Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы



1.Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері.
2.Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері.
Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері –
XVII-XIX ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. (Ә.Қайдар, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алм.: Арыс, 2004ж.)
1. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды.
4. Ә.Қайдар, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алм.: Арыс, 2004ж.
5. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
6. Т.Қордабаев. Түркология және қазақ тіл білімі. Қарағанды: 1992 ж.
7. википедия

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1.Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері. 2.Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері.

Тобы: КЯ- 413
Орындаған: Турусбекова Д.Б
Тексерген: Шаяхметұлы Қ

Семей 2015 ж
Жоспар:
1.Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері.
2.Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері.

Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері -
XVII-XIX ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. (Ә.Қайдар, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алм.: Арыс, 2004ж.)

Табылған аймақтары туралы
1. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары Сібір руналарына, Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан руникалық немесе руна тәріздес деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық - тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8 - 10 ғ-лар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді (Ә.Қайдар, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алм.: Арыс, 2004ж.)

Есік жазба ескерткішi -- сақ дәуірінен қалган жазба ескерткіш
(б. з. д. V-VI ғ.). 1970 ж. Ӏле өңірінін тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған.Онын сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы -- біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді.

Могoилян жазба ескерткіші -- Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соңы).

Ескерткіш Кұтлұғ (Қапаған) кағаннын баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктін жорықтары баяндалған. (Ә.Қайдар, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алм.: Арыс, 2004ж.)
Мойунчур ескерткіші -- Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт.
Ол -- ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенга тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.
Орхон ойма жазулары -- Монголияның Орхон, Селенга өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін құлпытастары, 7 -- 8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Иран Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады.
Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған -- Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.( Отар Әлі Бүркіт. Түркітану)
Қазақстан жерінде.
2. Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар - Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б (Т.Қордабаев. Түркология және қазақ тіл білімі. Қарағанды: 1992 ).

Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр. Олардың бойында талай құпиялар сақтаулы. Мысалы, соңғы кезде Өзбекстанның Наманган, Ферғана, Кашқадария аудандарынан бірнеше көне тайпалардың қолданған заттары табылған болатын. Өкінішке орай, олардың бірқатарының оқылуы күні бүгінге дейін анықталмаған. Караңыз:

Көрсетілген суреттің алғашқы үшеуін 1993 жылдың сәуір айында Өзбекстан Ғылым академиясының Тарих және археология институтының қызметкері профессор Э.В.Ртвеладзе Қашқадария өлкесіндегі ескі қорғандарда қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанда тапқан болатын. Көрсетілген 1-суреттегі таңбаларды көне түрй тіліңде "ач" түрінде оқуға болады. Қашалып жазылған екі таңба да руникалық алфавитте бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық ерекшелiктерi
Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Орхон ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Орхон жазба ескерткіштерінің тарихи негізі
Пәндер