Қазақстан Республикасы эталондар базасы жайлы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Эталондар және стандартты үлгілер.
2.2.«ҚазСТҚ» ЕМК мынадай қызметтері
2.3.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
2.4.Пайда болу сипаты бойынша түрлері.
2.5.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу.
2.6. Өлшеудің классификациясы. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ҚР Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер, метрология қызметінің техникалық негізін - республиканың эталондық базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды қажет етеді.
Республиканың эталондық базасы экономиканы метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады. Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы эталондардың 98 бірлігінен және эталон жабдықтарынан, 49 мемлекеттік эталоннан, 27 жұмыстық эталон және эталондық жабдықтардың 22 бірлігінен тұрады.
«ҚазМетрИн» РМК-да құрылған Мемлекеттік эталондар және ғылыми зерттеулер орталығы физика-химиялық өлшеулер, электрлік өлшеулер, механикалық және оптика-физикалық өлшеулер зертханаларынан тұрады.
Зертханаларда физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік эталондардан метрология қызметтердің бастапқы эталондарына беру жұмыстары, мемлекеттік эталондарды жаңарту, қамтамасыз ету және зерттеу жұмыстары атқарылады және халықаралық ғылыми метрологиялық институттардың эталондарды салғастыру жұмыстарына қатысады.
Өлшем құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын өлшеулердің күмәнді нәтижелерінен азаматтарды және экономиканы қорғау мақсатында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР-ның заңымен типін бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынау жүргізу және мемлекеттік метрологиялық қызметін метрологиялық аттестаттау қарастырылған. Типін бекіту мақсатында сынау және метрологиялық аттестаттау сыналатын өлшем құралдарының қауіпсіздік талаптары мен қызметтік тағайындалуына сәйкес қалыпты және төтенше пайдалану жағдайында өлшем құралдарының нақты сипаттамаларын анықтау үшін жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ҚР-сына физика-химиялық өлшемдер және сұйықтар мен газдардың шығыны мен көлемін өлшеу салаларындағы жұмыстар үшін үлкен көлемде жабдықтар әкелінуде. Бұлар, әр түрлі газоанализаторлар, спектрофотометрлер, шығын өлшегіштер, рН-метрлер, газ анализаторлары, хроматографтар. Сонымен қатар соңғы уақытта әйгілі ойын автоматтары әкелінуде. Бұл өлшем құралдары мен жабдықтардың сыналуы тапсырыс берушілердің (дайындаушылар мен импорттаушылар) базасында жүргізіледі. Халықаралық талаптарға сәйкес (ИСО/МЭК 17025:2005 Басшылығы) сынаулар қажетті сынау, өлшеу және қосымша жабдықтармен қамтылған арнайы зертханаларда білікті мамандармен жүргізілуі қажет.
1. Barry N. Taylor, Ed. The International System of Units (SI) — Gaithersburg, MD: National Institute of Standards and Technology. — P. 9.
2. Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Физика / Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д,,профессорЕ. Арын – Павлодар: С. ТорайғыроватындағыПавлодармемлекеттікуниверситеті, 2006.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

CӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы эталондар базасы.



Орындаған: Тукенов А.Е.
Тобы: СМ-405
Тексерген: Кундызбаев Д.К.

Семей-2015
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Эталондар және стандартты үлгілер.
2.2. ҚазСТҚ ЕМК мынадай қызметтері
2.3. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
2.4. Пайда болу сипаты бойынша түрлері.
2.5. Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу.
2.6. Өлшеудің классификациясы. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Эталондар және стандартты үлгілер.
ҚР Президентінің Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлығын іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер, метрология қызметінің техникалық негізін - республиканың эталондық базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды қажет етеді.
Республиканың эталондық базасы экономиканы метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады. Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.
Қазіргі уақытта республиканың эталондық базасы эталондардың 98 бірлігінен және эталон жабдықтарынан, 49 мемлекеттік эталоннан, 27 жұмыстық эталон және эталондық жабдықтардың 22 бірлігінен тұрады.
ҚазМетрИн РМК-да құрылған Мемлекеттік эталондар және ғылыми зерттеулер орталығы физика-химиялық өлшеулер, электрлік өлшеулер, механикалық және оптика-физикалық өлшеулер зертханаларынан тұрады.
Зертханаларда физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік эталондардан метрология қызметтердің бастапқы эталондарына беру жұмыстары, мемлекеттік эталондарды жаңарту, қамтамасыз ету және зерттеу жұмыстары атқарылады және халықаралық ғылыми метрологиялық институттардың эталондарды салғастыру жұмыстарына қатысады.
Өлшем құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын өлшеулердің күмәнді нәтижелерінен азаматтарды және экономиканы қорғау мақсатында Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР-ның заңымен типін бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынау жүргізу және мемлекеттік метрологиялық қызметін метрологиялық аттестаттау қарастырылған. Типін бекіту мақсатында сынау және метрологиялық аттестаттау сыналатын өлшем құралдарының қауіпсіздік талаптары мен қызметтік тағайындалуына сәйкес қалыпты және төтенше пайдалану жағдайында өлшем құралдарының нақты сипаттамаларын анықтау үшін жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ҚР-сына физика-химиялық өлшемдер және сұйықтар мен газдардың шығыны мен көлемін өлшеу салаларындағы жұмыстар үшін үлкен көлемде жабдықтар әкелінуде. Бұлар, әр түрлі газоанализаторлар, спектрофотометрлер, шығын өлшегіштер, рН-метрлер, газ анализаторлары, хроматографтар. Сонымен қатар соңғы уақытта әйгілі ойын автоматтары әкелінуде. Бұл өлшем құралдары мен жабдықтардың сыналуы тапсырыс берушілердің (дайындаушылар мен импорттаушылар) базасында жүргізіледі. Халықаралық талаптарға сәйкес (ИСОМЭК 17025:2005 Басшылығы) сынаулар қажетті сынау, өлшеу және қосымша жабдықтармен қамтылған арнайы зертханаларда білікті мамандармен жүргізілуі қажет.
Осыған байланысты, ҚазМетрИн РМК базасында Өлшем құралдарын экспериментті зерттеу орталығы құрылды, оны жабдықтауға техникалық құралдарды электромагниттік сыйымдылыққа сынау, климаттық және механикалық сынаулардың кең спектрін құра алатын жабдықтың 61 бірлгі сатып алынды.
Алынған түрлі жабдықтар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарында, қоршаған ортаның жағдайын бақылауда, сауда-саттық операцияларында қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша сапалы қызмет көрсету үшін салыстырып тексеру зертханаларының аккредиттеу облысын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, өлшем құралдарын экспериметті зерттеу орталығы салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану ережесіне сәйкес таңбалар жасау қызметін ұйымдастырады (түскен өтінішке талдау жүргізеді, метрологиялық қызметтерге шифр, металлдық таңбаларға реттік сан, өзі жабысатын лейблдарға, пластикалық пломбаларға нөмірлік код береді).
Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есептеу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа тапсыру туралы ережесін бекіту туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының Міндетін атқарушының 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығының 5 тармағына сәйкес салыстырып тексеруші субъектілер салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есептеуі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беруі қажет.
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 904 қаулысы негізінде ҚазМетрИн РМК базасында Қазақстан салыстырып тексеру қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны құрылды (бұдан әрі - ҚазСТҚ ЕМК).

ҚазСТҚ ЕМК мынадай қызметтері
ҚазСТҚ ЕМК мынадай қызметтерді атқарады:
1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізеді;
2. Өлшем құралдарына сынау, метрологиялық аттестаттау жүргізуде өлшем құралдарын ҚР МӨЖ тізіліміне енгізу бойынша жұмыстарға қатысады;
3. Техникалық (салыстырып тексеру) базаны жетілдіруге қатысады;
4. Өлшеу әдістемелерін, өлшем орындау әдістемелерін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкестігіне метрологиялық сараптама жүргізуге қатысады.
5. Метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге қатысады;
6. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық келісімдерді және нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;
7. Сынау жабдықтарына аттестаттау жүргізеді;
8. Бекітілген қызмет бағыттары бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында семинарлар, курстар ұйымдастыру.
Республикада өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама мен нормативтік база үнемі жетілдірілетінін ескере отырып жаңа нормативтік құжаттарды (НҚ) әзірлеу, қолданыстағы НҚ-ды халықаралық талаптармен үйлестіру арқылы эталондық база, сонымен қатар жұмыс өлшем құралдары жетілдіріледі, метрология саласында біліктілікті арттыру курстарында мамандарды оқыту 3 жылда бір рет жүзеге асыралады.
Осыған байланысты ҚазМетрИн РМК базасында, мынадай тақырыптар бойынша мамандарды дайындауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мамандарды дайындау жене біліктілікті арттыру орталығы құрылды:
1) Өндірісті метрологиялық қамту;
2) Өлшем құралдарын (қысым, вакуум, сұйықтар Тізімге қайтарылуөлшері, тығыздық пен тұтқырлық, жылу физикалық және температуралық өлшеулер, уақыт пен жиіліктің электрлік шамалары, масса, күш және қаттылық, қозғалыс параметрлері, геометриялық шамалар, физика-химиялық және оптика-физикалық өлшеулер) салыстырып тексеру және калибрлеу;
3) Республиканың метрологиялық практикасына белгісіздік бағасын енгізу;
4) Техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау;
5) Аналитикалық өлшеулерде, өнімді сынау кезінде белгісіздікті бағалау; өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу кезінде; электрлік шамалардың белгісіздігін бағалау;
6) Денсаулық сақтау мен медицинаны метрологиялық қамту;
7) Стандарттау мен метрология бойынша ЖОО мен ОАОО оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру;
8) Өлшем құралдарына сынау жүргізу;
9) Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу кезінде техникалық тексеру жүргізу;
10) Өлшем орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүргізу құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу кезінде техникалық тексеру жүргізу;
11) Өлшем құралдарына сынау жүргізу;
12) Сынау жабдығына аттестаттау жүргізу;
13) Өлшем орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу.
Курс бағдарламасында мыналар оқылады:
· өлшем бірлігін қамтамасыз ету, техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау саласын аккредиттеу саласындағы заңнама негіздері;
· метология саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
· типін бекіту мақсатында сынау және метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойынша өлшем құралдарын қолданысқа жіберу мәселелері;
· эталондарды қолдану және республиканың эталондық базасының жай-күйі, · өлшем орындау әдістемелерін, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін қолдану,
· өлшем құралдарына салыстырып тексеру мен калибрлеу жүргізу тәртібі, салыстырып тексеру таңбалары мен калибрлеу белгілерін қолдану;
· қателік және өлшем белгісіздігін бағалау ұғымдарының теориялық және математикалық негіздері;
· метрологиялық жұмыстарды жүргізу құқығына аккредиттеу және лицензиялау талаптары мен тәртібі,
· мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізу тәртібі.
Жыл сайын метрология мәселелері бойынша семинарлар мен конференциялар: 20 мамырда Бүкіләлемдік метрология күнін тойлауға арналған конференция, Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласының заңнамасындағы жаңалық семинары, өндірісті метрологиялық қамту, өлшем белгісіздіктерін бағалау мәселелері бойынша үш күндік семинар өткізіледі

Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары:
* ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы эталондар базасы
Бірінші ретті эталондар
Өлшеу құралдары және түрлері
Өлшемдер шамаларыныц эталондары
Қазақстан Республикасы эталондар базасы жайлы мәлімет
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту
Кедендік бақылау зертханалары
Сенсорлық эталондарды меңгеруі
Пәндер