін растай отырып
* келісімшартқа қол қойды.

II.Негізгі бөлім
2.1.Еуропалық конвенцияның ветеринариялық-санитариялық бөлімі
XI бөлім.Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар.
56-бап. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолданудың жалпы қағидаттары
1. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар ғылыми негіздемесі бар қағидаттар негізінде және бұл адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет болатын дәрежеде ғана қолданылады.
Тиісті ғылыми негіздеменің негізінде тиісті халықаралық және өңірлік стандарттар, нұсқамалар және (немесе) ұсынымдар базасындағы шараларға қарағанда санитариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе карантиндік фитосанитариялық қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген жағдайларды қоспағанда, Одақ шеңберінде қолданылатын санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар халықаралық және өңірлік стандарттарға, нұсқамаларға және (немесе) ұсынымдарға негізделеді.
2. Одақ шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану саласында келісілген саясат жүргізіледі.
3. Келісілген саясат мүше мемлекеттердің санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы халықаралық шарттарды және Комиссияның актілерін бірлесіп әзірлеуі, қабылдауы және іске асыруы арқылы жүзеге асырылады.
4. Әрбір мүше мемлекеттің уақытша санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды әзірлеуге және енгізуге құқығы бар.
Уақытша санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізу кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Комиссия бекітеді.
5. Жануарларды және жануарлардан алынатын өнімді сәйкестендіруді, тіркеуді және бақылауды жүргізу кезінде келісілген тәсілдер Комиссияның актілеріне сәйкес қолданылады.
6. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану және мүше мемлекеттердің санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл жасасуы осы Шартқа № 12 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
57-бап. Санитариялық шараларды қолдану
1. Санитариялық шаралар адамдарға, көлік құралдарына, сондай-ақ Комиссия актілеріне сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) бірыңғай тізбесіне енгізілген, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудағы (бақылаудағы) өнімдерге (тауарларға) қатысты қолданылады.
2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдер белгіленеді.
Өздеріне қатысты Одақтың техникалық регламенттері әзірленетін өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар Комиссияның актілеріне сәйкес Одақтың техникалық регламенттеріне енгізіледі.
3. Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдерді әзірлеу, бекіту, өзгерту және қолдану тәртібін Комиссия бекітеді.
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасына және Комиссияның актілеріне сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асырады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) шеңберінде Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыруы мүмкін.
58-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
1. Ветеринариялық-санитариялық шаралар Комиссия бекітетін ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Одақтың кедендік аумағында орын ауыстыратын тауарларға (оның ішінде жеке пайдалануға арналған тауарларға) қатысты, сондай-ақ ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге қатысты қолданылады.
2. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға және объектілерге Комиссия бекітетін бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар қолданылады.
3. Жануарлардың жұқпалы ауруларын, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ ауруларды қоздырғыштардың және бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың әкелінуін және таралуын болдырмау мақсатында, жеке пайдалануға арналған тауарларды қоса алғанда, ветеринариялық бақылаудағы (қадағалаудағы) тауарларға, сондай-ақ Комиссияның актілеріне сәйкес ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге ветеринариялық бақылау (қадағалау) жүзеге асырылады.
Жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық аурулары ошақтарын профилактикалау, диагностикалау, оқшаулау және жою кезінде мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы Комиссия белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Ветеринария саласындағы уәкілетті органдар ветеринариялық бақылаудағы (қадағалаудағы) тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларындағы өткізу пункттерінен не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ветеринариялық бақылау (қадағалау) құралдарымен жабдықталған және жарақталған, мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған өзге де жерлерден өткізу кезінде ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырады.
5. Ветеринариялық бақылаудағы (қадағалаудағы) тауарлардың әрбір партиясы Одақтың кедендік аумағына Комиссия бекітетін бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес және көрсетілген тауарлар аумағына әкелінетін мүше мемлекеттің ветеринария саласындағы органы берген рұқсаты және (немесе) көрсетілген тауарды жөнелтуші елдің құзыретті органы берген ветеринариялық сертификаты болған кезде әкелінеді.
6. Ветеринариялық бақылаудағы (қадағалаудағы) тауарлар бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес тасымалданады. Егер Комиссия өзгеше белгілемеген болса, көрсетілген тауарларда ветеринариялық сертификаты бірге болады.
Мүше мемлекеттер Комиссия бекітетін бірыңғай нысандар бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті орган беретін ветеринариялық сертификаттарды өзара мойындайды.
7. Ветеринариялық бақылаудағы (қадағалаудағы) тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаты оларды үшінші елдерде шығару, қайта өңдеу, тасымалдау және (немесе) сақтау кезінде шетелдік ресми қадағалау жүйесінің аудитін жүргізу болып табылады.
Ветеринария саласындағы уәкілетті органдар ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге Комиссияның актілеріне сәйкес қадағалау мен тексерудің (инспекциялаудың) шетелдік ресми жүйесінің аудитін жүргізеді.
8. Мүше мемлекеттер тиісті халықаралық ұйымдардан, мүше мемлекеттерден, сондай-ақ үшінші елдерден үшінші елдердің немесе мүше мемлекеттердің аумақтарында эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы туралы ресми ақпарат алған жағдайда, олардың уақытша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен шараларды әзірлеуге және енгізуге құқығы бар.
Көрсетілген ақпарат болған жағдайда, бірақ ғылыми тұрғыда жеткілікті негіздеу болмаған немесе оны қажетті мерзім ішінде ұсыну мүмкін болмаған кезде мүше мемлекеттер кідіріссіз ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдана алады.

2.2. Кедендік одақтың аумағынан транзиттік тасымалдау барысында ветеринарлық бақылаудың өту тәртібі
Жануарларды кеден аумағы арқылы транзиттік тасымалдауда транзитке рұқсат керек, онда жүру маршруты көрсетіледі. Бақылаулы тауарлардың басқа түрлерін тасымалдауға рұқсатсыз іске асады. Тасымалданатын жүкке міндетті түрде ветеринарлық сертификаттары керек.
Құжаттық бақылауды аяқтағаннан соң малдардың ветеринарлық тексеруі іске асады: малдардың сәйкестендіру нөмірлері тексеріледі (татуировка, чип, құлақтың сырғасы, таңба және т.б.)
Ветеринарлық сертификат көрсетілген нөмірлермен тасымал шарттар салыстырылады, жануарлардың жай-күйі тексеріледі.
ШВБП-ның лауазымды тұлғасы бақылаудың нәтижелері бойынша және жолдама құжаттарда, ветеринарлық сертификатта, тауарда, шарттарда Транзит рұқсат етілген немесе Транзитке тыйым салынған , кеден одағының кеден аумағынан шақыру нүктесінде Транзит аяқталды штампы қойылады, мөрі және қол қойылады. Барлық қажетті мәліметтер транзиттік тасымалдарды есепке алуды журналдарға және электрондық есепке алу жүйесіне енгізіледі. Бақылаулы тауарлардың кеден одағының кеден аумағы бойынша бақылаулы тауарлардың иесі, алған транзитке рұқсат, кеден одағының ветеринарлық заңының талабын сақтауға міндетті.

2.3. Жануарларды экспорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
Экспортқа жіберерде жануарларды ветеринарлық өңдеу және сұрыптау кезінде қолданыстағы ережелерді басшылыққа алады. Экспортқа жіберуші шаруашылық жұқпалы аурулардан сау болуы шарт. Экспорттаушы шаруашалықтың індеттік жағдайын құрамында ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстан, шаруашылықтан келген өкілі және ауданның бас мал дәрігері бар комиссия анықтайды.
Экспортқа арналған жануарлар 1 ай бойы карантинде ұсталады. Осы кезде келесі өңдеулер жүргізіледі:
1.Ірі қара малдар, буйвол, зубрларды бруцеллезге комплимент байланыстыру реакциясы және агглютинация реакциялары арқылы; туберкулезге тері ішіне немесе офтальмоүлгі реакциясын қояды; құс туберкулиннің тері ішіне егу арқылы паратуберкулезді энтеритке; жыныстық жетілген бұқалардың кампилобактериозды, сиырлардың іш тастауын, бұқаның бұканың шәуетіне және сиыр қынабының кілегейінен өсіндіні бөліп алу арқылы зерттейді; ІҚМ гематологиялық лейкозға, аусылға карсы А,0 және С типті вакцинамен, сібір жарасына қарсы СТИ вакцинамен (малды артуына 14 күн калғанда осы жылы егілмесе) егеді. Одан басқа лептоспироз және импортердің талабы бойынша басқа індетті ауруларға диагностикалык зерттеулер өткізеді. Асыл тұқымды жануарға қатысты қосымша инфекциялық ринотрахеит және ірі қара малдың вирусты диареясына зерттейді (егер жануарлар алдын ала вакцинациялан- баса).
2.Қой және ешкілерді салмонеллезге, бруцеллезге, паратуберкулезді энтеритке, инвазиялық ауруларға тексереді, қойларға шешекке қарсы вакцинация алюмингидрототық формол вакцинасымен және аусылга қарсы А және О,С типті вакциналармен жасалады, қажет болған жағдайда артуға дейін 1 ай бұрын қышымаға қарсы шомылдыру жұмыстарын жүргізеді. Одан басқа инфекциондық эпидидимитке, паратуберкулезге, хламидиозға, лептоспирозға, блутангке, энцефалит-артритке және импорттаушының сұрау бойынша басқа да инфекциялық ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізіледі.
3.Шошқаларды туберкулезге, сиыр және құс туберкулинімен зерттейді, бруцеллезге, инвазиялык аурулардын бар-жоғына, оба және тілмеге вакцинацияны артудан 1 ай бұрын жүргізеді. Одан баска шошқалардың классикалық обасына, бруцеллезге, туберкулезге, лептоспирозге, шошқалардың респираторлы-репродуктивті синдромына, Ауески ауруына, хламидиозге, вирустык трансмиссивті гастроэнтеритке, шошқалардың везикулярлы ауруына, парвовирусты инфекцияға, атрофиялы ринитке, шошқа тұмауына диагностикалык зерттеулер өткізіледі.
4.Тәуліктік тауық, күрке тауық, үйрек, қаз балапандардың, түйеқұстар пуллорозға (пуллорозды антигенмен серологиялық зерттелуі керек), суда жүзетін құстарды паратифке, туберкулезге, инвазиялық ауруларға зерттейді. Бір тәуліктік балапандар Марека ауруына қарсы вакцинацияланған болуы керек.
5.Түбітті аңдарды, кояндарды және иттер иен мысықтарды инвазиялық ауруларға тексереді. Түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар және иттер - токсоплазмозға; құндыз - алеут ауруына: мысықтар - дерматофитозға диагностикалық зерттеулерден өткізеді. Егер жануарлар, соңғы 6 ай ішінде егілмесе, жіберер алдында 14 күн бұрын түлкілер, ақтүлкілер - етқоректілердің обасына; кұндыздар және саскүзендері - ботулизмге, етқо- ректілер обасына, псевдомонозға, вирустық энтеритке; күзен пастереллезге; иттер - кұтырыққа, етқоректілердің обасы, гепатитке, вирусты энтеритке, парво - және аденовирусты инфекцияларға, лептоспирозға; мысықтар - құтырыққа және панлейкопенияға; қояндар - миксоматозға, пастеррелезге және вирустық геморрагиялық аурулар, және импорттаушының басқа да ауруларға вакцинацияланады. Жеке бас колдануына арналған иттер мен мысықтарды екі бастан артық емес, енгізуге арнайы елдің рұқсатынсыз, ветеринарлық сертификатқа теңескен халықаралық паспортпен енгізіледі.
6.Жабайы, хайуанаттар бағының және цирктік жануарлар карантиндеу кезінде келесі диагностикалық зерттеулер жүргізіледі: a) ірі тақ тұяктылар бруцеллезге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Жануарларды басқа да көліктермен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық санитариялық бақылау
Теміржол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Пәндер