Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
• Қазақстанда әлеуметтік еңбек сферасы
• Жұмыссыздық . Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
• Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
• ҚР жұмыспен қамту бағдарламалары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы – жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері – «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден – капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны – 1,2,4,8,16,32 ж. т.б.».
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.
1. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е . Жатқанбаев, Е. Байжұмашев , ˝ Экономикалық теория негіздері ˝ Алматы ˝ Санат ˝ 1998 ж
2. Шәденов . Ө. Қ, Байжомартов. Ү.С, Жүнісов. Б. А, Комягин. Б. И. ˝ Жаппы экономикалық теория ˝ Алматы – Ақтөбе 2002 ж
3. Мамыров , Тілеужанов . Макроэкономика 2001 ж
4. Әубәкіров . ˝ Экономикалық теория негіздері ˝ Оқу құралы . Алматы 1999ж
5. Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,Алматы-2000.
6. Тажитова А.З, «Жұмыссыздық». Қарағанды-2009.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ
ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырып:
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық
себептері мен формалары




Орындаған: Қуаныш Аслан тобы: ГК-407
Тексерген: Есенбекова Замзагул Жуматаевна

Семей 2015ж

Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
* Қазақстанда әлеуметтік еңбек сферасы
* Жұмыссыздық - Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
* Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
* ҚР жұмыспен қамту бағдарламалары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы - жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері - монетаристер - осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірибесі кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: Жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны - 1,2,4,8,16,32 ж. т.б..
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.

Негізгі бөлім.
Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына, әл ауқатының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғарғы өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіріп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету .
Қазақстанда әлеуметтік еңбек сферасы аса бір реттелінбеген, дау дамайлы істердің бірі болып табылады. Республика әлдеқашан басқа дәуірге өткен, ал әлеуметтік - еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Кеңес өкіметі кезіндегі еңбек ақымен реттелініп келеді.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" жаңа Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамтылу туралы" және басқа заңдары күшіне енді. Ол заңдар азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек еріктілігіне деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтың жұмыспен қамтылу сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жұмыссыздық

Мәжбүрлі
Еркімен

Фрикциондық
(кәсіпті мекен-жайды және т.б
өзгертіуге байланысты болады)
Жұмыскер өз еркімен уақытша Жұмысқа орналасқысы келмеиді
(оны жұмыс сипаты немесе оның
ақы деңгейі тартпайды)
-еңбекке қабілеті халықтың аздаған бөлігіжұмыссыздар жағ-дайында болғанды қалый (тегін көмек алып)

Құрлымдық
(өңірлер мен салалардың даму,
Өндірісті жаңа және ескі сала-
ларға бөлу ерекшеліктерімен
жағдайласады)

Циклдік
(Экономикалық
коньюнктураның
дамуымен аяқталады)

Жұмыссыздық - Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебінің бірі болып отыр. Кедейлік себептерінің қатарына жұмыссыздықпен қатар халықтың шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуінің, жұмыс істейтін кедейлер жалақысының төмен деңгейін, комуналдық және білім саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесінің жеткіліксіз тиімділігін адамзаттардың жекелеген санаттарының масылдық, көңіл - күйін, сондай - ақ кедей халықтың төмен хабардарлығын және қоғам өміріне қатысу дәрежесінің төмендігін жатқызған жөн.
Жұмыссыздық деңгейі - экономикалық белсенді халық санындығы жұмыссыздар үлесі .
Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық формасының ерекшелігі мыналардан тұрады :
1. Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемде сатылу объектісі болып шықпайды.
2. Жалдау формасындағы сату.
3. Шамалы жинақылық (аймақтық,өндірістік және т.б.)
4. Тұтас еңбектің бөлігі (әлеуметтік формада) тұрақты өтімді
таппайды. Қорытындысында тұрақты құбылыс - жұмыссыздық туады.
Жұмыссыздықтың бөлінуінде бірнеше формалар бар.
Экономикалық теорияда "жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген ұғымды " пайдалану қалыптасқан. Оның мөлшері тапжылмастай емес. Әр елдерде ол мөлшер 2-ден 7 % дейін әртүрлі деңгейге жетеді.
Мемлекеттің міндеті - жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің табиғи деңгейден асып кетпеуін бақылау болып табылады.
Америкалық экономист А.Оукен (Оукен заңы ) көрсеткен заңдылық бар. Жұмыссыздық іс жүзіндегі деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% -ға жуық артуы, іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемін әлуеттік көлемін салыстырғанда 2.5%-ға
кейіндеуге жаткізеді .
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар әсер етеді :
- ғылыми - техникалық процес;
- экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
- сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі;
Мұндай жағдайларда еңбек рыногы мынаған міндетті:
1.Өте жоғары жинақылыққа жетуге ( кәсіпқойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында )
2.Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте жақсы бейімділік танытуға .
3.Еңбекақы ставкаларын дараландыру ( еңбекақыны нақтылы жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімін ғана емес, сонымен бірге адамның жұмысқа лайықтылығын , әлеуметтік мүмкіндігін және біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек ).
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал Филлипс қисығы аталды (1 - суретте - көрсетілген).
Р
Рн
N
W
U
Сурет 1. Филлипс қисығы

жұмыссыздық деңгейі, %
И
н
ф
л
я
ци
я
%

Жұмыссыздықтың түрлері және оның себептері
Жұмыссыздық негізгі себептері:
Неоклассикалық теория.Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.
Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.
Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т.б.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығынның нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай - ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ Конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зертеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуның ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Бірінші кедейлік мәселесі
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Кедейшілік және оның белгілері. Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері
Қазақстандағы кедейшіліктің жағдайы
Қазақстандағы жұмыссыздықты реттеу және шешу жолдары
Қазақстан Республикасы тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейін және әлеуметтік жағдайын талдау
Кедейшілік – әлеуметтік-экономикалық құбылыс
Халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшіліктің индикаторлар жүйесі
Әлеуметтану пәнінен лекциялардың қысқаша мазмұны
Пәндер