Киім гигиенасы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Киім жайлы жалпы түсінік
2.2 Киім гигиенасы
ІІІ. Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты , киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар.
Мен бұл білім алушының өздік жұмысы арқылы біраз мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы сапасының бәрінен бұрын қолданылатын материялдардың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына киім гигиенасының қаншалықты маңызды екенін анықтам білгім келеді. Және де киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері жайлы толығырақ қарастырамын.
1. Интернет материалдары: https://kk.wikipedia.org/wiki/киім
2. http://medlec.org/lek-22861.html

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы
кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Киім гигиенасы

Орындаған: Бейбітова Маржан

Топ: ТК-321

Тексерген: Нұрымхан Г. Н.

Семей, 2015

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Киім жайлы жалпы түсінік

2.2 Киім гигиенасы

ІІІ. Қорытынды

ІV.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес
сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста
болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең
басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Адамзат
қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып
отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды,  таңдау барысында адам жеке
талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы
жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік,
сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай
білуге тікелей байланысты , киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын
көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-
қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар киім
адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну
мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар.

Мен бұл білім алушының өздік жұмысы арқылы біраз мәселелерді қарастыра
отырып ең алдымен киімнің жоғарғы сапасының бәрінен  бұрын қолданылатын
материялдардың сапасына, олардың дұрыс таңдалуына киім гигиенасының
қаншалықты маңызды екенін анықтам білгім келеді. Және де киімнің негізгі
қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы,
гигеналық тағы басқада қасиеттері жайлы толығырақ қарастырамын.

Киім туралы жалпы мәлімет

Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен
мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал
терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға жүн
салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа,
қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың теміржолшылардың,
спорттық   деп және тағы басқа.

Киім-утилитарлық  және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін
сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен
мағыналас қолданылатынКостюм ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі
кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік
болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістің
ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды.  Қазіргі заманғы барлық
киімдер екі классқа бөлінеді тұрмыстық және өндірістік.

Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл киім,
корсетті бұйымдар, бас киім.

Сырт киімге- пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка
жатқызылады.

Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа.

Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ, тақия,
бөрік  жатады.

Тұрмыстық киімдерді былайша ажыратуға болады: жасына және жынысына
қарай бөлінеді. Және ерлер мен әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші,
орта, аға топтар болып ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай 
жаздық , қыстық, маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та
бөлінеді.

Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере отырып, сән жаңа
стильге көшіп отыр.Сән ешқашан да ескіні мүлде жоққа шығармайды.Ол бүгінгі
таңда көпшілік көңілінен шыққан үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт
талабына сай талғаммен жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі
болғандықтан оны осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі
кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады. Олардың
көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады. Мысалы : 60-шы
жылдары кең өріс алып жастар үлгісіне айналған, қысқа тар етекті
белдемшелер қазірде сәнің биік сатысынан көрінеді. Оны орнықты кию
тазалықты, әдемілікті, көріктілікті талап етеді. Осындай сәндегі киімдерді
тігу, елімізде жылдан- жылға дамып келеді[1].

Киім гигиенасы

Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз
факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні
ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай
киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар,
әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық
талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып
табылады:
1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі
жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық
жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.
2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта
жағдайыларына байланысты болуы керек.
3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен
қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.
4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр
болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.
5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс
шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты,
киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.
6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек.
Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық
микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады.
Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-
химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының
концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның
жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен
анықталады.
Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге
қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және
химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан
жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы
қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін
артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут
және т.б.) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар
жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды
өңдеу урдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат,
казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек
шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық
қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық
талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше
топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.),
полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык,
поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон),
полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын
жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның
құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.
Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу
өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы),
гидрофобтылығы, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал
кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ сіңіргіштігі, күн энергиясына
қатынасы жатады.
Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны
өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте
ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және
микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат
алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып
кетуден сақтайды. Ауа өткізгіштігі мата талшықтарының тоқылуы сипатына,
саңылаулардың мөлшері мен көлеміне, қалыңдығына, ылғалдану және ластану
деңгейіне байланысты. Борпылдақ және саңылауы көп, жүннен жасалған,
тоқылған және жібек маталардың ауа өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде
болады, ең нашар ауа өткізгіштік – тығыз драп, брезент, тығыз мақта
маталарына тән. Егер, киім көп қабатты болса, қабаттарының ішінде біреу
ауа өткізбейтін жағдайда, барлық киім ауа өткізбейтін болады. Киім
суланған және ластанған кезде, ауа өткізгіштігі төмендейді, себебі матаның
саңылаулары су мен кір бөлшектеріне толады. Өте қалың маталардың ауа
өткізгіштігі төмен болады.
Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім астылық кеңістікте түзілген су
буларын өткізу қабілетін айтады. Матаның саңылаулары арқылы сүзіліп өтетін
ауадан айырмашылығы, су булары талшықтар арқылы диффузия жолымен өтеді. Бу
өткізгіштігінің, әсіресе, булану қарқынды жүретін ыстық микроклимат
жағдайларында, қоршаған ортаға қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін
маңызы зор. Жақсы бу өткізетіндерге - мақта матасы, аз бу өткізетіндерге -
жүн маталары, одан да төмен өткізетіндерге - аң терілері, аса төмен
өткізетіндерге - синтетикалық маталар жатады.
Маталардың ылғал қабылдағыштығы, олардың киім асты кеңістіктен де,
сыртқы ортадан да, су буларын сіңіру қабілетін сипаттайды. Киімнің ішкі
қабаттарының гигроскопиялылығы жеткілікті болуы керек, себебі тердің тері
бетінен сіңірілуіне жағдай жасайды. Сыртқы киімнің гигроскопиялылығы,
керісінше, төмен болуы керек, өйткені, ылғалдану нәтижесінде, киімнің жылу
сақтайтын қызметі төмендейді. Гигроскопиялылығы жоғары маталарға жүннен
жасалған матлар және замш жатады, олар суды өз массасының 14- 13
бөлігіне дейінге мөлшерде сіңіре алады. Мақта маталары суды аз сіңіреді -
құрғақ массасының 17-18 бөлігіне дейінгі мөлшерде, синтетикалық
маталардың гигроскопиялылығы ең төмен, олар суды өте аз сіңіреді,
сіңіретін мөлшері мата массасының тек 120-1200 бөлігін құрайды.
Маталардың ылғал сыйымдылығы - мата ылғалданғанда, өзінің
саңылауларында суды ұстап қалуы қабілеті. Ол пайызбен белгіленеді. Жоғары
ылғал сыйымдылығы киімнің гигиеналық қасиеттерін едәуір төмендетеді.
Саңылаулары сумен толуы нәтижесінде, матаның ауа өткізгіштігі төмендейді,
жылу сақтайтын қасиеті нашарлайды, себебі, судың жылу өткізгіштігі ауаның
жылу өткізгіштігінен 28-29 есе жоғары. Бұдан басқа, құрғақ матаға
қарағанда, ылғал матадан сәулелену және булану нәтижесінде, жылудың көп
берілуінен жылу жоғалтуы жоғарылайды. Маталардың ең жоғары ылғал
сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, жүн маталарында ол - 45%, сәтенде -
13%, фланельде - 66% құрайды.
Маталардың жылу өткізгіштігі оның жылу сақтайтын қасиеттерін
анықтайды. Жылу өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жылу
сақтайтын қасиеті аз болады. Жылу өткізгіштігі көптеген параметрліне:
саңылауларының жалпы пайыздық көлеміне, матаның қалыңдығына, талшықтардың
тоқылу сипатына, ауа өткізгіштігіне, ылғалмен қанығу дәрежесіне байланысты
болады. Саңылаулары көп және оларда ауа көп мөлшерде болатын, борпылдақ
маталардың жылу өткізгіштігі, жұқа, тегіс маталарға (зығыр, мақта)
қарағанда, аз болады. Маталар, жылу өткізгіштігінің азаюына қарай,
келесідей ретпен бөлінеді: капрон, жасанды жібек, зығыр, мақта, табиғи
жібек, жүн. Маталар термен немесе сумен суланған кезінде, олардың жылу
өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Ең айқын жылу жоғалтуы киімнің бетінен
жоғары жылдамдықта су булануы кезінде байқалады. Жібек, шыт маталарының
бетінен ылғал өте тез буланады, осыған байланысты салыстырмалы түрдегі
жоғары температура кезінде, тоңу сезімі байқылады. Керісінше, жүннен
жасалған киімдерден ылғал баяу буланатындықтан, қоршаған едәуір жылу
берілуінің алдын алады.
Матаның липофильдігі деп маталардың тері бетінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гигиена туралы жалпы ұғым
Университет гигиенасының міндеттері
Гигена туралы жалпы мағлұмат
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Дене шынықтыру гигиенасы
Аяқ киім гигиенасына қойылатын талаптар
Шаңғы аяқ киімдеріне гигиеналық талаптар туралы
Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі.Баланың аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар
Дене шынықтыру гигиенасының негіздері
Гигиена туралы жалпы түсінік
Пәндер