Өнімнің өзіндік құны.Пайда. Рентабельділікті арттыру әдістері



1. Өнімнің өзіндік құны
1.1 Өнімнің өзіндік құнын төмендету
1.2 Өнімнің өзіндік құнының құрылымы
1.3 Өнімнің өзіндік құнын сипаттайтын көрсеткіштер
2. Пайда
2.1 Бухалтерлік пайда
2.2 Пайданы бөлу тәсілі
2.3 Таза пайда
2.4 Пайда факторлары
3. Рентабельділік
3.1 Рентабельділік пайдадан айырмашылығы
3.2 Өнім рентабельділігі
3.3 Капитал рентабельділігі көрсеткіштері
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтықөзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар – кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар – кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады.
Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі.
Оның негізгі көздеріне:
-бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
-бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
-әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
-бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
2. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
3. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
4. http://1referat.kz/ekonomika-karzhy-buxgalterlik-is-banktik-is-salyk/onimnin-ozindik-qunyn-tomendetu-rezervteri.html

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекттік университеті
Автоматика және электротехника кафедрасы

СОӨЖ
Тақырыбы:Өнімнің өзіндік құны.Пайда. Рентабельділікті арттыру әдістері.

Орындаған: Төлеубаева Ж.Т.
Топ: АУ-209
Тексерген:Нуралина К.Т

Семей 2015ж.
Мазмұны:
1. Өнімнің өзіндік құны
1.1 Өнімнің өзіндік құнын төмендету
1.2 Өнімнің өзіндік құнының құрылымы
1.3 Өнімнің өзіндік құнын сипаттайтын көрсеткіштер
2. Пайда
2.1 Бухалтерлік пайда
2.2 Пайданы бөлу тәсілі
2.3 Таза пайда
2.4 Пайда факторлары
3. Рентабельділік
3.1 Рентабельділік пайдадан айырмашылығы
3.2 Өнім рентабельділігі
3.3 Капитал рентабельділігі көрсеткіштері

Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтықөзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар - кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар - кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады.
Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экономикалық мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экономикалық нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі.
Оның негізгі көздеріне:
-бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету;
-бір өнімге шаққандағы амортизациялық аударым шамасын азайту;
-әкімшілік бас-қарушылық шығындарын төмендету;
-бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экономикалық шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады.
Өнімнің өзіндік құны құрылымы әр түрлі. Өнімнің өзіндік құны құрылымы деп - шығындардың жекелеген шығындардың өнім өндіріс ме өткізілуіне жұмсалған өндірістік шығындардың жалпы сомасындағы проценттік қатынасын түсінеміз. Ол үнемі қозғалыста болады, және оған келесі факторлар ықпал етеді:
1. Кәсіпорын спецификасы (ерекшеліктері). Бұдан келесіні бөлеміз: еңбексыйымдылықты кәсіпорындар (өнімнің өзіндік құнында еңбек ақының үлесі үлкен); материалдық сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындардың үлкен салмағы); қор сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында амортизацияның үлесінің үлкен болуы); энергия сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында отын мен энергияның үлкен үлес салмағы болуы);
2. Ғылыми-техникалық прогресс жеделдетілуі. Бұл фактор өнімнің өзіндік құны құрылымына көпжоспарлы ықпал етеді. Бірақ негізгі ықпалдың маңыздылығы -- осы фактордың әсерінен жанды еңбек үлесінің төмендеуінде, ал өнімнің өзіндік құнындағы затталған еңбектің үлесінің жоғарылауында болып табылады;
3. Өндірістің шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау, құрамдасу мен диверсификациялау деңгейі;
4. Кәсіпорынның географиялық орналауы;
5. Банк несиесінің проценттік ставкасының өзгерісі мен инфляция;
Өнімнің өзіндік құны құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:
* Жанды және затталған еңбек арасындағы қатынас;
* Жеке элементтердің үлесі немесе толық шығындардағы баптар;
* Тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы, негізгі және үстеме шығындар арасындағы, өндірістік және коммерциялық шығындар арасындағы, тікелей және жанама шығындар арасындағы және т.б. қатынасы.
Кәсіпорында шығындар құрылымын жүйелі анықтап, талдау ең алдымен кәсіпорындағы шығындарды төмендету мақсатымен оларды басқару үшін өте маңызды болып табылады. Шығындар құрылымы оларды төмендету бойынша негізгі резервтерді анықтауға және кәсіпорында оларды жүзеге асыру үшін нақты шараларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Екініші бөлімде жасалған өнім өндірісі мен өткізілуі бойынша шығындарды талдаудан берілген өндіріс түрі үшін материалдысыйымдылықты болып есептеледі. Себебі материалдық шығындар үлесі 2002 ж.- 59%, 2003ж. - 61,3%, 2004ж. -51,3% құрады. Құрамына салық төлемдері, аудиторлық қызметтер, байланыс қызметтері және транспорттық қызметтер кіретін басқа шығындар үлесі де өнімнің өзіндік құны құрамында үлкен үлеске ие. Сонымен, осы аталған шығындарды төмендету бойынша резервтерді іздестіру қажет. Шығынға қарсы рыноктық механизмді іске қосу - бұл меншіктің түрлі формаларын дамыту үшін тең жағдайлар құру, салаішілік және салааралық бәсекенің әсер ету зонасын кеңінен қамту, саланың экстенсивті өндіріс жүргізу түрінен интенсивті түрге көшіру, материалдық сыйымдылықты тәсілінен анағұрлым төмен материалдық сыйымдылықты тәсіліне көшу, өндірістің жаңа технологиясын енгізу, жұмыс күші мен өндірістік қорлар арасындағы оптимальді қатынасын бекіту, қосымша шығындарсыз өнімнің өсіңкілігін алуға бағытталған басқа шараларды жүргізу болып табылады.
Егер бұрын өндірістік шығындар жылдан жылға бірте-бірте өндірілген өнім көлемінен бұрын артып отырса, яғни шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі қызмет етсе, онда рыноктық экономика барысында және өнімнің шығысын арттыру қарқындары ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен енгізу өндірістік шығындардытың артуынан ілгері болуы тиіс. Тек ос жағдайда ғана кәсіпорынның өзін-өзі қайтарымдылығы мен өзін-өзі қаржыландыру принциптері, рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі толық құқықта қызмет етеді.
Шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі - бұл кең сыйымдылықты ұғым және ол өнім өндірісін арттырумен және өндіріс шығындарын қысқартумен байланысты сұрақтарды қамтиды. Бұл механизмнің қалыптасуы мен дамуының маңызды бағыты ретінде өнім шығындарын болдырмау есептеледі.
Рыноктық экономикаға көшу кезеңінде кәсіпорындар алдында нақты міндет қойылады -- өндірісіті интенсификациялау, өндіріс шығындарын қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету мен өндіріс рентабельділігін жоғарылату үшін салынған қаржылармен салыстырғанда өнімнің арту қарқындарының ілгері болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету бұл маңызды халықшаруашылық мәселесі болып табылады, өндірістің экономикалық тиімділігін көтерудің маңызды шарты болып есептеледі.
Өнімді алуға жұмсалатын өндірістік шығындар деңгейі келесі факторлар ықпалымен қалыптасады (5. сурет).
Өнімнің өзіндік құны сонымен қатар оның сапасымен де байланысты. Себебі өнім сапасын жақсарту қосымша шығындарды талап етеді. Өнімнің өзіндік құнын оның сапасын ескере отырып есептеу өнімнің тұтынушылық тиімділігі бірлігіне келетін шығындар шамасын анықтауға мүмкіндік береді.
Пайда - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) - активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т.б. жатады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды.
* Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық Пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайда бухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы ақпарат
Өндіріс рентабельділігі туралы ақпарат
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты
Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару
Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтері
Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
Пәндер