Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы мәлімет



1. Бірлестіктер экологиясы туралы түсініктер
2.Биоценоздың экологиялық құрылымы және экожүйе энергиясы
3.Табиғи қорлар туралы
4. Демографиялық ахуал,азық қоры проблемалары
5.Қалдықсыз технологиялар туралы
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары біріккен айналып,ірі бірлестіктер құрады.Оларды ғылым тілінде «бірлестіктер» немесе «биоценоздар» деп атайды.Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген.
1.Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.Биоценоз құрамындағы организмдер өзімен өзі жеке дами алмайды.Ол әрқашан өлі тбиғатпен байланыста дамиды.
2.Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе.
Экожүйенің негізгі қасиеттері:
1.зат айналымына қатысу қабілеттілігі;
2.сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;
3.биологиялық көбеюі.
Экожүйенің деңгейлері:
1.микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым , су тамшысы
2.мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т.б.
1. «экология және тұрақты даму» Астана- 2014 (44-49 беттер)
2. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева «Экология». Оқулық. – Алматы. 2002
( 82-196 беттер)

Қазақстан Республиккасының Білім және ғылым минмистрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:
1.Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
2.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
3. Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
4. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу

Орындаған: Әбілда Н.Ғ
Топ: ВС-403
Тексерген: Мурзалимова А. К

Семей 2015
Жоспары:
1. Бірлестіктер экологиясы туралы түсініктер
2.Биоценоздың экологиялық құрылымы және экожүйе энергиясы
3.Табиғи қорлар туралы
4. Демографиялық ахуал,азық қоры проблемалары
5.Қалдықсыз технологиялар туралы

Кіріспе:
1.Бірлестіктер туралы түсініктер.
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары біріккен айналып,ірі бірлестіктер құрады.Оларды ғылым тілінде бірлестіктер немесе биоценоздар деп атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды.
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.Синэкологиядағы син деген сөздің өзі бірге, яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
Экологияның негізгі ұғымына экожүйе жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйеге мағынасы жақын терминге биогеоценоз жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген.
1.Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.Биоценоз құрамындағы организмдер өзімен өзі жеке дами алмайды.Ол әрқашан өлі тбиғатпен байланыста дамиды.
2.Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе.
Экожүйенің негізгі қасиеттері:
1.зат айналымына қатысу қабілеттілігі;
2.сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;
3.биологиялық көбеюі.
Экожүйенің деңгейлері:
1.микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым , су тамшысы
2.мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т.б.
3.макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т.б.
4.глобальдық экожүйе- биосфера
Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың -- фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жабынымен (фитоценоз) - өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады.
Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады. Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды (көлденең) немесе вертикальды (тігінен) бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі -- ярустылық (қатарлық). Ярустылық - биоценоздардың биіктік бойынша жиіктелуі. Тіпті ярустылық жер асты бөлімдерінде де байқалады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Биоценоздың экологиялық құрылымы
Әрбір биоценоз организмдердің белгілі бір экологиялық топтарынан тұрады. Олар көбінесе ылғал, жарық, қореқ т.б. факторларға байланысты жіктеліп отырады және өзіндік қызмет атқарады. Экологиялық құрылым -- биоценоздағы түрлерді, жиынтығы мен кеңістігі арқылы ситтталады. Биоценоз -- уақыт пен кеңістікке қатысты және антропогендік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан биоценоздардың жәй және күрделі типтерін ажыратуға болады. Мәселен, тропика биоценоздары мен Қазақстанның орманды -дала биоценоздарын ешбір салыстыруға болмайды. Олар бір-бірімен түрдің көптүрлілігімен де, биомассамен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, шөл-шелейтті, тұндыра биоценоздары жәй биоценоздар қатарына жатады, ал орман, орманды дала, тропикалық биоценоздары күрделі биоценоздар болып есептеледі. Су биоценоздары құрлықпен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Ол көбінесе су жүйесінде құрлықтағыдай атмосфера мен топырақтың болмауы, әрі жетекші факторлардың (жарық, температура, қорек, қысым, оттегі, т.б) бірегей болмауы үлкен роль атқаратыны белгілі.
Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым- қатынастар қалыптасады.Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі.Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым қатынастар да негізгі роль атқарады.
1.Бәсекелестік -
бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қореқ тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі. Кезінде Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мәселен, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу популяциясын реттеуі жатады.

2.Жыртқыштық
- қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы.
Қорегін тауып жеуі бойынша олар бірнеше категорияларға бөлінеді:
1) нағыз жыртқыштық; 2) жинап жеу; 3) жайылып қоректену.Қоректену әдістерінің әртүрлі болуына қарамастан организмдер бір- бірімен көптеген ауыспалы түрлері арқылы да байланыста болады. Жыртқыштық организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып ұстауы қажет. Ал, жемтік өз кезегінде жауына деген қорғаныс қабілеті немесе жоғары бейімделушілік қасиетке ие болады.Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көп қоректілерге айналған.
3.Паразитизм

- бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасындажиі кездеседі. Сол сияқты өсімдікпен өсімдік, жануарлармен жануар және өсімдікпен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олигополипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық. Бірақ, олардың кай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы карым-катынас жасаудың тағы бір түрін - амменсализм деп атайды.
4.Комменсализм -

-бір түрдің тіршілігі арқасында екінші түрдің қорек немесе қорғаныс табуы. Немесе арамтамақтық құбылыс. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді. Ал, кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егерде комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.
5.Аллеотопатия

- организмдердің денесінен өзіне тән химиялық өнімдер шығару аркылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесежағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді. Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркендіргіш (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер, әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі активті заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш, сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық активті заттарды көп организмдер бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пеницилин, стрептомицин, гибберилин медицинада жиі қолданылады.
6.Симбиоз

- екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, отшельник шаяны мен актиния арасындағы селбесіп тірішілік ету осы қарым- қатынасқа жатады. Өсімдіктер арасындағы қыналар -- балдыр мен саңырауқұлақ арасындағы селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады.
7. Мутуализм

- әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе кұмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының жарқын мысалы.
8.Зоохория

- жануарлардың орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохория -- өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсмдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, қылшықтар пайда болып олар құстар, сүт қоректілердің, басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жол мен таралуын-эктозоохория дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохориялық таралу жолы деп атайды.

9.Нейтрализм
- бір териториядағы екі түрдің бірге тіршілік етуі оларға пайда да, зиян да әкелмейді. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырскалар көршілес құмырска илеулерінен жұмыртка мен личинкаларды тартып әкеліп иелікжасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.

Экожүйедегі энергия.
Жер бетіндегі ірі масштабтағы құбылыстардың бәрі де Күн сәулесі энергиясының 1 %-нан аспайтын жиынтық энергияға ие. Энергияның пирамида заңы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған Жер көлемінің есебін және т.б. экологиялық-экономикалық есептерді жасауға қолданылады. Күн энергиясы ағыны арқасында Жерде ауа мен судың әлемдік физикалық айналмы жүреді. Ауа массасының жылжуы механикалық әсерлердің (жел, толқын, ағыстар) басқа заттардың бірінші кезекте су буы мен шаң бөлшектерінің, әртүрлі құрамындағы аэрогендік миграциясының жүруін қамтамасыз етеді. Күн радиациясының әсерінен атмосферада әртүрлі фотохимиялық реакциялар - су фотолизі, озонның, кукіртті сутектердің түзілуі орын алады. Тасмалдантын массалық көлемі мен жұмсалатын энергияны ескергенде, Жердегі ең үлкен заттар айналымының бірінде су айналымы жатады. Жылына бұл процеске қатысатын бүкіл гидросфера массасының небәрі 0,04 % болса да, секундына 16,5 млн.м3 және 40 млрд МВт Күн энергиясы айналымға түсіп отырады. Күн энергиясының арқасында жүретін су мен ауаның физикалық айналымынан басқа көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары айналымға тартылады.
Қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.
Біріншісі -- продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді).
Екінші - консументтер, бұған жануарлар жатады.
Үшінші -- редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Негізгі принципі: барлық қоректік тізбектер бір -- бірімен байланысты және тәуелді болып отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.
Зат және энергия ағымы
В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтежесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элеметтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, көмір, мұнай, газ, жаңғыш сланц) жинақталады. Бұл қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.
Экологиялық пирамида
Экожүйелердің әрбір трофикалық (қоректік) деңгейдегі таза алғашқы және соңғы өнімдерді құрудың және шығындаудың жылдамдығы әртүрлі. Алайда барлық экожүйелерге өнімдер пирамидаларының ережесі деп аталатын алғашқы өнім мен соңғы өнімдердің белгілі бір сандық қатынастары тән. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің (азықтың) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы екнішісіне дейін толық өңделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде , бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен Элтон пирамидасы деп атаған. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар: 1) Саны бойынша - сандық пирамида организмдердің жеке санды көрсеткішін айқындайды. 2) Салмағы бойынша - биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты немесе өнімділікті анықтайды. 3) Энергия мөлшері бойынша - энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.

2.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Табиғи қорлар дегеніміз - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану
.
Табиғи қорлар төмендегідей жіктеледі:
1.Минералдық қорлар
2.Климаттық қорлар
3.Су қорлары
4.Топырақ-өсімдік қорлары
5.Жануарлар дүниесінің қорлары
Сонымен катар пайдалану мөлшеріне қарай:
1.Сарқылмайтын табиғи қорлар - табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Пәндер