Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер



1. Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер.
2. Қазақ және орыс тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Кемінде екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, крделі ойды білд іретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Екі тілге де ортақ құрмалас сөйлемге тән белгілер:
• Полипредикаттық;
• Күрделі ой беріледі;
• әр предикаттық орталықтың өз бастауыш, баяндауышы болуы шарт;
• жай сөйлемдер бір-бірімен белгілі тұрақталған грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
• компоненттер арасында мағыналық қатынастар орын алады;
• Ол мағыналық қатынастар қазақ тілінде - ...., ал орыс тілінде – обьектные, атрибутивные, обстоятельственные, перечислительные, разделительные, противительные, т.б. деп сараланады.
Екі тілде де жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ:
1. Жай сөйлемдердің бірінің баяндауыштарының тиянақсыз формада келіп байланысуы;
2. Орын тәртібі арқылы байланысуы;
3. Шылаулар арқылы байланысуы;
4. Интонация арқылы байланысуы.
Тілдерде сонымен қатар мына мәселелер ерекше аталады:
Предикаттық бөліктердің еріктілік дәрежесі: толық еріктілік берілсе, жай сөйлемдер тек тнтонация арқылы құрмаласуы мүмкін. Мысалы: Грачи улетели, лес обнажился, поля опустели. Қазақ тілінде тең дәрежеде байланысқан сөйлемдер интонация арқылы құрмаласады: Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.
Ал еркінділік тек жартылай ғана берілсе, бір сөйлем келесі сөйлемнің міндетті түрде түсіндірілуін талап етеді. Никто не знает, чья рука положила эти цветы.
Мұнда «знает» етістігінің келесі сөйлемде кеңінен сипаттамасы беріледі.
Қазақ тілінде де сол типтес құрылымдар бар: Оның қорыққаны сонша – аяқ-қолы дірілдеп кетті. Екінші компонент «сонша» сөзінің бар мағынасын ашып тұрғандай.

Қазақ тілінде
1. Салалас құрмалас сөйлем
2. Сабақта құрмалас сөйлем
3. Аралас құрмалас сөйлем
1. Қазақ ССР тарихы. І том. – Алматы, 1957.
2. Русская грамматика. – М: Наука, 1980.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі. 1991. – 384 б.
4. Байтұрсынұлы А. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы / Құраст. А.Ісімақова, Г.Пірәлиева және т.б. – Алматы: Алаш, 2003. І том. – 408 б.
5. Жүнісбеков Ә. Түркі тілдерінің сөз просодикасы және қазақ тілінің сингармонизмі.– Алматы, 1989.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекттік университеті.

СОБӨЖ
(Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы)

Тақырыбы: Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер. Қазақ және орыс тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Тексерген:.Ахметова Г.С
Орындаған: Мұқаш М.Т.
Тобы: Қ-417с

Семей, 2015ж
Жоспар:
1. Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер.
2. Қазақ және орыс тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер.

1. Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер.

Кемінде екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, крделі ойды білд іретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Екі тілге де ортақ құрмалас сөйлемге тән белгілер:
* Полипредикаттық;
* Күрделі ой беріледі;
* әр предикаттық орталықтың өз бастауыш, баяндауышы болуы шарт;
* жай сөйлемдер бір-бірімен белгілі тұрақталған грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
* компоненттер арасында мағыналық қатынастар орын алады;
* Ол мағыналық қатынастар қазақ тілінде - ... , ал орыс тілінде - обьектные, атрибутивные, обстоятельственные, перечислительные, разделительные, противительные, т.б. деп сараланады.
Екі тілде де жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ:
1. Жай сөйлемдердің бірінің баяндауыштарының тиянақсыз формада келіп байланысуы;
2. Орын тәртібі арқылы байланысуы;
3. Шылаулар арқылы байланысуы;
4. Интонация арқылы байланысуы.
Тілдерде сонымен қатар мына мәселелер ерекше аталады:
Предикаттық бөліктердің еріктілік дәрежесі: толық еріктілік берілсе, жай сөйлемдер тек тнтонация арқылы құрмаласуы мүмкін. Мысалы: Грачи улетели, лес обнажился, поля опустели. Қазақ тілінде тең дәрежеде байланысқан сөйлемдер интонация арқылы құрмаласады: Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.
Ал еркінділік тек жартылай ғана берілсе, бір сөйлем келесі сөйлемнің міндетті түрде түсіндірілуін талап етеді. Никто не знает, чья рука положила эти цветы.
Мұнда знает етістігінің келесі сөйлемде кеңінен сипаттамасы беріледі.
Қазақ тілінде де сол типтес құрылымдар бар: Оның қорыққаны сонша - аяқ-қолы дірілдеп кетті. Екінші компонент сонша сөзінің бар мағынасын ашып тұрғандай.

Қазақ тілінде
1. Салалас құрмалас сөйлем
2. Сабақта құрмалас сөйлем
3. Аралас құрмалас сөйлем

Орыс тілінде
1. Сложносочиненные предложения
2. Сложноподчиненные предложения
3. Бессоюзные предложения

Құрмаластың құрамында сөйлемдердің орналасу реті, кейбіреулерінде жай сөйлемдер оңай ауыса алатын болса, кейбіреулерінде ондай еркіндік жоқ. Мысалы: Спали в риге, так как в избе было душно. - Так как в избе было душно, спали в риге.
Қазақ тілінде:
Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмасарайын деді.
Есімбек жұмсарайын деді, себебі Шұға шын ауруға айналды.
Орыс тілінде құрмалас сөйлемдер құрылыс бойынша ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Мысалы:
1) Мало в Мещере пахотной земли, а болот хватает.
Бұл құрылысы бойынша ерікті түрі. Оның моделінде а жалғаулығы бар, пахотная земля - болото сөздері арқылы қарсылық мән тудырып тұр.
2) Чего другого, а болот в Мещере хватает.
Мұнда лексикалық қарама - қайшылық жоқ, бірінші компонент есімдікті айналым.
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштарының тиянақты - тиянақсыздығына байланысты, олардың арасында орнаған синтаксистік байланыс пен грамматикалық мағыналарына байланысты салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлем деп бөлінеді.
Орыс тілінде сложносочиненные және сложноподчиненные деп бөлінеді.
Екі тілде де құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:
1. Жалғаулықты салалас
2. жалғаулықсыз салалас
Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің 8 түрі бар:
1. Шартты салалас
2. салыстырмалы салалас
3. түсіндірмелі салалас
4. ыңғайлас салалас
5. себептес салалас
6. кезектес салалас
7. талғаулы салалас
8. қарсылықты салалас.
Ал, орыс тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдер жалғаулықтары арқылы жасалады: и, да, но, а, или, либо, то...,то... және т.б.
Қазақ тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерңне тоқталсақ.
Құрамыедағы жай сөйлемдері бастауыштарының іс - әрекеті біртектес, мезгілдес, орайлас бір сарынды мағыналық қатынаста айтылған салалас құрмалас сөйлем ыңғайлас салалас деп аталады. Шылаулары: және, да, де, әрі. Мысалы: Тойда біреулер өлең айтады да, біреулер би билейді. (жалғаулықты салалас). Әкем - дәрігер, шешем - мұғалима. (жалғаулықсыз салалас).
Құрамындағы салалас сөйлемдердегі істің, оқиғаның өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. Компоненттері арасындағы қарсылық мағынаның орын алуына мыналар әсер етеді:
* Оқиғаның мазмұн желісі;
* Компоненттеріндегі баяндауыштардың бірі - болымды, екіншісі - болымсыз тұлғамен берілуі немесе антоним сөздерден болуы;
* Қарсылық мәнді шылаулардың қолданылуы;
* Компоненттер құрамында жеке сөздердің қолданылуы;
Мысалы: Тәңірберген бірер рет тіл қатып еді, Еламан үндемеді. (жалғаулықсыз). Алдымызда жүз саржан шамасында Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбеді. (жалғаулықты салалас).
Соңғы сөйлемі алғашқы сөйлемде айтылған іс - әрекет, жай-күйінің мазмұныны кеңейтіп, нақтылап, түсіндіріп келген салаластың түрін түсіндірмелі салалас деп атаймыз. Оның жасалуының негізгі екі жолы бар:
1. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы сілтеу еімдігінен немесе сілтеу есімдігінен жасалған үстеуден болып, екінші сөйлм сол баяндауыштың мазмұнын түсіндіру мақсатында келген түсіндірмелі салаластар: Оның қорыққаны сонша - аяқ-қолы дірілдеп кетті.
2. Алғашқы сөйлемде белгілі бір іс-әрекет, жай - күй хабарланып, екінші сөйлем алғашқы сөйлемдегі бір сөзді нақтылап түсіндіру мақсатында жұмсалатын түсіндірмелі салалас: Екі адам келе жатыр: бірі - Нұрбол, екіншісі - Айбек.
Компоненттерінің мағыналық қатынасы өзара себептестік мәнде келген салаластың түрін себептес салалас деп атаймыз. Сырыңды досыңа айтпа, оның да айтатын адамы болады. (жалғаулықсыз түрі). Күріш тұқымы суға қолмен себіледі,өйткені сеялка сға жүре алмайды. (жалғаулықты түрі).
Компоненттерінде баяндалатын оқиғалар бірінен кейін екіншісі кезектесіп орындалатын салаластың түрін кезектес салалас деп атаймыз.Кезектес салаластың тек жалғаулықты түрі болады. Мысалы: Бірде қар жауады, бірде ұйтқып боран соғады.
Талғаулықты салалас компоненнтеріндегі іс-әрекеттің тек біреуі ғана талғанып барып жүзеге асатындығын білдіретін салаластың түрі: Не мен барамын, не сен барасың.
Компоненттердің мағыналары өзара шарттастық мәнде келетін салаластың түрін шартты салалас деп атаймыз: Осыдан қолыма түссінші, сазайын тарттырармын. Шартты салаласты жасайтын жалғаулық шылау ретінде Қ. Есенов әйтпесе шылауын көрсетеді: Сен келісіміңді бер, әйтпесес мен саған жоқпын.
Компонеттеріндегі жай-күйлер, оқиғалар өзара салыстырыла берілетін салаластың түрін салыстырмалы салалас деп атаймыз: Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.
Орыс тіліндегі салалас сөйлемдер жалғаулықтарына, олардың беретін мағынасына қарай 5 түрге бөлінеді:
1) ССП с соединительными союзами (байланыстырушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС);
2) ССП с разделительными союзами (бөлуші, ажыратушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС);
3) ССП с противительными союзами (қарсылық мәнді жалғаулықтары бар СҚС);
4) ССП с присоединительными союзами (жалғастырушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС);
5) ССП с пояснительными союзами ( түсіндірмелі жалғауықтары бар СҚС).
Байланыстырушы мәнді жалғаулықтар бар СҚС байланыс қатынасы туады. Мұндай сөйлемдер біртекті және әртекті құрамды деп бөлінеді.
Бірінші топтағы сөйлемдер и, да, ни...ни жалғаулықтар арқылы байланысып, байланыстырушы - санамалау қатынасын орнатады. Бір мезгілде не бір-бірінен кейін орындалатын әрекеттер санамаланып айтылады. М:
Урожайный сгибается колос,
И пшеница стеною встает.
И подруги серебряный голос,
Нашу звонкую песню поет. немесе
Я не могу расти в покое: ни солнца мне не виден свет, ни для корней моих простору нет.
Екінші топтағы сөйлемдер и, да, также, тоже жалғаулықтары арқылы байланысып, байланыстырушы - кеңейтуші, байланыстырушы - нәтижелі, және т.б. әртекті қатынас орнатады.
Байланыстырушы - кеңейтуші сөйлемдерде екінші сөйлемі алғашқысының мазмұнын аша түседі. Мысалы: Ввели новые графики, и это новое введение значительно повысило производительность труда.
Байланыстырушы- нәтижелі сөйлемдерде екінші сөйлем біріншісіндегі орындалатын әрекетінің нәтижесін көрсетеді. Екінші бөлігінде поэтому, потому үстеулері, следовательно, значит қыстырма сөздері, и жалғаулығы қолданылады. Мысалы: Потемки все более сгущались, и предметы теряли свои контуры.
Ажыратушы жалғаулықтары бар СҚС (или, иль, либо, то..то, не то ... не то, то ли ... толи) ажыратушы, бөлуші қатынастар орнап, не кезектеседі, не талғайды.
1) Таңдау, талғау қатынастары или, либо, не то.. не то, то ли.. то ли жалғаулықтары арқылы жасалады. Олар жеке тұрып та, қайталанып та қолданыла береді.
2) Кезектесетін сөйлемдерде предикаттық бөлігінде баяндалатын оқиғалар түрлі жоспарлы уақытта жүзеге асады, яғни кезектеседі: То солнце тусклое блестит, то туча черная висит.
Қарсылықты мәнді жалғаулықтары бар СҚС (а, но, даже, зато, однако) қарсылық мәнді қатынас орнап, олардың әр түрлілігі немесе сәйкессіздігі баяндалады. Құрылысындағы ерекшеліктеріне сәйкес олар екі түрге бөлінеді:
1. салғастырмалы
2. қарсылықты
Салғастырмалы сөйлемдерде құбылыстар белгілі қатынаста салғастырылып, мәйкессіздігіне қарамастан бір - бірін жоққа шығармайды, бірігіп өмір сүреді: Низ башни был каменный, а верх деревянный.
Қарсылықты сөйлемдерде қарсылықты қатынастардың түрлі типтері беріледі: қарсылықты-шектеуші, қарсылықты-толықтырушы, т.б. Мысалы: Я с ними вечно бранюсь, но все-таки я их очень люблю.
Жалғастырушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС. Сөйлемдегі жалғастырушы қатынастар былайша сипатталады: 1. бұл қатынаста екінші предикативті бөлігі сөйлеу процесінде туғандай, біріншісінің толықтырушысы секілді. 2. екінші сөйлемнің толықтырушы сипаты жалғастыршы конструкцияның интонациондық өзгелігін шарттайды: жалғаулық алдында дауыс төмендейді, пауза бар (жазуда ол нүктелі үтір немесе сызықшамен берілуі керек). 3. кейде жалғаулықтарға кейде үстеу, есімдіктер жалғанады. 4. жалғану кезінд бұл жалғаулықтар өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемдер.Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы
Эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Салалас құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер