2013-2014 жылдар Қазақстан Республикасы негізгі макроэкономикаға сипаттама



1. Қазақстан Республикасы экономикалық өсуі,себептері және факторлары.
2. Инфляцияның әлеуметтік және салдары.
3. Инвеститсияның мәні түрлері.Қазақстан Республикасында инвеститсияның саясаты.
Экономиканың өсуі ішкі өсу көздері есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,5%-ға өсті, бұл дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш.
Үй шаруашылығы тарапынан тұтынушылықтың өсімі 16,1%-дан асқаны байқалды (2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша), бұл қызметтер көрсету саласының дамуына оң әсерін тигізді. Қызметтер көрсету саласындағы өсу 107,6%-ды құрады, нәтижесінде қызметтер көрсету өндірісінің жалпы ішкі өнімнің өсіміне салымы шамамен 65%-ды құрады.
Қаржы секторының көрсеткіштері жақсарды. Экономиканы кредиттеу көлемі 2013 жыл бойынша 13,4%-ға өсіп, 11,3 трлн. теңге кредитті құрады. Депозиттер 10,1 трлн. теңгені құрады және 12,2%-ға ұлғайды.
2013 жылы Standard & Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингтерін «ВВВ+/А-2» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».
Елдің халықаралық резервтері 10,5%-ға өсті және 95,2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 21,8%-ға 70,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,1%-ды құрады.
Инфляция 4,8%-ды құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,2%-ға төмен.
2013 жылы сыртқы сауда айналымы 1,1%-ға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің алдын ала бағалауына сәйкес төлем балансының ағымдағы шотының профициті 117,6 млн. АҚШ долларын құрады.
Ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты жақсаруда.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2013 жылы номиналдық көрсеткіште 7,7%-ға, нақты көрсеткіште 3,0%-ға өскен. 2013 жылғы орташа айлық номиналды жалақы 108,6 мың теңгені құрады.
2013 жылғы желтоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,2% деңгейінде қалыптасты.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның бағалауы бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елде қолайлы инвестициялық климат құру, нормативтік құқықтық базаны жақсарту, бизнесті ынталандыру және дамыту шараларын қабылдау бойынша жүйелі шараларды қабылдауға бағытталған міндеттерді іске асырудың арқасында Қазақстан 2013 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді.
2013 жылы әлемдік экономика баяу қалпына келгенін, дегенмен жинақталған макроэкономикалық теңгерімсіздікке байланысты оның осалдығы жоғары күйінде сақталып отырғанын атап өткен жөн.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
2. «Гос. рег. рыночный экономики » - Кушлин: Москва-2000
3. «Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002
4. «Гос. рег. условиях Казахстана » Мамыров: Алматы -1998
5. Әубәкіров . Экономикалық теория негіздері. Алматы ,1998
6. «Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: 2013-2014 жылдар Қазақстан Республикасы негізгі макроэкономикаға сипаттама.
Қазақстан Республикасы экономикалық өсуі,себептері және факторлары.
Инфляцияның әлеуметтік және салдары.
Инвеститсияның мәні түрлері.Қазақстан Республикасында инвеститсияның саясаты.

Дайындаған: Балериан Е.Е
Тексерген: Габдуллина Л.Б

СЕМЕЙ 2015ж

Экономиканың өсуі ішкі өсу көздері есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,5%-ға өсті, бұл дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш.
Үй шаруашылығы тарапынан тұтынушылықтың өсімі 16,1%-дан асқаны байқалды (2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша), бұл қызметтер көрсету саласының дамуына оң әсерін тигізді. Қызметтер көрсету саласындағы өсу 107,6%-ды құрады, нәтижесінде қызметтер көрсету өндірісінің жалпы ішкі өнімнің өсіміне салымы шамамен 65%-ды құрады.
Қаржы секторының көрсеткіштері жақсарды. Экономиканы кредиттеу көлемі 2013 жыл бойынша 13,4%-ға өсіп, 11,3 трлн. теңге кредитті құрады. Депозиттер 10,1 трлн. теңгені құрады және 12,2%-ға ұлғайды.
2013 жылы Standard & Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингтерін ВВВ+А-2 деңгейінде растады, болжам Тұрақты.
Елдің халықаралық резервтері 10,5%-ға өсті және 95,2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 21,8%-ға 70,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,1%-ды құрады.
Инфляция 4,8%-ды құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,2%-ға төмен.
2013 жылы сыртқы сауда айналымы 1,1%-ға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің алдын ала бағалауына сәйкес төлем балансының ағымдағы шотының профициті 117,6 млн. АҚШ долларын құрады.
Ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты жақсаруда.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2013 жылы номиналдық көрсеткіште 7,7%-ға, нақты көрсеткіште 3,0%-ға өскен. 2013 жылғы орташа айлық номиналды жалақы 108,6 мың теңгені құрады.
2013 жылғы желтоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,2% деңгейінде қалыптасты.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның бағалауы бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елде қолайлы инвестициялық климат құру, нормативтік құқықтық базаны жақсарту, бизнесті ынталандыру және дамыту шараларын қабылдау бойынша жүйелі шараларды қабылдауға бағытталған міндеттерді іске асырудың арқасында Қазақстан 2013 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді.
2013 жылы әлемдік экономика баяу қалпына келгенін, дегенмен жинақталған макроэкономикалық теңгерімсіздікке байланысты оның осалдығы жоғары күйінде сақталып отырғанын атап өткен жөн.
2014 жылы Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсуін 3,7% деңгейінде болжайды.
Әлемдік экономиканың қалпына келуі және шикізат тауарларына деген сұраныс баяулаған жағдайда Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін ескере отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық саясат экономика салаларындағы тұрақты өсу қарқынына қол жеткізуге ықпал ететін болады.
2014 жылғы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
1) экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
2) макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау;
3) қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы;
4) өңірлік даму және урбанизация процесін басқару;
5) мемлекеттік басқару жүйесі одан әрі қалыптастыру;
6) халықаралық интеграция.
Макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты, инвестициялық белсенділікті сақтау, экономиканы одан әрі индустрияландыру, өңірлердегі іскери белсенділікті, салалардың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату, елдің транзиттік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен экономикалық саясат ағымдағы жылы экономика өсуінің 6-7% деңгейін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Жүргізілген теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбас бағамын түзету қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және Қазақстанның сыртқы сауда позициясын жақсартады.
Макроэкономикалық тұрақтылық Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру және инфляцияны экономикалық өсу үшін қолайлы деңгейге дейін төмендету бойынша шаралар қабылдау есебінен қамтамасыз етіледі.
Девальвациядан кейінгі кезеңде инфляцияны 2014 жылға жоспарланған 6-8% аралығында ұстау мақсатында Үкімет пен Ұлттық Банк азық-түлік пен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, жанар-жағармай материалдарының, дәрі-дәрмектің негізгі түрлері бағаларының тұрақтылығын, сондай-ақ өнімдердің тапшылығына және монополистердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
Бюджет саясаты мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайтуға және Ұлттық қорда одан әрі қаражат жинақтауға бағытталатын болады.
Бюджет тапшылығының мөлшері үкіметтік борыштың тұрақтылығын қамтамасыз етуді және ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуды ескере отырып айқындалатын болады. 2014 жылы республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,4% деңгейінде жоспарланған.
Салықтық саясатты жетілдіру мақсатында жеке табыс салығын және мұнай өнімдеріне акциздерді арттыру, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, әкімшілік кедергілерді төмендету және бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері қаралатын болады.
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында 2014 - 2016 жылдарға арналған іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары әзірленетін болады.
Ел экономикасын одан әрі индустрияландыру саясаты өңірлік ерекшелікті ескере отырып, белгілі бір басым секторлардағы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бес жылдық тұжырымдамасында көзделген. Көрсетілген аспектілер әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) ескерілетін болады.
Ауыл шаруашылығы саласын жүйелі өзгерту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған Агробизнес - 2020 бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.
2050 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды он есе арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы кеңейтіледі, сондай-ақ заманауи логистика және дистрибуция орталықтарын дамыту үшін ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғастырылатын болады.
Су ресурстарының тапшылығына жол бермеу және экожүйені сақтау мәселелерін кешенді шешу, сондай-ақ елдің су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру үшін Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады.
Мемлекеттің, бизнес пен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету үшін Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың жаңа негізделмеген реттеу құралдарын енгізуіне шек қойылатын болады.
Қазақстанның рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
Шағын бизнес үшін қолайлы ахуал жасау және заңнамалық деңгейде нақты мемлекеттік қолдау көрсету үшін кәсіпкерліктің жаңа санаты - микробизнес енгізілетін болады.
Бұдан басқа, 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық бағдарламаны ескере отырып, өзекті етілген Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғастырылатын болады.
Елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және Қазақстанда Еуропа Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу мақсатында инвестициялық қызмет, бизнесті жауапты жүргізу практикасын дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылымдық жобаларға инвесторлардың қатысуын кеңейту саласындағы ұлттық заңнама жетілдірілетін болады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету саласында зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі тәсілдер көрсетілетін Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленетін болады.
Өңірлік саясат экономикалық әлеуеттің оңтайлы аумақтық ұйымын қалыптастыруға, урбанизация және экономикалық өсудің аса маңызды нүктелері болып табылатын агломерацияларды дамыту процестерін ынталандыру мен реттеу арқылы халықтың тіршілік әрекеті үшін қолайлы жағдайлар жасауға, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.
Өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу үшін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтары қалыптастырылатын болады.
Әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және тұтастай алғанда азаматтардың, бизнес пен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыруға, артық өкілеттіліктерден босатылған шағын үкімет құруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған сапалық тұрғыдан жаңа модель құру бойынша жұмыс жалғастырылады.Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру үшін стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға жүргізілген ревизия қорытындылары бойынша бағдарламаларды оңтайландыру, бағдарламаларды іске асыру тетіктері мен құралдарын сапалы жақсарту және оларды қаржыландырудың басымдығы бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және экономикадағы мемлекет пен жеке бизнестің рөлін айқын бөлуді қамтамасыз ету мақсатында Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданады және жекелеген мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғасады.
Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін алып қоюлар мен шектеулерді жою жұмысы одан әрі жалғасатын болады.
2014 жылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылады.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөз процесін аяқтау жоспарлануда.
Аталған келіссөздер барысында Үкімет Қазақстанның Кеден одағының шеңберінде қабылданған міндеттемелерін ескере отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін ұлттық экономиканы одан әрі дамыту үшін Қазақстанға барынша қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Астанада ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының шеңберінде техникалық-экономикалық негіздемені дайындау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталып, Астана қаласында ЭКСПО - 2017 көрме кешенінің құрылысы басталады.
2008 жылғы әлемдік экономиканың жағдайы біршама шиеленісіп тұр. Жетекші әлемдік сарапшылар мен халықаралық институттар қаржы рыногы мен биржалық тауарлар рыногында болашақ үрдістердің өсіп келе жатқан белгісіздігін ескере отырып, әлемдік экономиканың болжанып жатқан өсу қарқынын үнемі реттеп, түзетіп отырады. 2008 жылдың сәуірінде ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) жаһандық экономикалық өсу бойынша болжамды кезекті көрсеткішті 4,2%-дан (2008 ж. қаңтарына болжам) 3,7%-ға дейін төмендетті. ХВҚ 2009 жылы да маңызды жақсы өзгерістерді күтпейді. 2008 жылдың мамырында Нью-Йоркте ұсынылған БҰҰ-ның "Әлемдік экономикалық жағдай және 2008 жылға арналған перспектива" атты баяндамасында әлемдік экономиканың көрсеткіші 1,8%-ға дейін төмендейтіні болжанған. Жалғасып жатқан қаржы дағдарысын, америкалық доллар курсының түсуін, мұнай мен азық-түлік бағасының қымбаттауын ескере отырып, БҰҰ экономистері болжамның үш нұсқасын жасап шығарған. Олардың ең нашары АҚШ ІЖӨ-сінің 1,2%-ға төмендейтінін жора-малдайды, өте жақсы деуге болатыны - өсім 1%-ды, базалық түсім 0,2%-ды құрайды. Елдің әлемдік экономикасының өсу қарқынының жалпы төмендеу көрінісінде ТМД елдері оң нәтижелер көрсетті, делінген БҰҰ-ның "2007-2008 жылдардағы Еуропа эко-номикалық комиссиясы аймағындағы экономикалық жағдай" баяндамасында. Бірақ ең ауыр проблема инфляция болып тұр. ХВҚ-ның бағалауы бойынша, ТМД елдерінде 2008 жылы ІЖӨ өсуі орташа есеппен 7% құрайды, Қазақстан бойынша - 5%, ХВҚ әдістемесі бойынша инфляция деңгейі ТМД елдерінің тобында (оның ішінде Қазақстанда) 13% -дық межеден асады. Қазақстанда 2008 жылғы 21 - 30 сәуір аралығында болған ХВҚ-ның тапсырмасында "...ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2009 жылы 6%-дан жоғарыламас бұрын, 2008 жылы 5%-ға төмендейтіні" расталды, бірақ сонымен бірге, әлемдік экономикадағы жоғары белгісіздік жағдайын және оның Қазақстанның экономикасына әсерін тағы да ескермесе болмайды. БҰҰ-да Ресей мен Қазақстан өздерінің энергия ресурстарына мемлекеттік бақылауды күшейтуге немесе осы секторда мемлекеттік меншіктің үлесін арттыруға талпынуда деп атап өтілген. ТМД Статкомитетінің 2008 жылғы болжамдары бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірқа-лыптылығы болады. Қазақстандағы жағдай 2007 жыл бірқатар маңызды үрдістермен сипатталды:
1. Қазақстан экономикасының интеграциясы жаһандық үдерістерде екі жолда күшейтілді: қара және түсті металлургияның, кен қазу өнеркәсібінің тауарлы өнімдері экспортының өсуі, сондай-ақ сыртқы қаржы рыногына ЕДБ қарыз алуы арқылы. 2. Инфляцияның қауырт өсуі негізінен монетарлы емес сипаттағы факторлармен байқалды, атап айтқанда, әлемдік рыноктағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жағдайымен, оның ішінде 2007 жылы мамырда инфляцияның өсуі әлемдік рынокта бидай бағасының өсуімен; 2007 жылы тамызда азық-түлік бағасының еуропалық жоғарылауымен байланысты болды. 3. Экономикада құрылымдық ілгері жылжулар байқалды: қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктурамен тікелей байланысы болмаған салалардың экономикалық өсуіне деген салым өсті. 4. Интенсивті экономикалық өсу мен жоғары инфляцияның тіркесуінде көрініс тапқан экономиканың "қызып кету" белгілері байқалды, сонымен бірге, кредит рыногының "қызып кетуі", әсіресе жалақының жеделдетілген өсуімен байланысты құрылысты не-сиелеу, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сауда-саттық, тұтыну кредиті секторларында байқалған. 5. Қазақстандық ЕДБ-ның сыртқы қаржыландыру жағдайы 2007 жылдың екінші жартысынан бастап төмендеді, ол қазақстандық қарызгерлерді несиелеу жағдайының және қаржы өтемпаздығы жағдайының нашарлауына алып келді.
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады.
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын, орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесідей он негізгі қағидаларын сақтау керек:
1. Мемлекеттің экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндетті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып,нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақ та, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами қоймағандықтанмемлекеттің экономикаға араласуының рөлі қажетті деңгейде болған жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатынастардың құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресуде сенімді шаралар жүргізуге, инфроқұрылымды дамытуды қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны тиімді саналады.
2. Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валюта жағдайын және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы тұрақтандыру.
3. Бағаны нарықтандыру, бұл Қазақстанда қазіргі күнде аяқталған процестер қатарына жатқызылады.
4. Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту.
5. Кәсіпорынды жекешелендіру. Бұл процесте қазіргі күнде негізінен аяқталған болып есептеледі. Бірақ та, енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды және тиімді пайдалану қажет.
6. Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда, біздің ұлттық қарызымызды қамтамасыз ету жас әрі әлсіз екендігін ескеруіміз қажет, сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің негізгі әрі басты міндеттерінің бірі болып табылады.
7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру. Оның мақсаты -- экспорттан экономиканың өрлеуімен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдесдесетін жоғары деңгейде табыс алу.
8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-қимыл мен тиімді шаралар қажет. Шетел инвестициялары негізінен табиғи ресурстарды игеруге, инфрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық орталықтар салуға жұмсалады. Бұл болса өз кезегінде экономикалық өсуді, әлеуметтік өрісті дамытуды, және Қазақстанның халықаралық қоғамдарға интеграциялануын қамтамасыз етеді.
9. 9. Дүниежүзілік тәжірбиеден туындап отырған Қазақстан үшін технологиялық стратегияны қалыптастыру. Бұл қағида еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге бет бұруды көздейді.
Бірақ та, жақын арада Қазақстанда мұнай-газ көлемі едәуір өсе түсуде және қазбалар шығаратын өнеркәсіптің көлемі де арта түсуде. Сондықтан тек шикізетқа бағдарланған ел болып қалмауымыз үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, өңдеу салаларын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, қызмет көрсету саласын, туризімді дамытуды қолға алу қажет.
10. Өндірісті диверсификациялау. Қазіргі кезде Қазақстандық шикі заттардан басқа өнімдер әлем нарығында бәсекелестікке қабілеттілігі жоқ, осының нәтижесінде республиканың шикізат құрылымды өндіріске құлдырауда. Сондықтан мемлекет диверсификацияның пәрменді индустриялдық саясатына кірісіп, назарды макро- деңгейге аударуға тиіс.
Бастапқы нөлдік кезеңде (1998-2000 ж.ж.) экономикалық өсу келесі бағыттарда жүргізілді:
* Қатаң монетарлық саясатты үздіксіз жүргізу. Инфляция деңгейін 1998 жылғы 10 пайыздан, 2000 жылы 5 пайыздан асырмау шаралары көзделді;
* Еліміздің жаппай инвестициялық жағдайын жақсарту үшін заң шығару жетілдірілді;
* Шетел инвестицияларын белсенді тарту, оларды көлемді және нәтижелілігі туралы халыққа баяндап отыру көзделді.
Ал қазіргі күнде Қазақстан стратегиялық бағдарламаның бірінші кезеңінде (2001-2010 ж.ж.) тұр. Бұл кезеңде келесідей мақсаттарды жүзеге асыру көзделген:
* Бес жылдық ауылды дамыту жоспарын белгілеу және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру;
* Жеке меншіктің, яғни жерге деген жеке меншік проблемасын шешу;
* Тұрғын мәселесін шешу мен кедейлікпен күрес шараларын бекіту;
* Қазақстанда әлеуметтік жағынан жоғары орта топ деңгейін қалыптастыру;
* Зенетақ, жалақы мөлшерін үнемі мемлекеттік бюджетті көтеру арқылы өсіріп отыру;
* Шетел инвестицияларын тиімді пайдалану және өндірістік орындарды көбейту мен қатар экспортқа бәсекелік қабілеттілігі жоғары өнім шығару;
* Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке ену.
Соңғы жылдары Қазақстанда мароэкономикалық тұрақтануы байқалуда. Бұл мемлекеттің бюджетнің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық саясатты дәйекті жүргізудің арқасында қол жеткізілді.
Егер инфляция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
Негізгі экономикалық мәселелер
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Компанияның ақша қаражаттары
Мотельдер ашу
Инфляцияның мәнін ашу, оның түрлері және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін анықтау
Жергілікті бюджеттің табыстарын қалыптастыру
БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
Дебиторлық берешек есебі мен аудитін, талдауын жетілдіру жолдары
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Пәндер