Популяция және оның генетикалық құрылымы



Популяция және оның генетикалық құрылымы.
Панмиксиялық популяциялардағы тепетеңдік.
Популяция дегеніміз- белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын даралар жиынтығы.Популяция латын тілінен аударғанда «попилус»-«халық,топ»деген мағынаны білдіреді.
Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады.Олардың сол аймақтағы тобы,сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін.Популяциялық сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне,тариыхына,ареалдың көлеміне, т.б. көптеген себептерге байланысты.
Ағзалардың популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С.С.Шварц,А.М.Гиляров,А.В.Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді.Мәселен,С.С.Шварц(1969ж.) популяция дегеніміз «Орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын ағзалардың элементар топтары» деп анықтама береді.
Ал А.В.Яблоклв өзінің еңбегінде «белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын ағзалардың эволюциялық даму жолы ұқсас топтары» дейді.
А.М.Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп,популяцияға біршама жаңа көзқарасты анықтама беруге тырысты.
Популяция-белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір,ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын ағзалар жиынтығы.Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес,басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді.Олар бір-бірінен жергілікті,экологиялық,географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н.П.Наумов жүйесіне негізделеді.
Популяция-биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын фуекциялары арқылы ерекшеленді. Популяция құрылымы ондағы даралар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады.
Популяция және оның генетикалық құрылымы

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ №1
Тақырыбы: Популяция және оның генетикалық құрылымы.
Панмиксиялық популяциялардағы тепетеңдік.

Орындаған: Жұманиязова Ә.Ж.
Тексерген: а.ш.ғ.к., доцент м.а. Садыкова Р.А.

Семей 2015ж.

Популяция және оның генетикалық құрылымы.
Популяция дегеніміз- белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын даралар жиынтығы.Популяция латын тілінен аударғанда попилус-халық,топдеген мағынаны білдіреді.
Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады.Олардың сол аймақтағы тобы,сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін.Популяциялық сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне,тариыхына,ареалдың көлеміне, т.б. көптеген себептерге байланысты.
Ағзалардың популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С.С.Шварц,А.М.Гиляров,А.В.Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді.Мәселен,С.С.Шварц(1969ж.) популяция дегеніміз Орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын ағзалардың элементар топтары деп анықтама береді.
Ал А.В.Яблоклв өзінің еңбегінде белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын ағзалардың эволюциялық даму жолы ұқсас топтары дейді.
А.М.Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп,популяцияға біршама жаңа көзқарасты анықтама беруге тырысты.
Популяция-белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір,ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын ағзалар жиынтығы.Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес,басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді.Олар бір-бірінен жергілікті,экологиялық,географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н.П.Наумов жүйесіне негізделеді.
Популяция-биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын фуекциялары арқылы ерекшеленді. Популяция құрылымы ондағы даралар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады.Ал популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді.Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму,көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі,генетикалық шығу тегі,экологиялық жағдайлары жатады.
Элементар (жергілікті) популяция-табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын даралар жиынтығы.Элементер популяциялардың табиғаттағы саны,даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына,бірегейлігіне байланысты болады.
Табиғатта жергелікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып,түрлердің ұсақтап кетуіне әкеліп соғады.
Экологиялық популяция-жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады.Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген.Мәселен,кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең тарал,ан.Сондықтан олардың қарағайлық, шыршалық немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседін.Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элментар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.
Географиялық популяция- географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын,даралар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады.
Панмиксиялық популяциялардағы тепетеңдік.
Гендегі аллельдер жиілігін және фенотиптік көріну заңдылығын сипаттаған бір-бірінен тәуелсіз Харди және Вайнберг 1908 жылы. Сол уақытта популяциялық генетика қалыптаспаған еді. С. С. Четвериков жұмыстары Drosophila melanogaster табиғи популяцияда рецессивті мутациямен көрінуі және сонымен қатар популяциялық-генетикалық зерттеулер дамуына көмектесті. Популяциялық генетиканың теориялық және математикалық аппараттың негізін салушы ағылшын биологы Рональда Фишера (1890 -- 1962) және Джона Холдейна (1892 -- 1964), сонымен қатар америкалық ғалым Сьюэла Райта (1889 -- 1998). Популяцияның генетикалық құрылымы Әрбір популяцияның жеке генетикалық құрылымы бар.
Популяциядағы генетикалық құрылым аллельдердің өзара қатынасымен , табиғи сұрыпталу және қарапайым эволюциялық факторлармен (мутациялық процесс, популяциялық толқындар, микрация, изоляция т.б.) анықталады.
Популяцияның генетикалық құрылымын сипаттау үшін аллелофонд және генофонд ұғымы қолданылады. Аллелофонд. Популяции аллелофонды - популяциядағы аллельдер жиынтығы. Егер бір геннің екі аллельі қарастырылса: А және а, онда аллелофонд құрылымын pA + qa = 1 теңдігі қарастырады. Мұндағы, pA - А аллелінің жиілігі, qa - а аллеьінің жиілігі.
Популяциядағы аллелофонд құрылымы ұзақ уақыт бойы қалса онда оны стационарлы деп атайды. Генофонд деп генотиптердің жиынтығы. Генетикалық құрылымы популяциядағы әрбір геннің концентрациясымен анықталады және генотиптің жиілігі мен таралуы. Гаплоидты хромосомалар жиынтығы бір толық геннің жиынтығын құрайды немесе бір геном. Қалыпты жағдайда осындай екі ген жиынтығы диплоидты фазаның құрылуына бастау береді. Егер популяцияда А дарабасы саналатын болса, онда қалыпты диплоиды хромосома күйінде геном саны популяцияда 2N құрайды.
Популяцияның генетикалық құрылымы әрбір локустың аллельдер жиілігімен, гомозиготалық және гетерозиготаның жиілігі болып саналады. Популяциядағы аллельдер мен генотиптер жиілігі организм ұрпағы және әрбір белгілі бір уақыт өлшемі заңдылыққа бағынады. 1908ж бір-бірінен тәуелсіз ағылшын математигі Г.Харди және неміс дәрігері В.Вайнберг аллеьдер мен генотиптер жиілігін адамның қан топтарына АВО жүйесіне математикалық анализ жасап, алғаш рет панмиксиялық популяциядағы генетикалық өлшемдерін тұжырдады. Харди-Вайнберг заңдылығы, гендік тепе-теңдік және оны анықтау әдістері. Харди-Вайнберг теңдеуі - панмиксиялық популяциядағы генотиптік құрамы тұрақты математикалық заңдылық. Егер бір локустың екі аллелін А және а деп белгілесек, онда үрпақта пайда болатын мүмкін генотиптер жиілігі (АА,Аа,аа) генотиптегі р және q мүмкіндігі бином формуласы бойынша: (pА + qa)2=p2AA + 2pAqa + q2aa. Әрқашан p + q=1 және p2 + 2pq+q2 = l теңдігі орындалады. Бұл теориялық нәтижені Пеннет торшасы арқылы жүзеге асыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяциялық генетика негіздері. Популяцияның генетикалық құрылымы. Адам популяциясының генетикалық әртүрлілігі
Популяция және оның генетикалық құрылымдары
Харди - Вайнберг формуласы бойынша популяция ішіндегі геннің, аллельдің жиілігін анықтау
Популяция туралы түсінік. Түрдің популяциялық құрылымы.
Адам популяциясы туралы жалпы түсінік
Демэкология немесе популяциялар экологиясы
Популяциялар генетикасы және эволюцияның генетикалық негіздері. Спонтанды және индукцияланған мутагенез
Популяциялар генетикасы және эволюциялық генетика негіздері
Популяция генетикасы, популяция және таза линия жайында түсінік
Популяцияның экологиялық құрылымы
Пәндер