Пестицидтер туралы жалпы мәлімет. Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім

 Пестицидтер туралы және түрлері
 Олардың классификациясы
 Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері
 Әлемдегі және Қазақстандағы пестицидпен байланысты мәселелер.
 Пестицидтердің генотоксиндігі.

3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өсімдіктерді залалдайтын, ауылшаруашылық өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды бүлдіретін зиянды ағзаларға, паразиттерге, ауру тасымалдағыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар - пестицидтер деп аталады.
Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға енуі және әсер ету сипатына байланысты талданады. Химиялық құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді: бейорганикалық қосылыстар (күкірт, мыс, хлор, бор қосылыстары); -өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ негізіндегі препараттар (пиретриндер, бактериялық және саңырауқұлақ препараттары, антибиотиктер, фитонцидтер);органикалық қосылыстар (галогенді көмірсутектер, фосфордың органикалық қосылыстары, аминдер және аммоний негіздері тұздары, кетондар, спирттер, нитрофенолдар, жай эфирлер, синтетикалық пиретроидтар, карбамин, тио және дитиокарбамин қышқылы туындылары, фенолдың нитроту- ындылары, мочевина туындылары, симтриазиндер, бес мүшелі гетероциклді қосылыстар).
1. А.О.Сағитов, Г.Ж. Исенова, Г.О. Рвайдарова, Ө.С.Нұржанов, Т.Ж. Қалмақбаев «Өсімдікті химиялық қорғау».Алматы .2013ж.
2. Мельников Н.Н., Новожилов К.В., Белан С.Р., Пылова Т.Н. Химические средства защиты растений (справочник). Химия, 1985.
3. http://bigox.kz/
4. Мельников Н.Н. пестициды и окружающая среда.Агрохимия 1990ж

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Пестицидтер туралы жалпы мәлімет. Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері

Орындаған:Шәріпова М.С
Тобы: АГ-313
Курс: 3
ТексергенҚадырбеков Б.Т

Семей - 2015 жыл

Мазмұны:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім

Пестицидтер туралы және түрлері
Олардың классификациясы
Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері
Әлемдегі және Қазақстандағы пестицидпен байланысты мәселелер.
Пестицидтердің генотоксиндігі.

3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өсімдіктерді залалдайтын, ауылшаруашылық өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды бүлдіретін зиянды ағзаларға, паразиттерге, ауру тасымалдағыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар - пестицидтер деп аталады.
Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға енуі және әсер ету сипатына байланысты талданады. Химиялық құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді: бейорганикалық қосылыстар (күкірт, мыс, хлор, бор қосылыстары); -өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ негізіндегі препараттар (пиретриндер, бактериялық және саңырауқұлақ препараттары, антибиотиктер, фитонцидтер);органикалық қосылыстар (галогенді көмірсутектер, фосфордың органикалық қосылыстары, аминдер және аммоний негіздері тұздары, кетондар, спирттер, нитрофенолдар, жай эфирлер, синтетикалық пиретроидтар, карбамин, тио және дитиокарбамин қышқылы туындылары, фенолдың нитроту- ындылары, мочевина туындылары, симтриазиндер, бес мүшелі гетероциклді қосылыстар).

1. Пестицидтер туралы және олардың түрлері. Пестицидтер (латынның pest - жұқпа және zido - өлтіремін) - ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөппен күресуге арналған түрлі қосылыстарды біріктіретін жинақтаушы термин.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1. хлорорганикалық қосылыстар - гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2. Фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3. Карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
4. Хлорфеноксиқышқыл туындыллары - дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.
Калифорнияда пестицид шашу

2.Пестицидтердің классификациясы
Пестицидтер (дат.pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) -- өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі.
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі. Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:
* акарецидтер -- кенелермен күресу үшін;
* альгицидтер -- балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін құрту үшін;
* антисептиктер -- бейметалл материалдарды микроорганизмдерден қорғау үшін;
* бактерицидтер -- өсімдіктердің бактериалды ауруларымен және бактериялармен күресу үшін;
* зооцидтер -- кемірушілермен күрес үшін;
* инсектицидтер -- зиянды жәндіктермен күресу үшін;
* лимацидтер -- әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
* нематоцидтер -- жұмыр құрттармен күресу үшін;
* фунгицидтер -- топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу үшін.
Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын -- дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін -- дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін -- химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар -- репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін -- аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын -- стерилизаторларды жатқызады.
Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен ормаң шаруашылығының өнімдерін арттырғаымен топыраққа, қоршаған ортаға зиянды.
Пестицидтердің ішінде -- дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда, Нидерландыда және т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған.Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану керек.
Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлық бақылауды жүргізу және ауа атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау болып табылады.
Нормалау -- Бұл ластанудың адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің қауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын және қоршаған орта обьектілерінде олардың сандық көрсеткіштерін анықтау болып табылады.
Адам организмінде қайтымсыз өзгерістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қоршаған орта ластануының генетикалық салдары
Қоршаған ортадағы мутагендер
Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері
Экологиялық генетика жайлы түсінік. Экогентикалық аурулар
Өнімдердің пестицидтермен ластануы
Тағамдық өнімдердің ксенобиотиктермен химиялық ластануы
Паталогиялық әсерлері бойынша жіктелуі
Химиялық заттар түсінігі, түрлері
Кадмийге сезімтал CHLAMYDOMONAS REINHARDTII мутантты штамдарын алу және оларды қолдану
Экологиялық химияның маңызы
Пәндер