Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі



1.Кіріспе
2.Орман қорының адам өміріндегі маңызы
3.Орманның қоғамда және адам өмірінде алатын орны
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер
Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру объектісі болып.табылады.
Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе мастерлік учаскенің аумағынан кем болмайды. Жуықтағы 15-20 жылда шаруашылыққа пайдалануға белгіленбейтін орман аумағында, қажет болса ғарыштық және басқа түсірулерді қолдану арқылы шығын және еңбекті аз қажет ететін ара қашықтық әдістерімен зерттеу жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 45 қаулысымен (16.01.2004 ж) бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері.
Орман шаруашылығын жүргізу мен орман ресурстарын пайдалану, орманды ұдайы өндіру, күзету және қорғау жұмыстарының тиімділігіне, орман шаруашылығындағы ғылыми-техникалық саясаттың бірыңғай болуына бағытталған шаралар жүйесін жасау орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады.
Аллабергенұлы, Д. Отанымыздың байлығы мен сұлулығы // Дидар. - 2008. - 24 маусым. -Б. 2.
Әлімбек, Қ. Орман мәселесі басты назарда // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым. - Б. 5.
Кенжебеков, Б. Орманды табиғаттан қорғайық // Семей таңы. - 2009. - 4 маусым. - Б.10.
Сағимұратов, Е. Орман мәселесі ойландырады // Семей таңы. - 2009. - 13 тамыз. - Б. 9.
Тілеубайқызы, Л. Орманды қалпына келтіру – кезек күттірмейтін мәселе // Дидар. - 2008. - 19 ақпан. - Б. 1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі

Дайындаған: Болысбеков М.Н.
ЛД-211тобы Тексерген: Тойкин С.Х



Жоспар
1.Кіріспе
2.Орман қорының адам өміріндегі маңызы
3. Орманның қоғамда және адам өмірінде алатын орны
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кіріспе
Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру объектісі болып.табылады.
Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе мастерлік учаскенің аумағынан кем болмайды. Жуықтағы 15-20 жылда шаруашылыққа пайдалануға белгіленбейтін орман аумағында, қажет болса ғарыштық және басқа түсірулерді қолдану арқылы шығын және еңбекті аз қажет ететін ара қашықтық әдістерімен зерттеу жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 45 қаулысымен (16.01.2004 ж) бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері.
Орман шаруашылығын жүргізу мен орман ресурстарын пайдалану, орманды ұдайы өндіру, күзету және қорғау жұмыстарының тиімділігіне, орман шаруашылығындағы ғылыми-техникалық саясаттың бірыңғай болуына бағытталған шаралар жүйесін жасау орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады.



2.Орман қорының адам өмiрiндегi маңызы
Орманды алқаптарда ауру тудыратын микробтар аз болады. Қаланың ауасымен салыстырғанда мұндай бактериялар 300 есеге кем болады. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесiндегi тазалықпен бiрдей болады. Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды. Жердiң тозуын болдырмайды. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Қазақстандағы орман қорының жерi 21,2 млн. гектар, оның iшiнде ағашты алқап 9,1 млн. гектарға жетедi. Орманнан жылына 2-2,4 млн метр³ ағаш даярланады. Қазақстан Республикасы жылына шамамен 11 млн метр³ дейiн ағаш өнiмдерiн тұтынушыларға жеткiзедi. Қазақстан ормандары негiзiнен табиғатты қорғау қызметiн атқарады. Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi шетелдерде (Ресейде) сондықтан елiмiзде орманды қорғау, молайту және тиiмдi пайдалану өте өзектi экологиялық әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады. Орман қорын қорғаудың және тиiмдi пайдаланудың басты мәселесi - оны ұдайы, үдемелi жаңғыртып отыру. Әсiресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзiмде қалпына келетiн табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсiру, қорғау ұзақ мерзiмдi бағдарламалар мен жоспар жүзеге асырылуы тиiс. Орманда әр жылдық ағаштар өседi. Яғни, ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады. Ағашты даярлау, кесу, тасу жұмыстарын ұкыпты жүргiзу керек. Бұл жұмыстар ағаштың өсуiне нұқсан келтiрмеу тиiс. Ағаш кесу жұмыстары, орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгiленедi.
Ағаш қоры кешендi түрде пайдалану тиiс, яғни тек ағаш даярлау үшiн ғана емес оның басқа да қызметтер мен үлесiмдi пайдаланылуы тиiс. Ағаш қорын кешендi пайдалану деп - ағаштың өзiн ғана емес, басқа бөлiктерiн (бұтақтарын), түбiрiн, қабығын пайдалана бiлу керек. Орман қорын тиiмдi пайдалану қорғау экономикасы орманды өсiру құнын қорғау шығындарының тиiмдiлiгiн талап етедi. Орман қорын бағалау мынандай қажеттiлiктерден туындайды:
Орман қоры ұлттық байлық болып табылады. Орман шаруашылығы материалдық өндiрiстiң жеке саласы.
Орман жерiнiң сапасына орналасу аймағына байланысты оның өнiмдерiнiң әр түрлі болуында.
Орман шаруашылығының шығындары соның нәтижесiнде алынған өнiмдер арқылы толығымен қайтарылуы тиiс.
Орман қорын өсiрудi, қорғауды және тиiмдi пайдалануды экономикалық ынталандыру қажет және орман қорын бүлдiрушiлер және оған зиян келтiрушiлер материалдық жауапкершiлiкке тартылады.
Орманды жерлерде дем алған адамда күш-қуаты еңбекке қабілеті жылдам қалпына келеді, көңіл-күйі жақсарып, эстетикалық талғамы күшейеді.
Бiздiң елiмiздегi ормандар жүйесi негiзiнен, солтүстiк және шығыс аймақтарында шоғырланған орманның бiрнеше типтерi бар. Олар - сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Орман қоры жер шары бойынша жылдан жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн.

текше километр жерiн өсiмдiктер мен орман алып жатыр. Республикада ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негiзгi себептерi - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруi мен айнала қоршаған ортаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі туралы
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі жайында
Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелерінің теориялық - әдістемелік негіздері
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелері
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мен несиелендіру көздері
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Мұнай өндіру саласының пайдалылық деңгейіне әсер етуші инвестиция көрсеткішінің тренд үлгісі
Пәндер