Саясат тарихы жайлы мәлімет



I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЯСАТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ.
2. САЯСИ ОЙЛАР, ОНЫҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ. ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕНІҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ.
3. ЖАҢА ЕВРОПАЛЫҚ САЯСИ ОЙДЫҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ САЯСИ ОЙЛАР.
4. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ОЙЛАР.
5. САЯСАТТАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ.

III. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Саясаттану – саясат туралы, оның жеке адам және қоғаммен қарым- қатынасы, оның субстанционалдық институционалдық қызметтік көрінісі, саяси процестердің «технологиясы» туралы интегралдық ғылым. Саясаттану әдістері жалпығылымдық, жүйелілік, құрылымдық, қызметтік, құрылымдық- қызметтік, салыстырмалы т.б. жалпығылымдық әдістерді байланыстырады. Саяси ғылым ХХ ғасырдың ортасына қарай институционалданды. 1949 жылы ЮНЕСКО шеңберінде саяси ғылымның халықаралық ассоциациясы – СҒХА құрылды. Саяси ғылымның құрылымының құрамалық элементтері жүйеленді және ол ЮНЕСКО бастамасымен 1948 жылы ұйымдастырылған саяси ғылым мәселелері бойынша халықаралық коллоквиумда жарияланды. Саяси ғылым элементтерінің төрт блогы, бөлімі бар.
1. Саяси теория: саяси теория және идеялар тарихы;
2. Саяси институттар: а) конституция; б) орталық басқару; в) аймақтық және жергілікті басқару; г) жария әкімшілік; д) басқарудың экономикалық және әлеуметтік қызметтері; е) саяси институттарды салыстырмалы зерттеу.
3. Партиялар, топтар және қоғамдық пікір: а) саяси партиялар; б) топтар мен бірлестіктер; в) азаматтардың басқаруға және әкімшілікке қатысуы; г) қоғамдық пікір.
4. Халықаралық қатынастар: а) халықаралық саясат; б) саясат және халықаралық ұйымдар; в) халықаралық құқық.


САЯСАТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, өркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – саясаттану. Саясаттану - әлеуметтік және гуманитарлық пәндер жүйесіндегі жаңа пән.
Саясаттанудың немесе саяси ғылымның өзіндік әдістік принциптері, түсінік, ұғымдық аппараты бар өз алдына дербес оқу пәні ретінде қоғамтану пәндерінен бөлініп қарастырыла бастауы – қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерімен байланысты. Бұл міндеттерді орындау жас егеменді мемлекеттен қоғамдық дамудың демократиялық формаларына көшу, сонымен бірге оның азаматтарынан, ең алдымен жастардың саясаттанудың қарапайым негіздерін білуді қажет етеді.
1. Белов Г.А. Политология: Курс лекций. Уч. пос. М., 1996.
2. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Политология. Уч. пос. А., 2000.
3. Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
4. Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы:Саясат тарихы

Тексерген: Мамырбеков А.М
Орындаған: Қайырбек Ж.С
Оқу тобы: ТК-421

Семей 2015
ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЯСАТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ.
2. САЯСИ ОЙЛАР, ОНЫҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ. ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕНІҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ.
3. ЖАҢА ЕВРОПАЛЫҚ САЯСИ ОЙДЫҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ САЯСИ ОЙЛАР.
4. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ОЙЛАР.
5. САЯСАТТАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ.

I. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Саясат - бұл басқару ғылымы. Ю.Крижанич

Саясаттану - саясат туралы, оның жеке адам және қоғаммен қарым- қатынасы, оның субстанционалдық институционалдық қызметтік көрінісі, саяси процестердің технологиясы туралы интегралдық ғылым. Саясаттану әдістері жалпығылымдық, жүйелілік, құрылымдық, қызметтік, құрылымдық- қызметтік, салыстырмалы т.б. жалпығылымдық әдістерді байланыстырады. Саяси ғылым ХХ ғасырдың ортасына қарай институционалданды. 1949 жылы ЮНЕСКО шеңберінде саяси ғылымның халықаралық ассоциациясы - СҒХА құрылды. Саяси ғылымның құрылымының құрамалық элементтері жүйеленді және ол ЮНЕСКО бастамасымен 1948 жылы ұйымдастырылған саяси ғылым мәселелері бойынша халықаралық коллоквиумда жарияланды. Саяси ғылым элементтерінің төрт блогы, бөлімі бар.
1. Саяси теория: саяси теория және идеялар тарихы;
2. Саяси институттар: а) конституция; б) орталық басқару; в) аймақтық және жергілікті басқару; г) жария әкімшілік; д) басқарудың экономикалық және әлеуметтік қызметтері; е) саяси институттарды салыстырмалы зерттеу.
3. Партиялар, топтар және қоғамдық пікір: а) саяси партиялар; б) топтар мен бірлестіктер; в) азаматтардың басқаруға және әкімшілікке қатысуы; г) қоғамдық пікір.
4. Халықаралық қатынастар: а) халықаралық саясат; б) саясат және халықаралық ұйымдар; в) халықаралық құқық.

САЯСАТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, өркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны - саясаттану. Саясаттану - әлеуметтік және гуманитарлық пәндер жүйесіндегі жаңа пән.
Саясаттанудың немесе саяси ғылымның өзіндік әдістік принциптері, түсінік, ұғымдық аппараты бар өз алдына дербес оқу пәні ретінде қоғамтану пәндерінен бөлініп қарастырыла бастауы - қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерімен байланысты. Бұл міндеттерді орындау жас егеменді мемлекеттен қоғамдық дамудың демократиялық формаларына көшу, сонымен бірге оның азаматтарынан, ең алдымен жастардың саясаттанудың қарапайым негіздерін білуді қажет етеді.
Саясаттану терминіне келетін болсақ, саясаттану (орыс тіліндегі политология) термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада), polis (қала-мемлекет) және logos (ілім, ғылым) сөздерінен құралған. Саясат (политика) сөзі Аристотельдің Политика деп аталған мемлекет, басқару, үкімет туралы трактатының ықпалымен пайда болған.
Саяси ғылымның пайда болуы ХІХ - ХХ ғасырлар межесімен байланыстырылады. Бұл кезеңде саясаттану тарих, заң ғылымы, әлеуметтану, философиядан теориялық және әдістемелік жағынан бӛліне бастады. Бұған дейін қоғамның саяси өмірі осы білім салалары шеңберінде қарастырылған еді. Алайда қазіргі заманғы саясаттанудың бастауларын адамзаттың тарихи өткен кезеңдеріндегі саяси идеялар мен теориялардан іздеу керек.
Саяси білімдердің даму тарихында үш үлкен кезеңдерді көрсетеді:
Бірінші кезең ежелгі дүние, антикалық заманнан Жаңа дәуірге дейін созылды. Бұл кезеңде саяси түсініктер мифологиялық, кейінірек философиялық- этикалық және теологиялық сипатта болып, бірте-бірте олар рациональды түсініктермен алмасты. Саяси идеялар гуманитарлық білімдердің жалпы ағымында дамыды.
Екінші кезең Жаңа дәуірден бастап шамамен ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылды. Саяси теориялар діни ықпалдан арылып, азаматтық сипат алды. Бұл кезеңдегі саяси ойлардың негізгі мәселелері - адам құқықтары, биліктің бөлінуі идеясы, құқықтық мемлекет пен демократия мәселелері болды. Алғашқы саяси идеологиялар пайда болып, дами бастады. Саясаттың адамдар іс-әрекетінің ерекше саласы екендігі түсініле бастады.
Үшінші кезең - бұл саясаттанудың дербес ғылым және академиялық пән ретінде қалыптасу кезеңі болды.
ХІХ - ХХ ғғ. межесінде саясаттануда саяси құбылыстарды зерттеудің жаңа әдістемелері қалыптасты, олар қазіргі заманғы саясаттанудың дамуында маңызды роль атқарған түрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкелді. Қалыптасып келе жатқан саясаттану ең алдымен принциптерін О.Конт және Г.Спенсер анықтаған позитивтік әдістеменің ықпалына ұшырады. Позитивизм ықпалымен саяси зерттеулерде верификация (латын тілінен verus-іздеу, facio- жасаймын) принципі орнықты, бұл принцип бойынша байқау, құжаттарды зерттеу, талдаудың сандық әдістері арқылы нәтижесін тексеріп білуге болатын эмпирикалық фактілер ғылыми құндылыққа ие бола алады. Позитивизм саясаттанудағы эмпирикалық (тәжірибелік) бағыттың дамуын ынталандырды. Эмпирикалық зерттеулердің дамуына белгілі американдық саясаттанушы Ч. Мерриам негізін салған саяси ғылымның Чикаго мектебі (ХХ ғ. 20-40 жж.) маңызды үлес қосты.
Келесі орныққан әдістеме - әлеуметтік әдістеме, ол саяси құбылыстарды қоғамдық ӛмірдің басқа салаларымен: экономика, мәдениет, этика, әлеуметтік құрылыммен байланысты қарайды. Марксизм экономикалық детерминизм - саясатты таптық қоғамның объективті экономикалық заңдарының әрекеті арқылы түсіндіру дәстүрінің негізін салды.
ХХ ғасырдың басындағы саясаттанудың дамуы М.Вебердің есімімен байланысты, оны биліктің легитимдігі және қазіргі заманғы бюрократия теориясының негізін салушы деп есептейді. Элиталар теориясының негізін салушылар Г.Моска, В.Парето, Р.Михельс саяси теорияның қалыптасуында маңызды роль атқарды.
Саясаттанудың әдістемелері мен мәселелерінің қалыптасуына психоанализдің негізін салушы З.Фрейдтің идеялары да күшті әсер етті. Ол саяси құбылыстарды негiздеуде бейсаналық импульстардың роліне көңіл аударды. Психоанализ ықпалымен саясаттануда билікке ұмтылуға итермелейтін себептерді, саяси мінез-құлықты зерттейтін бағыттар қалыптасты. Саясаттануда психоанализ әдістері мен эксперименттік психологияның әдістерінің орнығуына Ч.Мерриам және Г.Лассуэл маңызды үлес қосты. Чикаго мектебінің қызметі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін батыстық, ең алдымен америкалық саясаттануда бихевиористік (ағылшын тілінен behavior мінез-құлық) революцияға алғы шарт дайындады. Саяси мінез-құлық - саяси нақтылық негізі болып мойындалды. Бұл бағыт шеңберінде түрлі жағдайлардағы, мысалы сайлау кезіндегі, саяси шешімдер қабылдаудағы мінез-құлықтар үлгілері зерттелді. Зерттеу объектісі - индивидті саяси іс-әрекетке итермелейтін себептер болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттану өзінің зерттеу мәселелерінің шеңберін кеңейтті. Бұл ең алдымен мынандай мәселелер болды: саяси жүйелер (Т.Парсонс, Д.Истон, К.Дойч); саяси мәдениет (Г.Алмонд); саяси режимдер (Х.Арендт, К.Поппер, К.Фридрих, З.Бжезинский); партиялар және партия жүйелері (М.Дюверже, Дж.Сартори); саясаттағы конфликт (жанжал) және консенсус (пәтуаластық) (Р.Дарендорф, С.Липсет).
Саяси ғылым демократия мәселелерін зерттеуде жаңа бағыттармен байытылды. Р.Даль, Дж.Сартори, Й.Шумпетер демократияның жаңа теориялық модельдерін жасады. Соңғы он жылдықтары саяси модернизация (жаңару, бейімделу), түрлі елдердегі демократиялық қайта құруларды анықтауға жағдай жасау мәселеріне қызығушылық өсті.
Саясаттанудың дербес ғылым және оқу пәні ретінде дамуы - бұл тек қана оның негізгі мәселерін және әдістемелік негіздерін анықтау кезеңі ғана емес, сонымен бірге оның ұйымдық қалыптасу кезеңі болды. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап саясаттану ұйымдық жағынан қалыптаса бастады. Саясаттанудың институционалдануының, яғни білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы дербес бағыт ретінде қалыптасуының басталуы туралы бірнеше пікірлер бар. Бір ғалымдар оның пайда болуын ХІХ ғ. ортасында Германияда мемлекетті зерттеуге арналған құқықтық мектептің ашылуымен байланыстырады. 1871 жылы Парижде Саяси ғылымдардың мектебі деген саясаттанушы орталық құрылады. Келесі бір зерттеушілер саясаттанудың пайда болуын кейін университетке айналған АҚШ- тағы Колумбия колледжінде 1857 жылы саяси теория курсының оқытыла бастауымен байланыстырады. 1880 жылы соның негізінде онда Саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдерінде саяси зерттеулер кеңінен жүргізіле бастады. Бұл академиялық саяси институттар мен халықаралық орталықтардың құрылуын ынталандырды. 1948 жылы Парижде өткен саяси ғылым мәселелері жөніндегі Халықаралық коллоквиумда саясаттанудың мазмұнын, оның негізгі мәселелерін анықтайтын құжат қабылданды. Онда саяси ғылымның негізгі зерттеу мәселелері болып төрт мәселе көрсетілді:
1. саясат теориясы және саяси идеялар тарихы;
2. саяси институттар;
3. партиялар, топтар және қоғамдық пікір;
4. халықаралық қатынастар.
Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып,толыққанды қалыптасуында ЮНЕСКО басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы (СҒХА) зор роль атқарды. ХХ ғасырдың 70-90 жылдары саяси ғылымның түпкілікті институционалдануы жүзеге асты. Саясаттану жалпы мойындалған, ұйымдық жағынан құрылған, кең тармақталған білім беру және зерттеу мекемелері бар академиялық пәнге айналды.
Ал біздің еліміздегі саяси ғылымның дамуы күрделі қиын жолдан өтті. Алғаш болып саясат, мемлекет, билік жөнінде араб тілді түрік ойшылдары, ғалымдары - Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи өз еңбектерін жазды. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандары, Тәуке хан, ХІХ ғасырдағы ағартушы-демократтар Шоқан, Ыбырай, Абай, ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялылары - еліміздің саяси тағдыры, өз халқының болашағы туралы өз ойларын айтты.
Бұрынғы Кеңес Одағында саясаттану партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп оқытылмады. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде саяси сауатты адамдарды дайындауға мүдделі болмады. Бірақ бұл біздің елімізде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеді деген сөз емес. Саяси мәселелер тарихи материализм, ғылыми коммунизм, КОКП тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндер шеңберінде, ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкеледі, сол тұрғыдан оқытылды. Алайда тек 80-жылдардың соңында саясаттануға деген көзқарас КСРО-дағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. Қазіргі Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылады.

САЯСИ ОЙЛАР, ОНЫҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ. ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕНІҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ

Саяси ілімдердің даму тарихы адамзат дамуының үш жарым мың жылдық уақытын қамтиды. Мұндай үлкен уақыт мерзімінде адамдардың өмір сүру жағдайлары, саяси ұйымдастырылуының жағдайлары үлкен өзгерістерге ұшырады, бұл әрине, олардың саяси көзқарастарына әсер етпей қоймады.
Соған қарамастан қай заманның, қай халықтың болса ойшылдарын ойландырған, әлі де ойландыратын жалпы, бәріне бірдей ортақ мәселелер бар.
Әр кезеңнің, әр ойшылдың өзіндік пайымдаулары болады. Бұл мәселелер әрдайым қайталанатын сияқты, бірақ іс жүзінде олай емес. Тарих -шеңбер бойынша сол күйінде қайталану емес, ол даму.
Аристотель кезінде айтқандай, әрбір ойшылдың көзқарасын дұрыс түсіну үшін оған бүгінгі күн тұрғысынан қарамай, сол ойшыл өмір сүрген кезеңге, жағдайға көңіл аудару тұрғысынан қарау керек.Саяси ойдың дамуына әсер еткен факторлар ретінде -экономикалық және қоғамдық құрылысты, байлықтың, меншіктің бөлінуін, сонымен бірге бұрыннан бар, қалыптасқан саяси мекемелер мен дәстүрлерді атауға болады. Саяси ілімдердің қалыптасуы мен дамуы -түрлі әлеуметтік топтар, таптар, ұлттардың арасындағы саяси билік үшін күресті бейнелейді.Саяси ойлардың қалыптасу және даму тарихын қарастырудың маңыздылығы - ең алдымен, саяси ойлар тарихы шеңберінде қазіргі заман саяси концепциялардың маңызды алғы шарттары қалыптасты.
Дүниежүзілік саяси ілімдер тарихы - адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі.Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінге дейінгі саяси ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған.
Ежелгі дүниенің саяси ойларына келетін болсақ, өркениеттің бастамасы ежелгі Шығыс елдерінде және ежелгі Батыс елдері, антикалық дүниеде - ежелгі Греция мен ежелгі Римде пайда болды.
Ежелгі дүние - ең алғашқы ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттің қалыптасуы кезеңдегі саяси ойлардың бірінші бағыты діни-мифологиялық сипатта болды (шамамен б.з.д. VII-II м.ж.). Мифологиялық дүниетаным бойынша космос, бүкіл аспан әлемі -құдайлардың болуымен және олардың күштері арқылы реттеледі. Жердегі тәртіп -сол жалпы әлемдік, космостық тәртіптің бір бөлігі. Жер бетіндегі әлеуметтік-саяси тіршілік -Көк тәңірінің бұйрығымен жүргізіледі. Сондықтан жердегі тәртіпті адам бұзатын болса, онда ол бүкіл әлемдік үйлесімділіктің бұзылуымен тең болып, бүкіл әлемнің күйреуіне әкеледі деген таным болды.
Саяси -құқықтық көқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде әлі бөлініп шықпай, діни-мифологиялық дүниетанымның құрамдас бөлігі болды. Кейін саяси ойлар мифологиядан қол үзіп, рационалды сипат ала бастады.Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуындағы екінші бағыт: діни-философиялық көзқарастар, оның екі ағымы болды:
1) діни ағым;
2) философиялық -этикалық ағым
Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуындағы үшінші бағыт-саяси философияболды. Оның негізін салушылар - Платон, Аристотель.
Платон (б.з.д 427 - 347жж.) - антикалық заманның ғана емес, бүкіл әлемдік философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Саяси ғылымға қатысты еңбектері - Мемлекет, Заңдар, Саясатшы, Софист, Парменид т.б. еңбектері. Мемлекет еңбегінде, жалпы саяси іліміндегі басты идея - ізгілікті, мінсіз, халыққа жағымды (идеалды) мемлекет құру.
Саясатшы диалогында мемлекетттің алты формасын көрсетеді:монархия-заңға негізделген патша билігі; тирания - заңға негізделмеген монархия; аристократия - заңға негізделген топтың (азшылықтың) билігі; олигархия - заңға негізделмеген топтың (азшылықтың)билігі; демократия - заңға негізделген көпшілік билігі; охлократия - заңға негізделмеген көпшілік билігі.
Аристотель (б.з.д. 384-322жж.)-Платонның шәкірті, әрі сыншысы. Аристотельдің аты тарихта Платонның ізбасары ғана емес, онымен тең, тіпті одан асып түскен философ ретінде қалды, саяси ойлардың дамуына үлкен үлес қосты.
Аристотельдің саяси көзқарастарын Саясат, Афиналық полития,Этика, Риторика т.б еңбектерінен білеміз. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотель саясатқа біздің түсінігімізден кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді.
Саясатты адам мен мемлекетттік жоғарғы игілігі, саясат пен этиканың мақсаты бір - адамдарды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді.

ЖАҢА ЕВРОПАЛЫҚ САЯСИ ОЙДЫҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ. ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ САЯСИ ОЙЛАР

Қайта өрлеу және Реформация батыс Европалық кейінгі орта ғасырдың ірі және маңызды жаңалықтары. Бұл феодалдық дәуірге жатқанына қарамастан, әлеуметтік-тарихи мәніне байланысты антифеодалдық, ерте буржуазиялық қатынастар, ортағасырлық дүниені бұзған кезең болды. XIV-XV ғасырдарда Италияда, кейін басқада европалық елдерде қайта өрлеу дәуірі басталды. Қайта өрлеу дәуірінде адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алды. Қоғамдық санада бұл бағыт гуманизм деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағыттты Қайта өрлеу деп те атайды. Бұл дәуірде мемлекет шіркеудің ықпалынан арылып, қазіргі заманғы мемлекеттердің қалыптасу процесі жүрді. Қайта өрлеу дәуірінде саяси ойдың дамуына үлес қосқандар - Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден т.б.Николо Макиавеллидің саяси көзқарастарын Патша, Тит Ливийдің бір-онкүндігі туралы ойлар, Флоренция тарихыеңбектерінен білеміз.
Н.Макиавеллидің еңбектері жаңа дәуірдің саяси идеологиясының бастамасын жасады. Макиавеллиді көбінесе саясатқа прагматикалық тұрғыдан қараудың негізі болған нақтылық (реалистік) бағытың негізін салушы деп атайды. Н.Макиавелли Патша еңбегінде мемлекетті құру, сақтау, кеңейту және саяси билікті иелену және сақтау туралы кеңестер береді.
Н.Макиавелли орта ғасырда үстем болған діни көзқарасқа қарсы болды. Ол үшін негізгі бедел (шындықтың белгісі) - діни соқыр сенім емес, тарих, рационалды саяси талдау, тәжірибе деп білді. Н.Макиавелли орта ғасырға да, антикалық дүниеге де тән емес ой айтты: мемлекеттегі процестер, саяси құбылыстар, өзгерістер формасының ауысуы құдай еркімен емес,адамдардың фантазиясы арқылы емес, объективті түрде, құбылыстардың объективті табиғи дамуы арқылы болады деді. Жердегі тәртіпті құдайдың алдын ала анықтайды дегенге сынай қарады, адамдардың мүмкіндігіне, тағдырына сенді. Адамдарды шынайы тұрғыдан алып қарастырады. Адамдар қандай болуы тиіс дегенге емес, адамдарқазір іс жүзінде қандай, сол жағына көңіл бөледі.
Европадағы жаңа дәуір буржуазиялық революциялар дәуірі және өнеркәсіп төңкерісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Ақ Орда тарихы
Деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу
Н.А.Аристовтың «Түркі халықтары мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар мен олардың саны жөніндегі мәлімет» атты еңбегіндегі түркі тайпалары
Шляпа
Сайрам ауданына тарихи-өлкетанулық шолу
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Журналистік шығармашылықтағы интерактивтілік қырлары
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты мәліметтер
Пәндер