Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет



І. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары.
ІІ. Өзге тілден енген сөздер
ІІІ. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
IV. Лексикография
V. Қолданылған әдебиеттер
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күн көріс тіршілігін, кәсібін қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени-тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым оның тілінің сөздік құрамы да бай болады деген сөз.
Қоғам өмірдегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер етіп отырады. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам қоғам өмірінде не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарында қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды:
1. Қазақ тілінің лексикасы қаншама жаңа сөздермен толығып байыды. Бұлар өндіріс, ауыл шаруашылығы, техника және ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның нәтижесінде қазақ лексикасында неологизмдер, терминология салалары пайда болды.
2. Ескі салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп, сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды.
Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады:
А) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Қозғамбайдың табы Бәймеке атанған. Бір жерде 12 – 13 үй қыстайтын (Қ. Тайшықов). Бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы кеңейіп, орыстың класс деген термин сөзінің қазақша баламасы болумен бірге, тіл біліміндегі сөз табы деген терминді жасауға негіз болды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімнің ішінде актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
Ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқанды, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде ата – бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген сөз болса, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіретін болды. Сол сияқты жасақ бұрын әскер, қол мағынасында айтылса, қазір қоғамдық тәртіпті сақтайтын, ерікті жастар ұйымын білдіретін болды. Сөйтіп бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке, пассив активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөз бейнелі сөзге ауысып отыру заңдылығы тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі толығып өзгерумен болады. Мұндай заңдылықтар әлі де бола бермек.
1. Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы «Сөздік-Словарь» баспасы – 2006, 264 бет.
2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Кірме_сөздер
3. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис. Алматы: Атамұра, 2006. – 336 бет.
4. М.Белбаева. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы.Алматы «Мектеп» баспасы – 1976

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография.

Тексерген: Калиева С.
Орындаған: Мәсәлім Н.
Тобы: ФИ-403

Семей 2015
Жоспар
І. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары.
ІІ. Өзге тілден енген сөздер
ІІІ. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
IV. Лексикография
V. Қолданылған әдебиеттер

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күн көріс тіршілігін, кәсібін қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени-тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым оның тілінің сөздік құрамы да бай болады деген сөз.
Қоғам өмірдегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер етіп отырады. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандықтан, сөздік құрам қоғам өмірінде не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарында қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды:
1. Қазақ тілінің лексикасы қаншама жаңа сөздермен толығып байыды. Бұлар өндіріс, ауыл шаруашылығы, техника және ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның нәтижесінде қазақ лексикасында неологизмдер, терминология салалары пайда болды.
2. Ескі салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп, сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды.
Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады:
А) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Қозғамбайдың табы Бәймеке атанған. Бір жерде 12 - 13 үй қыстайтын (Қ. Тайшықов). Бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы кеңейіп, орыстың класс деген термин сөзінің қазақша баламасы болумен бірге, тіл біліміндегі сөз табы деген терминді жасауға негіз болды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімнің ішінде актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
Ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқанды, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде ата - бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген сөз болса, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіретін болды. Сол сияқты жасақ бұрын әскер, қол мағынасында айтылса, қазір қоғамдық тәртіпті сақтайтын, ерікті жастар ұйымын білдіретін болды. Сөйтіп бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке, пассив активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөз бейнелі сөзге ауысып отыру заңдылығы тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі толығып өзгерумен болады. Мұндай заңдылықтар әлі де бола бермек.
Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамнан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға болады.
Негізгі сөздік қорға тән басты белгі - тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қордағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, V ғасырдан қалған Талас ескерткіштерінде: ат, ер, сіз, тул, отыз, уғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б.; XI ғ. Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, уш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың тұрақтылығы жайында сөз болғанда, мынандай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның дамуы барысында негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тілдің негізгі сөздік қор -- тарихи дамып отыратын категория, ол бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға болмайды. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарыда келтірілген мысалдарды қараңыз).
Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнсу, күнім, күнелту, күндес, күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күн шуақ, күншығыс, күнбатыс, күнбағыс, күн тәртібі, күн көру, күн ара т. б.; жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, жер- төле, жеркепе, жер шары, жер ошақ, жер серігі, жер үй, жерұйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарғыдағы мысалдарға қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екен деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөз жасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, егіншілік, егіндік; жи сөзінен жасалған жинақ сөзінен жинақты, жинақтылық, жинақы сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте көне замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет атқарады.
Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі -- оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.
Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер. [1. 125-129]
Көне лексикадан сақталып қалған, осы күнгі түркі тілдерінің бәрінде кездесетін сөздер түркі тілдеріне ортақ сөздер деп аталады. Олар жалпытүркілік сөздер деп те аталады. Жалпытүркілік сөздерден түркі тілдерінің туыстығын, біртектен шыққандығын көреміз.
Жалпытүркілік сөздер әрбір түркі тілі лексикасының ең көне қабатына жататындықтан, олардың негізгі сөздік қорының ұйытқысы болып табылады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы бір буынды сөздер мен олардың негізінде туған байырғы сөздердің шығу төркіні түркі тілдеріне ортақ осындай сөздерде жатыр. Қазақ тілі түркі тілімен қыпшақ қауымына ортақ тіл арқылы ғана байланысты.
1. Адамның дене мүшелерінің атаулары: бас, қүлақ, көз, қас, аяқ,тізе, буың, шаш, төбе, мандай, кірпік, қол, ауыз, тіс, бел, арқа,ерін, жақ, т б.
2. Мал атаулары: құлын, тай, бие, қысырақ, айгыр, ат, жылқы, інген, түйе, бура, бота, бұқа, өгіз, сиыр, бұзау, қой,қозы, лақ, т. б.
3. Туыстық атаулар: ата, ана, іні, келін, қатын, абысы күйеу, ұл, қыз, ер, аға, құда, жиен, нағашы, бажа, әке, шеше,жезде, балдыз, сіңлі, бөле т. б.
4. Жан-жануар, ан, жәндік атаулары: қоян, түлкі, тиын,арыстан, піл, доңыз, аю, шымшық, қаршыға, қырғи, қарқақұс, бөрі, қарға, буркіт, қаз, уйрек, ит, жылан, құрт, шыбын, бүрге,қандала, маса, тышқан т. б.
5. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, су, өзе, көл, агаш, тас, ай, күн, жұлдыз, үркер, кұм, саз, түн, түс, жауын, бұршақ, қар, жер, тау, теціз, жаз, күз, таң т. б.
6. Түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар: кызыл,жасыл, қара, сары, ақ, көк, қоңыр, Сұр, жирен, торы, қысқа, ұзын, қалың. жуқа, биязы, ауыр, жаңа, көне, сскі, ыстық, суык, тәтті,ащы, сұйық, кою т. б.
7. Сан есімдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, жүз, мың, жарты т.б.
8. Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, анау, сонау, кім, не, қайсы, қалай канша, неше, барша, өзі, ешкім, ештеңе, түгел т. б.
9. Қимыл атаулары: кел, кет, жүр, кір, бар, қаш, көгер, ал,бер,қой , кал, өс, өт, өл, ер, т. б.
10. Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жоғары, төмен, қашық, алыс, шалғай, тез, жылдам, бұрын, түнде, жазда, қыста, күзде, жай, бәсен, т, б.
11. Шылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, түгіл, таман, үшін,мен,да, және, тұрмақ т. б. [1.130-131]

Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз. Бұл жайында Қазақ ССР тарихында былай деп жазған: Қазақстан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Волга Булгариямен және Киев Русімен сауда байланыста өрістеген. Қазақстанның, әсіресе, батыс, солтүстік батыс аудандарының халқы Русьпен өте мөте берік байланыс жасап тұрған. Русьпен, Шығыс Еуропаның басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Византияның деректемелері Орта Азия халықтары мен Шығыс Еуропа халықтарының арасында біздің заманымыздың 6 ғасырынан бастап ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтарының мәдениетінің дамуында үлкен рөл атқарған. [1.135]
Өзге тілден енген сөздер дегеніміз - кірме сөздер.
Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер шет тіл сөздері, интернационал сөздер, варваризмдер, калька сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Қазақ тіліндегі тіркесімдік терминдер, олардың құрылымы
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арнасы
Пәндер