Абайдың сатирасы



1. Ақынның сатиралық лирикасы.
2. Табиғат лирикасы
3. Абай поэмаларының тарихи.көркемдік негіздері.
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Россияға түгелдей қосылып, қоғамдық дамуды жаңа жолына түсті. Қазақ елінің экономикалық, рухани өмірінде елеулі өзгерістер, бетбұрыстар жасалды. Россияның озат әдебиеті мен мәдениетінің ықпал-әсері сахараға терең тарап, кең құлаш жая бастады.
Осы дәуірде өмір сүрген қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев орыстың классик сатириктерінің еңбегімен танысып, аударып, қазақ даласына тың сарын әкелді. Дегенмен де Абай жастайынан-ақ сын-сықаққа бой ұрған. Бала күндерінде Біржан, Әсетті тыңдап, Дулат, Шөже,Кемпірбайды көріп жүрді. Өз нағашылары Қантай, Тонтайлардың ішек-сіле қатыра күлдіретін көңілді әңгімелері мен уытты сөздерін естіп өсті. Мұның бәрі сөз өнеріне ден қойғыш Абайға қатты әсер етіп, еліктіреді. Оны әзілкеш, қалжыңбас етіп қалыптастырады.
Сондықтан да, болашақ ұлы ақынның алғашқы өлеңдерінің өзі ретіә келгенде айтылған әжуа, мысқыл ретінде көрінді.Бізге жеткен бірер өлеңі осыны растайды. Бірде бала Абай тайға мініп шауып келе жатса, ауыл түйелерін аралай екі атты өтіп бара жатыр екен. Жөн сұраса, бірі – төркіндеп қайтқан келіншек, екіншісі – оның ағасы болып шығады. Ол өзі берген жауыр айғырын жетектеп келеді екен.
Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдерімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр,
Бауырыңды ұрайын бірге туған – деген әзіл-мысқылды Абай соларға айтқан. Бұл шумақты бала ақынның жаңағылармен сөйлесіп тұрып, табан астында қиып айтқаны, айта салып өз жөніне шаба жөнелгені аңғарылады. Шумақтың соңғы жолында, ондағы оспадар сөзде ақынның бала мінезінің, тентек қылығының ізі жатыр.
Абай Құнанбаев сатирасының жазылуын формасы жағынан үлкен 3 топқа жіктеуге болады.
1. Тұрмыстық эпиграммалар. Бұлар өзінің құрбы-құрдас, жора-жолдас, қыз-жеңгелеріне арналған бір қақпайлар түрінде келеді.
2. Сатиралық портреттік суреттемелер. Бұларда болыстардың, Тәкежан, Дутбай және басқалардың іс-тіршілігі, жүрістері мен қимылдары, жан дүние психологиясы, келбет бейнесі ашылады. Соларға мінездеме беріліп, нендей адам екендері айтылады.
1. Дүкенбай Досжан Абай айнасы,-Алматы «Қазақстан» 1994 жыл

2. Абай Құнанбаев – Шығармаларының екі томдық толық жинағы,- Алматы «Ғылым», 1977 жыл
3. Т.Қожакеев «Таңдамалы» шығармалар жинағы

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім жіне ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Абайдың сатирасы. Табиғат лирикасы және поэмаларының көркемдік ерекшелігі мен тарихи негіздері

Орындаған: Ахмер Б.Е.
Тобы: КЯ - 409 с
Пән: Абайтану
Тексерген: Сабырбаева Р.Қ.

Семей қаласы
2015 жыл

Жоспары:
1. Ақынның сатиралық лирикасы.
2. Табиғат лирикасы
3. Абай поэмаларының тарихи-көркемдік негіздері.

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Россияға түгелдей қосылып, қоғамдық дамуды жаңа жолына түсті. Қазақ елінің экономикалық, рухани өмірінде елеулі өзгерістер, бетбұрыстар жасалды. Россияның озат әдебиеті мен мәдениетінің ықпал-әсері сахараға терең тарап, кең құлаш жая бастады.
Осы дәуірде өмір сүрген қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев орыстың классик сатириктерінің еңбегімен танысып, аударып, қазақ даласына тың сарын әкелді. Дегенмен де Абай жастайынан-ақ сын-сықаққа бой ұрған. Бала күндерінде Біржан, Әсетті тыңдап, Дулат, Шөже,Кемпірбайды көріп жүрді. Өз нағашылары Қантай, Тонтайлардың ішек-сіле қатыра күлдіретін көңілді әңгімелері мен уытты сөздерін естіп өсті. Мұның бәрі сөз өнеріне ден қойғыш Абайға қатты әсер етіп, еліктіреді. Оны әзілкеш, қалжыңбас етіп қалыптастырады.
Сондықтан да, болашақ ұлы ақынның алғашқы өлеңдерінің өзі ретіә келгенде айтылған әжуа, мысқыл ретінде көрінді.Бізге жеткен бірер өлеңі осыны растайды. Бірде бала Абай тайға мініп шауып келе жатса, ауыл түйелерін аралай екі атты өтіп бара жатыр екен. Жөн сұраса, бірі - төркіндеп қайтқан келіншек, екіншісі - оның ағасы болып шығады. Ол өзі берген жауыр айғырын жетектеп келеді екен.
Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдерімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр,
Бауырыңды ұрайын бірге туған - деген әзіл-мысқылды Абай соларға айтқан. Бұл шумақты бала ақынның жаңағылармен сөйлесіп тұрып, табан астында қиып айтқаны, айта салып өз жөніне шаба жөнелгені аңғарылады. Шумақтың соңғы жолында, ондағы оспадар сөзде ақынның бала мінезінің, тентек қылығының ізі жатыр.
Абай Құнанбаев сатирасының жазылуын формасы жағынан үлкен 3 топқа жіктеуге болады.
1. Тұрмыстық эпиграммалар. Бұлар өзінің құрбы-құрдас, жора-жолдас, қыз-жеңгелеріне арналған бір қақпайлар түрінде келеді.
2. Сатиралық портреттік суреттемелер. Бұларда болыстардың, Тәкежан, Дутбай және басқалардың іс-тіршілігі, жүрістері мен қимылдары, жан дүние психологиясы, келбет бейнесі ашылады. Соларға мінездеме беріліп, нендей адам екендері айтылады.
3. Мысалдары. Аударма болса да, оларын өз мүлкіміздей көруге хақымыз бар, өйткені ақын аудармалары қазақ дүниетанымына сай етіп жазылған.
Қазақтың ұлы Абайы халықтың бағына туған ерекше жаны еді. Сондықтан да өз дәуірінің қатал сыншысы, елдегі сорақылықтардың бітіспес міншісі болды. Ол жалпы әдебиетті ғана емес, оның сатира, юмор саласын да жаңа белеске көтерді. Бұрынғы жыр, толғау, дидактикалық өлең, шешендік сөз, түрінде ғана келетін сатира-юморды жаңа түр, жаңа мазмұн, жаңа сапамен байытты.

2. Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.
Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың Желсіз түнде жарық ай, Күз, Қыс, Жаз деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, Желсіз түнде жарық ай деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі, - деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.
Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, - деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.
Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. Қылышын сүйреткен қыс, Масатыдай құлпырған жаз өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.
Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, - деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы өлеңінің екінші бір жерінде:

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер, - дейді.
Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер, - деп, жаздың суретін өзі де сүйеді және оны жалпы жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін туғызатын маусым деп ұғады.
Абайдың тағы бір өлеңі - жазғы шілде кезін суреттеген өлеңі. Ақын бұл өлеңінде жаздың дәл кемеліне келіп тұрған кезін көрсетпек болады. Жаздың әдемі көрінісін:
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер,
Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Арасында құлын, тай,
Айнала шауып бұлтылдап, - деп суреттейді.
Күз өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды.
Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең, - дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң да, көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі елестейді.
Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.
Абай Қыс деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. Қыс деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. Қыс өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.

3. Дәстүрлі қазақ поэзиясында сюжеттік оқи - ға - ларды арқау етіп, тарихи кезеңдердің шындығын биік көркемдік деңгейде, тартымды суреткерлік шеберлік аясында жинақтап көрсете алған эпи - калық шығармалар молынан кездеседі. Поэзия - мыздағы осынау арналы көркемдік ізденістердің арғы бастауларына назар аударатын болсақ, бірінші кезекте Абай поэзиясының көркемдік тағылымы, шеберлік мектебі ойға оралады.
Абай Құнанбаевтың халық басынан өткен бел - гілі тарихи кезеңдерді және осы кезеңдерде тағ - дыр кешкен немесе ел өміріндегі ірі-ірі оқиғаларға ұйытқы болған тарихи тұлғалардың өмірінен алын - ған сюжеттік желілерді арқау ете отырып, терең гуманистік, адамгершілік, азаматтық идеяларды көтеретін туындылары кейінгі қазақ поэзиясына да өзінің игі ықпалын тигізді.
Абай жырлаған бұл тақырыптардың ішінде қазақ поэзиясының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан алтын арқауы - адамзаттық гуманистік құн - дылықтар, биік адамгершілік қасиеттер, мәң - гі - лік махаббат, жастар арасындағы сүйіспеншілік, Отанды қорғау, туған жер үшін күресті бейнелеу идеялары да алдыңғы қатарға шығады. Айталық, ұлы ақынның "Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгі - ме - сі" ат - ты поэмалары осынау өзекті тақырып - тарды бей - нелеудің қазақ әдебиетіндегі озық үлгілері болып табылады.
Ескендір поэмасы ақындық шегіністен басталады. Ұлы ақын алдымен Ескендір патшаның кім екендігін, қандай іс-әрекеттерге барғандығын, өз заманында қандай билік жүргізгендігін шолып айтуды мақсат етеді.
Ізгілік пен қатыгездікті, жақсылық пен жаман - дықты бірден ажыратып, ақындық позициясын бірден анықтап, айшықтап жеткізген ақын Абай Ес - кендір патшаға, оның тұлғасына, тарихи орнына деген өз көзқарасын бірден ажыратып алады.
Оқырман да ақын дүниетанымына тән, авторлық мақсатқа сай ақын Абай қандай гуманистік құн - ды - лықтарды, адамгершілік қасиеттерді алдыңғы қатарға шығарғысы келгендігін бірден аңғарады. Сондықтан поэманың басталуындағы алғашқы шумақтардың өзімен-ақ Абай өз дүниетанымын, адамзат тарихында орын алған заманауи оқиға - лар - ға қатысты өз бағасын бүркемелемей, астарламай, ақ пен қараны бөліп тастағандай етіп, оқыр - ман - ға ашық, тайға таңба басқандай түсінікті, әрі поэтикалық аяда шашыратып алмай, түйіндеп, жинақтап жеткізеді. Поэманың:

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен,
-
деген жолдармен басталуында осындай үлкен ав - тор - лық мақсат жатқандығын байқамау мүмкін емес.
Ақын және заман, ақындық дүниетаным және тарихи тұлға болмысы категорияларын Абай саналы түрде жіктеп, жіліктеп көрсеткісі келмегенімен, осынау поэма шумақтарының мазмұнынан, поэ - ти - калық астарынан қазақ оқырманы ақын меңзегелі отырған гуманистік, қала берді адамзат - тық құндылықтарды жан-жүрегімен қабылдайды.
Ең бастысы, ақын дүниетанымындағы рухани құндылықтардың бір адамның, яғни белгілі тарихи тұлғаның өмірбаянына қатысты, сол кезеңдегі өт - кен тарихи оқиғалар арқылы қалайша жарқырап көрініс табатынына куә боламыз. Поэманың астары қалың сюжетке құрылуы, ішкі динамикасының ширақ, жинақы болып келуі, өте тартымды, жатық тілі, ең бастысы, шығарманың көркемдік сапасынан, поэтикалық жүйесінен Абай қолтаңбасының айшықты көрінуі поэманың ең басты құндылығы ретінде бағалануы тиіс.
Ақынның көркемдік қабылдауында Ескендір сияқты тарихи тұлғаның жеке тағдырынан бастау алатын сюжеттік желі өрби келе, поэманың көр - кем - дік шешіміне орай айырықша әсерлі, айырықша тар - тымды, тағылымдық, тәрбиелік маңызға ие бо - лады. Яғни жеке тұлғаның өмірінен алынған тарихи оқиғалар шоғыры көркемдік дүниетаным, фило - софиялық ой-толғамдар арнасында ақын үшін бүкіл адамзаттық идеяларды көтеруге мол мүмкіндіктер ашты.
Поэманың сюжеттік желісінде ашкөз, қанқұмар патша Ескендірге қарама-қарсы бейне ретінде ғұлама ғалым, данышпан, дана қария Аристотель бейнеленеді. Поэманың көркемдік шешімі ретінде ақын Абай өз шығармасында арнайы Аристотель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың эстетикалық тағылымы.Сатиралық лирикасы
Әдеби мәтінде кездесетін мысқыл сөздердің қазақ, орыс тілдерінен ағылшын тіліне аударылуы
Абайтану ғылымын зерттеушілер
Сатира сипаты және белгілері
Қазақ поэзиясында бірқақпай өте дамыған шағын жанр
Көпен Әмірбек- сатирик
Қазақтың ұлы ағартушы демократтарының сыншылық ой-пікірлері
Абай Құнанбаев дара туған ғұлама
Абай - публицист
Сатира жанры
Пәндер