Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы



I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.
2. Инфекция түрлері.
3. Иммунитеттің механизмдері.
4.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары.
III.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды.
Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Вирустардың пішіні әр түрлі. Вирустың клеткадан тыс және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 206, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15-106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60С-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90С-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80С-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды.
1.Мырзабекова Ш.Б «Ветеринариялық вирусология».А.2004ж.
2. Мырзабекова Ш.Б «Жалпы вирусология».А.1994ж.
3.Сюрин В.Н, Фомина Н.В «Малдардың вирустық аурулары»
4.Интернет желісі.
5.Бахитоват Р.А «Микробиология,вирусология пәнінен дәрістер жинағы».А.2014ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама.Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары.

Тексерген:Омарбеков Е.О
Орындаған: Рысбекова Ж.Ж

Семей 2015ж
Жоспар:
I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.
2. Инфекция түрлері.
3. Иммунитеттің механизмдері.
4.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары.
III.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды.

Вирус

Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Вирустардың пішіні әр түрлі. Вирустың клеткадан тыс және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 - 206, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15-106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60С-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90С-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80С-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганец қышқыл калий ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды.
Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың клеткадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы іштей жеген вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін пайдаланылады. Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі. Құрамында РНҚ және ДНҚ бар вирустар Вирустар - клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік. Топтары: I: dsDNA вирустары,II: ssDNA вирустары,III: dsRNA вирустары,IV: (+)ssRNA вирустары,V: (−)ssRNA вирустары,VI: ssRNA-RT вирустары,VII: dsDNA-RT вирустары, Ротавирус кездеседі. Иесінің жасушамен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте күрделі процесс.Вирустардың репродукциялану циклы келесі сатыдан тұрады: жасушаға жабысу жасушаға ену шешіну вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы вирустық геномның транскрипциялануы вирустық ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы вирустық бөлшектердің бастырылуы вирустың жасушадан шығуы Адсорбция - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады,әрбір вирус жасушаларының бәріне ие,кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі.Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар" деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады,капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады. Қосылып - бірігу процесіне қатысатын гликопротеиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар: Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады; Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді; Құрылымында біріктіруші пептид болады; Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді- жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ-ның босансып шығуы.Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады.Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген. Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы.Жаңа жасушалық бөлшектер - ол жұқтырылатын жасушада болмайтын вирустық нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың барлық молекулалардың жиынтығы. ДНҚ-лы вирустар генетикалық ақпаратты жасушалық геном тәріздес іске асырылады:вирустың геномдық ДНҚ-лы аРНҚ транскрипциялануы вирус ақуызының трансляциялануы. Оң жіпшелі РНҚ-лы вирустарда (пикорнавирус,флавивирус,тогавируст ар) РНҚ-ның қызметін атқаратын геномдары болады.Ол рибосомалармен танылып,трансляцияланады. Теріс біржіпшелі және екіжіпшелі РНҚ-лы вирустардың геномы екіжіпшелі вирустың нуклеин қышқылымен байланысқан РНҚ-полимеразаның қатысуымен аРНҚ транскибирленетін матрица қызметін атқарады. Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады. Вирустық геномдардың репликациясы бір -бірімен ерекшеленетін құрамдардан тұрады: екіжіпшелі ДНҚ біржіпшелі ДНҚ оң-біржіпшелі РНҚ теріс- біржіпшелі РНҚ екіжіпшелі РНҚ ұқсас оң-жіпшелі РНҚ Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен кейін оларға комплиментарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады.Бір аналық пен бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады. Біржіпшелі ДНҚ- вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланады. РНҚ-да болатын вирустардың геномикалық репликация әдістері Оң-біржіпшелі РНҚ-вирустарға - пикорнавирус,флавивирус,тогавируста р жатады,геномдық оң жіпшелі РНҚ-лы аРНҚ-ның қызметін атқарады. Теріс- біржіпшелі РНҚ-вирустарының құрамында РНҚ-тәуелді РНҚ-полимераза болады. Екіжіпшелі РНҚ-вирусы репликациялану механизміне терңс болады,жасуша цитоплазмасында жүреді. Ретровирустар терісжіпшелі ДНҚ синтездейді.Содан соң қосарланған ДНҚ жіпшелі жасуша хромосомасымен интеграцияланып, провирус құрайды. Вирустардың қалыптасуы вириондар өздігінен жиналу жолымен қалыптасады: вириондардың құрам бөліктері вирусты жинақтайтын жасуша цитоплазмасына немесе ядро саласының орнына тасымалданады.вирион компоненттерініің қосылуы гидрофобтық, иондық, сутектік, стерикалық сәйкестігі бар қосындылардың болуына негізделген. Вирустардың жасушадан шығуы - вирустардың толық репликациясының айналымы 5-6 сағаттан және бірнеше тәуліктен соң аяқталады. Жарылу жолы: жойылушы жасушадан бір уақытта көп мөлшерде вириондардың шығуы,жасушадан жарылу жолымен липопротеинді қабықшасы жоқ ,жай құрастырылған вирустар шығады. Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi. Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.
Инфекцияның түрлері. Инфекцияның спонтанды (табиғи) және экспериментальды (жасанды) болады. Спонтанды инфекция осы патогендік микробқа тән беріліс механизмі іске асқан табиғи жағдайда пайда болады және мал организмінде әлдеқашан мекендеген шартты патогендік микроорганизмдердің активтенуі арқылы болады. Жасанды инфекцияны патологиялық материалды немесе қоздырушының культурасын енгізу арқылы жасайды.
Егер спецификалық қоздырушы сырттан, қоршаған ортадан, организмге енген болса, экзогендік инфекция туралы сөз болады. Бірақ, малдың ауруға қарсы тұрушылығы төмендеген организмді коммпенсалдар есебінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы мәлімет
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары туралы ақпарат
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфеция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы туралы ақпарат
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. Инфеция түрлері және оларға сипаттама
Пәндер