Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары жайлы



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы
2. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалар
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында да, әдебиетте де қиын кезең басталған болатын. Енді ғана жазба әдебиетке ойысып, жаңа қадам басып келе жатқан әдебиетімізге саяси-әлеуметтік жағдайдың ықпалы зор болды. Өз халқының басқа елдермен терезесі тең, сауатты, еркін ел болуын көздеген ұлт зиялылары газет-журнал беттерінде ағартушылық бағыттағы мақалалар мен шығармаларын жариялап отырды. Осы орайда Орынборда Ахмет Байтұрсынұлының 1913 – 1918 жылдары шығарып тұрған «Қазақ» газетін айтуға болады. Бұл газеттің сол кезеңде айрықша орны болды, Мұхтар Әуезовтің тілімен айтсақ: «Жазылған ұсақ өлеңдер, әңгімелер, барлық мақалалардың бәрі де қазақты ұйқыдан ояту, сергіту, күшін біріктіру, оқығандарын түзу жолға салу, соларға басшы болу, қазақ ісіне көз-құлақ болуға арналған. Бұл тұтынған жолда «Қазақ» газеті өз міндетін атқарды».
Сәбит Мұқанов ХХ ғасыр басындағы әдебиетке, оның өкілдеріне баға бергенде Мұхтардың жазушылық шеберлігін, шығармаларының көркемдік ерекшелігін бағалағанымен, алашордашылармен тілегі бір, «ұлтшыл» деген айып тағады, сонымен бірге Мұхаңның олармен ұстанған бағыты, мұраты бір екендігін де осы еңбегінде анық көрсетіп береді. Бірқатар шығармаларын сынай келе, мысалы, «Қилы заман» повесінің негізгі идеясы туралы былай дейді: «Баяғыдан бері жегеніне шыдап кеп, қазақ енді басын көтеріп ел болды деп қуанып отыр. Бұл жігіт бермеудің қуанышы емес, қазақ деген орыстан бөлек ел болудың қуанышы» [5, 350]. Кезінде қатты айтылған сын болғанымен, Сәбеңнің бұл пікірі орынды. Себебі, елдік, халықтық, ұлт идеясын ашық та, астарлап та Әуезов қана емес, сол кезеңдегі алаш қайраткерлерінің барлығы да өз шығармаларына арқау етті.
1. http://el.kz/
2. Жұмалиев Қ.Ж. Әдебиет теориясы. “Мектеп баспасы”, Алматы-1964-251б.
3. Қабдолов З. Әдебиет тоеория-сының негіздері. Алматы-1970,378б
4. Әдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті:Оқулық.-Алматы,2012.-408б.
5. Күзембаева В. Қ. Орталық ғылыми кітапхана.-Алматы,2003.-709б.-“Ұлы тұлғалар ғылыми-ғұмырнамалық сериясы”.
6. Ментебаева А. Күнікейдің жазығы.-Алматы: “Олжас кітапханасы” Баспа үйі, 2012-176б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары

Орындаған: Бақтиярова А.А.
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Топ: КЯ-313

Семей 2015

Жоспар
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы
2. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалар
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында да, әдебиетте де қиын кезең басталған болатын. Енді ғана жазба әдебиетке ойысып, жаңа қадам басып келе жатқан әдебиетімізге саяси-әлеуметтік жағдайдың ықпалы зор болды. Өз халқының басқа елдермен терезесі тең, сауатты, еркін ел болуын көздеген ұлт зиялылары газет-журнал беттерінде ағартушылық бағыттағы мақалалар мен шығармаларын жариялап отырды. Осы орайда Орынборда Ахмет Байтұрсынұлының 1913 - 1918 жылдары шығарып тұрған Қазақ газетін айтуға болады. Бұл газеттің сол кезеңде айрықша орны болды, Мұхтар Әуезовтің тілімен айтсақ: Жазылған ұсақ өлеңдер, әңгімелер, барлық мақалалардың бәрі де қазақты ұйқыдан ояту, сергіту, күшін біріктіру, оқығандарын түзу жолға салу, соларға басшы болу, қазақ ісіне көз-құлақ болуға арналған. Бұл тұтынған жолда Қазақ газеті өз міндетін атқарды.
Сәбит Мұқанов ХХ ғасыр басындағы әдебиетке, оның өкілдеріне баға бергенде Мұхтардың жазушылық шеберлігін, шығармаларының көркемдік ерекшелігін бағалағанымен, алашордашылармен тілегі бір, ұлтшыл деген айып тағады, сонымен бірге Мұхаңның олармен ұстанған бағыты, мұраты бір екендігін де осы еңбегінде анық көрсетіп береді. Бірқатар шығармаларын сынай келе, мысалы, Қилы заман повесінің негізгі идеясы туралы былай дейді: Баяғыдан бері жегеніне шыдап кеп, қазақ енді басын көтеріп ел болды деп қуанып отыр. Бұл жігіт бермеудің қуанышы емес, қазақ деген орыстан бөлек ел болудың қуанышы [5, 350]. Кезінде қатты айтылған сын болғанымен, Сәбеңнің бұл пікірі орынды. Себебі, елдік, халықтық, ұлт идеясын ашық та, астарлап та Әуезов қана емес, сол кезеңдегі алаш қайраткерлерінің барлығы да өз шығармаларына арқау етті.
Осы кезеңнің өзінде-ақ әдебиетті зерттеуге талпыныстар басталғанын Қазақта жарияланған еңбектерден байқауымызға болады. Бұлар - 1913 жылда Ахмет Байтұрсынұлының ұлы ақын Абай туралы Қазақтың бас ақыны мақаласынан басталған, одан кейінгі Міржақыптың Абай, Райымжан Марсековтың Қазақ әдебиеті жайынан, Әлихан Бөкейханов, т.б. мақалаларымен ұласқан еңбектер. Осы тұрғыдан алғанда Әуезов зерттеуі бұлардың заңды жалғасы іспеттес.
Халық рухын көтеретін, елдің болашағына бағдар беріп, беталысын нұсқайтын, жалпы халықтың қоғамдық өмірінің айнасы болатын әдебиет деп білген қазақ ағартушылары оны зерттеуге де назар аудара бастауы қалыпты жағдай. Алайда әртүрлі саяси-әлеуметтік жағдайлардың әсерінен Қазақ, т.б. газет-журналдар жабылып, Кеңес өкіметінің қысымы күшейіп, саяси билік Орынборда орныққан соң, қазақ зиялылары Ташкентте шоғырлана бастады. Ағартушылық арқылы халық санасын ояту, ұлт болып өз алдына ел болуды насихаттау ісін әрі қарай жалғастырды.
Осындай міндет сеніп тапсырылған адамдардың бірі М.Әуезов еді. Бұл іске Мұхаңның бел шешіп кіріскендігі оның Шолпан журналында жариялаған мақалалары, әңгімелерінен көрінеді. Ташкенде 1922-23 жылдары небары 8 ғана саны шыққан Шолпан журналының бағыты да осы болатын. Бұл журналда сонымен қатар алаш зиялылары Мағжанның Қорқыт, Батыр Баян поэмалары, Шолпанның күнәсі әңгімесі, Шәкәрімнің Ләйлі-Мәжнүні, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедовтың, т.б. ағартушылық бағыттағы мақалалары жарық көрген еді. Әуезовтің сол кезеңдегі ұстанған бағытының ұлт мүддесімен ұштастығын, зиялы қауым пікірмен үндестігін сол кезеңдегі басты басылым Қазақ туралы жазған сөзі көрсетеді.
ХХ ғасыр басындағы енді ғана дамып, қанатын жайып келе жатқан жазба әдебиеттің қалыптасуы, оның сол кездегі даму үдерісі және келешектегі бағыт бағдар, міндетін айқындап беретіндей зерттеу сол кезеңде қажет-ақ еді. Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі мақаласы бұл талаптың барлығына толық жауап берді деп айтуға толық негіз бар.
Мұхтар Әуезов керемет фольклортанушы ғалым екендігін кейінгі еңбектерінен білеміз. Оның: Кең даламызда шашылып жатқан ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап-теріп, ерінбей-жалықпай жүйелеп, қазақ фольклоры ғылымының негізін қалап кеткені [2, 93] мәлім. Ал сол еңбектердің басы осы мақаладан басталады. Себебі ғалым қазіргі әдебиетке баға бергенде бірден сол кезеңдегі әдебиеттің жайына көшіп кетпей, оған дейінгі ауызша әдебиетке баға береді. Осы мақаладағы фольклор мен әдебиеттің өзара байланысы мәселесіндегі алғаш айтылған, бүгінгі күнде де ғылыми маңыздылығын жоғалтпаған ой-пікірлеріне назар салып көрейік. Мұнда автор фольклор енді-енді қалыптасып келе жатқан жаңа әдебиеттің негізі деген тұжырымды қазақ фольклортану ғылымында алғаш рет ұсынады: Ескі әдебиеттің түрін білу, бетін ұғу, ағымына түсіну біздің өзіміз үшін керек. Бүгінгі әдебиетке белгілі жол салып, дұрыс бағыт береміз десек, жалпы қазақ әдебиетінің өткен күнін, бүгінгі қалпын, һәм келешегін де түгел түсіну керек. Сонда ғана әрбір жазушы хақиқатқа жақын сөйлеуі мүмкін [4, 231].
Зерттеуші Ә.Молдахановтың сөзімен айтсақ: автор өз мақаласында қазақ фольклорының көркемдік мәнін өте жоғары бағалай келіп, онда қазақ өмірінің әрбір дәуірі, әрбір мезгілі және әрбір жеке-жеке суреттері де бейнеленгенін, сондай-ақ мұнда жазба әдебиетте кездесетін үлгілі мінездер, типтер, ел ішіндегі айрықша таптардың өзгеше психологиясы да дәл айтылғанын, нақты мысалдар келтіре отыр отырып, дәлелді, әрі ойға қонымды етіп тұжырымдайды.
Сонымен бірге ғалым тағы бір қызықты әрі тың пікір айтады. Ол Абайдан бастау алады деп есептелетін жазба әдебиеттің алдына тағы мынадай кезеңдерді қосады: біріншісі ұзақ әңгіме тудыратын Наурызбай мен Біржан - Сара айтыстары, яғни жазба әдебиетке кіретін эпостолярлы роман түріндегі өлеңдер болса, екіншісі қазақтың жалпы тұрмысындағы, тарихындағы көшпелі дәуірмен сәйкес келетін, зерттеушінің өзі Абайдан алдыңғы Шортанбай, Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп, Нарманбеттерді жатқызатын көшпелі әдебиет. Шындығында бұл дәуірде нақты іске көшкен, бағыт-бағдары айқын әдебиет болған жоқ. Мұны Әуезов қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі жабығып, қайғы басқан, сөзінен, өлеңінен, әнінен бұрынғы билік, еркелік, еркіндік бәрі де арыла бастап, оның орнын арман, заршер, қайғы басқан кезең деп суреттейді.
Ал осындай әдебиеттегі екіұдай кезеңнен жол тауып, халқына дұрыс бағыт көрсеткен, жөн-жосық сілтеген Абай өлеңдерінің қазақ әдебиетіндегі өлшеусіз еңбегіне берген бағасы, құнды пікірлері Абайтанудың бастау көзі деуге болады.
Зерттеушінің Абайдағы жаңалықты, өлең өрнектеріндегі тосын түрлерді дөп танығанымен, ол жаңалықтың қырдағы қалың қазақтың осы күнге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі екендігін, ал Абай өлеңдерінің идеясы, айтпақ ойы, мақсатын дұрыс танып, ондағы қазақ өмірінің кем-кетігін түсініп, дәлдеп ауруын тауып, емін айтқан ширақтықты көрсетуі әдебиеттанушы ғалым ретінде сол кездің өзінде-ақ қалыптасқанын айғақтайды.
Мұхтар Әуезовтің абайтануға сіңірген орасан еңбегінің алғашқы әрі құнды пікірлері осы мақалада көрінген.
Ал әдебиеттегі Абайдан кейінгі дәуірді, яғни сол кезеңдегі қоғамның рухани-мәдени өміріндегі әдеби жаршысы болған Қазақ газетінде жарияланған дүниелерді жатқызып, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына тура келген ұлтшылдық сарындағы әдебиет деп атайды. Сол кезеңдегі алғашқы қазақ баспасөзінің, әсіресе, қоғамдық өмірдің айнасы іспеттес болған Қазақ газетінің саяси-әлеуметтік мәнін айқындауда құнды деректер келтіреді.
Өз дәуіріндегі беті өзгермесе де, түрі көбейе бастаған әдебиеттің басты жаңалығы деп сыршылдық (романтизм) дәуірі басталуын көрсетеді.
Қай кезде де, әсіресе қазақ әдеби сыны түгілі, қазақ жазба әдебиеті қалыптасып үлгермеген ХХ ғасыр басында замана ағымына, дәуір әдебиетінің жай-күйіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі
Тарихи роман поэтикасы
Қазіргі кезеңдегі әдеби-теориялық пайымдаулар
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Шәкәрімнің қай шығармасынан
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Пәндер