Қазақстандағы ветеринария қызметі, ҚР «ветеринария туралы» заңы



I.Кіріспе
II. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңы»
III.Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
IV.Қорытынды
V.Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.
Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.
Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
1. Қасымов Е.И. // Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары/ Алматы, 2009. -272 бет.
2. Ахметсадықов Н.Н және т.б. // Ветеринария негіздері/ Алматы, 2010. -335 бет
3. Сайдулдин Т. // Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары/ Алматы, 2009. -518 бет.
4. Жексембиев Д.Б. // Мемлекеттегі шекара мен көліктегі ветеринариялық санитариялық бақылау/ Алматы, 2005. -366 бет
5.Қ.Р. «Ветеринария туралы заңы»

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР Ветеринария туралы заңы

Орындаған:Балықпаева Л.Е.
Тексерген: Ахметжанов О. Н.

Семей 2015
Жоспар:

I.Кіріспе
II. Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңы
III.Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
IV.Қорытынды
V.Қолданылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.
Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.
Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). Ветеринария туралы заң негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
Мал шаруашылығында ветеринариялық санитариялық талаптарды, мөлшерлерді қолдану және технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал және мал өнімдерін алу мал басын көбейту және жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңы
Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені.Осыған байланысты ветеринариялық істі басқаратын және ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын Ветеринария туралы заң аясында ветеринариялық қызмет жүргізіледі. ҚР Ветеринария туралы заңы бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады:
Бірінші тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер
Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:
1) ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары;
2) мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;
3) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар;
4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
7-бап. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарына:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi;
3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi;
4) селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары -- Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектор, бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың орынбасары деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы.
8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен
оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
9-бап. Мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi
жүзеге асыратын бөлiмшелерi
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті;
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi
11-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет
Қазақстандағы ветеринария қызметі туралы және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы жайлы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «ветеринария туралы» заңы туралы
Қазақстандағы ветеринария қызметі мен ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР ветеринария туралы заңын талдау
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы жайлы мәлімет
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Пәндер