Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Халықаралық Конвенция
2. Кеден одағына кіру мақсаты мен одан алынған артықшылықтары
3. Кеден одағының кедендік шекарасында және кедендік одақтың аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі
4. Бақылаудағы жануарларды Халықаралық Конвенция талабына сәйкес импорт және экспорт барысында жүретін ветеринариялық санитариялық бақылаудың өту тәртібі
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Белрусь Республикасы арасындағы Кедендік одақ 2010 жылдың 1қаңтарынан бастап жұмыс істей бастағаны белгілі. Кедендік одақты және жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру-бұл үкіметтердің,әсіресе кедендік,салықтық,көліктік және оған қатысушылардың басқа да мекемелерінің өзара әрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін,қиын,көп жоспарлы үдеріс болып табылады.
2009 жылы кеден органдарының күші Кеден одағының нормативтік-құқықтық қорын қалыптастыруға,кеден тәртібін оңайлатуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы эағдайлар жасауға бағытталды. Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияға қосылды. Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт қабылданды.
1. Бегенова А.Б «шекара және көліктердегі ветеринариялық-санитариялық бақылау», Алматы 2014ж.
2. Дүйсембаев С.Т. « ветеринариялық-санитариялық сараптау», Алматы 2013ж.
3. С.А. Жарасбаев « Ветеринария ісі», Алматы 1999 ж.
4. ҚР Ветеринария туралы Заңнамасы ІІІ том
5. Жұмақаева А.Н. «көліктердегі және шекарадағы ветеринариялық-санитариялық бақылау», Алматы 2014ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы:
1. Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
2. Жануарларды айдап тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау

Орындаған:Куленов А.Б.
Тобы:ВС-203
Тексерген: Сулейменов Ш.Қ.

Семей 2015 ж

Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Халықаралық Конвенция
2. Кеден одағына кіру мақсаты мен одан алынған артықшылықтары
3. Кеден одағының кедендік шекарасында және кедендік одақтың аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі
4. Бақылаудағы жануарларды Халықаралық Конвенция талабына сәйкес импорт және экспорт барысында жүретін ветеринариялық санитариялық бақылаудың өту тәртібі
III. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Белрусь Республикасы арасындағы Кедендік одақ 2010 жылдың 1қаңтарынан бастап жұмыс істей бастағаны белгілі. Кедендік одақты және жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру-бұл үкіметтердің,әсіресе кедендік,салықтық,көліктік және оған қатысушылардың басқа да мекемелерінің өзара әрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін,қиын,көп жоспарлы үдеріс болып табылады.
2009 жылы кеден органдарының күші Кеден одағының нормативтік-құқықтық қорын қалыптастыруға,кеден тәртібін оңайлатуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы эағдайлар жасауға бағытталды. Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияға қосылды. Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт қабылданды.

Халықаралық Конвенцияда төмендегідей мәселелер талқыланды:
1. Келісілген екі жақ Конвенциядағы талаптарды қатаң түрде сақтау керек.
2. Халықаралық Тасымалдау Конвенциясының мақсаты болып шекарадан тасымалдауды Ветеринариялық-санитариялық Бақылау және Қадағалау талаптарына сәйкес жүзеге асыру.
3. Тасымалдау кезінде келісілген Конвенциясына қарай алдын ала тасымалданатын жүкті, жануарларды арнайы тексерістен кейін ғана рұқсат беру - бермеу ісі талқыланады.
4. Конвенция шартына орай келісілген Мемлекетке Шекарасына кіру барысында сол мемлекеттің заңына, Конвенция талабына сәйкес іс-әрекет ету керек. Ауыр жүк , жануарлар, асыл тұқымды жануарлар, құстар, жытқыш аңдар, жануарлар өнімі тасымалданып келе жатқаны жайлы бұл мемлекетпен шекара тексерісімен алдын ала ескертілуі керек. Тасымалдау барысы Конвенцияда көрсетілген талаптарына орай қадағаланылады.
5. Нысандағы ветеринариялық сертификат берілетін орын ауыстырылатын, тасымалданатын объектілер тізімі:

o жануарлардың барлық түрі (ауыл шаруашылығы, үй жануарлары, жабайы, хайуанаттар паркі, теңіз кәсіпшілік, терісі бағалы аңдар, цирктегі, зертханалық және тағы басқа).
o Құстардың барлық түрі (үй құстары, жабайы, әсем).
o Аралар, тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары.
o Әсемдік жәндіктер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және рептилийлер.
o Балықтар (оның ішінде әсемдік), құрбақалар, шаяндар, теңіз омыртқасыздары және
o омыртқасыздары және басқа гидробионттар, ұстауға және өсіруге арналған вина ұлулары.
o Ұрықтандырылған уылдырық, эмбриондар, зиготалар, жануарлардың ұрықтары.
o Инкубациялық жұмыртқа.
o Балықтарға арналған тірі азықтар (соның ішінде гамарус, артемия салина).

6. Тасымалданатын объектіні тексеріп қарау келесіні қамтиды:
* Тасымалданатын объект атауының, оның салмағының , жалпы санының таңбалау деректеріне және ветеринариялық сертификаттың мәлеметтеріне сәйкестігін тексеруді;
* Көлік құралына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуың тексеруді;
* Тасымалдау режимі мен шарттарына қойылатын ветеринариялық талаптардың сақталуын тексеруді;
* Ветеринариялық қарауды, ал тірі жануарлар өткізілген жағдайда термометрияны, тамыр соғысын және тыныс алуын өлшеуді жүргізуді қамтиды.
7. Тасымалданатын объектіні әкелуге тиым салу келесі жағдайларға қарай іске асырылады:
* Тасымалданатын объектінің ветеринариялық-санитариялық құжаттарға сәйкес болмауы белгіленген;
* Ветеринариялық ілеспе құжаттар, уәкілетті орган ведомствосы берген рұқсат болмаған және объектінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі туралы толық ақпарат болмаған;
* Объекті шығарылған елде немесе жөнелтуші елде эпизоотиялық жағдай өзгерген (нашарлаған);
* Объектінің әкелінетін, әкілінетін көлемі (саны) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен (саннан) артық болған жағдайда.

Кеден одағына кіру мақсаты мен одан алынған артықшылықтары: Кедендік одақты құру арқылы түрлі бағыттағы ынтымақтстыққа жол ашылды,ең бастысы бірлескен қндіріс орындарын ашу арқылы одаққа мүше елдердің индустрияландыру саясатына ықпал етті;сыртқы тауарлар экспанциясынан бірлесіп қорғауға мүмкіндік туды;кеден одағына мүше елдер бір-бірімен сауда-саттық жасасқанда шекарадан кесіп өтер кезде төленетін кедендік алым-төлемдерден босатылды,қағазбастылықтан құтылды;үш елдің бүгінгі тағда бірыңғай нарығы кеңейе түсті,инвестициялық тартымдылығы арттыра көрінді,халық үшін тұтынатын өнімдер ассортименті кеңейді,бәсекелестік орнады,бұл өз кезегінде сапаның артуына,тауар мен өнімнің қолжетімділігіне жол ашты.
Бұдан әрі тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері кеден одағын қалыптастыру мақсатында 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу ,санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімді негізге ала отырып,ветеринария саласында бірыңғай саясат жүргізудің орындылығын мойындай отырып,Халықаралық Эпизоотиялық бюроның(ХЭБ),Құрлықтық жануарлардың санитариялық кодексінің және Су жануарларының санитариялық кодексінің ,сондай-ақ 1993 жылғы 12 наурыздағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің,1994 жылғы 15сәуірде Марракеш қаласында көптарапты сауда келіссөздерінің Уругвайлық раунд нәтижесінде қабылданған Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Саудадағы техникалық тосқауылдар туралы келісімнің және Санитарлық фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісімнің ережелері мен принциптерін назарға ала отырып, кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың,оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы келісіледі.

Кеден одағы шеңберінде ветеринария саласында қабылданған құжаттар тізімі
Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесі
Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптар

Кеден одағының кедендік шекарасында және одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереже

Ветеринариялық бақылауға жататын объектілердің бірлескен тексерістерін жүргізудің және тауарлардың сынамасын алудың бірыңғай тәртібі туралы ереже

Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай формасы

Ветеринария саласын бақылаудағы бірыңғай тауарлар тізімі

Осы келісімнің әрекеті жеке пайдалануға арналған тауарларды қоса алғанда,кеден одағының кеден шекарасы арқылы және кеден одағының кедендік аумағында өткізілетін, Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген, ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қолданылады. Бақылаудағы тауарлар ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс және кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес міндетті ветеринариялық бақылауға жатады. Бақылаудағы тауарлар бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекеттің аумағына бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес тасымалданады және ветеринариялық сертификатпен сүйемелденеді.
Уәкілетті органдар қажет болған кезде және өзара уағдаластық бойынша кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың ,соның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларының және ветеринариялық талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың,өнімдердің әкелінуінен және таралуынан қорғау жөніндегі кеден одағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық бақылауға жататын объектілерге бірлескен тексерістер(инспекциялар) жүргізеді. Ветеринариялық қадағалауға жататын объектілердің бірлескен инспекциясын жүргізуі тауарлардың сынамасын алудың бірыңғай тәртібімен жүзеге асырылады.

Кеден одағының кедендік шекарасында және кедендік одақтың аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі
Кеден одағының кедендік шекарасында және кедендік одақтың аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың біртұтас тәртібі жайындағы ереже Еуразиялық экономикалық құрылымның мемлекетаралық одағының шешіміне негізделіп,үкімет басшыларының деңгейінде 2009 жылдың 11-ші желтоқсанынан бастап енгізілді.
Бақылаудағы тауарды өндіретін,қайта қндейтін немесе сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдар мен тұлғаларды бақылау тәртібі,ветеринариялық бақылауға алынған тауарлардың сынамасын алу және нысандарды тексеруді өткізу жайындағы Біртұтас тәртібі бойынша жүргізіледі.
ШКВББ лауазымды тұлғалары міндеттерін орындау барысында басқа да атқарушы күштердің лауазымды тұлғаларымен байланысады. Олар :өткізу пунктінде бақылау жүргізетін пунктінің әкімшілігі,кеме ұстаушылар,агенттік қызметтер мен фирмалар,басқа ұйымдар мен кеңселер және шектес мемлекеттердің өткізу пунктіндегі ветеринария саласының мамандары. Мемлекеттің ветинспекторлары өздерінің өкілетін пайдалана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер
Халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың алатын орны теоретикалық-әдіснамалық мәселелері
Қазір ұшақ бортында жаңа экипаж
Халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру
Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік
Пәндер