Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері. Потебняның психологиялық әдісі. Психологиялық мектептердің туып, қалыптасуы



Синкреттік, синкретизм (гр. syncretismos -біріктіру) — "жігі ашылмаған", "біте қайнасқан" деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болмасын құбылыстың жетіле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл осы мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелінбеген, дербестелінбегенін байқаймыз. Қазірде бұл терминмен эстетика, өнертану, мәдениеттану саласында әр түрлі өнер түрлерінің элементтерінің бірлестігі айқындалады.
Шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсат ететін дәстүр синкреттік дәстүр болып табылады. Модернистік және постмодернистік мектептерді XIX ғасырдағы классикалық мектептердің көшірмесі деп қараған ғалымдар А. Белый, Вяч. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Деррида, Рикер, Бар еді. Бір рухани көзді әмбебаптау және ең жоғары деп тану (миф, құдай, сөз, тіл, қуат) - мәтінді талдау және эстетикалық акт. Көркем образ-кейіпкерді түрлі аспектілерде зерттеу және пайымдау. Көркем шығармадағы автор - адамның қатысуы. Имагология ұлттық ортада өзге ұлттық образдардың өмір сүру жүйесі және теориясы. Қазақстан және Ресей ғалымдары еңбектерінде көркем антропология мен имагологияның көрініс табуы жайындағы пікір білдірушілер А. Потебня, М. Эпштейн, В. Палиевский, Г. Гачев, Ш. Елеукенов, К. Киреева-Канафиева, Ө. Күмісбаев, А. Жақсылықов, В. Савельева, Б. Жетпісбаева, С. Сагалович сынды ғалымдар болып табылады.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатына «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поэзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ. Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз. Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
1. Соколов Ю. М. Значение фольклора и фольклористики (в конструктивный период). ─ М
2. В.Вундт «Психология народов», В 10т , СПб, 1902 г.;
3. «Этнопсихология» под.ред. проф. К.Б.Жарикбаева, Алматы, 1998 г.; 3. Палагина Н.Н. «Проблемы этнопсихологии», 2002 г.;

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология кафедрасы
6М020500 - Филология мамандығы

МӨЖ
(№ 6; 7.)

Тақырыбы: №6. Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері. (конспект)

Орындаған: Тубекбаева Б.Р.
Тексерген : Шаяхметұлы Қ.

Семей - 2015 ж.

Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері.
Синкреттік, синкретизм (гр. syncretismos -біріктіру) -- "жігі ашылмаған", "біте қайнасқан" деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болмасын құбылыстың жетіле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл осы мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелінбеген, дербестелінбегенін байқаймыз. Қазірде бұл терминмен эстетика, өнертану, мәдениеттану саласында әр түрлі өнер түрлерінің элементтерінің бірлестігі айқындалады.
Шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсат ететін дәстүр синкреттік дәстүр болып табылады. Модернистік және постмодернистік мектептерді XIX ғасырдағы классикалық мектептердің көшірмесі деп қараған ғалымдар А. Белый, Вяч. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Деррида, Рикер, Бар еді. Бір рухани көзді әмбебаптау және ең жоғары деп тану (миф, құдай, сөз, тіл, қуат) - мәтінді талдау және эстетикалық акт. Көркем образ-кейіпкерді түрлі аспектілерде зерттеу және пайымдау. Көркем шығармадағы автор - адамның қатысуы. Имагология ұлттық ортада өзге ұлттық образдардың өмір сүру жүйесі және теориясы. Қазақстан және Ресей ғалымдары еңбектерінде көркем антропология мен имагологияның көрініс табуы жайындағы пікір білдірушілер А. Потебня, М. Эпштейн, В. Палиевский, Г. Гачев, Ш. Елеукенов, К. Киреева-Канафиева, Ө. Күмісбаев, А. Жақсылықов, В. Савельева, Б. Жетпісбаева, С. Сагалович сынды ғалымдар болып табылады.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатына халық ауыз әдебиеті деген атаудан гөрі халық поэзиясы деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, Халық ауыз әдебиеті деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ. Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз. Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поәзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғылым саласын фольклористика деп атайды. Неміс ғалымы Н.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге - білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған. Фольклор оның мәні туралы Н.П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф.И. Буслаев, Л.Н. Веселовский, В.Ф. Миллер, Е.Г. Кагаров, Ю.М. Соколов, В.Е. Гусев, В.Я. Пропп, В.П. Аникин, Ю.Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген шетел фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П. Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н. Путилов та фольклорды халықтың (ұжымдық) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды.
В. П. Аникин сын семсеріне алатын Ю. М. Соколов әдебиетті фольклормен, фольклористиканы әдебиеттану ғылымымен байланыстыра отырып, олардың табиғаты бөлек екенін де теріске шығармайды. Атап көрсетер болсақ, өзінің Значение фольклора и фольклористики (в реконструктивный период) - деген еңбегінде ол халық поәзиясының маңызды, бір буыны ретінде фольклор туындыларын атай отырып, оған әдебиеттану және өнертану ғылымдарының методологиясын қолданудың қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл тұста ғалымның мұндай тұжырымы оның фольклор мен әдебиеттің бірлігі жайындағы пікірінен көп бұрын айтылғандығын да ескеру қажет сияқты. В. П. Аникиннің осы бір пікірін қазақ зерттеушісі Б.Абылқасымов та дамытып, Ю.М. Соколов тың фольклор әдебиеттің бір бөлігі болса, фольклористика - әдебиеттанудың бір бөлімі деген тұжырымын келтіріпті. Автордың бұл бағытқа Н.П. Андреевті жатқызуы да сыңаржақ пікір. Өйткені ол 1934 жылы жариялаған Проблемы истории фольклора деген мақаласында фольклорды халық тұрмысымен тығыз байланыстыра сөз еткенді. Оны жоғарыда айтып өттік. Фольклор жанрлары туралы В.Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар: а) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу; ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне (формасына) жете көңіл бөлу. Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар - фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы. Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағүрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой- сапасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында. Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық мақамының болатындығы. Ақын-жыраулардың импровизациялық дәстүрі поәзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған. Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мәзқожаев бір ғана Алпамыс немесе Көрұғлы жырын он төрт түрлі мақаммен жырлаған. Ал айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткен. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың теориялық негіздері
Тіл философиясы
Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологияльіқ дүние танымын қалыптастыру
Пәндер