Етістік



Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.5

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі ... ... ... ... ... ... ...6.9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі ... ... ... .10.12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі ... ... ... .13.15

ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.27
ІІ.2. Етістіктің келер шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31.37

ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38.46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47.49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50.51

ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52.53

V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.
Зерттеу әдісін анықтау. Қазақ тіл біліміндегі шақ категориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы, мағыналық ерекшеліктерін анықтау.
Мәселесінің маңызын анықтау. Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болуын, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, мағыналық ерекшеліктерін ашу, шақ категориясының бүгінгі жай-күйін зерделеу – қазақ тіл біліміндегі морфология саласының өзекті мәселесінің дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа үш бөлімнен және әр бөлім бірнеше тараулардан және әдебиеттер тізімі мен сілтемелерден тұрады.
Пайдаланылатын әдебиеттер

1. Қазақ тілі граматикасы., А., 1967
2. Қазақ тілі граматикасы бойынша зерттеулер., А., 1975
3. Маманов И.С., Қазіргі қазақ тілі (Етістік)., А., 1966
4. Қордабаев Т., Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары., А., 1995
5. Қордабаев Т., Түркология және қазақ тіл білімі., А., 1996
6. Исаев С.М., Қазақ тілі., А., 1996
7. Ысқақов А., Қазіргі қазақ тілі. Морфология., А., 1991
8. Қазақ грамматикасы., А., 2002
9. Қордабаев Т., Етістіктің шақ категориясы.
10. Төлеуов Ә., Сөз таптары., А., 1982
11. Аханов К., Тіл білімінің негіздері., А., 1973
12. Қорғанбаев Т.Р., Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы., А., 1953
13. Хасенова А., Етістіктің лексика – грамматикалық сипаты.
14. Кеңесбаев І., Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер., А., 1966
15. Серғалиев М., Айғабылов О., Күлкенова А., Қазіргі қазақ әдеби тілі., А., 1991
16. Байымбетова Ж., Етістікті оқыту., Ш., 2002
17. Мұртаза Ш., «Қызыл жебе»., А., 1994

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. .6-9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде
зерттелуі ... ... ... .10-12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде
зерттелуі ... ... ... .13-15
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы
шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..16-27
ІІ.2. Етістіктің келер
шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...28-30
ІІ.3. Етістіктің өткен
шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...31-37
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның Қызыл жебе романындағы өткен шақтың
түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның Қызыл жебе романындағы етістіктің жедел өткен шағы,
мағыналық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...38-46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның Қызыл жебе романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы,
мағыналық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 47-49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның Қызыл жебе романындағы етістіктің ауыспалы өткен
шағы, мағыналық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 50-51
ІV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .52-53
V. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..54

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық
тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен
сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі
өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік
сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық.
Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні,
өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан
бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның
қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік
ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына
қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты
мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын
айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста
етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі
даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі
мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен
шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен
байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының
қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу
барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі
ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық
категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология
саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен
шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың
ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан
да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып
қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар
екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын
топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан
келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп
отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға
бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ
тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.
Зерттеу әдісін анықтау. Қазақ тіл біліміндегі шақ категориясының пайда
болуы, дамуы, қалыптасуы, мағыналық ерекшеліктерін анықтау.
Мәселесінің маңызын анықтау. Грамматикалық категориялардың ішінде шақ
категориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болуын, даму, қалыптасу
жолын саралау арқылы түрлі бағыт ағымдар болғанын, олардың негізгі
қағидаларын анықтау, мағыналық ерекшеліктерін ашу, шақ категориясының
бүгінгі жай-күйін зерделеу – қазақ тіл біліміндегі морфология саласының
өзекті мәселесінің дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа үш
бөлімнен және әр бөлім бірнеше тараулардан және әдебиеттер тізімі мен
сілтемелерден тұрады.

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.

Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі
сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер –
етістік.
Етістіктердің лексика – граматикалық мағыналары да, граматикалық
тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес,
жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына
тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы
зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.
Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның
Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі,
есімшелі сөздер кездеседі.
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған
зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан
ғалым Махмуд Қашқари Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі.
Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М.Қашқари қалдырған мұралар әр
жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми
нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай – қайсысының болса да
тарихымен байланыстырып, одан әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін
абыройлы да аса – жауапты міндеттерден саналады.
Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып
кеткен ұлы ғұлама М.Қашқари Сөздігі әрқашан да тюркологтардың тіліне
тиек, объект болып келгені мәлім.
Күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған және алдағы уақытта да
зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер
қалдырған М.Қашқари озық ойлы ғұлама болған.
М.Қашқари (толық аты – Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл - Қашқари)
Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда – екі өзен арасын,
яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған Боғрахан шөбересі.
Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы барсыхан Баласағұн деп аталатын
қаланың әміршісі болған. Махмуд кейінде Қашқар қаласына көшіп барыпты.
Махмудтың дәл қай қалада туылғаны мәлім емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы
ықтимал. М.Қашқари өзінің кітабында: ...нам предок тот самый эмир, который
отвоевал земли тюркские у самалидов дап жазады (1, 136 - 138), (Мұталипов,
136 – 138, Конанов, 4 – 5);
Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі ХХ ғасырдың басына дейін
белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде Стамбұл кітапханасында сақталып
жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы
емес, Абу Бакир әл – Дамаски дегенннің 1266 –жылы жасаған көшірмесі
көрінеді. Қолжазбаны 1915 – 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп,
Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 – 1943 жылдар ішінде түркі
тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 – 1963 жылдар ішінде оны
өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай
дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына
қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл
айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.
Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т.б.
негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі
әріптілер деп тоқтайды.
Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі
емес.сонымен бірге, түбір салдары – ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ
деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.
Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады.
Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл
етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.
М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе
өткен шақтың жедел түрі – ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады. Олар
жүйе Сөздіктің етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.
Автор өз ережелерінде үнемі өткен шақта беріліп отырған етістіктердің
тұйық райы –мақ, -мек, келер шағы –ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан – жақты
тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен –мақ формасы дей тұра,
қазіргі қазақ т.б. тілдердегі –у тұлғасының архетипті –г, -ғ, -қ, -к
форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä
(ІІ том, 47 - бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері
деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.
М.Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб
лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің
бірі - 1343 жылы египетте жазылған Китаб мажму таржуман турки ва ғажали
ва мағули (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте
кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе,
П.Мелиоранский Араб – филолог о турецком языке атты еңбегінде сөздіктің
туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі
етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім
етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп,
болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.
Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі
сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды Кодекс кумаликусте
кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.
Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр
– ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде Китаб – ал – идрак ли – лисан ал -
атрак (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба
түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда
бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа
нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман
еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда
баспадан шығарылды.
Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ
тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед
ат Турки жазған Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап
деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді.
Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып
шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайоновский.
Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде –
етістік сөздер.
Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың
екінші жартысында басталған.
Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін
көрген тіл – мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында
жазылып, Петербургта Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского
языка деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан
Хольфиннің орын оқушыларына арналған Азбука татарского языка дейтін оқу
құралы, 1776 жылы Петербургта Турецкая граматика атты еңбек шығарылды.
1701 жылы жазылған Гигоновтың Граматика татарского языка, 1839 жылы
жарияланған Қазамбектің Общая граматика турецкого – татарского языка,
1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің Краткая
граматика казак – киргизского языка деп аталатын еңбектер т.б.жарық көрді.

1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.

30 – 40 жылдардан бастап түркі тілдерінің граматикалары бірінен соң
бірі үздіксіз жариялана бастады. 1935 жылы А.Доровковтың Учебник
уйгурского языка, 1938 жылы Ястроемскидің Бетлинг еңбегі негізінде жазған
Граматика якутского языка, 1940 жылы Н.К.Дмитриевтің Граматика
башкирсого языка, 1941 жылы А.Н.Кононовтың Граматика турецкого языка,
1948 жылы Граматика узбекского языка, атты еңбектері жарияланды.
А.Н.Кононовтың Очерк истории изучения турецкого языка деген 1973
жылы жарық көрген еңбегінде түркі тілдерінің зерттелуі. Батыс Европада,
Ресейде, Түркияда, Америкада әр түрлі кездерінде болғаны айтылады.
1845 жылы М.А.Казембектің Общая граматика турецкого - татарского
языка деген еңбегінің етістікке арналған бөлімінде түркі тілдеріндегі
етістікке тән етіс, рай, шақ, түрік, татар, тілдеріндегі де етістігінің
көсемше формаларының синтаксистік қызметіне көңіл аударды. Баяндауштың
сөйлеміндегі орны туралы: Глаголы в турецком языке вообще пологаются на
конце предложения, потому что они излогая состояния и обстоятельства
главного предмета, составляют сказуемое и в большие периодах всегда
занимает последние место. Вот вторая эксиола фраезологии турецкого языка
(Казембек, 1893 493 - бет) – дейді (2 (493 бет)).
Мұны ғалым Н.Длисенова: Баяндауыш көпшілігінде сөйлемнің басында
және ортасында келеді, - деп толықтытрады.
Казамбек (1802-1870)-Әзірбайжан шығыс зерттеушісі, Қазан түркиология
мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филолгиясының докторы,
Ресей Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі, көптеген шет ел шығыс тану
қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан,
араб, парсы, орыс тілдерінде жазған.
Филолгия саласында Казамбек Араб тілі граматикасының тәжірибесі, -
Түрік – татар тілінің граматикасы, Түрік тілінің оқу құралы атты
еңбектері бар. Осылармен қатар түркі тілінің көне жазба ескерткіштерін оқу,
жариялау істерімен айналысқан. Казамбектің Түркі–татар тілінің
граматикасы атты салыстырмалы зерттеуі түркиология тарихында өте жоғары
бағаланды. Бұл – Қазанда бірінші рет 1939 жылы басылған. Соңғы басылым
Общая граматика турецкого – татарскаого языка деп аталады. Осы басылым
1948 жылы неміс тілінде шығарылған. Қазамбек граматикасында түркі тілдері
материалдары бір–біріне салыстыра баяндалған.
Етістіктер туралы Алтай тілінің граматикасында да айтылады. Онда
жатыр, тұр, отыр, жүр етістікретіне, етістіктің жоқ категориясында
тоқталады.
Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылғы материалы к изучению киргизского
наречие деген еңбегінде, А.Троянскйдің 1824 жылы шыққан Краткая
граматика татарского языка кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын
көрсетсе, Л.Будагов 1869 жылы шыққан Сравнительный словарь турецкого –
татарский наречие атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар
тілдеріндегі де етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н.В.Катанов 1869
жылғы Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі еңбегінде тува, урянхай
тіліндегі де етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне
көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса,
З.А.Алексеев 1884 жылы Ташкентте басылып шыққан Самоучитель сартовского
языка еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.
В.В.Радлов Опыт словаря тюркских наречий деген еңбегінде де
етістігі туралы: В Восточных наречиях прямая речь начинается глаголом айт
и кончается глаголом та. Иногда такая речь кончается словами так
айтты.
...Часто глагол айт словом пропускается, - деп түсіндіреді. (3 ()).
Грамтикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі
тілдеріндегі қалпы салыстырмалы – тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда
да барлық граматикалық категориялардың түп – негізі ашылып, сыры анықталды
деуге болмайды. Салыстырмалы тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да
көп мәселелер қарастырылады. Соның бірі етістіктің түбірі тұлғасы. Есімдер
мен етістіктердің түбірі тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни
кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер бар.
Бұл теорияны қолданушылар – Ж.Дени, К.Гриебек, К.Броккелман, кеңес
ғалымдарынан Э.В.Севартен, Н.А.Баскалов, А.М.Щербак, Б.М.Юнусалиев т.б.
Етістік катергорияларының салыстырмалы – тарихи зерттеулерде ең көп сөз
болатын мәселе – шақ категориясы. Шақ категориясының бір де бір тіл жоқ.
Бірақ олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде бірдей
емес.
Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шоққа (өткен, келер, осы) ие
болса, көне түркі тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жиегі онша айқын
болмаған. Сондықтан да К.Фай, В.Баиг, А.П.Поцелуевский, М.Н.Хогдров,
т.б.оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан ХІІІ – ХІV ғасырларда
ғана ажыратылған дейді. Көне түркі тілінде мәселен, А.Н.Кононов осы шарттың
бір ғана ауыспалы осы шақ (ностоящее – будущее) түрін ғана атаса (4) 53,
(186 - 187), Ғ.айдаорв екі түрі (ностоящее – конкретное, ностоящее -
переходное) бар деген пікір айтады. А.М.Щербак Х–ХІІ ғасыр Шығыс Түркістан
текстерінің тіліне сүйекне отырып нақ өткен шақ [ -ды-ді, - дук-дүк],
келер шақ [ -ғай-гей, - ға-ге]; ауыспалы осы шақ (ностоящее–будущее),
белгісіз келер шақ [будущее неоределенное: -ар-ар], ежелгі өткен шақ
(давнопррошедшое: -мым- міме), нәтижелі өткен шақ (прошедшое
результативное) бар деп көрсеткен (57) (150 - 152). Кейбір қосымшалардың
түбір сөзден өобігендігін дәлелдеп бере алатын зерттеулер бар. Бірақ барлық
қосымшалар түбір сөздермен этимологиялық байланысы бар деп үзілді – кесілді
айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ тіліндегі –ады-еді қосымшалардың
–а турур-е турур аналиткалық формасынан –ыпты-іпті қосымшасының –ып
турур-іп турур аналитикалық формасынан -атын-етін қоысмшасының а
тұрғане тұрған аналитикалық формасынан пайда болғандығын ғылымда
дәлелденген. Түркі тілдерінде көмекші етістік деп аталатын отыр, тұр,
жатыр, жүр етістіктеріның мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына-
өткелдігін түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың граматикалану
жолын, сөзден – қоысмшаға айналу эволюциясын тіл фактілері енгізгенде түгел
анықталды деп айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи – салыстырмалы
әдіске тікелей байланысты.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.

Қазақ тілі білімінің зерттеушілері саны жағынан да, жарияланған
еңбектерінің көлемі жағынан да басқаларынан оқшауланатын саласы– тіліміздің
граматикалық жүйесі. Олай болуы түсінікті де, өйткені тілдің граматикалық
құрылысынан азды – көпті болса да хабардар болмай тұрып, тілді білу, ол жай
ында мәнді пікір мүмкін емес.
Тіліміздің граматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның өзекті, ең басты
мәселесі сөздерді әр түрлі лексико – граматикалық топтарға, кластарға бөлу
болғандығы белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыздың алдындағы V-ІV
ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Болини граматикасынан, байырғы Греция
ойшылдарынан бері –қарай айтылып келе жатқаннан да білеміз. Тілдегі
сөздердің есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған
болатын.
1930 жылдардан бастап морфологиялық жеке мәселелріне арналған шағын
көлемді әсіресе сол кездегі баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми
– педогоикалық журналдар – Төте оқу, Ауыл мұғалімі, оның орнына келген
Халық мұғалімі журналдары беттерінде жиі – жиі көріне бастады. Осы он
жылдықтың аяғына дейін жеке сөз топтарына, қосымшаларға арналған отызға
тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жүбанов, Х.Басымов,
Ш.Х.Сарыбаев. Н.Сауранбаев, С.Аманжоловтар жазған.
Тек 40 жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, етіс, шақ,
көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
1950 жылдан бері қарайғы уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне
қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, 20–ға тарта монографиялық зерттеулер мен
кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістікке арналған Ы.Мамановтың,
А.Қалыбаевтың, И.Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының Н.Оралбаевтың,
Т.Ерғалиевтың еңбектерін атауға болады.
Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін
А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан
шыққан Тіл құралы оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді:
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр,
саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз
т.б.мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не болмақ?
Етістіктің жалпы сұрауы не етпак?
...Сондай не етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап
алатын сөздер–бәрі де етістік болады (6)–деп көптеген етістіктер,
жаттығулар береді.
1915 жылы Орынбордан шыққан Тіл құралында етістікке: Етістік
дегеніміз - заттардың еткен – етпеген істерін көрсететін сөздер (7)
дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан Тіл құралы 3 танытқыш кітабында
сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі
баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады.
30 – жылдардағы Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне,
етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Н.Т.Сауранбаевтың көсемшелер жайлы
т.б.еңбектерінде жан –жақты баяндалды.
Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы
Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956),
Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық
көрді.
Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың
1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың (10)
есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың (11) жай
сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың
(12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады.
Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай
категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық
дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді
зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің Қарақалпақ тілі еңбегінде сөз
тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз
жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген.
Н.А.Баскаков түбір етістіктердің бәрін негізгі, туынды лексикалық
категория деп қарайды, олар тиісті тұлғасыз сөйлемде қолданылмайды, ол үшін
қызметіне сай граматикалық форманы қажет етеді.
Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп
арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы Етістіктің лексика
– граматикалық сипат еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты
деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік
болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен
қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.
Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді.
Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы
Граматика теориясының негіздері кітабы болды. Етістікке байланысты оның
тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов,
Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.
С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959),
И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959),
Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962),
Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер
етістіктіктің қыр – сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды.
1967 жылы Қазақ тілінің граматикасы атты екі том еңбек басылып
шықты. А.Ысқақовтың морфологиялы ғылыми пән ретінде жоғары оқу орындарында
оқыту және оны зерттеу, 40 – жылдардан басталады. Соның қорытындысы ретінде
Қазіргі қазақ тілі, морфология деген атпен 1974 жылы оқулық ретінде
жарық көрген кітабы т.б. көпетеген еңбектері бар.

ІІ – тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1 Етістіктің осы шағы

Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер –
етістік.
Етістік – тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қорымы
ең кең граматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның
аса өрісті лексика–семантикалық сипатымен, бай лексика – граматикалық
формаларымен, кең синтаксистік қызметіне байланысты.
Етістіктің лексика–семантикалық сипатының өрісті болатын себебі – ол
семантика мен тек субектінің іс - әрекетін ғана емес, қоғамда ұшырасатын,
табиғат ауқымында, адамның абстракты ойы мен санасы арқылы туатын көптеген
амал, әрекет, іс – қимыл, қозғалыс, жай, күй т.б. процестерді, сол
процестерге қатысты ұйымдарды түгел қамтиды. Есімдерге қарағанда,
етістіктердің лексика–граматикалық мағыналары да, граматикалық мағыналары
да әр алуан, сөйлемді атқаратын қызметі ерекше.
Етістіктің лексика–граматикалық формаларының бай болатын себебі
–ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін, олардың өту
сипатын, яғни бағыты, ақрқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, яғни
етістік формалары осы және өзге де әр түрлі құбылыстардың көрсеткіші
ретінде қызмет етеді.
Етістік тобын құрайтын сөздер іс -әрекет, қимыл –қозғалыс, күй
тәрәзді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды белдіреді.
Осының бәрінде де етістік сай –салалы динамикалық процестерді адам
санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді.
Оқы, жүр, байқа, жүгір, келдік тәрізді етістік тобын құрайтын мыңдаған
лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып
(келдік) т.б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен
ұштасып жатады.
Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық,
аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі – нұсқаларын
қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла
түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы,
солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе
алмайды.
Етістіктің лексика –семантикалық, лексика граматикалық және
граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз
тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз
түрлендіретін формалары бар.
Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе –жүйе
категориялар –етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ,
етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары
да, тұрпат –түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары
бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін
формалар болса, екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар
категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге
сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына
да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және
салттлық, категориялары бар.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да,
синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және
өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым – қатынасқа түскенде айқындалады.
Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде
қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі
ауқымда анықталады.
Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ. Етістік амал
-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер
болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен
байланысты болады. Өйткені, амал -әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы
да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына
байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да
болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі
ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең негізгі граматикалық категория болып
есептеледі.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты,
бірте –бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары да үнемі жетіле отырып
қалғандықтан, өзіне лайық орынққан жүйесі бар аса бай граматикалық
категория.
Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Мұнда болатын формалардың
көпшілік іс -әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі бір
форомалар арқылы берілді. Ұимылдың, жай –күйдің, белгілі бір уақытта,
мерзімді болатыны, болғандығы, болып жатқандығы сол бойынан аңғарылады.
Шақ –іс –қимыл, жай –күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт
арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық категория.
Тіл –тілдің граматикасының бәрінде де етістікті үш шаққа бөлу –тіл
тағылымы тарихында ерте заманнан бері бар нәрсе. Сондай – ақ әр тілдің ішкі
даму ерекшеліктеріне сай әр шақта өз ішінде бөлу тағы бар. Шақ категориясы
–белгілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың, жай –күйдің өзі
белгілі бір уқытта, мерзімде болатыны, болғандығы ие болып жатқандығы сол
етістік бойынан аңғарылады.
Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын не соң, не сол кезде істелуін не
істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жаста, шақта сөз таптарынан
негізгі бір ерекшелігі: тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты, болып етістіктері
субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай күрделі де (тыңдап
отыр, ұшып келе жатыр), дара етістікте де (айтып) шақ көрінісі байқалады.
Осындай етістіктердің шақ көріністері белгі бір морфермалар арқылы берілді
де (айт -ты), содан кейін қимыл жағына қарай жіктелер.
Сөздердің сөйлем ішінде граматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты.
Етістіктің кейбір шақ жасайтын қошымшалар сөйлемдегі басқа сөздердің
ынғайына, беретін мағынасына қарай бірде осы шақ, бірде өткен шақ, бірде
келер шақ мағыналарында ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен
колхоздан ертең келемін. Сондықтан да тіл білімінде шақ түрлі терминдермен
айтылады.
Граматикалық шақ категориясында осы шақ, өткен шақ және келер шақ
бір–бірімен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу кезіне қатысы жағынан ажыратылады.
Демек, сөйлеу кезі (момент речи) әр түрлң шақтардың тірілетін орталығы және
оларды бір-бірінен ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы
сөйлеу кезімен сәйкес келетін қимыл, іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың
формасы сөйлеу кезіне дейін болған қимыл, іс-әрекетті, келер шақтың формасы
сөйлеу кезінен соң, яғни келешектеге болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді.
Бір шақтың бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс
тілдерінде және түркі тілдерінде өткен шақтың өзініің бірнеше түрі бар.
Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуі де өткен
шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтық мағыналары бір емес: алдыңғысы
жедел өткен шақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл
білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) және қатыстық шақ (относительное
время) дегенг терминдер белгілі бір шақтың бірнеше түріне ажыратылуымен
байланысты енгізілген терминдер болып табылады.
Абсолютті шақ – белгілі бір шақтың сөйлеу кезіндегі сәтті көрсеткіш
–шақ белгісі, яғни бұл шақта белгілі бір шақтың сөйлек кезіне қатысты
тікелей айқындалады.
Қатыстық шақ (13) – сөйлеу кезіндегі уақытпен тікелей қатысты емес,
граматикалық тұлғалар арқылы берілетін етістіктің шақтары, яғни қатыстық
шақта оның сөйлеу кезіне қатысты тікелей емес, жанама түрде айқындалады.
Мысалы, жалпы граматикалық шақ категориясының өткен шақ, осы шақ, келер шақ
түрлері шақтың сөйлеу кезіне қатысына қара айқындалса, қазақ тілінде өткен
шақтың бұрынғы өткен шақ түрі оның жедел өткен шақ түрі арқылы, яғни с
онымен салыстыру арқылы ажыратылады. Көптеген индоевропа тілдерінде өткен
шақтың перфект, имперфект, плюскампрофект деп аталатын түрлері де бір-
бірінен ажыратқанда, өз ара салыстырылып, біріне-бірінің қатысы жағынан
ажыратылады.
Түркі тілдері граматикалық шақ категориясына бай тілдерінің қатарынан
орын алады. түркі тілдерінде, жоғарыда аталып өткендей, бір шақтың бірнеше
түрі бар. Ол түрлердің әрқайсысы белгілі бір шақтың әр түрлі мағыналық
ретін білдіреді. Осы жағынан алып қарағанда, әр түрлі мағыналарды
білдіретін белгілі бір граматикалық шақ тілдің лексикалық жүйесіндегі көп
мағыфналы сөз тәрізді; мысалы, көп мағыфналы сөз әр түрлі лексикалық
мағынаны білдірсе, белгілі бір граматикалық шақ та түрлі-түрлі граматикалық
мағыналадрды білдіреді. Полисематизмді сөздің сан алуан лексикалық
мағыналарының арасында мағыналық байланыс болатындығы және олардың бәрі де
негізгі номинативті мағынаның айналасына талаптарындағы сияқты, белгілі бір
шақтың да, мысалы, өткен шақтың, түрлі-түрлі граматикалық мағыналарының
арасында байланыс болады, олар қаншама әр түрлі болғанымен, жалпылама ортақ
граматикалық мағынаға, жалпы өткен шақтық мағынаға келіп тіреледі. Әрине,
сөздің көп мағыналығы мен әр түрлі мағынаны білдіретін белгілі бір
граматикалық құбылыстың арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұл
жерде мұндай салыстыру айқынырақ түсіну үшін жасалып отыр.
Шақтарды бір-бірімен ажыратуда қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтар, бір
жағынан, шақ мазмұнының бір-бірімен ұштас тығымен, соған орай, шақ
формаларының бір –бірімен жіктері ашылғандығымен байланысты болса, екінші
жағынан, шақ категория сы мен рай категориясының бір-бірінен мазмұн
негізде, форма шегі де ажыратылмағанымен байланысты.
Ал шақ пен рай категорияларының бір-бірімен ажыратылуын көбіне
логикалық категория мен граматикалық категорияның миластырылып жүргені
есебінен деп қарауға болады. Осындай негізгі мәселелердің ғылыми жағынан
тиянақталмай, шешілмей келу салдарынан шақтардың да, олардың формаларының
да шектерін ашу, оларды топтастыру мәселелріне үлкен қиыншылық туып жүр.
Мысалы: мен айтайын, ол тыңдайды дегенді етістік формалары (айт-а-мын,
тыңда-й-ды) қай шаққа тән, олардың мазмұны қандай екенін дәл осы контекске
қарап анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ, барар еді; баратын едң; бармақ еді;
барған едің; барашақ еді; барып еді; жығылып қала жаздап барып қалған екен;
айтқысы келіп отыр екен сияқты формалардың бәрі де не белгілі бір шаққа, не
бірнеше шаққа қатыты екені күмәнсіз. Бірақ солай бола тұрса да, олардың
қайсысын қай шаққа жатқызуда айтарлықтай қиындықтар бар. Дегенмен,
етістіктің сөйлемде баяндауыш болып қызмет атқаратын формалардың ең негізгі
қасиеті шақ ұғымын білдіру болса, бұл формалар да тілдегі замандар бойы
дамып қалыптасқан шақ категориясының жүйесінен өздеріне тиісті орындарын
алуға лайық.
Қазақ тілінің шақ категориясының жүйесі де, өзге тілдердегі сияқты іс-
әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым
–қатынасты білдіретін граматикалық шақ мағынасына қарай осы шақ, келер шақ,
өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді
білдірер. Осы шақтағы етістіктер кейде істің, қимылдың сөйлеуші хабарлап
тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұратынын да білдірер. Келе
жатыр деген мен оқып жүр дегендерді салыстырыңыз.
Осы шақ мағыналық ерекшеліктеріне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ
болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақта іс - әрекет, жай-күй дәл сөйлеу үстінде болып
жатқандығы баяндалады.
Нақ осы шақ бірнеше жолмен жасалады.
а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде
жұмсалады. Мен отырмын, сені тұр-сың; сіздер жүр – сіздер, бала жатыр. Т.б.
ә) осы төрт етістік – ып, -іп, -п және –а, -ә, -й тұлғалы
көсемшелермен тіркесіп айтылады. Мұндайда отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктері
екінші орында тұрып, айт-ып, отыр-мыз, кел-е жатыр, оқы-п, жүр, біл-ме-й
тұр-сың болып жіктеліп қолданылады.
б) Жатыс септіктегі - у тұлғалы қимыл есімдері жүргіз-у де –мін,
ізден – у-де сіздер болып баяндауыш қызметінде айтылуда да нақ осы шақ
мағынасында жұмсалады.
Бұдан басқа –ұлы, -улі тұлғалы етістіктер жеке де жатыр, бұр, отыр,
жүр етістіктерімен тіркесіп те 3-жақтық шақ осы шақ мәнін білдіре алады.
Бір күрек пен бір қайла керегеге сүйеулі тұр. (Ғ.Мұстафин)
Есік жақта тілектестері дір-дір етіп, екі ішкі мен бір арық торпақ та
байлаулы тұр (Мүсірепов)
Осындағы байлаулы тұр дегенмен іздену – у –де –міз дегеннің айырмасы
бар. Соңғы дәл сөйлеу үстінде болып жатқан, сондай-ақ бұрын басталып, осы
кезде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді де білдіре алады. (14, 199)
Ауыспалы осы шақ бұрыннан болып келе жатқан, сонымен қатар сөйлеп
тұрған тұста болып тұрған іс-әрекетті білдіреді. Бұл шақ – а, -е, -й
тұлғалы көсемшелердің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады. Бұл тұлға ауыспалы
осы шақ мағынасында дара да, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелермен тіркесіп
те жұмсала береді.
Мысалы: бар –а, -мын, кел-е-сің (дер), білме-й-сіз (дер), айт-ып бер
–е-ді, қайт-ып кел-е-міз т.б.
Бұл тәрізді етістіктер келер шақ мағынасында да жұмсала береді. Сол
себепті ауыспалы осы шақ деп аталады. Формалық өзгешелігі жоқ бұл
тұлғалардың ауыспалы осы шақ немесе ауыспалы келер шақ екендігі контексте
белгілі болады.
Жаз шыққан соң, әркім өзіне жер барак жасап алушы да болады; ...
көмір тегін беріледі. (Мүсірепов).
Бұл форма арқылы бұрын орындалған іс жайында да баяндауға болады.
Сол ауылда өткен күні ақтың екі офицері кеп, мылтық атып, ауылдан
еріксіз ат жектіреді. (Мұқанов).
Ауыспалы осы шақ екен сөзімен: өтеді екен, біледі екен болып айтылуда
өткен мезгілде болған іс-әрекетті көрсетеді. 15 (200)
А.Ысқақов осы шақты грамматикалық сипатынан туатын мағынлық
ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің қызметтеріне қарай
жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ деп үш түрге бөледі. Мұнда
өткен шақ пен осы шақтың жігін ажырату үшін сөйлеу кезі, сөйлеушінің
тыңдаушыға сөйлеп тұрған сәті (мезеті) шек, шақ формасы сөйлесіп отырған
уақыт бойында болатын я болып жататын әрекет, тыңдай жүріп жататын амал-
әрекетті білдіреді.
Қазақ тілінде осы шақ категориясының арнаулы морфологиялық
көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның қилы-қилы мағыналарын
білдіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару нәтижесінде
әбден орнығып, қалыптасқан грамматикалық амал-тәсілдер бар.
1. Жалпы осы шақ етістік негізіне көсемшенің –а (-у-й) жұрнағы
жалғану арқылы жасалады. Өйткені, бұл форма, контекстегі қызметіне қарай,
сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып
келеді) үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де
адамзатқа, ғаламзатқа тән үйреншікті, дағдылы жалпы қимыл, қозғалыс, амал,
әрекет, істі де (ит үреді, құс ұшады; сиыр мөңірейді; шөп өседі; жел
еседі; бала күледі; әнші ән салады; мұғалім бала оқытады) білдіре береді.
Бұл форма тек жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті
тыңдаушысының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және
келешекте шүбәсіз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмсала береді. Сол
себептен бұл форма, әдетте, ауыспалы шақ формасы деп те аталады. (16,330-
331).
2. Нақ осы шақ көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а,-
е,-й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, тұр, отыр деген жай-күй
етістіктерінің біреуі тіркесу арқылы жасалады. Мысалы, айтып отырмын; көріп
тұрмын; оқып жүр; келе жатыр т.б.
Жалпы осы шақ пен осы шақ мағыналарының айырмашылықтарын мына
мысалдан да аңғаруға болады: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы
аталғаны аңғарылса, мен келіп тұрмын; мен келіп жүрмін; мен келіп
жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес,
ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді. Бірақ бұл 4 етістік тек нақ осы
шақ мәнін ғана білдіріп қоймайды. Олар шақ осы шақ мағынасын тек тікелей
жіктеліп тұрғанда ғана білдіреді. Бұл төрт етістік амал-әрекеттің белгілі
бір қалыпта (тұрған, отырған, жүрген, жатқан) ұзақ, уәдік-создық,
өзгеріссіз дәйім болатынын білдіретіндіктен, өткен шақта да, келер шақта
да, рай түрлеріне де, субстантивтеліп те жұмсалады. ( 17, 381)
3. Неғайбыл осы шақ екі түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады.
Оның біріншісі - көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасындағы
етістікке (барғалы, келгелі) жатыр,, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі
тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады
(мысалы: барғалы отырмын; жүргелі отырмысың? Аттанғалы жатырмыз, көргелі
тұрмыз, оқуға түскелі жүрсіңдер ме? екіншісі – йын дер (-йін деп) форманты
жалғанған етістіктің бірі тіркеседі де, оған жіктік жалғау тікелей қосылу
арқылы жасалады. (Мыс, барайын деп отырмын, жүрейін деп тұрмын).
Бұл форма келешекте істелмекші болған амал туралы ойды сөйлеп отырған
кезде (осы шақта) жүзеге асыратындай етіп көрсетеді. Бірақ, бұл форма да,
қажетіне қарай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларын қабылдап, осы шақтан
басқа да қызмет атқарады (кетіп қалайық деп отыр едік; жүріп кеткелі
отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жұмысты
бітіріп тастайын деп отырып қалыппын т.б) (18, 331-332)
Ескерту: Оқулықтарды өсуде дамуда.. формасы осы шақ көрсеткіші
саналып жүр. Бұл формада ешқандай да вербалдық мағына болмайтындықтан және
оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы
ретінде қаралмауы тиіс екендігін көрсетеді (19, 332).
М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкеновалардың Қазіргі қазақ әдеби
тілі атты еңбекте осы шақ – етістіктің сөйлеу кезінде болып жатқан іс-
әрекетті білдіретін бір түрі. Осы шақ формасы беретін мағыналарына қарай
нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ деп 2 бөлінеді.
Нақ осы шақтың арнайы морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл форма отыр,
тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жіктелу арқылы жасалады. Мысалы:
Жекеше Көпше
Мен отырмын Біз отырмыз
Сен отырсың Сендер отырсыңдар
Сіз отырсыз Сіздер отырсыңдар
Ол отыр Олар отыр
Болымсыз түрі жоқ сөзі арқылы жасалады.
Мен отырған жоқпын Біз отырған жоқпыз
Сен отырған жоқсың Сендер отырған жоқсыңдар
Сіз отырған жоқсыз Сіздер отырған жоқсыздар
Ол отырған жоқ Олар отырған доқ
Егер отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері басқа жұрнақтар
қабылдаса, басқа шақты білдіреді. Мен отырдым т.б.
Қалып етістіктері осы шақ мағынасында қолданылғанда бірінің орнына
бірі синоним ретінде айтыла беруі мүмкін. Мысалы, оқып жүр – оқып жатыр;
сөйлеп тұр – сөйлеп жатыр т.б.
Бірақ бұл етістіктер қолдануда парықсыз емес. Қар жауып тұр дегендегі
қалып етістіктеріне отыр, жүр етістіктерімен ауыстыруға болмайды. Өйткені
жатыр, тұр етістіктері қимыл иесі жанды, жансыз зат болғанда айтыла береді.
Ал отыр, жүр тек жанды затпен ғана байланысты айтылады. Қалып
етістіктерінің қолданылуында бұйрық рай түрінде және ашық райдың осы шақ
түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде бір-біріне сырттай қарағанда ұқсас
болып келетіні бар. Мысалы, сен тұр (жүр, отыр) дегенде бұйрық райдың
екінші жағында қолданылып тұр. Ал ол тұр (жүр, отыр, жатыр) дегенде осы
шақты білдіреді.
Қалып етістіктері (ып, - іп), -а, -е, -й формалы көсемшелермен
тіркесіп айтылып, осы шақтың аналитикалық жасалу тәсілін құрайды. Мысалы,
айтып отыр; жазып жатыр; келе жатыр; бере тұр. т.б. (19, 64)
Ауыспалы осы шақ көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы жалғану арқылы сөйлеп
тұрған кездегі әрекетті (күн көтеріліп келеді), күнделікті тірлікті (ол
мектепте оқиды, Асан қалада тұрады), дағдылы қимыл -әрекетті (сиыр
мөңірейді) білдіреді. Етістіктің бұл формасы контекске қарай өткен шақ,
келер шақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік категориялары
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Етістікті мектепте оқыту
Сабақты және салт етістіктер
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Морфологиялық талдау
Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері
Пәндер