Халықаралық ұйымдар жайлы

1. Халықаралық ұйымдар
2. Біріккен Ұлттар Ұйымы
3. Батыс Еуропа Одағы
4. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
5. Ұлттар лигасы
6. Халықаралық пұл қоры
7. ЮНЕСКО
8. ЭСКАТО
9. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.
Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы)-1945 жылы құрылды. Штаб пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Құрамында 188 ел бар.(2000 ж)
ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы)-1946 жылы құрылды. Штаб пәтері Париж қаласында орналасқан. Құрамында 183 ел бар.
ЕО(Еуропалық одақ)- 1957 жылы құрылды. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамында Аустрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Франция, Финляндия, Швеция елдері бар.
АСЕАН(оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы)-1967 жылы құрылды. Штаб пәтері Джакарта қаласында орналасқан. Құрамында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Вьетнам, Бруней, Лаос, Мьянма, Камбоджа елдері бар.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық ұйымдар

Тексерген: Мамырбеков А.М.

Семей қаласы 2015жыл
Жоспар:

ОПЕК(Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы)-1960 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Ливия, Алжир, БАӘ, Венесуэла, Габон, Индонезия, Катар, Кувейт, Нигерия елдері бар.
МАГАТЭ(Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік)-1987 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында 120-ға жуық ел бар.
НАТО(Солтүстік Атланттық келісім ұйымы)-1949 жылы құрылған. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамынды АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Канада, Люксембург, Исландия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония елдері бар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы - екінші дү - ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет - тері - нің белсенділік таны - туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.[[1]]
Бас кеңсесі орналасуы -- Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. Біріккен Ұлттар атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы - ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі - барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен "бір+бір" формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы - Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.
1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.
Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.
Мақсаты:
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
* бүкіл әлемде бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтау;
* ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
* халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
* осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.
БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.
Батыс Еуропа Одағы (БЕО) - Париж келісімінің (1954 жылы) шешімдеріне сәйкес 1955 жылы құрылған әскери-саяси одақ. Штаб-пәтері -Брюссельде (Бельгия). Құрамына Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Грекия, Франция, ГФР, Испания, Португалияжәне үш мүдделес қосалқы (ассоциациялық) мүше - Түркия, Норвегия, Исландия, олардан басқа бақылаушы бес мемлекет - Ирландия,Дания, Австралия, Швеция, Финляндия енеді. Батыс Еуропа Одағы қызметі кеңесшілік сипатта. Оған мүше елдердің басым көпшілігі әрі НАТОәрі Еуропа одағының мүшелері. Батыс Еуропа Одағы космос ракеталарын жедел игеріп, жердің жасанды серіктерін жасау, одақ қарулы күштерін құрып, оны атом қаруымен жарақтандырып, НАТО қарулы күштерінің қарамағына беру саясатын жүргізді. 1984 жылдан бастап жылына екі рет Батыс Еуропа Одағына мүше елдер өкілдерінің кездесулері шақырылады. 1991 жылы желтоқсандағы Маастрихт декларациясы Еуропа одағымен Батыс Еуропа Одағы арақатынасын айқындаса, 1995 жылы мамырда Лиссабон кездесуінде одақтың қарулы күштері әлуетін көтеру мәселелері қарастырылған. Батыс Еуропа Одағының Бас органы - Кеңес, сессиясына сыртқы істер министрлері, қажет жағдайда қорғаныс министрлері де қатысады. Тұрақты кеңесте елшілер күнделікті жұмыспен айналысады. Бас секретариат одақтың барлық органдарының қызметін үйлестіреді.
Батыс еуропалық одақ (БЕО) - 1955 жылы қүрылған әскерисаяси үйым (1948 жылғы Батыстық Одақтың қайта қүрылуы нәтижесінде пайда болған).
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) -- ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД - ға кіріп отырған әрбір мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Қазақстан Республикасында Үкiметтiк емес құқық қорғау ұйымдарының адам құқығын дамыту мен тиiмдiлiгiн ұлғайту
Дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттар
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Оңтүстік Aфрикa Республикaсы сыртқы сaясaтының негізгі бaғыттaры
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Инвестициялық бағалы қағаздар нарығы
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар туралы
Пәндер