Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Бірбөлімді қарын
2.2 Көпбөлімді қарын
2.3 Зондты қолдану
2.4 Зондты енгізу
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster — қарын) — азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.
Асқазанның сөлін зерттеу үшін оны бір рет немесе фракциялы түрде көп рет алуға болады. Малдәрігерлік тәжірибеде әртүрлі зондтар жылқылардың, шошқалардың және иттердің асқазандарын; күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарын тазалап жуу үшін, олардағы ас қалдықтарын алып тексеру үшін, дәрілік немесе қоректік заттарды жіберу үшін, ағзалардың жирылуын жазып тексеру үшін және т.б. іс-рекеттер үшін қолданылады.
1. Қожанов К.Н. және т.б. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларының практикумы. – Астана, 2009. – 150 бет
2. Коробов, А.В. Применение нового высокоэффективного магнитного зонда (ЗМК-21) и магнитных блокаторов. Методические указания /А.В.Коробов, Р.В.Обойшев. - М.:ФГОУ ВПО МГАВМиБ им. К.И.Скрябина.- 2004.- 18 с.
3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу

Орындаған : Узбеханова Ж.О
Тексерген: Ахметжанов О.Н

Семей 2015ж

Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Бірбөлімді қарын
2.2 Көпбөлімді қарын
2.3 Зондты қолдану
2.4 Зондты енгізу
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster -- қарын) -- азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын -- бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.
Асқазанның сөлін зерттеу үшін оны бір рет немесе фракциялы түрде көп рет алуға болады. Малдәрігерлік тәжірибеде әртүрлі зондтар жылқылардың, шошқалардың және иттердің асқазандарын; күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарын тазалап жуу үшін, олардағы ас қалдықтарын алып тексеру үшін, дәрілік немесе қоректік заттарды жіберу үшін, ағзалардың жирылуын жазып тексеру үшін және т.б. іс-рекеттер үшін қолданылады.

Негізгі бөлім
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бірбөлімді қарын
Бірбөлімді қарын күйіс қайтармайтын жануарлардың құрсақ қуысында, көкеттен кейін орналасады. Оның сол жағында өңешпен жалғасатын кардиальды тесігі, ал оң жақ ұшында он екі елі ішекке ашылатын пилорикалық (қақпақтық) тесік болады. Қарынның қабырғасы түтікше ағза ретінде үш қабықтан: ішкі -- кілегейлі қабықтан, ортаңғы -- етті қабықтан және сыртқы -- сірлі қабықтан тұрады. Қарынның өңеш тәріздес кілегейлі қабығын -- көп қабатты жалпақ эпителий, ал ішек тәріздес кілегейлі қабығын -- жалаң қабат призма тәрізді эпителий астарлайды. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын бездері болады. Олар орналасу орындары мен құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) бездер болып үш топқа бөлінеді. Олар аталуына сәйкес қарынның кілегейлі қабығының кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) аймақтарында орналасады.
Қарынның етті қабығы өз кезегінде ішкі -- қиғаш қабаттан, ортаңғы -- сақинаша қабаттан және сыртқы -- ұзынша қабаттан, ал сірлі қабығы борпылдақ дәнекер- ұлпалық қабаттан және жалаң қабат жалпақ эпителий (мезотелий) қабатынан тұрады. Қарынның сірлі қабығынан үлкен және кіші шарбылар түзіледі.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көпбөлімді қарын
Көпбөлімді қарын күйісті жануарларда болады. Ол өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар -- безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.[1]
Кейде қарын 2 бөліктен құралады:
* бұлшық етті;
* безді.
Көптеген омыртқасыздарда қарын ерекшеленген және ішкі бөлігі болып есептеледі. Көптеген буынаяқтылардың қарнында қоректік зат бөлшектенеді.Өрмекшітәрізділерде бітеу өсінділері бар ортаңғы ішектің алдыңғы бөлігі қарын. Жәндіктерде қоректік затты бөлшектеп шайнау қарны жақсы жетілген, ал безді қарын тек кейбір түрлерінде ғана байқалады. Ұлулардың қарнына ас қорту бездері ашылған, (бауыры).[2] қарны екі бөліктен тұрады: өңешпен байланысты кардиалды және ішекпен байланысты пилорикалық. Екеуінің ортасында қарын түбі орналасқан. Құстарда қарын екі бөліктен, бұлшық етті және сөлді қарыннан тұрады. Сөлді қарында ас қорыту сөлін шығаратын бездер жақсы жетілген. Сүтқоректілердің қарны жақсы жетілген. Қарапайым бір камералы қарын оларда 4 бөліктен тұрады: өңеш бөлімі, кардиалдық, қарын түбі және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөлімнен. Қоректік затпен қоректену ерекшеліктеріне сәйкес жануарлар қарыны әртүрлі болады. Күйіс қайыратынжануарлардың қарнының өңеш бөлімі жақсы жетілген, одан арнайы 3 камера пайда болған: жалбыршақ, тақия, таз қарын, тек ұлтабар ғана нағыз безді қарын. Адамдар мен жыртқыштардың қарны бір камералы, қарын түбі, кардиалды және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөліктерінен құралған. Адам қарынның көлемі 1,5-2,5 л ол әйелдерге қарағанда еркектерде біраз үлкен.
Зондты қолдану арқылы іш қуысын, қуыс органдарды, ішкі жараны т.б. зерттеп, емдейді. Зонд қай органға қолданылуына қарай металдан (күміс, болат) не жұмсақ серпімді заттан, әр түрлі пішінде жасалады. Зондтың өңешке, асқазанға қолданылатын түрі - диаметрі 10 - 12 мм, ұзындығы 60 - 70 см, резинадан жасалған түтік. Оны ауыз арқылы қарынға жеткенше жұтып, одан қарын сөлін алып зерттейді. Сондай-ақ, асқазанды жуып-шаюға да қолданады. Ұлтабарға қолданылатын зондтың 1 - 1,5 м резина түтігінің ұшында металдан жасалған сорғыш болады. Зондпен жараның тереңдігін, көлемін, т.б. анықтап, қарын сөлін, өт алады. Диагностикалық және емдік дәрілерді жібереді.
Асқазанның ас қалдығын алу үшін әртүрлі аспаптар ұсынылған. Кейбір малдарға зондты қолдануға болмайтын жағдайлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы ақпарат
Зонд. Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы мәлімет
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы ақпарат
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу. Зонтты қолдану ережелері
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы мәлімет
Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары
Күйіс қайтаратын малдың қарындарының аурулары
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы
Пәндер