Арматуралық болаттар. Суық штамптауға арналған болаттар жайлы



1. Кіріспе
2. Арматуралық болаттар. Суық штамптауға арналған болаттар.
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Құрама темірбетонның даму оның, өндіріс көлемінің жоғарлауы және елімізде қолданылуы ғылым мен техника салаларындағы жетістіктерімен, құрылыстың жоғарғы дәрежедегі индустриалды базасының құрылуымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде құрама темірбетон негізгі құрылыс материалы. Темірбетон бұйымдарының тұрғын үй, азаматтық және көліктік құрылысты қолдану көлемі айтарлықтай өсті. Құрама темірбетон бұйымдарының құрылыста кең ауқымды қолдануына мыналар септігін тигізеді:
- конструкциялардың дайындалуы мен монтажының жоғарғы дәрежедегі индустриалдығы, бұл құрылыстағы шығындалатын еңбек мөлшерін және құрылысты дайындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының қасиеттерінің универсалдығы; технологиялық әдістерді және материалдарды өзгерте отырып, беріктігі, жылу өткізгіштігі, қышқылға төзімділігі бойынша физикалық – механикалық қасиеттері әр түрлі бұйымдар алуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының басқа материалдармен салыстырғанда ұзақ мерзімге шыдауы.
- Құрама темірбетон өндірісінің шикізаттарды толық пайдалану есебінен және басқа өндірістердің қалдықтарын пайдалану есебінен айтарлықтай кеңейту мүмкіндігі.
Темірбетон, бетон, құрама темірбетон технологиясының дамуы цемент, бетон және темірбетон саласындағы ғылыми және эксперименттальдік зерттеулермен тығыз байланысты. Соңғы 35 – 40 жылдардағы отандық және шетелдік ғылымдардың зерттеулері бетондар және бетон өндірудің жаңа
технологияларын жасауға, бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің жаңа технологияларын жасауға мүмкіндік береді.
Болаттарды жоғарғы механикалық сипаттамалары мен біркелкі структурасына байланысты жауапты қрылыстарда пайдаланады. Металдың қымбаттылығы мен тапшылығын ескере отырып, болат конструкцияларды темір-бетон конструкцияларына едәуір пайдалы болғанда ғана қолданылуы керек. Атап айтқанда күш түсетін болат конструкцияларды бір қабатты өндіріс ғимараттарда таяныш(стропило) конструкциялары үшін(егер аралықтары30 м-ден көп болса), бағаналарда биіктігі14,4 м-ден асса; Әртүрлі мақсаттарға арналған бір қабатты ғимараттарда(жеңіл күш түсетін торлы конструкцияларда, бағалар арасы ең кемінде18×18 мм болса);
1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.
2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инжинерлік-технологиялық факультет
Машина жасау технологиясы және механика кафедрасы
Металл технологиясы
СӨЖ 1
Арматуралық болаттар. Суық штамптауға арналған болаттар.

Орындаған: Тексерген:
ПСМ-219 тобының студенті Жетекші: Тілеуғали Е.Т.
_____ Заманбек Ринат (жетекшінің Т.А.Ж.)
(қолы)
_____ _______ _____ _______
(бағасы) (күні) (бағасы) (күні)

Семей
2015

Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Арматуралық болаттар. Суық штамптауға арналған болаттар.
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Құрама темірбетонның даму оның, өндіріс көлемінің жоғарлауы және елімізде қолданылуы ғылым мен техника салаларындағы жетістіктерімен, құрылыстың жоғарғы дәрежедегі индустриалды базасының құрылуымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде құрама темірбетон негізгі құрылыс материалы. Темірбетон бұйымдарының тұрғын үй, азаматтық және көліктік құрылысты қолдану көлемі айтарлықтай өсті. Құрама темірбетон бұйымдарының құрылыста кең ауқымды қолдануына мыналар септігін тигізеді:
- конструкциялардың дайындалуы мен монтажының жоғарғы дәрежедегі индустриалдығы, бұл құрылыстағы шығындалатын еңбек мөлшерін және құрылысты дайындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының қасиеттерінің универсалдығы; технологиялық әдістерді және материалдарды өзгерте отырып, беріктігі, жылу өткізгіштігі, қышқылға төзімділігі бойынша физикалық - механикалық қасиеттері әр түрлі бұйымдар алуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының басқа материалдармен салыстырғанда ұзақ мерзімге шыдауы.
- Құрама темірбетон өндірісінің шикізаттарды толық пайдалану есебінен және басқа өндірістердің қалдықтарын пайдалану есебінен айтарлықтай кеңейту мүмкіндігі.
Темірбетон, бетон, құрама темірбетон технологиясының дамуы цемент, бетон және темірбетон саласындағы ғылыми және эксперименттальдік зерттеулермен тығыз байланысты. Соңғы 35 - 40 жылдардағы отандық және шетелдік ғылымдардың зерттеулері бетондар және бетон өндірудің жаңа
технологияларын жасауға, бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің жаңа технологияларын жасауға мүмкіндік береді.
Болаттарды жоғарғы механикалық сипаттамалары мен біркелкі структурасына байланысты жауапты қрылыстарда пайдаланады. Металдың қымбаттылығы мен тапшылығын ескере отырып, болат конструкцияларды темір-бетон конструкцияларына едәуір пайдалы болғанда ғана қолданылуы керек. Атап айтқанда күш түсетін болат конструкцияларды бір қабатты өндіріс ғимараттарда таяныш(стропило) конструкциялары үшін(егер аралықтары30 м-ден көп болса), бағаналарда биіктігі14,4 м-ден асса; Әртүрлі мақсаттарға арналған бір қабатты ғимараттарда(жеңіл күш түсетін торлы конструкцияларда, бағалар арасы ең кемінде18x18 мм болса); Көп қабатты ғимараттарда(ғимараттардың болат қаңқалары ұзақ уақытты жүктемесі3 МПа-дан1 МПа-ға дейін кейбір инженерлік құрылыстарда(кран эстакадаларда, көпірлерде, сол сияқты тағыда басқаларда) қолданылады.

2. Арматуралық болаттар. Суық штамптауға арналған болаттар.
Болат деп, темірдің көміртекпен қорытпасын (2% дейін) атайды.
Химиялық құрамына байланысты болатты көміртекті және қоспаланған деп бөледі. Ал сапасына қарай - қарапайым сапалы, сапалы, көтеріңкі сапалы және жоғары сапалыға бөледі.
Қоспалаушы элементтердің ықпалы:
oo никель болаттың коррозияға төзімділігін, жоғары беріктік пен иілгіштігін арттырады, қыздырушылығын күшейтеді, соққығы қарсы кедергісін көтереді.
oo Вольфрам болат құрамында өте қатты қосылыс - карбид түзеді, беріктік пен нығыздық қасиеттілігін арттырады. Вольфрам қыздыру кезіндегі түйіршіктердің көбеюіне кедергі жасап, морт сынғыштықтан қорғайды.

oo Ванадий қаттылығы мен беріктігі жоғарылайды, түйіршігін ұсақтатады. Болаттың тығыздығын арттырады.

oo Кремний құрамы 1 % артық болған жағдайда болаттың қасиеттеріне ерекше әсер береді: 1-1.5% Si жабысқақтығын сақтай отырып, беріктікті арттырады. Кремний құрамын арттырса, электр кедергілігі және магнит әсерлігі күшейеді. Сонымен қатар, кремний серпімділік пен калийленуді арттырады.

oo Марганец құрамы 1% жоғары болғанда болаттың қаттылығы, тозуға төтеп беруі күшейеді, соққығы төзу ауыртпалығы иілгіштігіне әсер етпей артады.

oo Кобальт қызуға төзімдігі мен магниттік қасиеттерін арттырады, соққыға қарсы кедергіні үлкейтеді.

oo Молибден беріктігін, серіпімділігін, созылу беріктілігнің шегін арттырады, коррозияға қарсылық және жоғары температурада қышқылдануға қарсылығы күшейеді.

- Титан болаттың беріктігі мен тығыздығын арттырады, үтйіршектендіреді, өңделу тиімділігі және коррозияға қарсылығы күшейеді.
Қоспаланған болатты қоспалану деңгейіне қарай түрлері: төмен-қоспаланған (қоспа элементтері 2,5% дейін), орташа-қоспаланған (2,5%-тен 10% дейін), жоғары-қоспаланған (10%-тен 50% дейін). Жоғары-қоспаланғанға жататындары:
:: коррозияға төзімді (таттанбайтын) болат пен қорытпа,электрохимиялық және химиялық, аралық кристаллитті, кернеулік және басқа да коррозияларға қарсы тұратын қасиетке ие;
:: ыстыққа төзімді (калиленбейтін) болат пен қорытпа, температурасы 50°С - тен жоғары газдалған ортада химиялық ыдырауға төзімді, қалыпты жағдайдағы;
:: ыстыққа берік болат пен қорытпа, ұзақ мерзім бойы ыстыққа төзімділікпен жоғары температурада жұмыс жасауға беімделген.
Болат маркалары. Қарапайым сапалы көміртекті болат ГОСТ 380-94.
Қолдану аймағы. Қарапайым сапалы көміртекті болат ыстық жаймаланған өнімдер үшін: сорттық, фасондық, қалыңбетті, жұқабетті, кеңқуысты және суық жаймаланған жұқабетті, сонымен қатар қорытпа, блюм, сляб, сутунка, құбыр, қалып пен штамп, лента, сым, метиз, т.б. бұйымдар жасау. Классификациясы. Қарапайым сапалы көміртекті болаттың маркалары: Ст0, Ст1кп, Ст1пс, Ст1сп, Ст2кп, Ст2пс, Ст2сп, Ст3кп, Ст3пс, Ст3сп, Ст3Гпс, Ст3Гсп,Ст4кп,Ст4пс, Ст4сп, Ст5пс, Ст5сп, Ст5Гпс, Ст6пс, Ст6сп.
Ст әріптерімен болатты белгілейді. 0,1,2,3,4,5,6 цифрлары - марканың химиялық құрамына байланысты нөмірі. Нөмірдің өсуіне байланысты құрамындағы көміртек пен уақытқа сәйкесті кедергісінің артуы анықталады.
Цифрдан кейінгі әріптер болаттың қышқылдануын көрсентеді: КП - қайнау кезі; ПС - жартылай тынық; СП - тынық.
Көміртекті сапалы конструкциялы болат ГОСТ 1050-88. Жалпы техникалық шарттары . Қолдану аймағы . Бұл стандарт ыстық жаймаланған және қақталған жаймалардың техникалық қасиеттерін анықтайды. Олар көміртекті жоғары сапалы конструкциялы болат маркалары - 08,10,15,20,25,30,35,40,45,50,55,58 және 60 , диаметрі 250 мм-ге дейін. Сонымен қатар калибрленген және арнайы өңделген барлық болат маркалары. Химиялық құрам нормаларына байланысты стандарт басқа да жаймалау түрлеріне, жоғарыда көрсетілген болат маркасынан жасалған құймаларға, қақтамаларға, штапмптарға, сонымен қатар 05кп, 08кп, 08пс, 10кп, 10пс, 11кп, 15кп, 15пс, 18кп, 20кп и 20пс маркалы болаттар үшін де қолданылады. Классификациясы. Бастапқа екі цифрмен белгілену ( 08, 10,15 , 20 және т.с.с, 60 дейін) жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді. Цифрлардан кейінгі КП және ПС әріптері болаттың қайнатылған және орташа қалыптағы күйін анықтайды. Бетінің сапасы :
1ГП - ыстық тұнба (байқау )
2ГП - қысыммен ыстықтай өңдеуге арналған
3ГП - механикалық суық өңдеуге арналған
Механикалық қасиеттері:
М1 - қалыпталған күйде
М2 - күйіктеу немесе нормалаушы механикалық қасиеттері
М3 - қалыпталған механикалық қасиетті
ТО - күйдірілген, жоғары арылған
Қаттылық :
ТВ1 - термиялық өңдеусіз
ТВ2 - қалыпталған беріктік
ТВ3 - күйіктелген жаймалау
Төмен-қоспаланған және қоспаланған конструкциялық болат. Төмен-қоспаланған конструкциялық беріктігі жоғары ГОСТ 19281-89. Қоспаланған конструкциялық ГОСТ 4543 - 71. Рессорлы-серіппелі ГОСТ 14959-79
Коррозияға тұрақты, ыстыққа төзімді, ыстыққа берік ГОСТ 5632-72
Белгілеу. Бастапқы екі цифрмен белгілену - жүздік проценттік үлестегі көміртектің орташа құрамын көрсетеді. Цифрлардан кейінгі әріп қоспалаушы элементтің бар екенін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арматуралық болаттар. Суық штамптауға арналған болаттар
Қорытпалар күйі диаграммасының түрлері
Төмен қосындылы құрлыс болаттары. арматуралық болаттар
Төмен қосындылы құрлыс болаттары
Төмен қосындылы құрылыс болаттары. Арматуралық болаттар
Төмен қосындылы құрылыс болаттары. Арматуралық болаттар жайлы
Темірбетон бұйымдарын арматуралау
Үздіксіз суық жаймалау станы және болат жолақтарын шынықтыру
Пайдаланылатын материалдар
Арматура түрлері
Пәндер