Клеткалық иммунитет. Гуморальдық иммундық жүйе



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Клеткалық иммунитет
• Клеткалық ииммунитетті бағалау әдістері
• Гуморальдық иммундық жүйе
III. Қорытынды
Бөгде антигендерге қарсы қорғаныс фагоцитоз жасушаларының - макрофагтар мен полиморфты ядролы лейкоциттердің әрекеттерімен басталады. Антиген фагоцитоздың көмегімен жойылып кетсе, имундік жауап пайда болмайды, ал егер ол толық залалсыздандырылмаса иммундік жүйе оған қарсы бағытталған антиденелерді (иммуноглобулиндерді) немесе сенсибилизденген лимфодиттерді түзей бастайды. Иммуноглобулиндер гуморальдік иммунитеттің, ал сенсибилизденген лимфоцитгер жасушалық иммунитеттің негізін курайды. Иммунитеттің бірінші түрін қан сарысуы (антиденелер) арқылы, ал екінші түрін тек кана сенсибилизденген лимфоциттердің көмегімен басқа организмгс енжарлы жолмен көшіруге болады. Жасушалык иммунитеттің әсерлері трансплантация кезінде, аутоиммунды және созылмалы аурулардың барысында байкалынса, гуморальдік иммунитет организмнің жиі өтетін инфекцияларға карсы қорғанысының негізін құрайды.
Гуморальдік және жасушалық иммунитеттің қалыптасуы нәтижесінде лимфоциттердің "жады жасушалары" деп аталатын ерекше субпопуляциясы пайда болады. Осы еске сақтағыш лимфоцитгердің арқасында организм екінші рет кездескен антигеніне шапшаң және күшейтілген иммунды жауап қайтара алады. Кейде антиген организмнің иммунологиялык толеранттылык(бейтараптылық) деп аталатын реактивті күйін де тудыра алады. Иммунитеттің бұл феномені иммундік жүйенің өз антигендеріне карсы жауабының өрістеуіне жол бермейді. Ал, организмнің өз антигендеріне бейтараптылығынын жоғалуы аутоиммунды аурулардың пайда болуына әкеледі. Антиденелер мен сенсибилизденген лимфоциттер кейбір жағдайларда белгілі бір антигенмен екінші рет кездескенде өте жоғарғы сезімталдыкты -аллергияны тудыру мүмкін.
1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008
2. Клиникалық иммунология және аллергология : Қ. А. Жұманбаев, Ғ. Қ. Жұманбаева, Ә. Ө. Байдүйсенова. - Қарағанды, 2009. - 354 б.
3. Микробиология және иммунология.Толысбаев Б.Т.,Бияшев К.Б.,Алматы 2008. -206 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Клеткалық иммунитет.Гуморальдық иммундық жүйе.

Орындаған:Байзақ Н.С.
Тексерген:Зейнетдинова Д.Б.
Тобы:ВС-403



Cемей- 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Клеткалық иммунитет
* Клеткалық ииммунитетті бағалау әдістері
* Гуморальдық иммундық жүйе
III. Қорытынды

Бөгде антигендерге қарсы қорғаныс фагоцитоз жасушаларының - макрофагтар мен полиморфты ядролы лейкоциттердің әрекеттерімен басталады. Антиген фагоцитоздың көмегімен жойылып кетсе, имундік жауап пайда болмайды, ал егер ол толық залалсыздандырылмаса иммундік жүйе оған қарсы бағытталған антиденелерді (иммуноглобулиндерді) немесе сенсибилизденген лимфодиттерді түзей бастайды. Иммуноглобулиндер гуморальдік иммунитеттің, ал сенсибилизденген лимфоцитгер жасушалық иммунитеттің негізін курайды. Иммунитеттің бірінші түрін қан сарысуы (антиденелер) арқылы, ал екінші түрін тек кана сенсибилизденген лимфоциттердің көмегімен басқа организмгс енжарлы жолмен көшіруге болады. Жасушалык иммунитеттің әсерлері трансплантация кезінде, аутоиммунды және созылмалы аурулардың барысында байкалынса, гуморальдік иммунитет организмнің жиі өтетін инфекцияларға карсы қорғанысының негізін құрайды.
Гуморальдік және жасушалық иммунитеттің қалыптасуы нәтижесінде лимфоциттердің "жады жасушалары" деп аталатын ерекше субпопуляциясы пайда болады. Осы еске сақтағыш лимфоцитгердің арқасында организм екінші рет кездескен антигеніне шапшаң және күшейтілген иммунды жауап қайтара алады. Кейде антиген организмнің иммунологиялык толеранттылык(бейтараптылық) деп аталатын реактивті күйін де тудыра алады. Иммунитеттің бұл феномені иммундік жүйенің өз антигендеріне карсы жауабының өрістеуіне жол бермейді. Ал, организмнің өз антигендеріне бейтараптылығынын жоғалуы аутоиммунды аурулардың пайда болуына әкеледі. Антиденелер мен сенсибилизденген лимфоциттер кейбір жағдайларда белгілі бір антигенмен екінші рет кездескенде өте жоғарғы сезімталдыкты -аллергияны тудыру мүмкін.

Сүйек майдың пре-Т-лимфоциттері тимустың субкапсулярлық қабатында бөлініп мүшеленеді. Функция жөнінде бұл клеткалардың ішінде СД4, СД8 маркерлардың тасымалдаушылары айырылады.Эпителиалды клеткалармен өндірілген биологиялық заттардың көмегімен Т-лимфоциттер даму процесін өтіп қыртысты қабатқа миграциялайды. Қыртысты қабатта жағымды селекциядан өтеді, яғни І-ІІ классты гистосәйкестік антигендерге сәйкес рецепторлары бар клондар сұраптаудан өтеді. Қалғандары апоптоз жолымен жойылады І классты МНС танушы клондар - Т-киллерлер болып түзіледі, ІІ классты МНС танушы клондар Т-хелперлер болады. Т-клеткалардың сыртында тек қана бір корецептор (СД3) экспрессорленеді. Ол антиген байланыстыру рецепторлардың антигендермен өзара әрекетін күшейтеді және сигналды клетка ішіне жеткізу ролін атқарады. СД4 және СД8 позитивтік клеткалар Т-хелпер мен Тс ретінде саналады. Аутоантигендермен әсерлесу қабілеті бар клеткалар апоптоз жолымен жойылады. Сұраптау шарттан өткен клеткалар иммун жүйесінің перифериясына барады. Т-хелперлер - МНС II классты молекуланы танитын CD4 рецепторды экспрессерлейді. Т-хелпердің қызметі - цитокиндерді бөлу және В-лимофциттерді костимуляциялау, және ИЛ-2 әсері арқылы цитотоксикалық Т-лимфоциттерді активтеу.Т-хелпердің екі түрінің Th1-клеткалары Т-клеткалық, ал Th2-клеткалары - гуморалды иммунды жауапқа жауапты. Өзара айырмашылығы әртүрлі цитокиндер тобының бөлінуімен байланысты-антогонизм түрде.
Цитотоксикалық Т-лимфоцитт (Т-киллерлер) - МНС I класс өнімдерін танитын CD8 рецепторды экспрессерлейді. Иммун жауапта нысана-клеткаларын зақымдайтын Т-киллердің ізашарлары эффекторлы цитотоксикалық Т-клеткаларға мүшеленеді. Т-киллерлер цитотоксикалық әсерін перфорин, гранзимдер, Fas-рецепторлар, ісік некрозы факторы арқылы жүзеге асырады. Т-клеткалардың В-жүйеден айырмасы - Т-клеткалар антигенді жеке танымайды.Антигендер І-ші немесе ІІ-ші МНС-ның молекулаларымен комплекс құрап отырып танылады. І-ші классты МНС-молекуласы кіретін комплексті цитотоксикалық СД8 Т-клеткалар таниды, ІІ-ші классты МНС-молекуласы кіретін комплекс СД4 Тн1 қабыну клеткаларымен немесе СД4 Тн2 хелперлы клеткалармен танылады. Антиген- таныстырушы жасушалар (АТК) - белокты антигендердің протеолизі, олардың пептидті бөліктерінің МНС I немесе МНС II класты молекулаларымен байланысуы және бетінде Т-лимфоциттерге ұсыну үшін экспрессиясы өтетін жасушалар. Бул антигендік пептидтің презентациясының шарты болады. Антигенді біріншілік тануы аңқау Т-клеткалармен жүзеге асады. Аңқау Т-клетканың жетілуі лимфоидты тінде өтеді. Жетілген Т-клеткалардың генерациясы макрофагтардың және дендритті клеткалардың бетінде пептидті антигенді І немесе ІІ-ші МНС классты молекулалармен комплексте танудан басталады. Аңқау Т-клеткалардың антигенмен біріншілік кездесуден кейін активациясы "сәйкестендіру" (примирлеу) деп аталады. Әрі қарай Т-клеткалардың әрбір субпопуляцияларының қызметтік бағыттары анықталады:СД4 Тн1 клеткаларға және СД4 Тн2 хелперлі клеткаларға мүшеленеді. Т-клеткалар рецепторларының антигендік комплекспен әсерлесуіне, даму процесінің жалғасуына кофакторлардың әсері -екінші сигнал қажет. Костимулятор ретінде АТК мембранасында экспрессерленетін В7 молекуласы шығады. В7 - гомодимер, иммуноглобулиндердің супер тұқымдасына жатады. Аңқау Т-клеткаларадың бетінде В7-ге арналған рецептор ретінде СД28 белок болып табылады. В7: СД28 өзара әсерлесуі екінші сигналды қамтамасыз етеді. Активтелген аңқау Т-клеткалар СД28-ден басқа костимулдеуші белоктарды экспрессерлейді - CTLA-4. Ол СД28-ге қарағанда В7-ге аффинділігі жоғары.
Клеткалық иммунитеттің негізгі реакциялары:
Баяу сезімталдықтың дамуы.СД8 клеткалардың цитотоксикалы киллерлік әсері. Вирусты инфекцияда, ісік өскен кезде трансплантатты қабылдамау реакциясында басты эффекторлар ретінде цитотоксикалық СД8 Т-клеткалар болады.
oo Т-киллердің нысана клеткалармен әрекеттік әсерінің кезеңдері: 1) І МНС молекуламен біріккен антиген комплексті бастаушы СД8 клеткалармен тануы, олардың пролиферациясы және дифференциясы арқылы цитотоксикалық эффекторларға дейін жетілуі; 2) леталды соққы беру; 3) лимфотоксин (ФНО-β) көмегімен клетканы бүлдіру және киллердің ағытылуы. СД8 клеткалардың сонымен қатар супрессиялық қабілеті болады.
Иммунологиялық төзімділік - арнайы антигенге иммунды жауапты тудыру қабілетін жоғалту. Иммунологиялық төзімділіктің қамтамасыз етілу факторлары: антигентаныстырушы қызметтің төмендеуі, аутоантигендермен әсерлесу қабілеті бар Т- және В-клеткаларды жою, Т- және В-лимфоциттердің корецепторларын блоктау, Т-супрессорлардың қызметі көмегімен, антиденелердің идиотипикалық детерминанттарына қарсы антидене өндіру.
oo Төзімділік ерігіш антигендерге, эмбрионалды және неонаталды кезеңдерде, оральды жолдармен енгізгенде, антигеннің көп мөлшерінде пайда болады.
oo Антиген антитоксинмен байланысқанда арнайы Т-мен В-клеткаларды зақымдайды. АГ мен АД комплекстер рецепторларды блоктап, ісікке қарсы клеткалық иммунитеттің реакциясын басуы мүмкін. гаптендерді иммуногендік емес тасымалдаушымен блоктауы төзімділікке әкеледі.
Клеткалық ииммунитетті бағалау әдістері
Клеткалық ииммунитет ті қолданатын иммунодиагностика әдістерінің ішінде инфекциялық ауруларды аллергиялық диагностика маңызды срын алады.Инфицирленген организмге аллергенді енгізгенде организм аллергиялық реакциямен жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунитет туралы
Клеткалық иммунитет және гуморальдық иммундық жүйе
Иммунология
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Вирустық аурулардағы иммунитет
Иммунды жүйе мүшелері
Иммундық жүйе
Иммундық жүйенің патологиясы
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Иммунитеттің генетикалық негіздері
Пәндер