ИСО 22000:2005 “Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар”



1. Кіріспе.
2. Тамақ өнеркәсібі.
3. Азық.түлік қауіпсіздігі.
4. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі.
5. Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі қарай дамуы тәуелді болып табылатын бірқатар жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер кешенінің арасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар көрсетіп отырғандай соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігіне зиянын тигізетін жағымсыз сипаттағы тенденциялар байқалды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — өзінің ішкі және сыртқы саясаттарын жүргізуі кезінде кез-келген ел соқтығысуы мүмкін стратегиялық мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың толыққұнды және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа тәуелді болса.
Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Сондай салалардың бірі Қазақстан-2030 стратегиясында көрсетілген тамақ өнеркәсібі болып табылады. Біз кіші шикізатқа бағдарланған ел болып қалмас үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеу инфрақұрылымдарын, химия және мұнай, химия, машина жасаудың жеке салаларын, соңғы ғылымсиымды өндірістерді, туризм мен қызмет көрсету сфераларын өте тез қарқынмен дамытуымыз керек.
2. Тамақ өнеркәсібі.
Тамақ өнеркәсібі елдің экономика жүйесінде құқық бойынша стратегиялық маңызы зор салалар қатарына жатады. Өйткені ауылшаруашылық саласында тамақ өнімдерінің нарығы қалыптастырылады және азық-түліктің стратегиялық запастары құралады. Тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі соңғы жылдары отандық тамақ өнімдерін шығару көлемінің қысқаруымен және азық-түлік импортының артуымен байланысты тоқтап қалған елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты индикатыры болып табылады.
1. Сертификация системы менеджмента безопасности пищевой продукции (ISO 22000) Наши услуги piqiso.ru;
2. HACCP (ХАССП) как основа любой системы менеджмента безопасностью пищевого продукта;
3.Подготовка к сертификации по международным стандартам: IFS, BRC, FSSC 2200 (GFSI), ISO 9001, ISO 22000, HACCP. - CSEM.ru

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: ИСО 22000:2005 “Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент
жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар”.

Орындаған: Орынбай М.
Тексерген: Толеубекова
С.С.

Семей2015

Мазмұны:
1. Кіріспе.
2. Тамақ өнеркәсібі.
3. Азық-түлік қауіпсіздігі.
4. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі.
5. Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Кіріспе.
Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі
қарай дамуы тәуелді болып табылатын бірқатар жалпы мемлекеттік мәселелерді
шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер кешенінің арасында азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар көрсетіп отырғандай
соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай
төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігіне зиянын тигізетін жағымсыз
сипаттағы тенденциялар байқалды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — өзінің ішкі және сыртқы
саясаттарын жүргізуі кезінде кез-келген ел  соқтығысуы мүмкін стратегиялық
мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол
ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың толыққұнды және жеткілікті
деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе
алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа
тәуелді болса.
Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу
нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Сондай салалардың бірі Қазақстан-
2030 стратегиясында көрсетілген тамақ өнеркәсібі болып табылады. Біз кіші
шикізатқа бағдарланған ел болып қалмас үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін,
мұнай және газ өңдеу инфрақұрылымдарын, химия және мұнай, химия, машина
жасаудың жеке салаларын, соңғы ғылымсиымды өндірістерді, туризм мен қызмет
көрсету сфераларын өте тез қарқынмен дамытуымыз керек.
2. Тамақ өнеркәсібі.
Тамақ өнеркәсібі елдің экономика жүйесінде құқық бойынша стратегиялық
маңызы зор салалар қатарына жатады. Өйткені ауылшаруашылық саласында тамақ
өнімдерінің нарығы қалыптастырылады және азық-түліктің стратегиялық
запастары құралады. Тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі соңғы жылдары отандық
тамақ өнімдерін шығару көлемінің қысқаруымен және азық-түлік импортының
артуымен байланысты тоқтап қалған елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты
индикатыры болып табылады.
Соңғы кездері сырттан келетін көптеген азық-түлік тауарларына қатаң тыйым
салынды. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде Қазақстан – 2030
стратегиясының ұзақ мерзімді ерекшеліктерінің бірі болып табылатын тамақ
өнеркәсібіне маңызды рөл жүктелген.  Адам денсаулығына ең қажеттісі бәрінен
бұрын дұрыс тамақтану сапалы азық-түліктерден тұратын отанымыздың азық-
түлік өнеркәсібі салтымызға сай сапалы адам денсаулығына зиянсыз тауарлар
шығару, синтетикалық бояуларсыз, жағымсыз иістер, химиялық заттары жоқ
тауарлар шығару бойынша жақсы дәстүрлерге ие.
Тамақ өнімдерінің жоғары сапалығы мен қауіпсіздігі мәселелері
импортталатын тауарлардың сапасын бақылауды күшейту қажеттігімен байланысты
ерекше өткірлене түсті. Бұл мәселенің маңызды бөлігі шетел компаниялары мен
жекешелендірілген бірқатар кәсіпорындарда табиғи шикізаттарды
ауыстырғыштарды және синтетикалық қоспаларды пайдалануымен байланысты
көрініс тапты.
Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің төмендеуі жоспарлы экономиканың
салдарымен де, нарықтық экономиканы реформалау қателіктерімен де байланысты
болып отыр.
Нарықтық эконмика жағдайында тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
қатарында төмен табысты халық категориялары үшін олардың бағаларының да қол
жетімді болуы маңызды болып табылады. Ел тұрғындарының тұрмыс деңгейі тамақ
рационына тікелей әсер етеді, өйткені олар азық-түлік тұтынудың
ерекшеліктерін қалыптастырады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы
тамақ сапасы мен нақты тұтынуына, отандық өндірістердің жеткіліктілігіне,
халықтың жоғары табысына, импорттық тауарлар көлемінің аз болуына және
жеткізудің сенімділігіне және т.б. тікелей байланысты.
Ауылшаруашылығының негізгі мақсаты – адам денсаулығына қауіпсіз тамақ
өнімдерін қажетті көлемде, жеткілікті ассортиментте өндіру болып табылады.
Қазақстан нарығында шетел өндірісінің тамақ өнімдерінің көптеген түрлері
сатылады. Ол тамақ өнімдері өндірісте қолдануға және дамыған Еуропалық
елдерде өткізілуге тыйым салынған компаненттерден тұрады. Азық-түліктің
отандық нарығында шетелдіктер позициясының нығаюымен байланысты Қазақстан
сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді өткізу аймағына айналды. Сапасыз өнім
әртүрлі аллергиялық, анкологиялық аурулардың пайда болуына әкеліп соғуда.
Сапасы төмен өнімдерден аллергиялық әртүрлі химиялық заттарды табуға
болады. Тек, Павлодар облысындағы тексерісте нандардың арасынан Қытайдың Э
центнерден асатын жоғары дәрежелі улы ашытқы табылған, құрамындағы
қосылатын дәрежесіне 10-50 ел артық қосып жіберген. Оңтүстік астанда 4,4 т
азық-түлік қайтарылды. Піспеген тамақтардың әсерінен көптеген қала
тұрғындары медициналық көмекке жүктелетін болатын. Санитарлық
қызметкерлердің берген мағлұматына сүйенсек Оңтүстік астаның тұрғындары
дүкендердің, бутиктарда сатылған пирожкилардың, манты, қуырылған ет т.б
азық-түліктерден 2 мың адам уланған, санитарлық қызметкерлердің айтуынша 90
пайыз азық-түліктің гигиеналық тарлығы сақталамайды деген болжам айтты,
мұның бәрі тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізеді.
Төлемисова өзінің: 26 пайыз балалардың азықтары халықтардың нормаға
сай емес, әрбір екінші болған жағдай аллергиялық ауруға әкеледі, 42 пайызы
қатерлі ісік т.б дұшар етеді. Қазақстан мемлекеті азық-түлікке деген
бақылауы төмен мөлшерде сапасыз тауарлар келуде.
Ішкі нарықтың импорт тауарларымен тез толығуы азық-түлікке қол
жетімділікті тездетті және сонымен қатар отандық агроөнеркәсіптік
өндірістің тоқтап қалуының негізгі факторына айналды.
3. Азық-түлік қауіпсіздігі.
Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада
қолданылып жүр. Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі
азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін
зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі,
экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей
сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Біз осы мақалада екінші ұғым төңірегінде
сөз қозғамақпыз.
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам
денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірінен саналады. Соңғы
кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс
еттерінде сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық
залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген
қауіпті факторлар пайда болуда. Сонымен қатар, генетикалық өңдеу жолымен
алынған белоктардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса,
ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар
(пестицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын
тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді.
Тамақ өнімдерінде химиялық зиянды заттардың (канцерогендер, аллергендер,
т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процестердің де әсері айтарлықтай
болуы мүмкін. Соңғы уақыттарда тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу
барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі)
қауіптілігі күрт жоғарылауда. Мұндай қауіптілік физикалық, химиялық және
биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында –
шикізатты өндіруден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда
болуы ықтимал. Тамақ өнімдерінде химиялық қауіпті заттардың пайда болуы
кейбір жағдайларда өндірістік технологияның кемшілігінен де болуы мүмкін.
Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін санасы төмен адамдардың
заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да жоққа шығаруға
болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана қоймайды, кейбір
жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян келтіріп, өміріне
қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің белгілі бір құрамдарын
арзан да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы олардың санын немесе салмағын
молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның құрамы мен тағамдық құндылығы
туралы жалған ақпараттар беру (мысалы, табиғи емес өнімді табиғи етіп
көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын
әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолын кесу үшін
Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі қажет.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Менеджмент жүйелері
Минералды заттар мөлшері
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Тағам өнімдерінің қауіпсіздік менеджмент жүйелері. Тағам тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар туралы ақпарат
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
НАССР жүйесі принциптері
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
Пәндер